қалыптастыруда тұтас педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыра білу икемділігін қалыптастыру
болып табылады.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары): Отбасында бала тәрбиесінде жас және дара
ерекшеліктерін ескеру, отбасы тәрбиесін жетілдірудің жолдары, Қарым-қатынас стильдері, отбасында
қарым-қатынастың түрлері.
Күтілетін нәтижелері (білім алушылардың алған білімдері, іскерліктері, дағдылары, және
біліктіліктері) көрсетілген пәнді сипаттайтын қысқаша суреттемесі: Отбасы - адамзат
қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі-дүниеге ұрпақ әкелу,
екіншісі-дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани
жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.
Пререквизит: Психология тарихы , еңбек психологиясы
Постреквизит: Әлеуметтік психология, қарым-қатынас пихологиясы, тәрбие психологиясы
Оқытушы: Тулкиева Н
12.2 Пән атауы: Отбасы мәселесін шешуге психологиялық көмек 4 кредит (180 сағат)
Пәннің мақсаты: Отбасы мәселесін шешуге психологиялық көмек
көрсетудің әдіс тәсілдерінің
заңдылықтары туралы түсініктерді қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары): Ғылыми-психологиялық зерттеудің ерекшеліктері,
ғылыми-психологиялық зерттеу әдістерін топтастыру, зерттеу әдістерін жүргізу ерекшеліктері,
зерттеу әдістеріне қойылатын талаптар.
Күтілетін нәтижелері (білім алушылардың алған білімдері, іскерліктері, дағдылары, және
біліктіліктері) көрсетілген пәнді сипаттайтын қысқаша суреттемесі: . Педагогикалық ғылыми
зерттеу жұмысын ұйымдастырудың талаптары мен ережелерін, маңыздылығы мен құрылымын
қарастырады. Педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыруда қажетті білім
мен практикалық дағдалырды меңгеру көзделеді
Пререквизит: Психология тарихы , еңбек психологиясы
Постреквизит: Әлеуметтік психология, қарым-қатынас пихологиясы, тәрбие психологиясы
Оқытушы: Тулкиева Н
12.3 Пән атауы: Отбасылық дағдарыс психологиясы 4 кредит (180 сағат)
Пәннің мақсаты: Қоғамның-экономикалық жағдайларының динамикалық өзгеру жағдайында
студенттердің жеке басын қалыптастыруда және болшақ отбасылық өмірге даярлығын
қалыптастыруда тұтас педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыра білу икемділігін қалыптастыру
болып табылады.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары): Отбасы адамның эмоциясы, уайымы, көзқарасымен
байланысты феномен. Отбасы феноменнің бір жолы оның құрылымы, тарихи уақыт талабына сай
өзгеруі және бір отбасының өмірлік циклінің логикалық түсіндірілуі.
Күтілетін нәтижелері (білім алушылардың алған білімдері, іскерліктері, дағдылары, және
біліктіліктері) көрсетілген пәнді сипаттайтын қысқаша суреттемесі: Отбасы - адамзат
қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі-дүниеге ұрпақ әкелу,
екіншісі-дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани
жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.
Пререквизит: Психология тарихы , еңбек психологиясы
Постреквизит: Әлеуметтік психология, қарым-қатынас пихологиясы, тәрбие психологиясы
Оқытушы: Менликулова А.
13.1 Пән атауы: Әлеуметтік психология 2 кредит (90 сағат)
Пәннің мақсаты: студенттердің өзінің кәсіби іс-әрекетінің әлеуметтік – психологиялық
құрамасын жүзеге асыру үшін қоғамның әлеуметтік проблемаларын психологиялық аспектін игеру.
Болашақ мамандарға әлеуметтік психология жайлы білім, білік, дағдылармен қаруландырудың қазіргі
нарықтық жағдайда маңызын түсіндіру.
17
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары): Әлеуметтік психология пәнінің мақсат, міндеттері,
заңдылықтары, зерттейтін обьектісі, зерттеу әдістері, әлеуметтік ауытқулар, олардың себептері және
түзетудің жолдары, қиын балаларды тәрбиелеудің мәні, себептері, проблемалары, әлеуметтік
псмихологиялық іс-әрекеттің әдістемесі және технологиясы, әлеуметтік психологиялық іс-әрекет
процесс, тұлғамен әлеуметтік-психологиялық жұмыстың әдістемесі және технологиясы,семьямен
әлеуметтік-психологиялық жұмыстың әдістемесі және технологиясы, бала құқық қорғаудың
әлеуметтік психологиялық технологиялары.
Күтілетін нәтижелері (білім алушылардың алған білімдері, іскерліктері, дағдылары, және
біліктіліктері) көрсетілген пәнді сипаттайтын қысқаша суреттемесі: «Әлеуметтік психология»
пәнінің психология ғылымдарында алатын орны мен рөлі. «Әлеуметтік психология» пәнінің объектісі
- жеке адам мен қауымдастықтың өмірлік іс-әрекетіндегі әлеуметтік- психологиялық процестер мен
құбылыстар. Аталған ғылыми саланың негізгі зерттеу әдістері - бақылау, эксперимент, сұрақнама.
Отандық және шетелдік педагогикадағы «Әлеуметтік психология» ғылымының дамуы мен
қалыптасуының негізгі кезеңдеріне қысқаша шолу жасау.
Пререквизит: Отбасы психологиясы, еңбек психологиясы
Постреквизит: Әлеуметтік педагогика, қарым-қатынас психологиясы, тәрбие психологиясы
Оқытушы: Меңліқұлова Ә
13.2 Пән атауы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері – 2 кредит (90 сағат)
Пәннің мақсаты: сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне атымен төзбеушілік ахуалын
қалыптастыра отырып, бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту. Жемқорлыққа
қарсы тұрарлық мәдениетті, білім мен тәрбиені қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу
алғышарттарын азайту.
Пәннің қысқаша мазмұны:
Пән бағдарламасы бес іргелі қағидатқа негізделіп құрылған:
Жүйелілік қағидаты. Баршаның заң мен сот алдындағы теңдігі қағидаты. Айқындық, ашықтық
және мемлекеттің қоғамға есептілік қағидаты. Мемлекет пен қоғамның серіктестігі
қағидаты. Сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік қалыптастыруда қоғамды жұмылдыру қағидаты.
Күтілетін нәтижелер: Cыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті, білім мен тәрбиені
қалыптастыру.
Пререквизит: Құқық негіздері.
Постреквизит: Жоқ.
Оқытушы: Т.ғ.к., аға оқытушы Тапалов Д.Ж.
13.3 Пән атауы: Мәдениеттану – 2 кредит (90 сағат)
Пәннің мақсаты- Мәдениеттің философиялық тұғырламаларын зерттеу негізінде студенттерде
этномәдениеттердің қалыптасу және даму заңдылықтарын талдау қабілеттері мен әрекеттерін
қалыптастырып нығайту.
Пәннің қысқаша мазмұны: Мәдениеттану мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар
философиялық ілім. Мәдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі процестерді (материалдық,
әлеуметтік, саяси, адамгершілік, көркемдік) барынша қамтып, мәдениет дамуының жалпы
заңдылықтарын оның өмір сүруінің принциптерін және бір – біріне этно - әлеуметтік саяси –
моральдық, ғылыми, көркемдік және тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшеленетін
мәдениет түрлерінің өзара байланыстарының, тәуелдіктерімен зерттейді.Мәдениеттану пәні сонымен
қатар жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалы ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары
мен мәдениеттің басқа түрлерінің мирасқорлығын, қарым – қатынасын зерттей отырып, адамзат
баласының бір тұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды. Демек,
мәдениеттану пәні түрлі қоғамдар барысындағы мәдени өмірді жан – жақты қамти отырып, ондағы
басты мәдени процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасайды.
Бағдарламада білім беру сапасын жақсарту мақсатында мемлекеттік халықаралық үлгілердің
басты талаптары жан – жақты ескерген.
18