Орындаған: Ахмет Диляра



жүктеу 127,7 Kb.
Дата19.01.2022
өлшемі127,7 Kb.
#33403
Ахмет Диляра Бт 1911 Cрс5 фил


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі Алматы Технологиялық Университеті



Философиялық концепциялардағы білім мәнінің анықталуы таным шығармашылық және интуиция арақатынасы

Орындаған: Ахмет Диляра

Группа: Бт 19-11

Тексерген: Игисенова А

Жоспар

1.Танымның философиялық тұғырнамалары

2. Интуиция, оның таным мен шығармашылық процесiндегi ролi

4. Бiлiм түрлерi. Сенiм, пiкiр, түсiнiк

5. Ғылыми таным және оның спецификалық ерекшiлiктерi

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

 

1. Бiлiм бұл еске түсiру.  Платон.



Бiлiм- күш. Бэкон.

Философиялық Бiлiм- ең бiрiншiден танымның нәтижесi, бұл процесте адамның дүние туралы түсiнiктерi қалыптасады, ұғымдар қалыптасады, адам құбылыстар жайында өз пiкiрiн айтып, объетивтi дүниенiң идеалды моделiн, үлгiсiн жасайды,  гипотеза немесе теория ретiнде. Бiлiм адамның практикалық қызметiнiң негiзi, оның тиiмдiлiгi  қаншалықты адам нақты дүниенi барабар бейнелейтiне байланысты болады.

Әдеттей бiлiмнiң үш түрiн анықтайды: тұрмыстық (күнделiктi), көркемдiк-бейнелi, ғылыми. Бiрiншiсi, адамның ақыл ой парассатылыға, зерделелiгiне негiзделген бiлiмдер. Күнделiктi тұрмыста алынған бұл бiлiмдер жиi саяз болып, қорщаған әлемде тез үйрену үшiн, тапқырлығын көрсетiп, басқа адамдармен қарым-қатынас орнату үшiн қажет. Екiншiсi, нақты-сезiмдiк бейнелер жиынтығы, көпмағыналы метафоралар мен символдардың жүйесi, бiр құбылысты екiншi құбылыс арқылы түсiндiру. Ол өзiнiң ерекше құралдарымен адамға әсерiн тигiзедi, оның қиялдарының дамуына әкеледi, эстетикалық және өнегелiлiк құндылықтарың қалыптастырады. Үшiншi, ғылыми бiлiм ұғымдардың реттелген жүйесi болып табылады. Ол жоғарғы деңгейдегi жалпылығы мен және абстракцияланау мен, фактiлердi терең түсiну мен зертелетiн объектiнiң табиғатына терең бойлау мен ерекшеленедi. Ғылыми бiлiмде объектiлер арасындағы себеп-салдық қатынастар және олардың даму заңдылықтары нақты  айқындалады. Ғылыми бiлiм жүйелердiн дамуының нәтижелерiн айқын да, дұрыс та болжауға мүмкiндiк тудырады.

Таным теориясында дихтомия “нақты және нақты емес бiлiмдер” де орын алады. Нақты бiлiмдер тiлде ұғымдар мен пiкiрлер арқылы көрiнедi, индивид оны түсiнедi және оны онай айыруға болады .Бұл бiлiм объективтендiрiлген, интериориалған, әлеуметтiленген болып келедi. Оны практикалық және теориалық әрекетте онай қолдануға болады, өйкенi ол рационалды, мәлiмденген және процедуралық болып табылады: нақтылық туралы белгiлi бiр мәлiметтердi бар болуымен шектелмейдi, сонымен қатар объектiнi қалай және қандай ғып өзгертуге болады. Нақты емес бiлiмдер рефлективтi болып келедi. Бұл жеке тұлғалық бiлiм, тiл арқылы жеткiзiлмейдi. Бұл бiлiм жанама түрде берiлмейдi, оны тек сол бiлiмнiнң иесi мен тiкелей байланыс орнатып қана алуға болады. Нақты емес бiлiм шеткiшекаралық бiлiм, ол саналық пен санасыздықтың шекараларында орналасады. Ол тұлғалық бiлiм болып шығады, оның мәнiн белгiлi бiр адамдар қауымдастықтарына тән келетiн, тұлғаның жүріс-тұрыс моделi болып табылады (архетиптер т.б.). Нақты емес бiлiм қарапайым сананың негiзiнде жатыр, көп жағдайда адамның тiршiлiгiн айқындайтың.

