Мониторинг



жүктеу 239,55 Kb.
бет1/3
Дата24.12.2017
өлшемі239,55 Kb.
#5731
  1   2   3

Тоқтарова Бақытгүл Кеңесқызы,

«Zhuldiz-Аrdak» балабақшасының қазақ тілі пәні мұғалімі.

Семей қаласы


«Қоржын дегеніміз не?»

Мақсаты: Қоржынның түрлерімен, жасалу жолымен, қандай материалдардан жасалатынымен таныстырып, оның пайдасы туралы айту.

Міндеттері:



  • Қазақ халқының ұлттық бұйымдарына деген қызығушылықтарын ояту.

  • Салт-дәстүрге құрметпен қарауға дағдыландыру.

  • Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылықтарын дамыту.

Түсініктеме хат.

Балалардың тілін дамыту үшін фольклорлық шығармалармен таныстыру. Қазақтың ою-өрнектері, киіз үйдің ішіне ілінетін, жерге төселетін кілемдер, ас үй заттары т.б. таныстырып, олардың қолданылуы, пайдасы туралы түсіндіру.


Жобаның құжаты:

  • Жобаның тақырыбы: «Қоржын дегеніміз не?»

  • Жобаны ұйымдастырушы: қазақ тілі пәні мұғалімі Тоқтарова Бақытгүл Кеңесқызы.

  • Қатысушылар: қазақ тілі пәні мұғалімі Тоқтарова Бақытгүл Кеңесқызы және шағын топ.

Жобаның түрі: танымдық – ақпараттық.

Жобаның мерзімі: қысқа мерзімді (апталық жоба).

Өнімі: презентация (слайд).

Жобаның актуалдылығы:

Балабақшада балалар тілдерін ғана дамытып қоймай, сонымен қатар әрбір танысқан жаңа затты, іс-тәжірибе түрінде де қолдана білулері керек. Іс-тәжірибе баланың ойлау қабілетін дамытады.

Соның ішінде, қазақ халқының ұлттық бұйымының бірі – қоржынмен танысу. Оның түрлері, қандай мақсатта қолданатынын, оның түрлерімен, жасалу түрімен таныстыру.

Күтілетін нәтиже.


  • Балалар қазақ халқының ұлттық бұйымдарымен танысады.

  • Балалардың сөйлеу белсенділігі артады.

  • Балалардың танымдық белсенділігі, шығармашылық қабілеті т.б. дамиды.

  • Жобаға ата-аналар да қатысып, шығармашылықтарын танытады.

Жобаның қамтылуы.

Кадрлық ресурс – Педагогтар.

  • Топ тәрбиешілері.

Материалды-техникалық ресурс – білім берудегі техникалар (принтер, сканер, фотоаппараттар, нотбук т.б.).

  • Техникалық – көрнекі құралдар.

  • Әдістемелік әдебиеттер.

Ата-аналармен байланыс:

  • Кеңестер беру;

  • Жеке әңгімелесу;

  • Көрмелер.

Ақпараттық ресурс:

  • ТҚЖ пайдалану;

  • Іс-тәжірибемен бөлісу (кеңес, көрме және т.б.)

  • Әдістемелік әдебиеттермен танысу.

Тәрбиелеу мен оқыту процесін ұйымдастырудағы әдіс-тәсілдер.

Балалармен жұмыс:

Жобаны іске асыруда, келесі әдістер қолданылады: көрнекі құралдар, ауызша және іс-тәжірибелік.



  • Ауызша: көркем әдебиетті оқу және талқылау, әңгімелесу, жұмбақтар шешу.

  • Іс-тәжірибелік әдіс: дидактикалық ойындар т.б.

Барлық әдістер мен тәсілдер бірінен соң бірі орындалып, бір-бірін толықтырып отырады. Балалардың көру, тыңдау, айту, есту, қиялдау т.б. қабілеттері дамиды.

Ата-аналармен жұмыс:

Ата-аналармен әңгімелесу. Ата-аналарға кеңес беру. Аталған тақырып бойынша көрме ұйымдастыру.



Жобаны ұйымдастырудағы принциптер.

Жобаның мазмұны принциптерден тұрады:

  • Негізгі принцип – білімді дамыту принциптері, әр баланың қабілетін, қызығушылығын байқау, басқа балалармен қарым-қатынасын бақылау.

  • Сөйлеу қызметін ынталандыру принципі.

  • Көрнекі құрал принципі – бала негізгі ақпаратты көру және есту арқылы қабылдайды.

  • Жүйелік принципі. Берілген тақырыпты меңгеру үшін белгілі бір жүйенің болуы.

  • Іс-әрекет барысындағы сөйлеуді дамытудағы коммуникативті принципі.

  • Сенсорлық ақыл-ой, сөйлеуді дамытудың бір-бірімен байланыс принциптері.

  • Кіріктірілген принцип –әдебиеттер әлемімен, өнермен, халық ауыз әдебиетімен таныстыру.

Жобаның этаптары:

1-этап. Дайындық бөлімі.

  • Жобаға тақырып дайындау.

  • Жобаны іске асыруда қажетті материалдар дайындау.

  • Көрнекі құралдар дайындау.

  • Ата-аналармен әңгімелесу.


2-этап. Негізгі бөлім. Іс-тәжірибе.

  • Қоржынмен танысамыз.

  • Қоржынның түрлерімен танысамыз.

  • Қоржынның пайдасын білеміз.

  • Қоржынның жасалуы, түрлері.

3-этап. Қорытынды бөлім.

  • Жобаның презентациясы.

  • Дайын қоржын.

Жобаның мазмұны:

Бір апаталық жобада балалар қоржынның түрлерімен танысып, олардың жасалу жолын біледі. Оны арнайы сөмкенің орнына қолданылғанын біледі.

Қоржынның сыртына қолданылатын оюлардың да белгілі бір мақсатпен алынғанын біледі.

Топта жапсыру арқылы, түрлі-түсті қағаздарды қолдана отырып, қоржын жасайды.

Тәрбиеленшілер үйде аналарымен бірге қоржын тігеді.

Жобаның барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Балалармен амандасу.



Мұғалім: Балалар, бүгін біз бір апта бойы зерттеген қоржынның пайдасы, оның қолданысы, қай кезде қалай қолданғаны туралы білеміз. Және де оны түрлі-түсті қағаздардан жасап көреміз.

Жобаның жоспары

Нені білеміз

Нені білгіміз келеді

Біз қалай білеміз

  1. Қоржынды білеміз.

  2. Қоржынның екі қалташасы барын.

  3. Қоржынға тамақ, киім салатынын.

  4. Қоржынның сыртында ою барын біледі.



  1. Қоржынды неден жасайтынын.

  2. Қоржынды қандай жіптен тоқитынын.

  3. Қоржынды қандай материалдардан тігетіндігін.

  4. Қоржынның түрлерін.

  5. Қоржынды қай кезде қолданатынын.







  1. Тәрбиешіден сұраймыз.

  2. Мұғалімнен сұраймыз.

  3. Ата-аналарымыздан сұраймыз.

  4. Видео материалдардан көреміз.

  5. Киіз үйге саяхат жасаймыз.


Мұғалім: Қоржын дегеніміз не деген? – жобаны іске асыруда төмендегі кестеде көрсетілген тақырыптар бойынша жұмыс жасап, сұрақтарға жауап береміз. Яғни, жобаны жүзеге асыру барысында қаралатын тақырыптар.

Балалар: Қоржынды көшпелі қазақ халқы өз тұрмыс-тіршілігінде көп пайдаланған. Ол -өте ыңғайлы дорбаның бірі. Таза киім, кір киім, ыдыс –аяққа т.б. арнайы қоржындары болған.

Сөздік:

Тұс қап – Войлочный настенный мешок

Керме – Сумка для хранения бытовых предметов

Аяқ қап – Сумка для посуды

Қоржын – Переметная сумка

Тең – Войлочный тюк

Кір салғыш - Войлочные бельевая сумка
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар. Ендеше алдымыздағы дербес іс-әрекет кестесіне сай түрлі-түсті қағаздардан қоржынды жасап көрейік.

Мұғалім: Қоржынға кез-келген ою түрлерін де қолдана бермеген. Әр ою түрі өзінше бір сыр шертеді.


жүктеу 239,55 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау