Күтілетін нәтижелері: Бұдан басқа міндет ретінде: қоғам өміріндегі мемлекет пен құқықтың
орны мен ролін анықтау, Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамыуның
алғышартымен және мәселелерімен таныстыру, қазақстандық мемлекеттік- құқықтық механизмнің
жетілдірілуінің саяси - құқықтық жолдарын анықтау, субъективтік құқықтар мен субъективтік
юридикалық міндеттерді жүзеге асыруға қажетті тәжірибені жинақтауға үйрету.
Пререквизиттер: жоқ
Постреквизиттер: жоқ
Оқытушы: Палванова М.
3.2. Еңбек құқығы – 2 кредит (90 сағат)
Оқытудың мақсаты: Бұл пәннің негізгі мақсаты еңбек құқық қатынастарының мәні мен
құрылымын студенттер жан-жақты түсіне алатын дәрежеге жеткізу.Азаматтар еңбек ету
бостандығын, конституциялық құқығын әр түрлі нысанда қолдана алатыны. Еңбек құқығы дербес
құқық саласы болып табылады, оның пәні, әдісі қағидалары бар және басқа құқық салаларынан
айрықша ерекшеленеді. Практикалық қызметке жоғары кәсіби дайындау, болашақ заңгерлерді
парасатты тұлғалар қатарына қосу.Еңбек құқығы дүниежүзілік заңнама мен құқықтанудың дамуына
әсер етті. Әрбір сауатты заңгер еңбек құқығымен танысуға тиіс. Бұл пәннің мақсаты осы кезде
халықаралық құқықта түрлі мемлекеттердің сауда және басқа азаматтық еңбек қатынастарында
қолданылатын еңбек құқықтан бастау алған заң термин сөздерін меңгеру болып табылады.
Қысқаша мазмұны: Қазақстан Республикасының еңбек құқығы еңбек заңдылығының жүйесі,
оның қағидалары, мақсаттары және құрлымы туралы мағлұмат алуы керек, оларды жетілдіру
тарихын машықтау қажет, қызметкерлердің кейбір санаттарымен жеке еңбек шартын бекітудің
ерекшеліктерін білуі қажет, жұмыс уақыты мен демалыс уақытын белгілеу тәртібін білуі керек,
жалақының нысандары мен жүйесін қамтуы керек, лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің еңбек
заңдылығын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің әр түрлі түрлерін пайдалануды үйренуі керек,
еңбек құқығының теориясын және еңбек заңдылығын нормаларын қолдана білуі керек.Еңбектік және
зейнетақылық салада сапалы кеңес беру, сонымен қатар еңбек құқығын еңбектік және әлеументтік
қамсыздандырушылық құқықтық қатынастарды жүзеге асыру үрдісінде пайдалана білуі керек.
Күтілетін нәтижелері: - «ҚР еңбек құқығы» курсын оқып бітірген соң студент ҚР еңбек
заңдылығының жүйесін, оның қағидаларын, мақсаттары және құрылымы туралы мағлұмат алады;
- Қызметкерлердің кейбір санаттарының жеке еңбек шартын бекітудің ерекшеліктерін білуі
қажет, жұмыс уақыты мен демалыс уақытын белгілеу тәртібін, жалақының нысандары мен жүйесін
қамту керек;
- Лауазымды тұлғалар мен қызметкердің еңбек заңдылығын бұзғаны үшін заңды
жауапкершіліктің әр түрлі түрлерін пайдалануды үйренуі керек, еңбек құқығының теориясын және
заңдылығының нормаларын қолдана білу керек.
Пререквизиттер: жоқ
Постреквизиттер: жоқ
Оқытушы: Жаналиева А.
3.3. Әкімшілік құқық
– 2 кредит (90 сағат)
Оқытудың мақсаты: Әкімшілік құқық негізгі заң білімін беретін міндетті пәндердің бірі болып
табылады. Әкімшілік құқық атқарушы биліктің ресімделуін түсіну үшін,биліктің субьектісін
дараландырып, атқарушы билік органдарының ұйымдастырылуымен байланысты қатынастарды,
сондай-ақ азаматтар мен мемлекеттік емес ұйымдар мен мемлекеттік басқару органдары арақатынасы
кезінде пайда болатын қатынастарды реттейді.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары): Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі
жарияланғаннан кейінгі уақытта Қазақстан Республикасының экономикалық, саяси және құқықтық
жүйелері елеулі түрде өзгереді. Осындай жағдайларда әкімшілік құқық құқық жүйенің негіздеуші
саласы ретінде жаңа түрін алады. Егеменді Қазақстанның жаңа мақсаттарына сәйкес экономикалық,
саяси құқықтық және әлеуметтік мәдени салаларының әкімшілік құқықтық институттарын қайтадан
қарастыру мүмкіндігі туындап отыр; құқықтық мемлекет идеялары билікті бөлу, адамның құқықтары
7
және бостандықтарының басымдылығын қарастыру кезінде әкімшілік құқығының проблемаларын
ескеру қажет.
Күтілетін нәтижелері: Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы пәнін оқыту
міндеттері:
-
басқармалық қатынастардың ерекшеліктері мен мағынасын зерттеу;
-
басқармалық қатынастарды реттеудегі әкімшілік құқықтық нормалардың қызметін анықтау;
-
әкімшілік құқық субьектілерінің құқықтық орнын анықтау;
-
әкімшілік қызметінің әдістері мен түрлерін зерттеу;
-
әкімшілік құқықтың субьектілерінің жұмысында заңдылық тәртібін қамтамасыздандыратын
тәсілдерін белгілеу.
Пререквизиттер: жоқ
Постреквизиттер: жоқ
Оқытушы: Жаналиева А.
Цикл атауы: Базалық пәндер циклы 49- кредит (2205сағат)
4.1 Пән атауы: Педагогика тарихы (3 кредит, 135 сағат)
Пәннің мақсаты- студенттерге қазақстанда тәрбиенің шығуы, педагогикалық идеяның дамуы
жайлы алғашқы білім – түсініктерін қалыптастыру.Студенттерде әр түрлі тарихи кезеңдердегі
қазақстандық ағартушылардың педагогикалық теориямен идеялардың дамуы жайында түсініктерін
қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары): Педагогика ғылымының пайда болуы, қазақ
ағартушыларының педагогикалық ой-пікірлері, Ш.Уалихановтың педагогикалық ой-пікірлері,
Ы.Алтынсариннің педагогикалық ой-пікірлері, А.Құнанбаевтың педагогикалық идеялары, ХХ
ғасырдың басындағы ағартушылардың ой-пікірлері.
Күтілетін нәтижелері (білім алушылардың алған білімдері, іскерліктері, дағдылары, және
біліктіліктері) көрсетілген пәнді сипаттайтын қысқаша суреттемесі: Психология ғылымының
дамуына үлес қосқан ғалымдар еңбектеріне талдау жасай отырып, мәні мен мазмұнын игеруді
көздейді.
Пререквизит: жоқ
Постреквизит: Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасы, педагогика
Оқытушы: Байымбетова К.
4.2 Пән атауы: Ағартушы педагог ғалымдардың дидактикалық көзқарастары (3 кредит
135 сағат) 1 семестр
Пәннің мақсаты: Студенттерге дидактика ғылымының міндеттері, мақсаты, заңдылықтары
және ағартушы педагогтардың дидактика саласында сіңірген еңбегі туралы түсініктер беру. Оқыту
жүйесінің қазіргі заман талаптарына қарай өзгеріске ұшырауы.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары): Дидактика ғылымының мақсат-міндеттері, оқыту
жүйесі ерекшеліктері, ағартушы педагогтардың ағартушыларының дидактикалық көзқарастары,
дидактикалық жаңалықтары.
Күтілетін нәтижелері (білім алушылардың алған білімдері, іскерліктері, дағдылары, және
біліктіліктері) көрсетілген пәнді сипаттайтын қысқаша суреттемесі: Қазақстанда психология
ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар еңбектеріне талдау жасай отырып, мәні мен мазмұнын
игеруді көздейді.
Пререквизит: жоқ
Постреквизит: Психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасы, педагогика
Оқытушы: Қыпшақбаева С
8