112
Шарттарды тексеру үшін ЕГЕР функциясын пайдаланыңыз.
Сыйлықақыны есептеу үшін меңзерді F4 ұяшығына апарыңыз, функция-
лар шеберін іске қосыңыз (f
x
функциясын Қою батырмасы арқылы немесе
Қою/ Функция пәрмені арқылы) және ЕГЕР функциясын таңдаңыз (категория
-
Логикалық/ЕГЕР).
ЕГЕР функциясының параметрлерін шығарыңыз (18.8 сурет).
«Логикалық мән» алғашқы жолынан C4 > D4 шартын тексеріңіз.
Егер шарт E4*0,25 орындалатын болса, екінші жолдан сыйлықақыны
есептеу формуласын шығарыңыз.
Үшінші жолдан 0 мәнін шығарыңыз, себебі мұндай жағдайда (шарттың
орындалмауы) сыйлықақы берілмейді.
3.
ЖЖМ факт бойынша тұтыну бағаны бойынша өсу ретімен сұрыптама
жүргізіңіз. Сұрыптау үшін меңзерді кестенің кез келген ұяшығына апарыңыз
және мәзірден Деректер/Сұрыптау пәрменін таңдаңыз.
18.8
.сур. Егер функциясының параметрлері
18.9
.сур. Деректерді сұрыптау параметрлері
113
18.10
.сур. 18.3 тапсырмасының нәтижелі түрі
«ЖЖМ факт бойынша жұмысалуы» бағаны бойынша сұрыптау жүргізіңіз
(18.9 сурет).
4.
Сыйлыақыны есептеудің есептік кестесінің қорытынды түрі 18.10
суретте көрсетілген.
5.
Файлды «Есептер» папкасына сақтаңыз (Файл/Сақтау).
Қосымша тапсырма
18.4 тапсырма. Доллар бағамын белгілеу кестесін көшіріңіз (16.1
тапсырма, «Доллар бағамы» парағынан) және кестенің астына орташа
мәндер есебін, долларды сату және сатып алу бағамының максималды
және минималды мәндерін табыңыз. Есептеуді «Функциялар шеберін»
пайдалану арқылы орындаңыз.
«Доллар бағамы» парағының ішіндегі элементтерді жаңа параққа көші-
ріңіз (Түзету/Ауыстыру/Парақты көшіру). Жарлықтың контекстік мәзірін-
дегі Ауыстыру/Парақты көшіру пәрменін пайдалануға болады. Көшіру үшін
Көшірме жасау терезесіндегі белгіні басуды ұмытпаңыз (18.11 сурет).
Парақтарды көшіру және алмастыру үшін олардың жарлықтарын тасы-
малдауға болады (көшіру үшін [Ctrl] пернесін басып, ұстап тұрыңыз).
Қ ы с қ а ш а а н ы қ т а м а . Максималды және минималды мәндерді белгі-
леу үшін меңзерді есептеу ұяшығына апарып, Excel МАКС (МИН) орнатыл-
ған функциясын Статистикалық категориясынан таңдаңыз.
114
18.11
.сур. Электронды кітап парағын көшіру
Бірінші сан ретінде В4:В23 бағандары ұяшықтарының мәндер диапазонын
белгілеңіз (екінші есеп үшін С4:С23 диапазонын белгілеңіз).
19-практикалық сабақ
Тақырып: M
S EXCEL ҚАТЫСТЫ ЖӘНЕ
АБСОЛЮТТІ АДРЕСТЕУ
Сабақтың мақсаты. MS Excel кестелерінде деректерді абсолютті адрес-
теу есебін (тұрақты шамалармен жұмыс істеуде) ұйымдастырудың ақпарат-
тық технологиясын игеру.
19.1 тапсырма. Өнімнің табыстылығын есептеу кестесін құру. Тұрақ-
ты шамаларды абсолютті адрестеу түріндегі есептік формулаларға салу.
Бастапқы деректер 19.1 суретте көрсетілген.
19.1.сур.19.1 тапсырмасына арналған бастапқы деректер
115
Жұмыс тәртібі
1.
Microsoft Excel электронды кестелер редакторын іске қосыңыз (MS
Office стандартты орнатуда Қосу/Бағдарламалар/Microsoft Excel орындаңыз).
2.
№16-18 практикалық жұмыстарында ашылған «Есептер» файлын
ашыңыз (Файл/Сақтау).
3.
«Есептер» электронды кітабының жаңа парағында тұрақты шамалар
кестесін (бір өнімнің босатылу бағасы) және тапсырма бойынша негізгі
есептеу кестесін құрыңыз.
4.
Бастапқы деректерді енгізіңіз. Нөмірлерді «А» бағанасына енгізуде (1,
2, 3 және т.б) сандар қатарын автотолтыру тәсілін пайдаланыңыз. Ол үшін
қатардағы екі алғашқы санды теріңіз (1 және 2 сандарын), оларды тінтуірмен
белгілеп, меңзерді белгіленген ұяшықтың төменгі оң жақ бұрышына
меңзердің түрі қара айқаршыққа өзгергенге дейін апарыңыз. Тінтуірмен
автотолтыру маркерін қамтыңыз және оны қажетті мәнге дейін төмен қарай
тартыңыз. Натуралды сандар қатары құрылады (арифметикалық прогрессия).
5.
Тұрақты шама мәні бар ұяшықты түспен белгілеңіз – босату бағасы:
57,00 р.
Нұсқаулар. Жұмыс ыңғайлылығы үшін және адрестеудің абсолютті
түрімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру үшін тұрақты шаманы
реттеуде ұяшықты басқа түспен бояу ұсынылады. Формулаларды енгізу
кезінде боялған ұяшық (тұрақты шамасы бар ұяшық) сізге абсолютті
адрестеуді құруды ескертетін болады (пернетақтадан $ символын теру немесе
[F4] пернесін басу арқылы):
6.
Кестенің барлық бағандарында есептеу жүргізіңіз. Есептеу формула-
лары:
Өнімді шығару = Шығарылған өнімдер саны х бір өнімнің босатылу
бағасы, С7 ұяшығына C5*$E$2 формуласын енгізіңіз (Е2 ұяшығы
абсолютті адрестеу түрінде берілген);
Шығарылатын өнімнің өзіндік құны = Шығарылған өнімдер саны х бір
өнімнің өзіндік құны, С8 ұяшығына С5*С6 формуласын енгізіңіз;.
Өнімді сатудан түскен пайда=Өнімді шығару-Шығарылатын өнімнің
өзіндік құны, С9 ұяшығына C7 - C8 формуласын енгізіңіз;
Өнімнің табыстылығы = Өнімді сатудан түскен пайда/ шығарылатын
өнімнің өзіндік құны, С10 ұяшығына C9/C8 формуласын енгізіңіз.
Өнімнің табыстылығын есептеу жолына сандардың Пайыздық форматын
орнатыңыз. Қалған есептерді Ақшалай форматта орындаңыз.
«С» бағанасындағы формулаларды автокөшірмемен «D» және «Е» бағана-
ларының жолдары бойынша оңға қарай көшіріңіз (автотолтыру маркерінің
көмегімен).
Достарыңызбен бөлісу: |