Бiлiмдi ұстаным-пiкiрден айыра бiлу қажет. Өйткенi, ұстаным-пiкiр бiлу мен бiлмеудiн аралығында орналасқан. Егер бiлiм белгiлi бiр тарихи қиырларда тұрақты болып келсе, пiкiр қысқа мерзiмде өзгерiп отырады. Егер бiлiм нақтылықпен, растылықпен байланысты болса, пiкiр- нақты емес, рас емес те болады. Дихтомия “бiлiм-пiкiр”  антика кезенiнде басталды, оны екi түрлi тәсiлмен дәлелдеуге болады. 1) пiкiр (шынайы емес бiлiм ретiнде)  адамға тән деп есептелдi, өйткенi оның танымдық мүмкiндiктерi шектеулi. Бiлiм шi, тек мүмкiндiктерi шексiз,     құдайларға тән. 2) болмыс пен бейболмыс қарама-қарсы қойылатындай, бiлiм мен бiлiмсiздiк те қарама-қарсы қойылады. Пiкiр бiлiм де, бiлмегендiк те емес, ол екеуiнiң арасындағы орналасқанның өзi. Бұл-өзгермелi, жаңа қалыптасып келе жатқан бiлiм. Платон: “пiкiр қалыптасуға қатысты, ойлау- мәңге қатысты. Және қалай пiкiр қалыптасуға қатысты болады, солай ойлау пiкiрге қатысты” . Қазырғы заманда, екiншi тәсiлге жақын, бiлiм- растылықпен теңдестiрiледi, пiкiр- расталған емес, дәлелдеудi қажет ететiн мен. Пiкiр- сезiнбегенiшкi тәжiрибенiң, индивидуалды тұлғалы бiлiмнiң, интуицияның салдары болып табылатын субъективтi сенiмдiлiкке негiзделген болып келедi. Сондықтан да, бiр объектiге қатысты әр-түрлi пiкiрлер айтылу мүмкiн. Пiкiр үнемi тұлғалық “түсте” , сипатта болады. Ол, әлi өзiнiн объективтiлiгiн таппаған, субъективтi көзқарас,  субъективтi баға деп қаралады.

Философияда дихтомиядаң басқа да “бiлiм-сенiм”  деген антитеза бар. Сенiм дегенiмiз не, оның бiлiмнеңн айырмашылығы неде? Гносеологиялық көзқарас бойынша сенiм- эмпирикалық және рационалды дәлелдеменi қажет етпейтiн, белгiлi бiр жайды қабылдау

 Философияда бұл мәселе жайында бiр қалыпты түсiнiк жоқ. Бiреулер, бiлiмнiң шындыққа сай келуi деп түсiнедi, бұл үйлесiмдiк немесе корреспонденция теориясы. Келесiлерi, ақиқат деген тәжiрибеде дәлелденгеннiң өзi дейдi, бұл эмпирикалық тұғырнама. Үшiншiлер, ақиқат бұл келiсiм шарт деп уағыздайды- конвенционалды теория. Төртiншiлерге, ақиқат бұл бiлiмнiң өзiндiккелiсiмдiлiгi- когеренция теориясы. Бесiншiлер, бiлiм тек пайда әкелгенде, практикада тиiмдi болғанда ғана ақиқатты болады деп есептейдi- прагматикалық тұғырнама.  Ақиқат концепциясының дәстүрлiнемесе классикалық концепциясы бiрiншi түсiнiгiмен байланысты. Ол көне замандарда пайда болды. Аристотель “үзiлгендi үзiлгендеп, байланыстыны байланысты дейтiн деп айтатың шындыққа жетедi”. Ортағасырларда, Фома Аквинский “ақиқат дегенiмiз интелект пен заттың арасындағы келiсiммен айқындалады”. Декарт “ақиқат- өзiнiн мән-мағынасында ойдың затқа үйлесiмдiлiгi”. Бұл пiкiрдi материслистер де, идеалистер де; диалектиктер мен метафизиктер де; теологтар мен атеистер де келiстi. Қазырғы заманда корреспонденция теориясы негiзiнде келесi түсiнiк қалыптасты: 1) ақиқатты түсiну объективтi және субъективтi шындықың бар екенiн мойындауды бiлдiредi; 2) ақиқат таным объектiсiмен, субъектiсiмен және оның практикалық әрекетiмен байланысты бiлдiредi; 3) ақиқат нақты болып табылады, оның мазмұны танымның нәтижелерiне баға берiлетiн нақты орынмен, және уақытпен себептелiнедi; 4) ақиқат шексiз процесс болып табылады, онда бiлмеуден бiлiмге, толық емес бiлiмнен толық бiлiмге өту болып жатады.

Сонымен, ақиқат- таным субъектiсiнiң практикалық бiлiмде алынатың шындықты барабар бейнелеу. Әр бiр ақиқат өзiнiң формасы жағынан субъективтi: ол субъектiнiң әрекетiнiң нәтижесi және субъектiден тыс өмiр сүрмейдi. Ол тұлғаның “iзiн” сақтайды, өйткенi ол өзiнiн әлеуметтiк-тарихи тәжiрибесiне сүйенедi. Ал, мазмұны жағынан ақиқат объективтi: адам санасынан  тыс, одан тәуелсiз тұрған объектiнi адам санасында бейнеленуi. Мұнда, ақиқат тұланың ерекшелiктерiне, танымның тәсiлдерiне тәуелдi емес- ол жақсыз, жалпы ақиқатты

1. Таным теориясы немесе гносеология философияның алғашқы даму кезендерiнен келе жатыр (гр. gnosis-таным, logos-ұғым, iлiм).

Гносеология- адамның танымдық iзденiстерiнiн табиғатың, бiлiмнiң шындыққа қатынасың, оның мәдениет  және қатынастар-байланыстар жүйесiнде алатың орының, даму шарттарың, ақиқат өлшемiн және сонымен қатар, шынайы бiлiмдерге жету заңдылықтарың мен әдiс-тәсiлдерiн қарастырады.

Одан кейiн, кең тараған эпистемология термины пайда болады (гр.episteme-бiлiм, logos-iлiм). Бұл терминмен әдеттей ғылыми таным теориясың белгiлейдi.

Декарт заманының батысеуропаның философиясында танымды “субъект-объект” арақатынасы негiзiнде қарастырып келе жатыр. Танымсубъектiсi деп арнайы мақсатқа негiзделген, белсендi пәндiк-практикалық таным әрекетiн жасаушы және оны бағалаушыны айтады, мұда жеке индивид, ұжым, әлеуметтiк топ, жалпы қоғам жатады.

Таным объектiсi деп бiз субъектiнiң танымдық әрекетi неге бағытталынады соны айтамыз. Танымның объектiсiне материалдық және рухани құбылыстар, сондай-ақ  субъектiнiң өзi де кiредi.

Танымның субъектiсi мен объектiсi бiр-бiрiнiң себебi болып табылады, өйткенi субъектiсiз объект жоқ, объектiсiз субъектiнiң де болуы мүмкiн емес.

Таным процесiнде субъект және объект бiр-бiрiне едәуiр әсерiн тигiзедi. Таным объектiсiн тандауының өзi субъектiнiң болуын қажет етедi. Ал бұл тандау адамның iс-әрекеттер мiнезiмен және оның рухани қажеттiлiктерiмен айқындалады: бiреуге өнер туындысы эстетiкалық сезiмдер объектiсi болса, екiншiсiне ол өнертанымдық анализ жасау объектiсi.

Қазырғы заманда ғылыми таным саласында объектiмен субъектiнiң арасында басқада “делдал”(посреднтчество) қызметiн атқаратың әр-түрлi құралдар мен техникалық құрылымдар байқалады. Мысалы, атомдық физика саласында, микробиология және т.б. бiлiм салаларында алынған мәлiметтер таза объектiнiн қасиеттерiне, өзiнен-өзi өмiр сүретiнге жатпайды, өйткенi олар әр-түрлi құралдардың ықпалымен алыңған болғандықтан , олардың iздерiн сақтап қалады.

Және субъектiнiң өзiнiң табиғаты жағынан әлеуметтiлiкке негiзделгендiк тен, ол да таза болмай, қоғамның даму денгейiмен байланысты болады. Сондықтан да, қазырғы гносеологияда бiлiмдi сараптаудың түпкi пунктi индивидуалды субъект және оған қарсы тұрған объектi емес, керiсiнше қоғамдық жүйелер дамуы мен қызметi және субъект аралық iс-әрекет.

Танымның мәнiң түсiндiруде философтар әр түрлi пiкiрде болды.

*Себептiлiк тұғырнама (Гоббс, Локк т.б.)- таным екi табиғи жүйелердiң арақатынасының нәтижесi деп түсiнiп, ал бiлiм енжарлы (пассивный) субъектiнiң сезiм мүшелерiне тигiзетiн объектiнiң белсендi де физикалық әсерiнiң нәтижесiнде қалыптасады.

*Әрекеттiлiк тұғырнама (Выготский, Копнин, Лекторский т.б.)- әлеуметтiк таным теориясынның бейнесi ретiнде түсiнуде көрiнедi, мұнда таным процесi субъект дәне объект арақатынасы деп қарастырылады, бiрақ субъектiнiң белсендiлiгi, әлеуметтiкмәдени ортаға тәуелдiқалыптасатың адамның қабiлетi  деп түсiну.

*генетикалық эпистемология (Ж.Пиаже 1896-1980, “Баланың тiлi мен ойлау қабiлетi”, “Логика туралы трактат”,“Интелект психологиясы”, швейцар психологы, генетикалық эпистемологияның негiзiн қалаушы, интелектiн дамуында төрт сатыны бөлдi:сенсомоторлық, операцияға дейiнгi, нақты операциялар кезенi, формальды операциялар кезенi, ал операция деп субъектiнiң iшкi әрекетi мен сыртқы заттық әрекетiнiң ттуындысыңтүсiндi) танымды объектi мен белсендi әрекет жасаушы табиғи (биологиялық) субъектiнiң арақатынасы деп түсiнедi. Осы қатынастардың негiзiнде, “субъектi объектiнi тану және оның мәнiң түсiну негiзiнде өзiнiң әрекеттерiн, оның интелект және ойлау операцияларын қамтитын, бiркелкi жүйеге ұымдастырады.”

*танымның эволюция теориясы (Фоллмер т.б.) танымның негiзi ретiнде “орташа өлшемдегi әлем”, “мезокосм”, тек ол ғана адамның танымына мәлiм болады, онаң ғана адам түйсiк-бейнелердi ала алады. Ал танымның нәтижелерi мен танылатың әлемге сәйкестiгi психиканың қабiлетiне, эволюциялық және қоршаған ортаның өзгерiстерiне беймделуiне байланысты болады.

Жоғарыда аталған тұғырнамалар мен қатар басқада теориялар бар, олардың арасындағы сындарлы (конструктивное) қарым-қатынас жүруге мүмкiндiк беретiн және гносеологияның дамуына ықпалың тигiзетiн.

Танымның философиялық тұғырнамаларда дәстүрлi екi түрiн белгiлейдi: сезiмдiк және рационалды танымдарды.  Олар бiр-бiрiмен тығыз қатынаста болады және әр қайсысы өзiнiң формаларына ие.

Түйсiк (ощущения)- адамның сезiм мушелерiне тiкелей әсер ететiн объективтi дүниенiң материалдық заттары мен нәрселерiнiң жеке қасиеттерi мен сапаларының қарапайым, элементарлы  бейнеленуi. Олар, қоршаған айнала туралы жiктелмеген (дифференциациалған емес) және затталған емес әсерлер, дабылдық (белгi) және бағыттау қызметтерiн атқаратың. Таным барысында, түйсiк, таңба (белгi) мен бейненiң бiрлiгi болып табылады. Физикалық табиғатқа қатысты элементерлы тiтiркенуiштер немесе объектiлердiн элементтерi (форма жағынан) түйсiктер таңба-белгi болап келедi (бiр метериалдық объект басқа материалдық объектiнi ауыстыру). Ал, қоздырғыштың көлемiне қарай, олардың кеңiстiк пен уақытта оқшаулауына (локализация), объектiнiң микроқұрылымына (мән жағынан) қарай олар бейне болып табылады (материалды объектiнiң идеалды нұсқасы).

Қабылдау (восприятие)- адамның сезiм мүшелерiне тiкелей әсер ету нәтижесiнде, санада материалдық заттар пен нәрсенiң бiртұтас бейнесi қалыптасатың, сезiмдiк танымның ерекшк формасы. Қабылдау, мiндеттi түрде, субъектiнiң таным объектiсiмен тiкелей байланыс орнатқан сәтте, түйсiктер негiзiнде пайда болады. Ол да бейнелер-белгiлер тұтастығымен сипатталады. Сана сенсорлы мәлiмдемелердi әр түрлi қабылдау мүмкiн, бiр бейнеден әр түрлi объектiлердi шығару. Бiрақ, көптеген жағдайларда сана объектiлердi дұрыс (адекватты) қабылдайды. Қабылдаудың бұл қасиетi тұрақты шама (константность) деп аталады. Қабылдау бiртұтастық және тұрақтылық қасиеттерiнен басқа, тандалмалы қасиетiне де ие, ол бiр объектiнi басқа объектiмен салыстыра отырып оны басқалардаң айыра бiлу және оқшаулау ды бiлдiредi.



Мәселе шешу: Соқыр боп туған адамдар, көздерiне дұрыс операция жасалғаннаң кейiн  айналадағы дүниенiбiрiншi көрген кезде,  көп уақытқа дейiн заттардың формалары мен  көлемдерiн, олардың бiр-бiрiнең алыс тұрғаның ажырата алмайтыны белгiлi.

Мұны қалай түсiндiруге  болады?



Елестету- сезiмдiк қабылдау негiзiнде қалыптасқан, заттардың жаңама-сезiмдiк бейнесi; бұрын қабылданған заттар мен нәрселердiң көрнекi бейнесiн сезiм мүшелерi арқылы қайта жаңғырту процесi. Елестету сезiмдiк байкау (созерцание) мен абстрактiлiойлау арасында дәнекерлiк қызметтi атқаратың, йндивидуалды жекеше бiлiмнiң сезiмдiк-тiкелей және абстрактiлi-жаңама формаларын бiрiктiретiн, сезiмдiк танымның жоғары формасы болып табылады. Оның ерекшлiктерi:

*бұл сезiмдiк бейне,  адам  таным затымен тiкелей арақатынаста болмаған сәтте де, санада жаңғыртылады;

*оның ерекше белгiлерiнiң бiрi, жалпылық және абстрактiлiк (заттың жеке қасиеттерi мен оның ерекше белгiлерiн жоғалту);

*адам санасында бейнеленген, қабылданған бейнелер, шығармашылық тұрғыдан бiрiктiрiлiп, шындықта жоқ жаңа бейнелер (бейне-үлгi(модель), бейне-мақсат, бейне-жоспар) жасауға әкеледi, бұл процесс- қиял деп аталады, осыз еш творчесволық әрекет болуы мүмкiн емес.

Сезiмдiк таным барлық формаларының бiртұтастығы ретiнде адам өмiрiнде үлкен орын алады. Сезiмдiк таным арқылы адам қоршаған дүние туралы және өзi туралы алғашқы бiлiмдерге ие болады, оның санасында әлемнiң сезiмдiк бейнесi (картинасы) қалыптасады, оның қажеттiлiгiөзiнiң болмысының жағдайларына беймделуiнде (адаптация).

Бiрақ заттарды терең және жан-жақты танып бiлу үшiн, тарихта болған оқиғаларды, белгiлi бiр әлеуметтiк құбылыстарды түсiну үшiн т.б. жалғыз ғана сезiмдiк таным жеткiлiксiз. Мiне, осында адамға көмекке рационалды, жиi абстрактiлi ой деп аталатың  таным келедi. Танымның бұл нысаңы адамның келесi мүмкiндiктерiмен: идеализация, пiкiр айту, ой қорыту және т.б. логикалық операциялармен  тығыз байланысты.

Оның бiрiншi формасы ұғым-  заттар мен құбылыстардың, немесе олардың топтарының жалпы, мәндi және қажеттi қасиеттерi мен белгiлерiн бейнелендiретiн ойдың формасы.   Жалпыланған заттардың саны әр түрлi болу мүмкiн. Ұғым бiр ғана заттың қасиетiн анықтау мүмкiн (Жердiң табиғи серiгi) немесе бiркелкi топ заттардың қасиеттерiн (философ). Дүниеде жоқ, ирреалдыққада қатысы бар (апейрон, мәнгiқозғауыш). Ұғымдарда жалпылау әр түрлi болу мүмкiн, бiреулерi танымның арнаулы бiр саласында қолданылады (жеке ғылымдардың ұғымдары), келесiлерi бiр қатар ғылымдарда (жалпы ғылыми), үшiншiлерi жалпы бәрiнеде қатысты (философиялық).    Ойлаудың қандай түрiболмасын ол әрдайым ұғым арқылы жүзеге асады. Ұғым мазмұны жағынан объективтi, логикалық формасы жағынан субъективтi. Ұғымдар жалпы екi үлкен түрлерге бөлiнедi: а) күнделiктi тұрмыстық ұғымдар- нәрселердiн көбiнесе сыртқы ұқсас белгiлерiн бейнелендiрсе; в)ғылыми ұғымдар терең жатқан, жалпы, мәндi және заңды қасиеттердi бейнелендiредi (категориялар). Ұғымның тiлдiк формасы сөз және сөздер болып табылады.

Рационалды таным туралы сөз қозғағанда, пайым (рассудок) және зерде (разум) өзара қатынасын да анықтау кажет. Антика кезеңiнде, адамның танымдық қабiлеттерiнде, пайымды байқау қабiлетiне, ақыл ой арқылы танылатың заттарды түсiнуге мүмкiндiк беретiн десе, ал зерде пiкiр талас жүргiзуге мүмкiндiк беретiн, логикалық операциаларды саналы түрде бiртiндеп жүргiзу қабiлетiне жатқызған. Және де, зерде адамның танымдық қабiлеттерiнiн ең жоғары болып есептелдi, өйткенi тек ол ғана мәндiлiктiн жалпы бiртұтас бейнесiн қамти алады жәнеде олардын негiзгi принциптерiн, заңдылқтарын, бастапқы негiздерiн танып бiлуге мүмкiндiк бередi. Ол нағыз даналық, философтың түпкi мақсаты.

Пайым мен зерденiн өзара қатынасын түсiндiруге И.Кант та өз үлесiн қосты. Оның пiкiрiнше, “барлық бiлiм сезiмнен басталады да, сонан сон ол пайымға өтедi және зердеде аяқталады, бiзде  одан жоғары ештене жоқ”.  Канттың айтуынша пайым- пiкiр айту, ойлау қабiлетi, ережелер берушi. Ол тәжiрибеге сүйенедi, сезiмдiк таным нагiзiнде алыңған материал. Бұл “материалдан” логикалық операциялар жүргiзу арқылы, ол жаңа ойлар тұжырымдайды, алған бiлiмдердi реттейдi, тәжiрибеден алған мәлiметтердi классификациялап, жүйелейдi, субъектiге таныс жағдайларда тез үйренуге көмектеседi.Ал зерденiң, өзiнiң iшiнде ұғымдар мен принциптердiн қайнары бар. Зерде оларды ақылдан да, сезiмнен де алмайды. Ол өзi ұғымдар мен принциптердi жаратады. Және егер пайым бар бiлiмдер шеңберiнең шықпайтың болса, ал зерде олардан тыс шығып бiздiн бiлiмдерiмiздi кеңейтiп, терендетедi.Пайым мен зерденiн ерекшiлiктерiн анықтай отырып Кант оқушының интелектуалды қасиеттерiн дамыту жолдарың ұсынды: 1) жалпыны тану, пайымдау қабiлетiн қалыптастыру, ережелер құруға үйрету; 2) пiкiр қалыптастыру, ерекшенi жалпыға келтiруге үйрету; 3) жалпыдан ерекшенi белгiлеу, принциптердiн өзiң қалыптастыруға үйрету, зерденi қалыптастыру.

Мәселе шешу: Канттың негiзгi принциптерi (максималары) даналыққа әкеледi:

· өзiнiң пiкiрiн болуы;

· өзiн басқаның бәрiнде көре бiлу, өзiн ойлау (қарым-қытынас);

· үнемi өзiмен үйлесiмдiлiкте ойлану.

Осы принциптердi данышпан болуға жеткiлiктi деп ойлайсындарма?

Қандай максималарды, даналыққы әкелетiн, сендер ұсына аласындар?

3.Логика…дәлелдiң қаруы болып табылады, ал интуиция шығармашылық қаруы. А.Пуанкаре

Өзiнiң заттық және теориялық әрекеттер барысында адам көптеген қиын жағдайлар,  мәселелермен  кездеседi. Оларды шешу үшiн адам қатты ойланып толғанады, өзiнiн барлық интелектуалды мүмкiндiктерiн қолданады. Кейде күрделi мәселе аяқ астынан, өзiмен-өзi шешiлгендей болады. Бұл кезде интуиция туралы айтқан жөң. Интуицианың келесi түрлерiн атауға болады: сезiмдiк және интелектуалды, қарапайым және профессионалды (техникалық, ғылыми, медециналық, көркемдiк, педагогикалық т.б.). Тарихтан мысалы келтiретiн болсақ: Менделеев, Пушкин, Кукуле (бензольного кольца), Рассел шешiм түсте келген, немесе Пуанкаре математикада автоморфты функциялардың болуы мүмкiн емес екенiң екi апта еңбектенiп тырысты, бiрақ шешiм аяқ-астынан  көптеген ойлардың екеуi қосылып мұндай функциялардың бар екенiн дәлелдемесi болып шықты. Сонымен, бұл мысалдар интуицияның келесi факторлармен байланысты:

* миға аяқ-астынан, тоспаған жерде кенет (внезапго) шешiмнiң пайда болуы;

* шешiмдi тiкелей көру және оған жанама түрде жету;

* шешiмнiң жаңа болуы, бұрында үлгiсi болмаған, ештенеге ұқсамайды (субъектiнiң өзiне);

* шешiмдi табу процесiнiң бейсаналығы, шiшiм табу жолдарының және тәсiлдерiнiң түсiнiксiздiгi, қайталамбастығы.

Егер айтылған факторларды есепке алса, интелектуалды интуиция деп дәлелдеменiң көмегiмен басқа шындықтан шығармай және тек сыртқы сезiмдермен қабылдамай, жанама түрде ақылдың ақиқатты тану қасиетi деген анықтамасына келемiз. Ал егер, интуиция бiлiмдi тiкелей сезiм мүшелерi арқылы қабылдау болса, онда бұл сезiмдiк интуицияның анықтамасы болады.

Интуицияны осылай, әр түрлi түсiну антика кезенiнең келе жатыр. Платон интуицияны “ерекше iшкi көз”, “ақылдың жоғары қасиетi”, аяқ-астынан жанама бiлiм алу деп түсiндi. Декарт интуицияны интелектуалды сфераға жатқызып, оны ақылдың мұқият және ашық түсiнiгi деп жариялады. Фейербах шы интуицияны сезiмдiк феномен деп түсiндi. Интуицияны бейсаналық сферасына жатқызған ойшылдар да болды, А.Бергсон инстинктi сияқты, З.Фрейд   шығармашылықтың жасырын негiзгi принципы деп түсiндi. “Құдiреттi анық” деп түсiнуде бар.

Қазырғы заман әдебиетте келесi аңықтама берiледi: Интуиция- бұл ақиқатқа дәлелдемелер арқылы емес, оны тiкелей көрiп өту жолымен жеткен  интелектуалды феномен. Мұны ғылыми зерттеулер дәлелдеп қана қоймай, олардың механизмiнде ашып көрсетедi. Бастапқы кезенде, адам психикасында санасыздық деңгейiнде белгiлi түрде түсiнбейтiн сезiмдiк және ұғымдық бейнелер жинақталады. Сонан сон, осы санасыздық деңгейде интелектуалды операциялар арқылы сол бейнелердi “өндеу” жүредi. Мұнда сезiмдiк бейнелер логикалық бейнелерге және керiсiнше өтуi болады. Дәл осы сәтте адам алдында тұрған мәселенi саналы түрде түсiну процесi өтедi, нәтижесiнде мәселе айқын да, нақты шешiлу мүмкiн. Интуицияның ең соңғы кезеңiнде аяқ-астынан шешiмге келу жалпы бiртұтас сезiмдiк-логикалық бейненiң қалыптасуы, санасыздықтың ең терен, ең түпкiрiнде жатқанның сыртқа саналық деңгейiне шығуымен байланысты болу мүмкiн. Уақыттық қатынаста бұл процесс ұзақ немесе тез, жылдам да болуы мүмкiн.

Интуиция адамның шығармашылық әрекеттерiмен де тығыз байланысты, өйткенi ол белгiлi бiр жанашылдықты қамтамасыз етедi; жаңа техникалық шешiм, дараөнердiн өзiндiк шығармасы т.б. Шығармашылық- дегенiмiз үнемi бiр жаңаны iздеу барысында  белгiлiнiң, стандартты, дәстүрлi, үйреншiктiнiң шекарасын бұзуды бiлдiредi. Жоғары шығармашылықтың туындыларына сапасы жаңа материалды және рухани құндылықтарды, адамның үлгiлi емес әрекеттерiнiң нәтижесiнде пайда болған  дүниеде аналогы жоқты айтады. Нағыз шығармашылық интуициясыз мүмкiн емес, мұнда саналы мен бейсаналы процестер қатар жүредi, екеуiн ажырату қиынға түседi. Сондықтан да, таным мен өнерде интуицианың маңызың жоғарлату немесе төмендету дұрыс емес. Интуициалық, сезiмдiк қабiлеттер интелект пен, адамның практикалық қызметiмен бiрге дамиды.

Қорытынды

Қорыта айтқанда, таным процесіндегі субъект – объект, объект – субъект қатынастары, адамның ой санасы мен сыртқы пактикалық қызмет арқылы байланысқан. Таным болмыстың жай ғана бейнесі емес, ол адамның практикалық қызметі барысында іске асады. Білім философиясы - білім теориясының тарауы, осы әлеуметтік мекеменің мәнін, қоғамдағы маңызын және адамның дамуындағы рөлін зерттейді


Таным теориясы адамзаттық философия тарихын, мәдениет пен ғылым тарихын, техника мен практика жетістіктерін философиялық жағынан қорытуының нәтижесі. Сонымен бірге ол қазіргі ғылыми – техникалық революция және жаңаша ойлау жетістіктеріне сәйкес одан әрі тез қарқынмен дамуда. Қазіргі жағдайда біз таным теориясы ретіндегі диалектиканың практикалық және теориялық рөлі арта түскенің көріп – біліп отырмыз. 

Пайдаланған әдебиеттер

https://kk.wikipedia.org



https://www.freepapers.ru/1
жүктеу 127,7 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау