116
7.
Файлды сақтаңыз (Файл/ Сақтау).
19.2
тапсырма. Ұйым қызметкерлерінің табысын есептеу кестесін
құру. Тұрақты шамаларды есептік формулаларға абсолютті адрестеу
түрінде енгізу.
Бастапқы деректер 19.2 суретте көрсетілген.
Жұмыс тәртібі
1.
«Есептер» электронды кітабының бос бетінде тапсырма бойынша
кесте құрыңыз.
2.
Бастапқы деректер мен тұрақты шамалар мәнін енгізіңіз. Деректер
форматын (ақшалай немесе пайыздық) тапсырма үлгісі бойынша орнатыңыз.
3.
Тұрақты шамаларға абсолютті адрестеуді пайдалана отырып,
формулалар бойынша есептеу жүргізіңіз.
Есептеу формулалары:
Табыс салығы = (Еңбекақы – Салық салынбайтын табыс) х табыс
салығының х %, D10 ұяшығына (C10 - $C$3)*$C$4 формуласын енгізіңіз;
Қайырымдылық қорына салымдар = Еңбекақы х % қайырымдылық
қорына салымдар, Е10 ұяшығына C10* $C$5 формуласын енгізіңіз.;
Ұстап қалынатындардың барлығы = Табыс салығы - Қайырымдылық
қорына салымдар, F10 ұяшығына D10 + E10 формуласын енгізіңіз;
Берілуі тиіс сома = Еңбекақы - Ұстап қалынатындардың барлығы, G10
ұяшығына C10 -F10 формуласын енгізіңіз.
4.
«Берілуі тиіс» бағананың деректері бойынша көлемді гистограмманы
құрыңыз, диаграммаға пішімдеу жүргізіңіз.
19.2.сур.19.2 тапсырмасына арналған бастапқы деректер
117
5.
Электронды кітап парағын «Қызметкерер табысы» деп өзгертіңіз.
6.
Файлды сақтаңыз (Файл/ Сақтау).
Қосымша тапсырма
19.3 тапсырма. Тоқсандық және жылдық табыс есебінің кестесін құ-
ру. Тұрақты шамаларды есептік формулаларға абсолютті адрестеу тү-
рінде енгізу.
Бастапқы деректер 19.3 суретте ұсынылған.
19.3
сурет. 19.3 тапсырмасына арналған бастапқы деректер
20-практикалық сабақ
Тақырып: ДЕРЕКТЕРДІ СҮЗГІЛЕУ ЖӘНЕ
MS EXCEL-ДЕ
Сабақтың мақсаты. MS Excel кестелерінде деректерді сұрыптау және
жинауды ұйымдастырудың ақпараттық технологиясын игеру.
20.1 тапсырма. «Қызметкерлер табысы» кестесінде сұрыптауды және
деректерді сүзгілеуді орындау.
Жұмыс тәртібі
1.
Microsoft Excel электронды кестелер редакторын іске қосыңыз. 16-19
практикалық сабақтарда құрылған «Есептер» папкасын ашыңыз (Файл/Ашу).
118
2.
19.2 тапсырманың кестесін кө-
ріңіз («Қызметкер табысы» парағы).
3.
Қызметкерлердің тегі бойынша
әліпби тәртібінде өсу ретімен сұрып-
тау жүргізіңіз (В10: G17 ұяшықтар
блогын нәтижесін белгілеңіз, Дерек-
тер мәзірінен тегі бойынша Сұрып-
тау пәрменін таңдаңыз (20.1 сурет).
4.
Есеп нәтижесі бойынша диа-
грамма құрыңыз («Берілуі тиіс сома»
бағанының деректері). «Х»осінің жаз-
басы ретінде қызметкерлердің тегін
көрсетіңіз.
5.
1600 р асатын табыс мәніне
сүзгілеу жүргізіңіз.
20.1
.сур. Деректерді сұрыптау
шарты
Қ ы с қ а ш а а н ы қ т а м а . Сүзгілеу режимінде кестеде тек кейбір крите-
рийлерді қанағаттандыратын деректер ғана көрінеді, ал қалған бағандар
жасырын түрде болады. Бұл режимде пішімдеудің, көшірудің, автотол-
тырудың, автосомалаудың барлық операциялары парақтың тек көрінетін
ұяшықтарына қолданылады.
Сүзгі режимін орнату үшін меңзерді кестенің ішіне қойыңыз және
Деректер/Фильтр/Автофилътр пәрменін пайдаланыңыз. Жиектер атауында
тізімдерді түсіретін тілшелер болады. Шарт қойылатын жиектегі тілшені
бассаңыз («Берілуі тиіс сомалар» бағанында) осы жиектегі барлық қайта-
ланбайтын мәндер тізімін көре аласыз. Сүзгілеу үшін Шарт пәрменін таң-
даңыз. Ашылған Пайдаланушылық автосүзгі терезесінен 1600 көп шартын
таңдаңыз (20.2 сурет).
20.2
.сур. Сүзгілеу шартын таңдау
119
20.3.
сур. Сұрыптау және сүзгілеуден кейінгі кесте мен диаграмма түрі
Деректер берілген шарт бойынша іріктеледі.
Кесте мен құрылған диаграмма түрінің қалай өзгергендігіне мән беріңіз.
Сұрыптау мен сүзгілеуден кейінгі кесте мен диаграмма түрі 20.3 суретте
көрсетілген.
6.
Файлды сақтаңыз (Файл/ Сақтау).
20.2 тапсырма. «Ауаның орташа жылдық температурасы» кестесінде
шартты пішімдеуді және деректерді енгізуді орындаңыз.
Жұмыс тәртібі
1.
«Есептер» электронды кітабының кезекті бос парағында тапсырма
бойынша кесте құрыңыз (20.4 сурет).
2.
Айларды терген кезде автокөшірмелеуді пайдаланыңыз, деректерді 90°
айналдыруды ұмытпаңыз.
3.
Ұяшықтарды алдын ала белгілеп, ұяшықтар еніне автоіріктеу жүргі-
зіңіз (Формат/бағана/Енін автоіріктеу).
4.
В4:М9 ұяшықтарында ауа температурасының мәніне шартты пішімдеу
жүргізіңіз (20.5 сурет).
Деректер пішімін орнатыңыз:
0 ден төмен — қаріптің көк түсімен (қалың),
0 тең — жасыл фон, қаріп түсі — ақ;
0 ден жоғары — қаріптің қызыл түсімен (қалың).
120
20.4
.сур. 20.2 тапсырмасына арналған бастапқы деректер
20.5
.сур. Деректерді шартты пішімдеу
Ескерту. Шартты пішімдеуді деректерге тергенге дейін де, тергеннен
кейін де орындауға болады.
5.
Файлды сақтаңыз (Файл/ Сақтау).
Қосымша тапсырма
20.3 тапсырма. Жиынтық табыс есебі кестесін көшіру және сүзгілеу
арқылы бірінші бөлімше бойынша пайданың қай күндері 3000 рубльден
аспағанын анықтау (16.2 тапсырма, «Пайда» парағы).
«Пайда» парағанының ішіндегі элементтері жаңа параққа көшіріңіз
(Түзету/Ауыстыру—Парақты көшіру). Көшіру үшін Көшірмесін құру терезе-
Достарыңызбен бөлісу: |