Н. С. Сейітов г-м.ғ. д., профессор Оқулықта «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау»



жүктеу 8,17 Mb.
Pdf просмотр
бет51/168
Дата08.12.2022
өлшемі8,17 Mb.
#40519
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   168
Бурение

Қатты қорытпалардың қасиеттері 
 
Қатты қорытпа 
маркасы 
Роквелл бойынша 
қаттылығы, берілген салмақ 
60 кг, С шкаласы бойынша 
Иілуге кедергісі, 
кг/мм
2
Сыбағалы салмағы 
ВК–6 
88 
120 
14,5 
ВК–8 
87,5 
130 
14,35 
ВК–10 
87 
135 
14,2 
ВК–15 
86 
160 
13,9 


Қатты қорытпалардың өлшемдері де әр түрлі болады.. Мысалы, формасы Г-53 
делінетін сегіз кырлы қорытпаның өлшемі 5 х 10 
мм 
болады. Үшкірлік бұрышы 
25°. Г-51 формалы тік бұрышты.пластинка тәрізді қорытпалардың өлшемі 3 х 7
немесе 5 х 10
мм 
болады. Қимасы квадрат тәрізді тік бұрышты қорытпалар 
формасы 1301 болса 3 х 3 х 8
мм, 
ал формасы 1303 болса 4 х 4 х 10
мм 
болады. Ине 
тәрізді қорытпалардың диаметрі 2 
мм, 
ал ұзындығы 20 
мм 
болады. Жұқа 
пластинка тәрізді қорытпаның өлшемі 0,7 х 8,5 х 15 
мм, 
ал пластинка тәрізділердің 
төменгі қимасы 1,3 х 2,5 
мм, 
ал жоғарғы ұшының қимасы 1,3 х 1
,0 мм 
болады. 
Алмаз
— жер қыртысында өте сирек кездесетін минерал. Оны 
кристалды 
көміртегі 
деп те айтады, себебі оның химиялық құрамы графиттің құрамындай. 
Дегенмен алмаздың құрамында өте аз мөлшерде (3–4 проц.) кремний, магний, 
кальций және алюминий болатынын айта кеткен жөн. Атомдық құрылымдарының 
әр түрлі болуына байланысты графит пен алмаздың қасиеттері де бір-біріне тіпті 
жанаспайды. Алмаз — кебінесе мөлдір, туссіз және өте қатты минерал. Оның 
көмескілеу, сары, көк, жасыл, қызыл және басқа түстері де кездөседі. Алмаздың 
қаттылығы кварцтен 1000 есе, ал корундтан 150 есе артық. Оған өте күшті 
қышқылдар әсер етпейді. Алмаздың жарық сәулесін сындыру көрсеткіші де өте 
жоғары, сондықтан одан әр түрлі жарық өзінше сынып өтеді. Жарық сәулесінің 
дисперсиясы күшті болғандықтан, алмаз сәулені әр түрлі түспен шығарады. 
Осыған байланысты табиғи алмаздың, түссіз, мөлдір, түрлі түстілері (қараларынан 
басқа) асыл тастар ретінде'зергерлік бұйымдар жасауға көп қолданылады. 
Алмаздың сыбағалы салмағы 2,9-дан 3,6 
г/см
3
-ге 
дейін өзгереді. Өте жоғары 
температурада (900–1100°С) оттегі бар жерде алмаз жанып кетеді. 
Алмаз ірі болмайды, оның салмағын каратпен өлшейді. Бір 
карат 
деп 0,2 
г 
салмақты айтады. 
Көпшілік кен орьшдарында шығарылатын жеке алмаз түйіршііктерінің 
салмағы 0,2–0,3 караттан аспайды. Салмағы 1–2 карат және одан да ауырырақ 
болатын алмаздар сирек кездеседі, сондықтан олар өте қымбат болады. Ірілігі 50 
караттан асатын алмаздарға арнайы ат беріледі. Мысалы «Орлов» деп аталатын 
алмаздың салмағы 194,8 карат. Бұрынғы Советтер елінде кездескен ең үлкен 
алмаздың салмағы 54,2 карат, ал оның аты — «Якутияға 325 жыл». 
Алмазда анизотроптік қасиет бар, яғни оның қаттылығы мен беріктігі сыртқы 
бетінің әр бағытында әр түрлі болады. 
Алмаз мына топтарға бөлінеді: борттар, балластар, карбонадо (қара алмаздар) 
және синтетикалық алмаздар. Алмаздар зергерлік және техникалық болып екі 
топқа бөлінеді. Бұрғы коронкаларын дәнекерлеуге техникалық топқа кіретін 
борттын, қара түрлері қолданылады. Олардың ептеп жіктестігі бар, кескіш 
беттерінде көп және байқалмайтын жарықшақтары болады. Қазірде.бүрғы 
коронкаларын жасау үшін осы борттарды кеңінен пайдаланады. 
Балластардың қүрылысы сопақша келеді. Оның сыртында өте қатты үсақ 
кристалданжасалған қалыңдығы 1мм-дей жұқа қабығы болады. Балластың ішкі 
ядросы ірі кристалды болғандықтан, онша берік емес. Сондықтан сыртқы қабығы 
тозысымен баллас жылдам күйрейді. Балласты кемерлегіш кескіштер жасау үшін 
қолданады. Алмаздардын жалпы сапасын балластан жасаған инемен анықтайды. 
Егер сызат жүргізгенде баллас ине із қалдырса — ол нашар алмаз, оны техникада 
қолдануға болмайды. 


Карбонадо (карбонат) алмаздың өте кіші кристалдардан тұратын түрі, 
сондььқтан бұл өте берік алмаз. Оның түсі күңгірт, қара қоңыр болады. 
Карбонадоны қолдан нақышталған коронкаларды жасау үшін пайдаланады. 
ССРО-да коронкалар жасау үшін 1962 жылға дейін борт тобына жататын 1-
сортты алмаздар қолданылды. 1962 жылдан кейін борт алмаздарының ІІ-сорты да 
ойдағыдай қолданылып жүрді. Оларға сынық кристалды, кемістіктері бар кейде 
бүтін кристалды алмаздар жатады. Мұндай алмаздардың бұрғылаушылық сапасын 
өсіру үшін олардың сыртқы түрін алдымен овал тәрізді түрге келтіріп алады. Ол 
үшін алмаз түйіршектерін күбі секілді темір ыдыстың ішіне салып үлкен 
жылдамдықпен айналдырады. Сол кезде алмаздың сырты қажалып домаланған 
овал тәрізді түрге келеді. Овалданған алмаздардың төзімділігі және беріктігі 
табиғи кристалдармен салыстырғанда жоғары болады. Бұрғы колонкаларын үсақ 
алмаздардан жасайды. Олардың жеке түйіршіктерінін. салмағы 0,05 караттан 0,25 
каратқа дейін өзгерді. Басқаша айтқанда бір каратта 400-дей алмаз түйіршігі болуы 
мүмкін. Шар тәрізді табиғи алмаз түйіршіктерінің сапасы жоғары болады. 
Техникада қолданылатын алмаздардын. сыбағалы салмағы 3–3,6 
г/см-те 
тең 
болуы мүмкін. 
Синтетикалық алмаздардан да бұрғы коронкалары жасалына бастады, 
Мұндай 
алмаздардың 
ерекшеліктеріне 
алдын-ала 
керекті 
қасиет 
беріп 
жасайтындығын жатқызуға боладь Синтетикалық алмаздардың қаттылығы мен 
беріктігі табиғи алмаздыкінен кем емес, бағасы да арзан. Келешекте тіпті 
арзандауы мүмкін. 

жүктеу 8,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау