студенттерге халық педагогикасының элементтерін пайдалану, ұлттық салт-дәстүрлерді оқу
процесінде мәнін ашу. Болашақ педагог мамандарына ұлттық тәрбие берудің психологиялық негізін
меңгерту
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары): Этнопсихология – психология ғылымының бір
ссаласы ретінде, этнопсихологиялық ойлаудың қалыптасу және даму тарихы, қазіргі заманғы
шетелдік этнопсихологияның негізгі бағыттары, әлемнің түрлі халықтарының ұлттық-психологиялық
ерекшеліктері, тұлғаны зерттеудің этнопсихологиялық мәселелері, мәдениаралық ерекшеліктердің
психологиясы, этносаралық қарым-қатынастың психологиясы, жаңа мәдени ортаға бейімделу
Күтілетін нәтижелері (білім алушылардың алған білімдері, іскерліктері, дағдылары, және
біліктіліктері) көрсетілген пәнді сипаттайтын қысқаша суреттемесі: Ұлттық психологиялық
құрылым ерекшелігі адамдардың әулеттік қарым-қатынасынан, киім киюінен, спорттық ойын
түрлерінен немесе ұлттық тұрмыстық салт-дәстүрлерден (келін түсіру, қыз ұзату, қонақ күту, өлік
жөнелту рәсімдерінен т.б.), ұлттық тағам түрлерінен байқалады. Ұлттық психикалық құрылым үш
бөліктен тұрады: ол ұлттық сезім, салт-дәстүрлер және ұлттық мінез. Осы үш бірлестік ұлттық
мәдени ерекшеліктің шартты белгілері болып табылады.
Пререквизит: философия, мәдениеттану, жалпы психология.
Постреквизит: салыстырмалы психология, ұлттық психология.
Оқытушы: Сихынбаева Ж.С.
15.3 Пән атауы Психодиагностикалық психология 3 кредит (135 сағат)
Пәннің мақсаты: Баланың мектепке даярлық деңгейін анықтау және бастауыш сынып
оқушыларының тұлғалық, олардың тұлғааралық қарым-қатынасын, таным процестерінің деңгейі,
сондай-ақ білім, білік, дағды сапасының даму деңгейін анықтап зерттеу.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары): Психология ғылымының ғылыми-зерттеу әдістері.
Диагностикалық зерттеу әдістері. Жеке адам және іс-әрекет психологиясы. Жеке адамның таным
процестерін анықтауға арналған психодиагностика әдістері. Жеке адамның эмоция-сезім сферасы.
Жеке тұлғаның психикалық қасиеттерін диагностикалық зерттеу әдістемелері. Бастауыш сынып
жасындағы балалармен жүргізілетін психодиагностика әдістері.
Күтілетін нәтижелері (білім алушылардың алған білімдері, іскерліктері, дағдылары, және
біліктіліктері) көрсетілген пәнді сипаттайтын қысқаша суреттемесі: Ата-ана мен бала қарым-
қатынасы көп мәселенің туындауы,осының көрсеткіштері болып табылады.Ата-ана қатынасы
баланың жас ерекшелігіндегі өзгерістерді,жаңа білім меңгеруі мен хабардар бола отырып,өзі де
жауапкершілігін кеңейтіп отыру.
Пререквизит: философия, мәдениеттану, жалпы психология.
Постреквизит: салыстырмалы психология, ұлттық психология.
Оқытушы: Менликулова А.
16.1 Пән атауы:Этнопедагогика 3 кредит (135 сағат)
Оқытудың мақсаты: болашақ мұғалімдерді педагогика ғылымдарының теориялық негіздерімен
қаруландыру, орта мектепте тәрбие мен оқыту процесін нәтижелі ұйымдастыруға қажетті
педагогикалық білім, білік және дағды қалыптастыру, олардың кәсіптік-педагогикалық даярлығына
бағдар беру.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары): Халықтық педагогика туралы түсінік. Этнопедагогика
– педагогика ғылымының саласы. Этнопедагогиканың мазмұны. Этнопедагогиканың мәндік сипаты .
Халықтық педагогика туралы түсінік. Этнопедагогика – педагогика ғылымының саласы.
Этнопедагогиканың мазмұны. Этнопедагогиканың мәндік сипаты. Педагогикалық мәдениет және
халықтың рухани дамуы. Халықтық педагогикалық көзқарас. Халық педагогикасындағы салт-дәстүр.
Халықтық педагогикалық мәдениет туралы түсінік.Халық-педагогикалық мәдениетті жасаушы.
Күтілетін нәтижелері (білім алушылардың алған білімдері, іскерліктері, дағдылары, және
біліктіліктері) көрсетілген пәнді сипаттайтын қысқаша суреттемесі: Пән бойынша білім беруді
жалпы адами құндылық ретінде қарастыруды қамтамасыз ету; әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде
21
білім берудің маңыздылығын және оның қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық саламен тығыз
байланысын қамтамасыз ету, кәсіби және тұлғалық құнды қасиеттерін меңгерту
Пререквизит: Этнопсихология, әлеуметтік педагогика, отбасы психологиясы, педагогика тарихы
Постреквизит: Тәжірибелік психология, тәрбие психологиясы, педагогтың инновациялық
құзіреттілігі
Оқытушы: Арапбаева Г.О.
16.2 Пән атауы: Кикілжің психологиясы 3 кредит (135 сағат)
Пәннің мақсаты: Студенттерге психология ғылымындағы конфликтологиялық әрекеттердің
адам психикасына ықпалының заңдылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары): Кикілжін ғылыми-психологиялық тұрғыдағы
ерекшеліктері, психологиялық конфликтологияның шығу негіздері мен түрлері, формалары және
әдіс-тәсілдерін топтастыру, зерттеу әдістерін жүргізу арқылы алдын-алу шараларына қойылатын
талаптар.
Күтілетін нәтижелері (білім алушылардың алған білімдері, іскерліктері, дағдылары, және
біліктіліктері) көрсетілген пәнді сипаттайтын қысқаша суреттемесі: . Психологиялық ғылыми
зерттеу жұмысын ұйымдастыра отырып, кикілжінның талаптары мен ережелерін, маңыздылығы мен
құрылымын қарастырады. Кикілжін психологиясы пәні болашақ психологтар үшін қарым-қатынасты
дұрыс орнату мақстында, психолог қызметін жосмпарлау мен ұйымдастыруда қажетті білім мен
практикалық дағдалырды меңгеру көзделеді.
Пререквизит: психология, психология мамандығына кіріспе.
Постреквизит: салыстырмалы психология, қарым-қатынас психологиясы.
Оқытушы: Ахметов Н
16.3 Пән атауы: Дау-дамай психологиясы 3 кредит (135 сағат)
Пәннің мақсаты: жеткіншектер арасындағы дау дамайлардың психологиялық негіздерін
қарастыру.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары): Әлеуметтік психологияның әдіснамалық негіздері,
әлеуметтік –психологиялық идеялардың қалыптасу тарихы, қазіргі әлеуметтік психологияның негізгі
теориялық бағыттары, әлеуметтік-психологиялық зерттеу әдістері, тұлға әлеуметтік-психологиялық
зерттеудің пәні ретінде, әлеуметтанудың әлеуметтік-психологиялық аспектілері, тұлғаның әлеуметтік
мінез-құлқын реттеудің психологиялық механизмдері,қарым-қатынас-әлеуметтік-психологиялық
құбылыс ретінде, қарым-қатынастың коммукативті жағы: вербальды қатынас, вербальды емес
қатынастар, қарым-қатынастың перцептивті жағы: тұлғаралық қабылдау және өзара түсіністік, шағын
топтың әлеуметтік психологиясы.
Күтілетін нәтижелері (білім алушылардың алған білімдері, іскерліктері, дағдылары, және
біліктіліктері) көрсетілген пәнді сипаттайтын қысқаша суреттемесі: «Әлеуметтік психология»
пәнінің психология ғылымдарында алатын орны мен рөлі. «Әлеуметтік психология» пәнінің объектісі
- жеке адам мен қауымдастықтың өмірлік іс-әрекетіндегі әлеуметтік-психологиялық процестер мен
құбылыстар. Аталған ғылыми саланың негізгі зерттеу әдістері - бақылау, эксперимент, сұрақнама.
Отандық және шетелдік психологиядағы «Әлеуметтік психология» ғылымының дамуы мен
қалыптасуының негізгі кезеңдеріне қысқаша шолу жасау.
Пререквизит: Қарым-қатынас психологиясы.
Постреквизит: Этнопсихология
Оқытушы: Байымбетова К.
17.1 Пән атауы: Тұлғаны педагогикалық психологиялық диагностикалау 3 кредит (135
сағат)
Оқытудың мақсаты: Болашақ психологтың практикалық әрекетінің негізгі кәсіби механизмі
және өзін-өзі кәсіби анықтаудың саналық қабілеттілігі білім мен басқада қоғамдық әрекеттерде
психологиялық білімнің заңдылығымен анықталады. Студенттердің психологиялық дайындықтарын
нығайту, жеке адам психодиагностикасының ғылыми-теориялық негізін тереңдетіп оқыту.
22