VIII. 7-сурет. Вулкан мен жер сілкіну алқаптары (М. Дж, Брэдшоубойынша): - 1 — сөнбеген вулкандар; 2 — жер сілкінудің негізгі алқаптары.
175
Карпат, Қырым, Кавказ, Памир, Иран, Ауғанстан, Орта Азия, Бирма, Индонезия және т. б. жерлерді қамтиды Жалпы жер сілкіністерінің 21%-і осы белдеуде болып тұрады. Олардың көпшілігі сығылысу, ал кейбірі тектоникалық жарықтар бойымен ығысу әрекеттерімен тығыз байланысты. Жер сілкіну әрекеттері жоғарыда аталған сейсмикалық қос белдеуден басқа да жеке аймақтарда, яғни Тянь-Шаньда, Монголия мен Қытайдың таулы ай- мақтарында, Байкал маңайында, Африкалық Ұлы көлідер маңайын-да және т. б. аудандарда кездесіп тұрады.
ТМД территориясында жер сілкіну ошақтары негізінен оңтүстік-те, шығыста, солтүстік-шығыста орналасқан Атап айтқанда Карпат маңын, Оңтүстік Қырымды, Кавказды, Оңтүстік Түрікменстанды, Орта Азияның таулі бөлігін (шығыс бөлігі), Алтайдан Саянға дейінгі таулы аудандарды, Байкал маңын, Верхоянды, Чукотканы, Қиыр Шығысты, Сахалинды, Камчатканы және Куриль аралдарын қамтиды.
Орта Азия мен Қазақстан жерінде Солтүстік Тянь- Шань таулары, оның ішінде Іле Алатауы мен Күнгей Алатауы және Жоңғар Алатауы ертеректен-ақ белгілі жер сілкіну зардабына көп ұшыраған аймақтар болып табылады.
Сейсмикалық қауіпті (дүмпу күші VII балл) зонада орналасқан ірі қалалардың ішінде Кишинев, Ялта, Тбилиси, Ереван, Ашгабад, Душанбе, Ташкент, Фрунзе, Алматы, Иркутск, Оңтүстік Сахалинск, Камчаткалық Петропавлск қалаларын ерекше атап өтуге болады. Олардың жалпы аумағы бүкіл ТМД территориясының бестен бір бөлігін қамтиды.
Жер сілкінудің географиялық таралуы Жер бетінде біркелкі болмайтындығы кездейсоқ оқиға емес. Оның себебі, жер қыртысының жеке аудандарының геологиялық даму тарихының өзіндік ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Жалпы алғанда, жер сілкіну әрекеттері қозғалмалы аймақтарда жиі байқалады. Мұндай аймақтардың қатарына ең жас қатпарлы тау жоталарың мұ-хиторталық жоталар мен рифттік зоналарды, материктер мен мұхиттардың шекарасын қамтитын аудандарды жатқызуға болады. Сонымен бірге, жер сілкіну аймақтарының вулкандардың таралу аймақтарымен де сәйкес келетіндігін айта кету керек. Кейбір жағдайда, күшті жер сілкіну әрекеттерінің вулкандық әрекеттерді жандандыратындығы байқалады. Мысалы, 1952 ж. Перу мен Чилиде болған күшті жер сілкінуден соң іле-шала оян-
176
ған вулкандардың саны 25-ке жеткені мәлім. Мұның барлығы жер сілкіну және вулканизм әрекеттерінің пайда болу себептерінің бірлігін немесе ұқсастығын және олардың Жер қойнауында тоқтаусыз жүріп жатқан жалпы геодинамикалық әрекеттермен тығыз байланыстылығын көрсетеді.
ҮПІ.4. СЕЙСМИКАЛЫҚ АУДАНДАСТЫРУ
Жер сілкінуді алдын ала болжап, оның болатын орның күшін және уақытын дәл айта білу үшін, ең алдымен сейсмикалық аудандастыру карталарын жасау жұмыстарын жетілдіру қажет. Белгілі бір территорияның сейсмикалық режиміне талдау жасау жұмыстарын жүргізу барысында, ол ауданның геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктерін байланыстыра білу керек.
Біздің елімізде жасалынған ең алғашқы сейсмикалық аудандастыру картасы Г. П. Горшковтын, (1937 ж.) есімімен байланысты. Кейінірек бұл карта ТМД Ғылым Академиясының жанындағы Жер физикасы атты Институт ғалымдарының зерттеулерімен толықтырылды (VIII. 8-сурет).
VIII. 8-сурет. ТМД-нІң сейсмикалық аймақтары (ТМД ҒА Жер физикасы институтының зерттеулері бойынша).
6, 7, 8, 9, 10 — қарқындылық (балл) мөлшері (халықаралық М5К-64 сейсмикалық шкаласы бойынша).
177
Халық шаруашылығында әр түрлі инженерлік құрылыс жүйелерін дұрыс жоспарлап, оны іске асыруда сейсмикалық аудандастыру жұмыстарының маңызы өте жоғары. Бұл жұмыстардың негізгі мазмұны, жер сілкі ну аймақтарын олардың қауіптілігіне қарай әр түрлі аудандарға бөлу болып саналады. Мұндай карталарды жасау кезінде, ұзақ уақыт бойы, ерте заманнан бері белгілі жойқын күшті жер сілкіністері туралы деректер жиналып, қазіргі кездегі геологиялық және тектоникалық зерттеу жұмыстарының жетістіктерімен байланыстыра отырып қарастырылады.
Сейсмикалық аудандастыру карталары әрбір зонада жеке-жеке жүргізілген зерттеу жұмыстарының негізінді (мысалы, Қазақстанның оңтүстік-шығыс территориясын да) жасалынып, кейінірек бүкіл ТМД территориясының көлемінде біріктіріледі. Бұл жұмыстардың алғашқы сатысында геологиялық, сейсмологиялық және инженерлік-сейсмологиялық мәліметтер жинақталып қорытындылана келе, болашақ жер сілкіністерінің орны мен энергиясы анықталады. Ал екінші сатысында болашақ жер сілкінудің орны мен энергиясын және тереңдігін біле отырып, оның жер бетіндегі дүмпу күші мен қайталану; жиілігі есептелінеді.
Әдетте, сейсмикалық аудандастыру картасы VI—IX балдық аудандарға ажыратылады. Дүмпу күші VI балдан төмен аймақтар (құрылысқа онша зияны тимейтіндіктен) көрсетілмейді. Ал күші IX балдан жоғары аймақтар (сирек кездесетін болғандықтан) ерекше жағдайларда ғана көрсётіледі.
Әрине, мұндай сейсмикалық аудандастыру карталары келешекте жаңа мәліметтердің көбеюіне байланысты және жер сілкіну құпиясын зерттеуде қол жеткен жаңа табыстар негізінде ылғи жаңарып отырады.
Белгілі бір қалада антисейсмикалық берік құрылыс салу жұмыстарын ойдағыдай жүргізу үшін, сейсмикалық аудандастыру картасы қосымша микросейсмикалық аудандастыру карталарымен толықтырылады. Мұндай карталарда жалпы тектоникалық жағдайлармен қатар жеке аудандардың геологиялық құрылыс ерекшеліктері де ескеріледі. Әсіресе топырақ қабатының құрамын және жер асты суларының деңгейлік тереңдігін, сонымен қатар бедер пішіндерінің ерекшеліктерін білудің маңызы өте зор. Өйткені, жер сілкіну кезінде сыналатын құрылыс орындарының беріктігі осы жағдайлармен тікелей байланысты. Мысалы, 1887 ж. Верный қаласында бол-
178
ған жер сілкінудің күші қаланың әрбір бөлігінде әр түрлі шамада болған. Бұл жағдай қаланың жеке аудандарының геологиялық және гидрогеологиялық құрылыс ерекшеліктерінің әр түрлі екендігін көрсетеді.
Көп жылдар бойы жүргізілген сейсмологиялық зерттеу жұмыс-тарының нәтижесінде 1980 ж. Алматы қаласының сейсмикалық микроаудандастыру картасы жасалынып бітті. Бұл карта бойынша Алматы қаласы орналасқан территория сейсмикалық қауіптілігіне қарай екі ауданға ажыратылады (IX балл және X балл). Мұндай карталар қазіргі кезде сейсмикалық қауіпті аудандарда орналасқан орталық ірі қалалардың барлығында да бар.
VIII.5. АНТИСЕЙСМИКАЛЫҚ БЕРІК ҚҰРЫЛЫС САЛУ
Өнеркәсіптік құрылыс объектілерін жоспарлау және тұрғын үйлер тұрғызу ережелері бойынша дүмпу күші VII балл және одан жоғары болып келетін аудандарда антисейсмикалық берік құрылыс салу шаралары мұқият қарастырылады. Болашақ құрылыс алаң-дарының қауіп-сіздігін білу үшін ең алдымен арнаулы тектоникалық және геологиялық карталарды пайдаланып, тектоникалық жарықтардың бар-жоғы анықталады. Осындай жолмен таңдап алынған құрылыс орындарының қажетті беріктігі есептеп шығарылып, соған сәйкес тиісті конструкциялар қолданылады.
Құрылысты жоспарлау және оның жеке блоктарын тұтас бір жүйеге келтіріп құрастыру немесе қиюластыру барысында, құрылыстың сыртқы пішіні мен сейсмикалық беріктігінің тығыз байланыстылығын ескеру керек. Күрделі пішінді үй құрылысы жер сілкінуі кезінде онша берік болмайды. Сондықтан сейсмикалық әсерге қарсы, арнаулы темір белдеулер қолданылады. Мұндай белдеулер үй құрылысының сейсмикалық беріктігін арттырады. Дегенмен, үй құрылысын жобалау институттары көбінесе өздерінің бар күш-жігерін қала типіндегі аса күрделі, және бір-біріне ұқсас келетін біркелкі үйлерді жобалауға жұмсайды; құрылыс конвейері-нің сапасына тиісті бақылау жасалмайды. Ал құрылысшылар болса, орындалған жұмыстың сапасынан гөрі санына көп мән береді. Әрине, антисейсмикалық құрылыс объектілері басқа стандартты үйлерге қарағанда қымбатқа түсетін-
белгілі нәрсе.
179
Дегенмен Арменияда болған қайғылы оқиғалардың Алматыда, Ашгабадта, Камчаткадағы Петропавлда және басқа қалаларда қайталануы мүмкін. Сондықтан антисейсмикалық берік құрылыс салу ісіне зор мән беріп, жер асты дүмпулеріне қарсы тұра алатын құрылыс конструкциясын жасау жұмыстарын жақсартып, оны одан әрі жетілдіру қажет. Мысалы, Кишинев қаласында салынатын құрылыс объектілері VII балға есептелінген, ал Орта Азиялық республикалардың және Қазақстанның астанасында салынатын үйлер VIII—IX балдық сілкіністерге төтеп беретін болуға тиісті.
Дүмпу күші Армениядағыдай жер сілкіністері Югославия мен басқа елдерде болған. Бірақ оларда қираған үйлер мен жазым болған адамдар саны он еседей аз (Армениямен салыстырғанда). Яғни бұл, ол елдерде салынған тұрғын үйлер мен инженерлік құрылыс орын-дарының сапасы өте жоғары екендігін көрсетеді. Ал Арменияда үй құрылысының конструкциясында құрылыс ережелерімен оның нормалық көрсеткіштерінен ауытқушылық және технологиялық бұрмалаушылықтың болғаны анықталып отыр.
Қазіргі кезде сейсмикалық қауіпті аудандарда салынатын құрылыс объектілері ірі панельдерден құрастырылады. Сонымен қатар, жоғары сапалы ағаштан қиылыстырып салынған үйлердің де жер сілкіну әрекеттеріне жақсы төтеп беретіндігі тарихтан белгілі.
Соңғы жылдары сейсмикалық аудандарда көлемді ірі блоктардан құрастырылған үйлер түрғызу жоспарланып отыр. Мұндай үйлер ірі блоктар түрінде заводтарда толық қүрастырылып, құрылыс алаң-дарына жеткізіледі. Үй қабырғаларының қиюласқан бұрыштарыі бір-бірімен бұранда арқылы бекітіліп, олардың арасы резинамен тығындалады.
Сейсмикалық аудандарда антисейсмикалық берікі кұрылыс салу ережесі, Верный қаласында (қазіргі Алматы) 1887 ж. болған жер сілкінуден кейін, 1889 ж. тұңғыш қабылданыпты. “Жетісу аймағында үй құрылысын салу ережелері” деген атпен шыққан заң бойынша бұл аймақта тас үйлер салуға толығымен тыйым салынып, ағаш үйлерді көбейту жөнінде жаңа ұсыныстар енгізіледі. Содан бері, қазіргі уақытқа дейін бірнеше рет жаңа ережелер қабылданып, жүзеге асырылды. Ең соңғы (июнь, 1981 ж.) қабылданған (ТМД-нық, құрылыс ісі жөніндегі мемлекеттік комитеттің бекітуімен) ереже бойынша, сейсмикалық аудандардағы құ-;
180
рылыс жұмыстарының бұрынғыдан да сапалы болуы қатң талап етіледі.
Сейсмикалық қауіпті аудандарда орналасқан 21 мемлекеттің (Алжир, Аргентина, Австрия, Болгария, Венесуэлла, Греция, Үнді, Италия, Қанада, Мексика, Жаңа Зеландия, Португалия, Румыния, АҚШ, Турция, Филиппин, ФРГ, Югославия, Чили, Жапония, ТМД) арасында сейсмикалық жағдайы бойынша Жапония ерекше орын алады. Жыл сайың бұл елде шамамен 1500-ге жуық жер сілкіністері болып тұрады, оның кем дегенде бір-екеуі аса күшті сілкінулер. Сондықтан Жапонияда антисейсмикалық берік құрылыс салу ісіне ерекше мән беріліп, ғылыми-зерттеу жұмыстары жан-жақты жүргізіледі. Қазіргі кезде олар бұл салада үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Оның дәлелі ретінде Токиода салынған 60 қабатты банк үйінің құрылысын мысалға келтіруге болады. Ал біздің елімізде, Алматы қаласында салынған 26 қабаттан тұратын қонақ үйінін, кұрылысы антисейсмикалық берік құрылыс салу ісіндегі қол жеткен табыстардың белгісі деуге болады.
Америкада да антисейсмикалық құрылыс ісіне басты назар аударылады. Сол сияқты Үнді, Италия, Мексика және Чили елдері де бұл салада елеулі табыстарға жетіп отыр.
УІІІ.6. ЖЕР СІЛКІНУДІ АЛДЫН АЛА БОЛЖАУ
Жер сілкінуді алдын ала болжау, ерекше маңызды іс. Бұл бағыттағы зерттеу жұмыстары барлық елдерде, әсіресе жер сілкіну жиі байқалатын Жапония (халқының жартысынан көбі сейсмикалық аймақты мекендейді), Қытай (үштен бірі), АҚШ (жетіден бір бөлігі), ТМД (оннан бір бөлігі) территорияларында жан-жақты жүргізілуде.
Совет ғалымы, профессор А. А. Никонов жер сілкінуді алдын ала болжауға бағытталған зерттеу жұмыстарын үш сатылы схема бойынша, яғни ұзақ мерзімді, Қысқа мерзімді және өте қысқа мерзімді шұғыл болжамдар түрінде жүргізуді ұсынады.
Ұзақ мерзімді болжам жасау проблемасы ТМД бойынша шешілді деуге болады. Біздін, елімізде қазіргі кезде Тәжікстан ҒА-ның сейсмология институтының базасында (Душанбе) құрылған орталықта ұзақ мерзімді болжау мәселелерін зерттеу жұмыстары Алматы, Таш-
181
кент, Фрунзе және Ашгабад сейсмологтарымен бірлесе отырып жургізілуде.
Соңғы жылдары Тбилисиде кұрылған Бүкілкавказдық орталық жұмыс жасай бастады. Бұл орталық Ленинакан, Махачкала және Кисловодск ғалымдарының сейсмикалық зерттеу жұмыстарын біріктіреді. Мұндай жұмыстар Камчаткада да жүргізіледі. Ұзақ мерзімді болжамдар бірнеше айдан бірнеше жылға дейінгі уақыт аралығын қамтиды.
Ал қысқа мерзімді болжам жасау жұмыстары қиынырақ. Мұндай болжам бірнеше айдан, екі-үш аптаға дейінгі мерзімді қамтиды.
Ұзақ мерзімді болжам қысқа мерзімді болжам арқылы дәлелденген жағдайда, өте қысқа мерзімді (бірнеше күндік) шұғыл болжамдар жасау сатысына көшуге болады. Әрине, бұл аса қиын міндет. Осы тұрғыдан алғанда, 1989 ж. Армения мен Тәжікстанда болған жерсілкіну кезінде ұдайы жүргізілген бақылау-зерттеу жұ- мыстарының нәтижесі, шұғыл болжам жасау әдістерін жетілдіруге мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Алайда, мұндай аймақтарда жер тынысын үздіксіз тыңдап отыруға және әр түрлі информацияларды тез өңдеуге арналған техникалық құралдардың кең жүйесін өрістетпейінше, қысқа мерзімді болжам жасау мүмкін емес.
Теориялық проблемаларды шешуде біздің елдін, геофизиктері дүниежүзінде алдыңғы қатарда болғанмен, далалық және лабораториялық зерттеулерге арналған отандық құрал-жабдықтар жағынан, шетелдік техникадан кемінде ондаған жылға артта қалушылық байқалады.
Жер сілкіну әрекеттерінің хабаршысы ретінде пайдаланылатын белгілер санаулы ғана, әдетте күшті жер сілкіну алдында форшоктар (әлсіз жер сілкіністер) саны өсіп, жиірек қайталанады. Мысалы, мұндай жағдай Қытайдың Ляонин провинциясында (февраль, 1975), Италияның Фриули аймағында (сентябрь, 1976) байқалып, күшті жер сілкіну алдында халықты сақтандыруға мүмкіндік берді.
Жер сілкінудің екінші бір хабаршысы ретінде сейсмикалық серпімді толқындардың таралу жылдамдықтарының (қума толқындардың көлденең толқындарға қатынасы) кенеттен өзгеруін айтуға болады. Жер сілкіну алдында қума толқынның жылдамдығы қалыпты шамадан 10% -ке төмендеп, ал дәл жер сілкіну кезінде қайтадан бұрынғы қалпына келетіндігі туралы заңдылықты
182
бірінші рет (1962) совет ғалымы И. Л. Нерсесов (Тәжікстан территориясының мысалында) айқындайды. Осындай заңдылықты байқау негізінде Американың Ламонт геологиялық обсерваториясының ғылыми қызметкерлері Блю-Маунтин (Нью-Йорк штаты) жер сілкінуі туралы алдын ала болжам жасайды (1 август, 1973). Екі күннен кейін айтылған ауданда (магнитудасы 2,5 шамасындағы) орташа жер сілкіну әрекеті байқалады.
Сол секілді Қалифорния технология институтының сейсмология мамандары да Сан-Фернандо (Оңтустік Қалифорния, 1971) жер сілкінуінің алдында (30 ай бойы) қума толқын жылдамдығының төмендеп, тек жер сілкіну кезінде ғана өзінің қалыпты жағдайына келгенін байкайды. Мұндай жағдай біздің елімізде Қазақстандағы Жалаңаш-Түп (1978) жер сілкінуі (магнитудасы 6,6) болар алдында да байқалды. Бірақ, кейбір жағдайда, әсіресе қолдан жасалған қопарылыстар кезінде жүргізілген тәжірибелер бойынша, қума толқынның жылдамдығы өте аз шамаға ғана кемитіндігі анықталды. Оның себебін ғалымдар біріншіден, тау жыныстарының физикалық қасиеттерінің өзгеруі аз ғана ауданды қамтиды, екіншіден, жер сілкіну әрекеттерін тіркейтін сейсмографтар санының жеткіліксіздігіне байланысты деп санайды. Дегенмен, мұндай тәжірибелер ТМД-ның жеке аймақтарында, атап айтқанда Қиыр Шығыста және Гармда (Тәжікстан), Солтүстік Тянь-Шаньда (Қазақ-стан) соңғы кездері көптеп жүргізілуде.
Жер сілкінудің үшінші бір белгісі — тау жыныстарының электр өткізгіштік қабілетінің төмендеп, өзгеруі (геофизикалық өзгерістер) болып саналады. Бұл жағдай лабораториялық тәжірибелер арқылы дәлелденді. Соңғы кезде бүл заңдылық АҚШ, Жапония, Қытай жә-не т. б. елдерде жан-жақты зерттеліп, тексерілуде. Осы бағыттағы зерттеу жұмыстары біздің елімізде ТМД ҒА жанындағы Жер физикасы институтының ғалымдарының басшылығымен Гарм ауданында (Тәжікстан) жан-жақты жүргізілуде. Сонымен қатар жер бетінде магнит өрісі өзгеріп, атмосферада әр түрлі электромагниттік Құбылыстардың байқалатындығы анықталды.
Жер сілкіну алдында атмосферада пайда болатын электр жарқылдары туралы мәліметтер өте ерте кезден-ақ белгілі болған. Мысалы, Германияда (1911) болған жер сілкінуінің алдында бұлтсыз аспанда отты шарлар байқалған. Сол сияқты, Карпат (1940) жер сілкінуі кезінде де бұлтсыз аспанда найзағай оттары жарқылда-
183
ған. Мұндай жағдайлар Чилиде (1960) және Ташкентте (1966) болған жер сілкінуі алдында да байқалған. Ғалымдар бұл құбылысты жер қойнауында жиналған сейсмикалық энергияның жер бетіне тигізетін әсері', (пьезоэлектрлік эффект күші) деп санайды.
Жер сілкінудің төртінші реттегі хабаршылары қатарына гидрогеологиялық-гидрохимиялық белгілерді жатқызуға болады. Атап айтқанда, құдықтар мен скважиналарда су деңгейінің өзгерістері (алдымен төмендеп, кейін тез көтерілуі); су температурасының өзгерісі; су құрамындары радон, аргон, гелий тәрізді инертті газдардың (Г. А. Мавлянов); көмірқышқыл газы мен сынап буларының көбеюі (В. Л. Барсуков және т. б.).
Бұл заңдылық бірінші рет Ташкент (1966) жер сілкінісінен кейін белгілі болды. Ташкент маңындағы бұлақтарды бақылау жұмыстарының нәтижесі, оның құрамындағы радон газының мөлшері 1961 жылдан бастап көбейе бастағанын көрсетеді. Мысалы, 1965 жылдың ортасына қарай радон мөлшері өзінің қалыпты шамасынан 2 еседей көбейіп, содан жер сілкінгенге дейін (196б тұрақты шамада сақталады. Ал жер сілкінуден кейіі өзінің бұрынғы көп жылдық қалпына қайта келеді. Дәл осындай заңдылық Дағыстан (1968), Қырғызстандағы Сарықамыш (1970) жер сілкіну-лері алдында да қайталанады. Ғалымдар, бұл заңдылықты (жер сілкіну қар| саңында) жер астында пайда болатын тектоникалық жарықтар мен жарықшақтардың көбеюімен байланысты деп санайды. Жер асты сулары осындай жарықтар мен жарықшақтарды бойлап, жан-жаққа таралуға мүмкіндік алады. Сонын, нәтижесінде, жол-жөнекей тау жыныстарының қуыстарында жиналған әр түрлі газдарды ерітеді. Осындай әрекеттерге байланысты жер асты ларының алғашқы химиялық құрамы өзгерістерге ұшрайды. Әрине, мұндай өзгерістер жер асты сулары орналасқан қабаттардың геологиялық және тектоникалық құрылыс ерекшеліктерімен тікелей байланысты.
Соңғы жылдары су құрамындағы хлордың да жер сілкінер алдында (3—5 күн бұрын) қалыпты шамадан 6 есе көбейетіндігі анықталып отыр. Сондықтан да жер асты суларының құрамын анықтауға бағытталған зерттеу жұмыстары еліміздің сейсмоактивті аудандарының бәрін түгел қамтиды. Қазіргі кезде тек Алматы облы- сының өзінде ғана оннан астам терең скважиналардаі жер асты суларының құрамын зерттеп бақылайтын тұрақты станциялар жұмыс істейді.
184
Соңғы кездері ғалымдар жер сілкінуді алдьш ала болжаудың бионикалық әдісіне көп көңіл бөлуде. Бұл бағыттағы зерттеу жұмыстарына сейсмологтардан басқа биология, биофизика, этология, ихтиология және т. б. мамандықтың өкілдері де атсалысуда.
Жер сілкінер алдында жануарлар мен жәндіктердін, мазасыз-данып, ерекше күйде болатындығы көптен бері белгілі. Адамдар талай рет жер сілкіну алдында үй жануарларының тұрған жерін тастай қашып, далаға қарай ұмтылатынын және т. б. ерекше жағдайлардың куәсі болған. Көптеген адамдар өздерінің иттерінің арқасында жер сілкіну апатынан аман қалғандарын жазып қал-дырған. Мұндай деректер айта берсек, өте көп. Бірақ бұл секілді мәліметтер ұзақ уақыт бойы сейсмолог мамандардың назарынан тыс қалып келді. Дегенмен, бұл мәселеге Қытайдың Хайченг провинциясында болған ^І975) ерекше оқиғадан соң, көп көңіл бөліне бастады. Жер сілкінуге дейін (6 сағ. бұрын) провинция халқы үй жануарларының ерекше мазасыздануының, ал жыландар мен кесірткелердің індерінен безіп, жер бетін каптап кетуінің куәсі болады. Бұл жағдай халықты дер кезінде сақтандырып, апаттан аман сақтап қалады. Осы оқиғадан кейін, бионикалық зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғалымдар саны көбейе бастады. Мысалы, Жапония ғалымы Я. Суэхиро өзінің “Балықтар және жер сілкіну құбылысы” атты кітабында, балықтар мен суда өмір сүретін бақа-шаяндардың мінез-құлықтарының жер сілкіну алдында өзгеру заңдылықтарын баяндайды. Олардың ішінде, судың ен, төменгі қаб-атын мекендейтін балықтар жердің дүмпу күшін алдын ала сезеді деп санайды. Сол сияқты жапониялық сейсмолог-ғалым
Ц. Рикитаке “Жер сілкінуді алдын ала болжау” атты кітабында (1978) әр түрлі жануарлар мен жәндіктердің және балықтар мен кұстардың жер сілкіну алдындағы ерекше мінез-құлықтары туралы 157-ге жуық деректер жазып қалдырды.
АҚШ-та бірінен соң бірі (1976 және 1979 жылдары) екі рет жер сілкіну алдындағы жан-жануарлардың ерекше мінез-кұлықтарын зерттеу мәселесіне арналған халықаралық конференция ұйымдас-тырыльш, оның материалдары екі томдық еңбек болып басылып шықты. Барлық елдерде осы бағытта жүргізілген бақылау-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жиналған дәлелді деректердің жалпы саны 282-ге жетеді.
185
Қытай мен Жапонияда соңғы 100 жыл ішінде, жануарлар мен жәндіктердің жер сілкіну әрекеттерінің хабаршысы ретіндегі ролі тек 20 рет қана байқалып, толық сипатталады.
Біздің елімізде де мұндай жағдай (геофизик А. А. Никоновтың жинаран деректері бойынша) соңғы 200 жыл ішінде 20 рет бай-қалады (Орта Азияда). Бұл мәліметтер бойынша, жер асты дүмпуі-нің алғашқы хабаршылары қатарында, ең алдымен иттердің, сонан кейін барып жылқылар мен сиырлардың сезімталдырың атауға болады.
Жер сілкіну алдында жан-жануарлардың ерекше мінез көрсететін-дігі туралы ең алғашқы деректерді 1887 ж, Верный (қазіргі Алматы) қаласында болған жер сілкінісінің куәсі, белгілі ғалым-геолог И. В. Мушкетовтың жазып қалдырған еңбектерінен және сол кездегі жер- гілікті газет беттерінен де табуға болады. Бұл мәліметтерге қараған-да, жер сілкіну алдында құстардың (торғай, қарлығаш, кептерлер-дің) ашық тұрған терезе арқылы үй ішіне ұшып кіруі жиі кездеседі. Осыған ұқсас жағдайлар Верныйда (1911), Қырымда (1927), Ашга-бадта (1948) Югославияның Скопле қаласында (1963), Ташкентте (1966) және Тәжікстанның Алай (1978) жері сілкінісі кезінде де байқалады. Міне, осындай нақты деректердің арқасында көптеген ғалымдар жер сілкінуді алдын ала болжаудың бионикалық әдісін жолға қоюды жөн көреді. Мысалы, американдық ғалымдар Палль- дейл елді мекенінің (Қалифорния штаты) маңайында жер сілкінуді алдын ала болжау мақсатымен, әр түрлі тышқандарға бақылау жасап, табиғи тәжірибелер жүргізуде. Осындай мақсатпен Жапонияның Шиба қаласында зоологиялық ерекше бақ құрылған. Ондағы жан-жануарларды ғалымдар бақылауға алып, зерттеу жұмыстарымен айналысады.
ТМД-да мұндай жұмыстар Қазақстанда Алматы маңында құрылған арнаулы полигонда жүргізіле бастады I (П. И. Мариковский, 1985). Зоолого-сейсмологиялық стационарларды сейсмологиялық қауіпті аудандардың бәрінде де ұйымдастыратын уақыт жеткен сияқты. Мұндай жағдайда зоологтар мен биофизиктерге және геофизиктерге (барлық мамандарға) бірлесе отырып, қысқа мерзімді болжам жұмыстарымен айналысуға мүмкіндік туар еді. Жер сілкіну әрекеттерін алдын ала болжау үшін, оның хабаршысы ретіндегі әр түрлі белгілерді жүйелі түрде бірге қарастырып, дұрыс пайдалана білу
186
керек. Мысалы, Ашгабад полигонында жер сілкіну алдында ескерілетін әр түрлі белгілердің жалпы саны 19-ға жетеді. _
Қазіргі кезде жан-жануарлардың сезімталдық қабілетін немесе мінез-құлық ерекшеліктерін (инфра-немесе ультрадыбыстарды, злектромагниттік толқындарды электр өрісін, жер қыртысының жарықтары мен жарықшақтарын бойлап жер бетіне шығып жатқан әр түрлі газдардың иісін сезіну қабілеті секілді және т. б. қа-сиеттерін) жан-жақты зерттеуге арналған әр түрлі эксперименттер жүргізілуде. Мұндай байқаулар мен эксперименттердің нәтижелері қысқа мерзімді, сенімді болжам жасаудың бастамасына айналуы мүмкін.
Көп жылдар бойы жер сілкінуді алдын ала болжау мақсатында, жер беті деңгейінің өзгерістерін (жоғары көтерілу, төмен шөгу және еңістік бұрышының өзгерістері) арнаулы құралдар (наклономер — жер бетінің еңістігін өлшейтін құрал; нивелир — жер бетінің тік бағыттағы қозғалыс шамасын өлшейтін құрал; триангуляциялар торабы, деформограф — екі нүктенің ара қашықтығын өлшейтін және т. б. құралдар) арқылы зерттеуге көп көңіл бөлініп келді. Мысалы, Жапониянын, Нииагата ауданы ұзақ уақыт бойы төмен шөгу жағдайында болып, ал 1940—1960 жылдар аралығында жер беті деңгейінің жоғары қарай көтерілуі 12 см-ге дейін жетті. Содан, 1964 ж. (Ібиюнь) болған жер сілкінуге (магнитудасы — 7,5) дейін бір қальшты жағдайда болып, жер сілкінуден кейін 12—20 см-ге төмен түсті. Сол сияқты Қырғызстан-да болған (1970) Сарықамыш жер сілкінуіне (магнитудасы — 6,6) дейін (Алматы геодезия торабынан алынған мәліметтер бойынша) 1964—1970 жылдар аралығында жер беті жоғары көтеріліп (6 см-ге дейін), жер сілкінуден соң өзінін, бастапқы қалпына келеді.
Соңғы жылдары (американ баспасөзінің хабарлары бойынша) Палмдейл қаласынын, (Оңтүстік Калифорния) маңайында жер беті деңгейінің тез көтеріле (жылына -2 см) бастағаны (1960 жылдан бастап) белгілі болып отыр. Бұл жағдай әрине халықты қобалжытып, үрей туғызады. Өйткені, кейбір американдық сейсмологтардың пікірлері бойынша, бұл аудан ерте кезде күшті жер сілкіністер орны болған Сан-Андреасқа (тектоникалық терең жарықтар жүйесі) дәл келеді. Әрине, жер беті Деңгейінің ұзақ уақыт бойы сондай көп мөлшерде өзгеруі, өлшеу жұмыстарының дәлдігіне күмән туғызады. Жер беті деңгейінің өзгерістерін жер сілкінудің болу
187
мүмкіндігімен толық байланыстыру үшін қазіргі кезде қолда бар мәліметтердің әлі де аз екенін ескерген жөн. Бүгінгі күнде, біздің елде болсын немесе шет елдерде болсын жер сілкіну әрекеттерін алдын ала дәл болжап айтудың сенімді әдістері әзірше жоқ.
ҮІІІ.7. ЖЕР СІЛКІНУДЕН САҚТАНУ
Қазіргі кезде сейсмологтардың алдында тұрған зор міндет жер сілкінуді болдырмау немесе халықты алдын ала сақтандыра білу болып табылады. Жер сілкіну апатына қарсы тұруда қолдан келетін шаралардың бірі, жоғарыда айтылғандай, сейсмикалық аудан-дастыру карталарын жасау. Мұндай карталарды жасау — жер сілкінну әрекеттерін алдын ала болжау мақсатында жүргізілетін зерттеу жұмыстарының алғашқы кезеңі деуге болады Аудандастыру карталарын жасау жұмыстары біздің елімізде 1968—1978 ж. ж. жүргізіліп, соның нәтижесінде дүмпу күші VII балдан жоғары (М5К-62 жүйесі бойынша) қауіпті аймақтар айқын-далды. “Жер сілкінулер атласы” басылып шықты (1961).
Сейсмикалық болжам жасау — ерекше маңызды іс. Әсіресе, қысқа мерзімді болжаулар апат мөлшерін азайтуға,' адамдарды күні бұрын ескі үйлерден көшіруге, құрылыс конструкциясын жетілдіруге, құрылыс материалдарын, техника, азық-түлік, дәрі-дәрмек қорын әзірлеуге мүмкіндік берген болар еді. Әрине қысқа мерзімді шұғыл болжамдар жасау — өте жауапты іс, өйткені, өн- діріс орындарының жұмыстарын тоқтату, адамдарға тұрған ү-лерін тастап кету және т. б. толып жатқан талаптар қойылады. Сондықтан, қысқа мерзімді болжам жасаушы мамандардың жауап-кершілігін арттыру қажет. Ал жергілікті үкімет орындары сенімді информация негізінде жақындап келе жатқан апаттан адамдарды қорғап қалу мақсатында шұғыл шешім қабылдап, ұй ымдастыру шараларын жүзеге асыруға тиіс. Бізде қысқа мерзімді болжамдар жасау ісінде азды-көпті жиналған тәжірибе бар. Мысалы, Тәжікстанда болған (1989)1 жер сілкінісі алдында, жақындап келе жатқан апат жайында дер кезінде алдын ала ескертілді. Бірақ, өкі- нішке орай, жергілікті үкімет орындары сақтану шараларын дер кезінде ұйымдастыра алмағандықтан, ғалымдардың бұл болжамы аяқсыз қалды деуге болады. Соның салдарынан көптеген адам зардап шегіп, құрылыс орындары қирады. Бұл секілді өкінішті жағдайларды
188
болдырмас үшін, жалпы жер сілкінуден сақтану шараларын дер кезінде жүзеге асыруға бағытталған арнаулы зан қабылданып, осы мақсатта жұмсалатын қаржы жөніндегі және т. б. толып жатқан (финанстық және экономикалық) мәселелерді шешу қажет. Алайда бұл мәселелер әзірше шешілмей отыр. Өйткені, қысқа мерзімді болжам жасау проблемасы әлі де болса сейсмикалық зерттеу әдістерін жетілдіруді қажет етеді.
Ал енді жер сілкінуге дейінгі сақтану шаралары,жер сілкіну кезіндегі тәртіп және жер сілкінуден кейін не істеу керек екендігі туралы қысқаша нұсқаулар беруді жөн көрдік. Өйткені көп адамдар жер сілкіну кезінде орынсыз әбіржіп-сасу немесе үрейлену салдарынан көп зардап шегеді.
VIII. 7. 1. Жер сілкінуге дейін не істеу керек
Үйде батареямен жұмыс істейтін радиоқабылдағыш, калта шам (электрлік фонарь), от сөндіргіш баллон және дәрі-дәрмектер сауыты (аптечка) болуға тиісті. Жарақаттанған кісілерге алғашқы көмек беру ережелерін алдын ала үйреніп, қажетті жағдайда көмек бере білу керек (дәрігерлік жедел көмек келгенше); электр энергиясынын, көзін және су мен газ крандарын қауіпті жағдайда жауып тастау үшін, олардың орналасқан нүктелерін алдын ала білу қажет; шкафтар мен этажеркаларды және стеллаждарды үй қабырғасына жақсылап бекітіп, жоғарғы полкаларда орналасқан ауыр заттар болса, оларды төмен түсіру керек. Осы тәрізді сақтану шараларын қызмет орындарында, мектептерде және т. б. мекемелерде де жүзеге асыру қажет.
VIII. 7. 2. Жер сілкіну кезінде не істеу керек
Ең жақсысы орынсыз әбіржіп-саспау керек; өзіңнен басқа адамдарға үрей туғызбай, оларды тыныштандыруға тырысу керек. Егер үйде болсаңыз үй ішінде, көшеде болсаңыз көшеде қала беру керек. Өйткені, көп кісілер жер сілкіну кезінде үрейленіп, сасқанынан не істеп, не қойғанын білмейді; паникаға беріліп, үйден Қашып шығу кезінде зардап шегеді. Үй ішінде болғанда есіктің қуысында немесе екі тіреу аралығында тұру керек, егер үлгерсеңіз стол астына тығылыңыз. Ал егер көщеде болсаңыз электр жүйесінен аулақ болып, мүмкіндігінше тар көшеде қалып қоймаңыз. Егер автомобиль рулінде болсаңыз ашық алаңда тоқтатып, автомобиль-
шықпаңыз.
189
Егер сіз аласа үйде (бірінші-үшінші қабатта) болсаңыз сыртқа шығып кетіңіз, ал көп этажды биік үйлерде болсаңыз үйде қалған жөн. Сіріңке тұтату немесе май шам жағу өте қауіпті. Өйткені газ аралас ауа тез тұтанып, өрт шығуы немесе қопарылыс болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, үйден сыртқа қашып шығуға мәжбүр болсаңыз, лифт арқылы емес кәдімгі баспалдақтарды пайдалану керек.
VIII. 7. 3. Жер сілкінуден кейін не істеу керек
Ең алдымен электр жүйесін, су мен газ крандарын қайта тексеріп, жауып тастау керек. Үй ішінде газдың исі болса есік пен терезелерді ашып желдету керек. Мүмкіндік болса, авариялық қызмет орындарына хабар беріп, үйден тез кету керек. Құлап жатқан үйге қайта кіруге болмайды. Өйткені, жер сілкінуден кейінгі алғашқы сағаттар өте қауіпті, себебі қайталай сілкінуі әрекеттері (афтершоктар) көпке дейін (2—3 тәулік) сақталады. Барлық жағдайда аспай-саспай, басқаларға үлгі бола білу керек. Көбінесе паникаға бой берген адамдар көп зардап шегеді немесе апатқа ұшырайды
IX. МЕТАМОРФИЗМ
Алғаш рет “метаморфизм” (грекше “метаморфоз"- өзгеріске ұшырау) геологиялық термин ретінде ағылшын ғалымы Ч. Лайелдің (1825 ж.) ұсынысы бойынша ғылыми әдебиеттерге еніп, сонан бері осы уақытқа дейін қолданылып келеді.
Тау жыныстары жер қойнауында эндогендік әрекеттерге байланысты әр түрлі термодинамикалық жағдайда (р, Т) азды-көпті өзгерістерге (минералдық құрамы, құрылымдық және текстуралық құрылысы жағынан алғанда) ұшырап, қайта кристалданады, басқаша айтқанда алғашқы түр-сипатын жоғалтады.
Кейде тау жынысының минералдық құрамы аздап өзгергенімен, оның жалпы химиялық құрамы бұрынғыша сақталуы мүмкін. Ал басқа бір жағдайда кейбір элементтер (оның алғашқы құрамын құрайтын) сыртқы ортадан ауысқан басқа бір элементтермен орын алмастырып, тау жынысының құрамы едәуір өзгереді. Олардың текстуралық және құрылымдық өзгерістері қайта кристалдану әрекеттеріне байланысты байқалады. Бұл әрекеттердің барысында тау жыныстары әдетте қатты
Достарыңызбен бөлісу: |