түрінде жүргізіледі. Ол қажағыш материалдарға көптеген талаптар қойылады,
себебі тау жынысын талқандау — өте күрделі жұмыс.
Қажағыш материалдар ең
алдымен тым қатты болуы керек, әйтпесе тау
жынысына батпайды. Онымен қатар олар берік, тұтқыр болуы шарт. Өйтпеген
жағдайда олар үстінен басқан осьтік салмақтың әсерінен сынып, үгітіліп кетеді.
Қажағыш материал жуық арада тозбайтындай төзімді болғаны дүрыс. Әйтпесе
бүрғылау кезІнде пайда болатын үйкеліс күштерінің
әсерінен олар жылдам
мүқалады. Қажағыш материал тау жынысымен үйкеліскенде жуу сұйығының
салқындатуына қарамастан қызады. Міне сондықтан жұмыс ойдағыдай. істелуі
үшін олар жылуға төзімді болуы керек.
Қажағыш материалдар ретінде көп қолданылып жүргендері металды-
керамикалы қатты қорытпалар, табиғи алмаз және шойыннан немесе болаттан
жасалған бытыралар.
Қатты
қорытпалар.
Коронкаларды
дәнекерлеуге
арналған
жыныс
талқандайтын кескіштерді дайындау үшін металды-керамикалық қорытпаларға
жататын ВК. деп аталатын вольфрамды-кобальтты
қатты қорытпаларды
қолданады. Олар вольфрам карбидінің ẀС ұсақ ұнтағын кобальт металымен
байланыстыру арқылы. алынады. Ол үшін металл күйіндегі вольфрамның ұсақ
ұнтағын алдымен күйеге араластырып қыздырады. Сонда ол карбид түріне келеді
де мықтап қатаяды. Алынған вольфрам. карбидінің ұнтағын кобальт ұнтағымен
араластырып, арнайы жасалған пресс-форманьң ішіне салып кысады, және
қыздырады, яғни үлкен
қысым мен температурада пісіреді. Қыздыру
температурасы кобальттың балқу температурасына дейін (1480–1490°) жеткізіледі.
Балқыған кобальт вольфрам карбидінің арасын толтырып әрбір түйіршекті бір-
бірімен байланыстырады. Қыздыруды тым жоғары
темцератураға көтеруге
болмайды, себебі вольфрам карбиді 3400°-та балқиды. Пресс-формадан пішіндері
әр түрлі кескіш ретінде қолдануға болатын қатты қорытпа пластинкалары
алынады. Ол пластинкалардың формалары 17-суретте берілген.
.
17- сурет. Қатты қорытпадан жасалған кескіштер
Қатты қорытпа — жылуға бекем материал. Оның жылуға-беріктігі 900—
1000°С. Одан жо-ғары температурада олар өздерінің қасиеттерінен айырылып,
жылдам ұсатылады. Бүрғылауда ВК-6, ВК-8, ВК-6В, ВК-8В, ВК-11 және ВК-15
қатты қорытпалары қолданылады. Бұл белгілеудегі В әріпі вольфрам, ал К
әпірі
кобальт деген сөздерден алынған. Әріптерден кейінгі сандар қатты қорытпа ішінде
неше процент кобальт бар екенін көрсетеді. ВК-6В және ВК-8В қатты
қорытпаларындағы В әрпі орыстың «высокопрочный» (беріктігі жоғары) деген
сөзінің бірінші әрпінен алынған. Бұл айтылған қорытпалар яғни ВК-6В және ВК-
8В ірі түйіршікті
ұнтақтардан жасалған, сол себепті олардың тозуға бекемдігі
азырақ келеді, бірақ мұндай қорытпалардың иілуге қарсы беріктігі өте жоғары
болады. Осыған байланысты олар діріл және соққы кезінде жылдам ұсатылмайды
яғни бұлардың динамикалық күштерге беріктіктері жоғары болады.
Қатты қорытпалар тек қана алмаздан қатты емес, дегенмен алмазға қарағанда
оның иілуге беріктігі жоғарырақ. Мысалы, алмаздың иілуге беріктігі 20–50
кг/мм
2
шамасында, ал қатты қорытпанікі 100–200
кг/мм
2
.
Алмаздың сығылуға беріктігі
200
кг/мм
2
,
ал қатты қорытпанікі 350– 500
кг/мм
2
.
Қатты қорытпаның ішіндегі
кобальт мелшері кебейген сайын, онын. Иілімділігі арта түседі.
Оны мына
мысалдан көруге болады. ВК-6 қорытпасының (кобальты 6%) иілуге қарсылығы
135
кгімм
2
,
ал ВК-15 қорытпасынікі - (кобальты 15%) — 165
кг/мм
2
.
Жоғарыда айтылған ВК-6В қатты қорытпасының, иілуге қарсылығы — 140
кг/мм
2
,
ал ВҚ-8В-нікі — 155
кг/мм
2
Вольфрам карбиді қатты қорытпаға
қаттылық береді, сол себепті қатты қорытпадағы вольфрам карбидінің мөлшері
көбейсе оның қаттылығы өседі.
Шығарылатын барлық қатты қорытпалардын,
бетіне олардын, атын жазған
штамп қойылады. Кейде қатты қорытпалардың сыртын бояйды. Боялу түсіне
қарап қорытпаның маркасын анықтайды. Бояу қорытпаның сыртында жолақ
секілді жүргізіледі, оның көлденеңі 5
мм-
дей болады. Шығарылатын ВК-6 қатты
қорытпасы көк түске, ВК-8 — қызыл түске, ВК-8В — қоңыр түске, В-11 —
сарғылт түске, ал ВК-15 ақ түске боялады.
Заводтан келген қатты қорытпаның қорабының ішінде арнаулы документі
болады. Онда қатты қорытпанын қай заводта, кашан
шығарылғаны және басқа
қасиеттері туралы толык, мағлұмат жазылады.
Қатты қорытпа қымбат материал болғандықтан, пайдаланатын мекемелер
олардың қалдықтарын заводқа қайтарулары керек. Қайтарылатын қалдықтың
мөлшері қолданылған қатты қорытпанын, алғашқы салмағының 15 процентінен
кем болмауы қажет.
Заводта қалдықты балқытып, вольфрам мен кобальтін
ажыратып алады. Қатты қорытпалардың қасиеттері 6 – кестеде көрсетілген.
6 – кесте
Достарыңызбен бөлісу: