Мотивациялық
қозғаушы
Ұйымдастыру-
Ізденушілік
Сергіту сәті
Рефлексиялық- коррекциялаушы
Қорытынды
|
Шаттық шеңбер
Балалар бүгін бізге көп қонақтар келіп отыр. Қане, қонақтармен амандасайық.
Қуан, шаттан,алақай!
Қуанатын кез келді.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін
Сәлеметсіз бе? қонақтар
Бәріміз күндей жарқырайық!
Бәріміз тату болайық!
Тәрбиеші балалармен әңгімені бастайды.
Балалар, бүгін біз сендермен орталықтармен қызықты жұмыс орындайын деп отырмыз. Қане, мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.
Бір жылда неше мезгіл болады?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінің айларын атап беріңдерші.
Қазір жылдың қай айы?
Аптада неше күн бар?
Бүгін аптаның нешінші күні?
Ертең аптаның қай күні болады?
Кеше қай күн болды?
Тәрбиеші сабақтың жаңа тақырыбын айтады.
Балалар орталыққа бөлінеді:
Бірінші орталық- Ғылым орталығы;
Екінші орталық – Құрастыру орталығы;
Үшінші орталық- Манипулятивтік орталығы.
1.Ғылым орталығы.
Балаларға судың түсі, құрамы туралы түсіндіріледі. Бояғыш, дәмдегіштер сумен зерттеу жасау.
Судын түсі қандай болады?
1 - стаканда су – қасық салу. Көріне ме?
2 - стаканда сүт – қасық салу. Көріне ме?
Судың түсін өзгерту.
Әр балаға бояу жағылған қылқалам беру. Суды арластырады.
Тәрбиеші: Судың түсін өзгертуге бола ма?
Балалардың алдына екі шыны ыдыс тұрады: біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды. Суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт тұрған ыдыстан қасық көрінбейді. Яғни, «Су – мөлдір, сүт мөлдір емес».
Стақанға таза су құйып, суға шикі жұмыртқаны стаканнан шығарып, жұмыртқаны саламын.Жұмыртқа қоя тұрып, стақандағы суға тұзды су түбіне батып кетеді. Жақсылап ерітемін. Енді жұмыртқаны қайтадан осы суға саламын. Жұмыртқа суға батқан жоқ!Тұз судың тұздылығын арттырады судағы тұздың мөлшері көбейген сайын оның тығыздылығы күшейіп, ол суға түскен кез келген зат батып кетпей су бетінде қалқып жүреді.
2. Құрастыру орталығы.
1 литр және жарты литрді салыстыру. Өлшеуіштің көмегімен балаға суды бөлгізіп, мөлшерін және салмағын анықтайды. Ал, қалған балалар үстел үстінде үлестірмелі заттарды қолдана отырып, неше стақан су құя отырып, фишка арқылы санап отырады.
Стаканға құм салам. Ол да стаканың пішініндей. Сонда құм сұйық зат болғаны ма?
Осыны тексеріп көз жеткізейік.
Суды жалпақ табаққа төгем, су жайлып кетті.
Яғни су – сұйық зат.
Ал құмды төгейін, ол үйіліп қалды. Олай болса, құм сұйық зат емес, сусымалы зат екен.
Демек, су мен құм әр түрлі заттар екен.
Құм – сусымалы зат.
Су – сұйық зат.
Таразының бір жағына тары, екінші жағына салмақтарын бірдей етіп, құм саламыз. Салмақтарын анықтайды.
3. Манипулятивтік орталығы.
Қағаз бетіне салынған пішіндерді құмның көмегімен суретін салу.
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолын жу.
Жуынсаң сен әрдайым
Аппақ бетін, маңдайын.
Су дегенін осы-
Тазалықтың досы.
Топтар орындарымен ауысады. Осы кезде тәрбиеші орталықтармен қандай жұмыс істегені туралы әңгімелеу.
Бұлт пен ұшақтарды қолданып, өз-өздеріне баға беру.
Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен сендерге ұнады?
Қандай тапсырмалар орындадық?
Қандай тапсырмалар сендерге қызықты болды?
|
Балалар шеңбер бойымен тұрып, қимыл арқылы сөздерін айту.
Бір жылда 4 мезгіл бар.
Қазір жылдың қыс мезгілі.
Қыс мезгілінің айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Қазір жылдың ақпан айы.
Аптада 7 күн бар.
Бүгін аптаның 3-ші күні Сәрсенбі.
Ертен аптаның 4-ші күні Бейсенбі
Кеше аптаның 2-ші күні Сейсенбі болды.
Балалар 3 орталыққа бөлінеді.
Балалар топтық жұмыстар жүргізеді.
Балалардың жауаптары
Қимыл арқылы жеткізу
Жоғары-төмен, ортаңғы бұлттармен ұшақтың көмегімен балалардың сабаққа қалай қатысатынын пысықтау.
Балалардың жауаптары
|