Н. С. Сейітов г-м.ғ. д., профессор Оқулықта «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау»


Тау жыныстарының радиоактивтік қасиеттері



жүктеу 8,17 Mb.
Pdf просмотр
бет46/168
Дата08.12.2022
өлшемі8,17 Mb.
#40519
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   168
Бурение

4.5.7 Тау жыныстарының радиоактивтік қасиеттері
Кейбір тау жыныстары мен минералдардың табиғи радиоактивтігі болады. 
Мұндай тау жыныстарының радиоактивтігі олардың құрамында не радиоактивті 
элементтер (уран, торий, радий), не калидің, кальцидің, рубидидің, цирконидің 
изотоптары бар минералдардың болуына байланысты. 
Радиоактивтік ыдырау кезінде мұндай жыныстардан альфа мен бетта 
бөлшектері және гамма сәулелері бөлінеді. 
Олардың ішіндегі ең өткірі гамма сәулелері. Олар дене арқылы өткенде аздап 
жұтылып және шашырайды. 
Гамма сәулелерінің осындай қасиеттерін кейбір механизмдерді алыстан 
басқаруға пайдаланады. Гамма сәулелерінің жұтылуы дененің тығыздығына 
байланысты. Оны массивтегі тау жыныстарының тығыздығын өлшеуге 
пайдаланады. Қазіргі кезде тау жыныстарын талқандауға сутегінің ыдырау 
процесін, 
термоядролық ыдырауды 
және басқа физикалық процестерді 
пайдалануға талпыныстар бар. 
Микробөлшектердің ағымын барлау ұңғыларының қабырғаларын зерттеуге 
қолдануға болады. 
 
 
 
4.6 Тау жыныстарының бұрғыланғыштығы 
Тау жыныстарының бұрғыланғыштығы дегеніміз – оларды бұрғылау кезіндегі 
талқандаудың қиындығы. Ол көптеген факторларға байланысты: геологиялық, 
техникалық және технологиялық. 
Тау 
жыныстарының 
бұрғыланғыштығына 
әсер 
ететін 
геологиялық 
факторларға олардың физика-геологиялық және физика-техникалық қасиеттері 
жатады. Олардың ішінде әсіресе қаттылық, беріктік, қажағыштық, орнықтылық, 
жарықшақтық, тақтатастылық, кеуектілік сияқты қасиеттер бұрғылау процестеріне 
өте көп әсер етеді. 
Тау 
жыныстарының 
бұрғыланғыштығына 
әсер 
ететін 
техникалық 
факторлорға геология барлау ұйымдарының алдыңғы қатарлы, өнімділігі жоғары 
бұрғы станоктары, жыныс талқандағыш құралдар және басқа бұрғылау 
құралдарымен жабдықталған деңгейі жатады. 
Бұрғыланғыштыққа әсер ететін технологиялық факторларға бұрғылау 
әдістерін, бұрғылау тәртібінің оптималды параметрлерін дұрыс таңдай білу 
жатады. 


Қазіргі кезде бұрғыланғыштықтың әр түрлі бұрғылау әдістеріне арналған 
бірнеше шкаласы бар. 
Айналма механикалық бұрғылау үшін тау жыныстары 12 категорияға, соққы-
механикалық бұрғылау үшін -7 категорияға, шашыранды пайдалы қазбаларды 
соққы механикалық әдіспен барлау үшін -6 категорияға және шнекпен айналма 
бұрғылау үшін -6 категорияға бөлінеді. 
Қазіргі қолданылып жүрген бұрғыланғыштықтың классификациясының 
негізіне бұрғылаудың механикалық жылдамдылығы алынған (1 сағат таза 
бұрғылауда бұрғыланған тереңдік). Мұнда еңбек өнімділігіне көп әсер ететін 
жыныс талқандағыш құрал тозғанға дейінгі бұрғыланған тереңдік алынады 
(рейстік бұрғылау тереңдігі). 
Бұрғыланғыштығын 
жалпылама 
көрсеткіш 
ретінде 
зерттеу 
бұрғы 
жұмыстарын жоспарлап, нормалау үшін және біраз технологиялық мақсаттарды 
шешу үшін керек. 
Тау жыныстарының бұрғыланғыштығы геология барлау ұңғыларын 
бұрғылауда, еңбек өнімділігін арттыруда маңызы зор. 
Тау жынысының бұрғыланғыштық категориясын геологиялық ұйымдарда іс 
жүзінде тау жынысын көзбен зерттеу арқылы бөлімдік геолог қояды. Мұндай 
жағдайда жыныстың бұрғыланғыштық категориясын қоюда қателер кетуі мүмкін. 
Бұрғыланғыштықты бұрғылаудың механикалық жылдамдылығы арқылы табу 
үнемі дұрыс бола бермейді. Себебі бұрғылау әр түрлі жыныс талқандағыш 
құралдармен, әр түрлі тәртіппен жүргізіледі. 
Сондықтан 
айналма 
бұрғылауда 
жыныстардың 
бұрғыланғыштық 
категориясын табудың мынандай әдістері қолданылады: 
1) ЦНИГРИ-дің әдісі; 
2) ВИТР-дің әдісі; 
3) әдейі бұрғылау әдісі. 
ЦНИГРИ (Орталық ғылыми-зерттеу геология барлау институты) әдісі 
бойынша алдымен жыныстың динамикалық беріктігі Fg анықталады. Сонан соң 
сол тау жынысының ұнтағының (шламының) қажағыштығын К
aбр
табады. 
Ол екеуін формулаға қойып біріктірілген көрсеткіш 

м
-ді табады.

м
= 3 Fg
0,8
K
абр

Біріктірілген 
көрсеткіш 

м
және оған сәйкес бұрғыланғыштықтың 
категориясы анықтамалықтарда кесте ретінде берілген. ВИТР (Бүкілодақтық 
барлау техникасы институты) әдісі бойынша жыныстардың бұрғыланғыштығының 
категориясы ВИТР-ОТ (О-анықтағыш, Т-қаттылық) аспабының көмегімен 
табылады. Бұл аспаптың жұмысы жыныстың үлгісін қажағыш дөңгелекпен кесуге 
негізделген. 
Аспаптың конструкциясы жынысқа бірнеше кесік жасауға мүмкіншілік 
береді, сондықтан құрамы әр қилы жыныстарды тексеруге болады. Жасалған 
кесіктердің 
тереңдігі 
өлшеніп, 
солардың 
арифметикалық 
ортасы 
бұрғыланғыштықтың көрсеткіші ретінде алынады. 
Әдейі бұрғылау әдісі жаңа жерді бұрғылаған кезде қолданылады. Ұңғыны 
бұрғылау тәртібінің оптимальды параметрлерін қолданып бұрғылайды. Бұрғы 


құралы да оптимальды өлшемдегі болуы керек. Бұрғыланған тереңдікті бес рейс 
бойы әр бір 20 минут сайын белгілеп отырады. 
Хронометраждық бақылаулардың және кернді лабораториялық зерттеулердің 
нәтижелерін пайдаланып жыныстың бұрғыланғыштық категориясын шығарады. 
Бұл нәтижелер нақты кен орны үшін анықталған бұрғыланғыш категориясы 
көрсетілген эталонды коллекциялар жасауға қолданылады. Тау жыныстарының 
бұрғыланғыштығына карай топталуы келесі кестеде келтірілген 
2- кесте 

жүктеу 8,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау