Н. С. Сейітов г-м.ғ. д., профессор Оқулықта «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау»


СА – 4 коронкаларының анықтамалар



жүктеу 8,17 Mb.
Pdf просмотр
бет58/168
Дата08.12.2022
өлшемі8,17 Mb.
#40519
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   168
Бурение

СА – 4 коронкаларының анықтамалар 
 
СА – 4 
коронкасы
ның 
сыртқы 
диаметрі, 
Ішкі 
диаметрі, 
мм 
Тұлғасының 
сыртқы 
диаметрі, 
мм 
Тұлғасының 
ішкі 
диаметрі, 
мм 
Негізгі 
кескіштер 
саны 
Кемерлегіш 
кескіштер 
саны 
Колонкалы 
құбырдың 
диаметрі, 
мм 


мм 
46 
31 
44,5 
32,5 
12 

44 
59 
44 
57,5 
45,5 
12 

57 
76 
59 
74 
61 
13 

74 
93 
75 
91 
77 
20 

89 
112 
94 
110 
96 
20 

108 
132 
114 
130 
116 
24 

127 
Алмаз кескішті коронкалар
Алмаз кескішті коронкалар бұрғыланғыштығы 
V – XII категориялы қатты және өте қатты тау жыныстарын бұрғылауға арналған. 
Олардың кескіштерін ұсақ алмаздардан жасайды. Алмаз кескішті коронкалар 
тұлғадан, немесе
коронка сақинасынан және алмаз кескіштер орналасқан 
матрицадан турады (26- сурет).
Матрицадағы алмаз кескіштердің орналасуына және қолданылу саласына 
карай алмаз коронкалар үш түрге бөлінеді: 1) бір қабатты, 2) көп қабатты, 3) 
импрегнирленген (27-сурет). Алмаз коронкасының дүміне орнатылған алмаздың 
түйіршіктерін 
дүмдік 
немесе 
көлемдік алмаздар 
дейді. Олар забойдағы тау 
жыныстарын талқандау үшін керек. Коронканың 
iшкі 
және сыртқы бүйірлерінде 
орналасқан алмаз түйіршіктерін 
бүйірлік 
немесе 
кемерлегіш алмаздар 
дейді. Олар 
ұңғы кабырғасы мен керннің бетін дұрыстау ymiн, яғни
сақиналы забойдың 
кішіреймеуін бакылау үшін керек. 
Алмаз коронканың матрицасын порошокты металлургияның пicipy және 
толтыру әдістерін қолдану арқылы жасайды. 
Пicipy әдiciн колданғанда престеуші-форманың iшiнe матрица жасалатын 
металдың порошогын- шихтаны толтырады да оның үстіне белгіленген рет 
бойынша алмаз түйіршiктepi орналастырылады. Одан кейін жоғары температура 
және қысым беріліп, шихтаны nicipeдi. Одан шыққан матрицаны коронка 
тұлғасымен біріктіреді. 
Толтыру әдісімен матрица жасағанда жұмсалатын металдың порошогын-
шихтаны алмаз түйіршектерімен жақсылап араластырады да престеуші-форманың
iшiнe салып жоғары температура мен кысымда пісіреді. 
Кейінгі кезде цементтеу немесе жұтқызу әдісі кеңінен. қолданылып жүр. Бұл 
әдістің ерекшелігі мынада: алмаз түішіктері мен матрица порошогының iшiнe 
сұйық металды күшпен жіберіп, 6ip-6ipiн байланыстырады. Мұндай жағдайда 
матрицаның 6epiктiri жоғары болады. 
Матрицаның сапасымен коронканың 6epiктiгi жэне бұрғылау өнімділігі 
байланысты. Матрица катты болмаса алмаз түйіршіктepi бурғылау кезінде жылдам 
жалаңашталады, сондыктан бұрғылау жылдамдығы жоғары болады. Дегенмен 
қажағыштығы көп жыныстарды бұрғылағанда матрица жылдам желінеді, алмаз 
түіршіктepi жылдам ашылады, сол себепті алмаз шығыны өсе түседі. Алмаз 
коронканың матрицасын қазipri кезде металды-керамикалы қатты қорытпалардан 
жасайды. Алмаз коронкалардың матрицаларының бес түрін шығару жобаланған: 
1- өте жұмсақ матрица; 2- жұмсақ матрица; 3- калыптағы матрица; 4- қатты 
матрица; 5- өте қатты матрица. Қазіргі кезде 1 және 2-типт1 матрицалар 
шығарылмайды. Қалған 3, 4 және 5-типті матрицалардың каттылығы Роквелл 
аспабының С шкаласы бойынша мынадай мөлшерде: 1) 3-типті байырғы матрица 
HR
C
=20—25, 2) 4-типті қатты матрица HR
c
= 30—35, 3) 5-типті өте қатты матрица 


HR
c
==50—55. Булардың үшінші типті матрицасын қажағыштығы аз тау 
жыныстарын бурғылау үшін, төртінші типті матрицаны қажағыштығы орташа тау 
жыныстарын, ал бесінші типті матрицасы бар коронкаларды қажағыштығы және 
каттылығы өте көп тау жыныстарын бұрғылау үшін қолданады. Матрицаның ішіне 
қанша алмаз түйіршіктеpi салынғаны да бурғылау жылдамдығына әсер етеді. 
Ауданы 1 
см
2

қалыңдығы 1 
мм 
матрицаның iшінe салмағ
Ы 
0,9—1,2 
карат 
усақ 
алмаз түйіршіктері салынады. Орта есеппен алмаз коронканың 1
см-лік 
сыртқы 
диаметріне салмағы 1 кейде 2 
карат, 
ал тым ұсақ болса, 2,5 
караттай 
алмаз 
түйіршіктері жұмсалады. 
26-сурет. Алмаз коронка 
27-сурет. Алмаз коронка түpлерi.

 а 
— 6ip қабатты; 
б 
— көп қабатты; 
в 
— импрегнирленген;
1 — көлемдік алмаздар; 2, 3 
— 
кемерлегіш алмаздар; 4 — матрица; 5 - коронка тұлғасы. 
Бip қабатты алмаз коронкаларда алмаз түіршіктepi коронка матрицасының 
бетінде 6ip қабат етіліп шахмат немесе спираль тәртіптepi бойынша қондырылады. 
Ipiліктері 6ip 
карат 
ішінде 20–50 дана алмаз түйіршіктерін 6ip кабатты алмаз 
коронкаларында көлемдік алмаз ретінде колданады. Кемерлегіш алмаздарды 6ip 
карат 
iшінде 40–50 дана ірілігі
 
бар алмаз түйіршіктерінен жасайды. Бip кабатты 
коронкалармен категориясы VII—IX болатын тау жыныстарын бурғылайды. 
Көп кабатты коронкаларды ө3i қайралатын коронкалар қатарына жатқызады. 
Олардың алмаздары қатар орналасқан кабаттар кұратындай етіліп орнатылады. Бip 
қабаты тозғанда, бурғылау процесін eкіншi кабатта орналаскан алмаздар 


жалғастырады. Олардьың көлемдік алмаздары іріліктері 6ip карат ішінде 60—120 
дана болатын алмаздардан, ал кемерлегіш алмаздар iріліктepi 6ip каратта 30—60 
данадан аспайтын алмаз туйіршіктерінен жасалады. Көп кабатты алмаз 
коронкалармен бұрғыланғыштығы IX—XI категориялы тау жыныстарын 
бурғылайды. 
Импрегнирленген коронкаларда алмаз түйіршіктepi матрицаның барлык 
көлемінде біркелкі eтіліп таралған. Бул коронкалардың көлемдік алмаздарын 
ipіліктepi 6ip карат iшінде 120–400 дана болатын алмаз түйіршіктерінен жасайды, 
ал кемерлегіш алмаздар ретінде ipіліктepi 6ip карат iшіндe 30–90 дана болатын 
алмаз 
түйіршіктерін 
пайдаланады. 
Импрегнирленген 
коронкалар 
мен 
бұрғыланғыштық категориялары X—XII болатын тау жыныстарын бұрғылайды. 
Алмаз коронкалар көп шығарылады. Алмаз коронкалардың сыртқы диaмeтpлepi 
36, 46, 59, 76 және 93 мм-ге тең. Олардьң негізгі анықтамалары 21- кестеде 
берілген.
Алмаз коронкаларын таңдағанда алмаз түйіршіктерінің ірілігімен сапасына 
көп көңіл бөлу керек. Бурғыланатын тау жынысы қатты болған сайын 
колданылатын алмаз коронканың көлемдік алмаздары ұсақ болғаны жөн. 
Коронканың типі жэне алмаздарының сипаттамалары олардың индексінен белгілі 
болады. Мысалы, коронканың индексі 01А3 Д20 Е10 болса оның ішіндегі 01 
коронка конструкциясының рет номерін көрсетеді, А — коронканың 6ip қабатты 
екенін көрсетеді (М — көп кабатты және И — импрегнирленген коронкалар), 3 — 
матрица қаттылығы (4 немесе 5 — типті де болуы мүмкін), Д 20 – көлемдік 
алмаздардың сапасы мен ірілігі, Е 10 – кемерлегіш алмаздардың сапасы мен ірілігі. 
Коронкаға салынбас бұрын алмаз түйіршектері алдын- ала өңдеулерден өткізіледі. 
Өңделген алмаздарға: Д – уатылған алмаздар, П – тегістелген алмаздар, Е, К, L — 
бірінші, екінші, үшінші сапалы овалданған алмаздар; Р — рекуперирленген немесе
қайтадан қолданылған алмаздар жатады. 
Сыртқы диаметрі 36 
мм 
алмаз коронканың жуу суйығы шығатын екі 
жырашасы болады, 46 және 59 мм-ліктерде – төрт, 76 мм-лікте алты және 93 мм-
лік коронкада сегіз жуу жырашасы болады. Коронка тұлғасының ішінде 
конусталған жер болады, ол керн-жұлғыш сақина үшін жасалған камера. 
Алмаз кеңіткіштер. 
Бұрғылау кезінде ұңғы диаметрі ептеп кішірейe береді, 
cе6e6i кемерлегіш алмаздар қажалады. Осыған байланысты ұңғыны тарылтпау 
ушін арналып жасалған алмаз кеңіткіштерді пайдаланады. Олар алмаз коронка мен 
колонкалық кубырдың аралығына жалғасады. Kеңіткіштің іш қуыс, сырты 
цилиндр тәрізді. Сыртқы бетінде алмаз түйіршіктep кондырылған ұзынша 
штабиктер болады. Кеңіткіштерді жасау үшін сапасы жоғары немесе овалданған
алмаз түйіршіктерін пайдаланады. Алмаз кеңіткіштерінің анықтамалары 22-
кестеде келтірілген. 
21- кесте
 

жүктеу 8,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау