|
“ресурстарды және аз қалдықты технологияларды сақтау” пәніне арналған Мамандығы 050707 – Тау-кен ісі
|
Дата | 25.11.2017 | өлшемі | 20,52 Kb. | | #1904 |
| - «Ашық кен жұмыстары» кафедрасының аға оқытушысы
- педагогикалық өтілі 13 жыл
- “РЕСУРСТАРДЫ ЖӘНЕ АЗ ҚАЛДЫҚТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ САҚТАУ” пәніне арналған
- Мамандығы 050707 – Тау-кен ісі
- Курс көлемі: 3 кредит
- Студенттер білімін бағалау
| | - Рейтингтік баллы (пайызбен %)
| | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | - Кредиттік технология бойынша “РЕСУРСТАРДЫ ЖӘНЕ АЗ ҚАЛДЫҚТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ САҚТАУ” пәнінін оқыту үшін «ашық кен жұмыстары»кафедрасында студеттер білімін рейтинктік бақылау қолданылады.студенттердің алған білімін бекіту үшін курсты оқу барысында қажетті ағымды аралық және басқа да бақылау түрлері қарастырылған.
Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары (СОӨЖ) - Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары (СОӨЖ)
- Тау-кен өндірісінің орны
- Тау–кен жұмысының құрылу тарихының негізгі жағдайы
- ҚР жер қойнауы және жер қойнауын қорғау заңының негізгі жағдайы
- Әлеуметтік, экологиялық және экономикалық аспектісі бойынша кен орнындағы пайдалы қазбаларды өндіру
- Алдыңғы қатарда бірінші отандық және шетелдік ресурс сақтау технологиялары, пайдалы қазбаларды өңдеу
- Өндірілетін пайдалы қазба және оның сапасы
- Ашық кен жұмысының өндірістік процестері техника, технология ұйымдастыру бірлігі олардың өзара байланысы
- Ашық тау-кен жұмыстарының қолдау шарттары және олардың экономикалық негіздері
- Пайдалы қазбаларды жерасты тәсілін қолдану арқылы қазудың мәні
- Құрылысты тау жыныстарының түрлері мен қасиеттері
- Құрылысты тау жыныстарының қазу технологиясының шикі заттарға және дайын өнімге қойылған талаптардың ерекшеліктері
- Пайдалы қазбалардың су астынан шығару талаптары
Студенттердің өзіндік жұмыстары (СӨЖ) - Студенттердің өзіндік жұмыстары (СӨЖ)
- Пайдалы кенбайлықтарда қазу деңгейі және олардың халық шаруашылығындағы қажеттігі.
- Пайдалы кенбайлықтардың орындары және олардың жату жағдайлары жөніндегі жалпы мағлұматтар.
- Пайдалы кенбайлықтарда қазудың тәсілдері.
- Тау-кен қазбалары және олардың міндеті.
- Ашық тау-кен жұмыстарынық негізгі өндірістік процестері .
- Пайдалы қазбаның жоғалымы және құнарсыздануы жөнінде түсінік.
- Жерасты тау-кен жұмыстарының мәні. Негізгі түсініктері, терминологиясы. Негізгі тау-кен қазбалары.
- Тау-кен қысымы. Негізгі өндірістік үрдістер және олардың өзіндік құны.
- Құрылыс тау жыныстарының түрлері және қасиеттері. Қазу технологиясының ерекшеліктері. Шикізатты кешенді пайдалану.
Тәжірибелік сабақтардың жоспары - Тәжірибелік сабақтардың жоспары
- 1. Өндіру кезіндегі кен жоғалымы мен құнарсыздануын техника-экономикалық нормалаудың әдістемелік шарттарын оқып үйрену
- 2. Техникалық шешімдер нұсқаларын экономикалық бағалаудың заманауи әдістерін оқып үйрену.
- 3. Кестелік анықтамалық материалдарды пайдаланып нормативтік көрсеткіштерді есептеу.
- 4. Графиктік анықтамалық материалдарды пайдаланып нормативтік көрсеткіштерді анықтау.
- 5. Жер қойнауын пайдалануды жақсартудың технологиялық шешімдерін бағалау
- 6. Кемердің оңтайлы биіктігін таңдау.
- 7. Кеннің жанасу аймақтарын қазу тәсілдерін анықтау
- Пән бойынша дәрістерді жүргізу барысында көрнекті құралдар ретінде кафедрадағы плакаттар, жаңа технологиялық сұлбаларды бейнелейтін әртүрлі жарнамалық материалдар қолданылады. Дәрістерді университет ішілік теледидарлар, интерактивті тақта арқылы оқылады.
- Дәрістердің тақырыптық жоспары
- 1-модуль. Пайдалы қазбаларды қазып алу кезінде тау жыныстары мен тау-кен жұмыстарына мағлұматтар
- 1.Жер қойнауы-энергияның сарқылмас қайнар бұлағы
- 2. Гидросфераға антропогенді әсердің ықпалы. Тау-кен жыныстарының физико-механикалық қасиеттері, сипаттамасы және олардың тығыздығы
- 3. Көмір және жанатын сланец ресурстары
- 4. Жер шары ресурстарының мәні және мазмұны
- 5. Пайдалы қазбалар ішіндегі жалпы уран ресурстары туралы түсінік
- 6. .Металды пайдалы қазындылар ресурстары
- 2- модуль. Табиғи пайдалы қазбалар ресурстары мәліметтері
- 7. Марганец туралы басты.
- 8.Ванадий және никель туралы түсінік
- 9. Тазартылған кенжардағы мысты алудың тәсілдері. Тазартысты кенжарларды бекіту әдістері
- 10. Қалайы кенінің артықшылығы
- 11. Сынаптың негізгі өндірістік процесстері. Кенді ұсату мен тасымалдау.
- 3-модуль. Аса қымбат тастардың негізгі мағлұматтары.
- 12.Алтынды тау жыныстарының түрлері мен қасиеттері
- 13. Алтынды қазып алудың мәні мен негізгі түсінігі және анықтамасы.
- 14. Пайдалы қазбалардың ішіндегі рений мен алюминийді қазып алу мәні.
- 15. Пайдалы қазбалар ішіндегі табиғи магний мен мыстың ролі
1 ПӘННІҢ МІНДЕТІ МЕН МАҚСАТЫ - 1 ПӘННІҢ МІНДЕТІ МЕН МАҚСАТЫ
- 1.1 Пәнді оқыту мақсаты - “Ресурстарды және аз қалдықты технологияларды сақтау” пәні “Пайдалы қазындыларды ашық игеру” мамандығында оқитын студенттерге арнайы пәндер циклінің негізгілерінің бірі болып табылады. Пәнді оқыту мақсаты – болашақ мамандардың табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану, минералды шикізаттарды комплекстік пайдаға асыру мен ашық тау-кен жұмыстарының қаражаттық, энергиялық және еңбек сыйымдылығын төмендету жолын меңгеруі.
- 1.2 Пәнді оқып білу міндеттері
- “Ресурстарды және аз қалдықты технологияларды сақтау” пәнін оқып білу міндеттері 050707 “Тау-кен ісі” мамандығының бакалаврларды Мемлекеттік жоғары білім стандарттарына сәйкес, дайындауға қойылатын талаптарынан шығады. Пәнді үйрену нәтижесінде студенттер келесіні білу қажет:
- -табиғат ресурстары және олардың қоғамның өндіруші күштерінің дамуындағы мәні;
- -кен өндіру кәсіпорындарындардың ауа бассейнінің ресурстарын ұтымды пайдалану мен оны қорғау;
- -кен өндіру комплекстегі су ресурстарын рационалды пайдалану және оны қорғау;
- -жер қыртысының минералды ресурстарын комплексті пайдаланудың қалдықсыз және аз қалдықты технологиялары;
- -жер ресурстарын рационалды пайдалану; карьерлердегі материалдық, энергетикалық және еңбек ресурстарын тұтынуды төмендету жолдары.
Аңдатпа (аннотация). «Ресурстарды және аз қалдықты технологияларды сақтау» пәнінің оқу-әдстемелік кешені «Тау-кен ісі» мамандығына арналып құрастырылған және мазмұны мен көлемі осы мамандарды дайындауға толықтай сәйкес келеді. Теориялық материалдар практикалық тапсырмалармен толықтырылған. Курсты оқу барысында алған білімді толықтыру үшін ағымдағы, аралық және басқа да бақылау түрлері берілген. - Аңдатпа (аннотация). «Ресурстарды және аз қалдықты технологияларды сақтау» пәнінің оқу-әдстемелік кешені «Тау-кен ісі» мамандығына арналып құрастырылған және мазмұны мен көлемі осы мамандарды дайындауға толықтай сәйкес келеді. Теориялық материалдар практикалық тапсырмалармен толықтырылған. Курсты оқу барысында алған білімді толықтыру үшін ағымдағы, аралық және басқа да бақылау түрлері берілген.
- Пәнді оқу барысында студент өз мамандығы жөнінде жалпы мағлұматтар алады және бакалавр білімінің негізгі элементтерді оқып білу арқылы білімі артады. “ Ресурстарды және аз қалдықты технологияларды сақтау” пәнінен ұйренудің міндеттері: ашық тау-кен жұмыстарына жататын, кен орындарының типтері карьердің негізгі элементтері мен параметрлері, тау-кен қазбалары, ашық тєсілмен өңдеудің әдістері және негізгі процестері, өзіндік құны, карьер жұмыстарының негізгі техникалық экономикалық көрсеткіштері және пайдалы кенді өндірудің әртүрлі әдістерін қолданудың экономикалық пайдалылығын (тимділігін) қарастыра алу.
- “Ресурстарды және аз қалдықты технологияларды сақтау” пәні бойынша құрастырылған оқу-әдістемелік кешені барлық талаптарға сәйкес келеді.
- Емтиханға дайындық сұрақтары
- 1.Қазақстан экономикасында тау-кен қазып алу кәсіпорының негізін қалайтын энергетикалық және шиікі заттық баланстары кіреді;
- 2.Тау-кен ісінің даму мәселелері мен болашағы;
- 3.Тау-кен ісінің даму тарихы мен оның негізін қалаушылары;
- 4.Тау-кен ісіндегі мәселелердің шешімін табудағы Қазақстан ғалымдарының ролі;
- 5.Пайдалы қазбаларды қазудың ресурстарын сақтайтын технологиясының бірінші отандық және шет елдік тәжірибелері;
- 6.Өндірілетін пайдалы қазбалар және олардың сапасы;
- 7.Тау-кен жыныстары тау-кен жұмыстарының объектісі ретінде;
- 8. Көмір тақталары мен кен денесінің жату элементтері;
- 9. Тау жыныстарының физко-механикалық қасиеттері;
- 10.Бетіктік бойынша тау жыныстарының сыныптамасы;
- 11.Жартасты және жартылай жартасты жыныстардың сипатттамасы;
- 12.Тау жыныстарының сипаттамасы;
- 13.Тау-кен жыныстарының бұзылуға қарсылығының жалпы бағасы
Студентке қойылатын талаптар: - Студентке қойылатын талаптар:
- 1. Сабаққа кешікпеу және сабақтан қалмау;
- 2. Оқытушы ұсынған материалдарды мұқият тыңдау және белсенді қатысу;
- 3. Аудиторияда ұялы телефордарды сөндіріп жұмыс жасау;
- 4. Кітапханада және үйде өздігінен жұмыс жасау.
- Академиялық этика нормалары:
- тәртіп;
- мейірімділік;
- шыншылдық;
- жауапкершілік;
- мәдениеттілік.
- Назар аударғандарыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|