92
Стандартты баптауда құралдар тақтасы ашылады: Стандартты және Пішім-
деу. Егер бұл болмаса, баптауды орындаңыз (Қызмет көрсету/ Баптау/
Құралдар тақтасы).
2.
Microsoft Excel бағдарламасының құралдар тақтасының батырмаларын
меңзерді апару арқылы игеріңіз («Стандартты» және «Пішімдеу»). Батыр-
малар қатары MS Word бағдарламасының батырмаларына ұқсас екендігіне
назар аударыңыз, сол функцияларды орындайды (Құру, Ашу, Сақтау, Басып
шығару.)
3.
А1 ұяшығына меңзерді апарыңыз. Кесте тақырыбын енгізіңіз «Доллар
бағамын белгілеуді есептеу кестесі».
4.
Кесте тақырыбын безендіру үшін үшінші жолды белгілеңіз (жол
нөміріне басу арқылы), Формат/Ұяшықтар/Түзету қосымша парағы/Сөздер
бойынша тасымалдау пәрменімен сөздер бойынша тасымалдауды
орындаңыз, горизонталды және вертикалды түзетуді таңдаңыз – «ортасы
бойынша» (16.2 сурет).
5.
Үшінші жолдағы ұяшықтарда, А3 ұяшығынан бастап, кесте баған-
дарының атауларын енгізіңіз – «Мерзімі», «Сатып алу бағамы», «Сату
бағамы», «Пайда». Бағана ендерін өзгертуді бас мәзірден орындаңыз: Фор-
мат/Бағана/Ені пәрменін пайдаланыңыз немесе тінтуір арқылы бағаналар
атына ауыстырыңыз (А, В, С және басқалары).
6.
16.1 тапсырмаға сәйкес кестені бастапқы деректермен толтырыңыз.
Қысқаша анықтама. Мерзім мәнінің қатарын енгізу үшін 01.12.03
алғашқы мерзімін теріңіз және 20.12.03 дейін автокөшіруді орындаңыз.
16.2.
сур. Ұяшықтарды пішімдеуде сөздер бойынша тасымалдау
93
(ұяшықтың оң жақ бұрышында орналасқан тінтуірдің сол жақ батырмасымен
автотолтыру маркерін алыңыз және оны төмен қарай тартыңыз).
7.
Сату және сатып алу бағамының мәнін пішімдеуді орындаңыз. Ол
үшін блоктың сол жақ жоғарғы бұрышынан бастап (В4 ұяшығынан бастап)
деректер блогын оң жақ бұрышқа дейін (С23 ұяшығына дейін) созыңыз;
Ұяшықтар форматы терезесін Формат/Ұяшықтар/Саны пәрменімен
ашыңыз және Ақшалай форматын орнатыңыз (валюта белгісі – «жоқ»).
Ондық таңбалар санын 2 санына тепе-тең етіңіз (16.3 сурет).
Қ ы с қ а ш а а н ы қ т а м а . Ұяшықтар блогы – әрекеттер объектісі белгі-
ленеді, одан кейін орындау бойынша мәзір пәрмені таңдалады.
Сыбайлас емес ұяшықтарды белгілеу үшін алдын ала басып, [Ctrl] ұстап
тұру қажет.
8.
«Пайда» графасында формула бойынша есептеу жүргізіңіз.
Пайда = Сату бағамы – Сатып алу бағамы, D4 ұяшығында = С4-В4
формуласын теріңіз (ұяшық адрестерінде латын әліпбиінің әріптері
пайдаланылады).
Есептік формуланы D4 ұяшығына енгізіңіз, одан кейін формуланы авто-
көшіріңіз.
Қ ы с қ а ш а а н ы қ т а м а . Формуланы автокөшіру үшін келесі әрекеттерді
орындаңыз: меңзерді ұяшықтың оң жақ бұрышында орналасқан автотолтыру
маркеріне апарыңыз.
16.3
.сур. Сандар форматы
94
Меңзер қара айқаршық түрінде болады, тінтурдің сол жақ батырмасын
басыңыз және формуланы ұяшықтар бойынша төмен қарай тартыңыз.
Тінтуірмен автотолтыру маркерін екі рет басу арқылы автокөшіруді орын-
дауға болады (егер көрші графада деректермен толтырылмаған ұяшықтар
болмаса).
9.
Есеп нәтижелері бар ұяшықтар үшін Қаржылық форматын
(
Формат/Ұяшықтар,/Сан қосымша парағы/Қаржылық форматы) ашыңыз,
«р.» валютасының белгісі – рубльдер, 2 тең ондық таңба саны.
10.
Кестені жиектеуді (16.4 сурет) орындаңыз. Ол үшін кесте
ұяшықтарының блогын кестенің жоғарғы және төменгі бұрышынан бастап
белгілеңіз. Кестелерді жиектеу терезесін Формат/Ұяшықтар/ Шектер
пәрменімен ашыңыз. Сызықтарды қою қызыл түспен бояңыз. Ішкі сызықтар
үшін жұқа, ал контур үшін жуан сызықтарды таңдаңыз. Макет жиектеуді
пішімдеудің гекті түрін көрсетеді, сондықтан ОК батырмасын макеттегі
жиектеу түрі сізді қанағаттандырғанда ғана басыңыз.
11.
Есеп нәтижелері бар ұяшықтарды белгілеп, ашық-күлгін түспен
бояңыз (Формат/Ұяшықтар/Түр қосымша парағы) (16.5 сурет).
12.
Кесте тақырыбына пішімдеу жүргізіңіз. Ол үшін А1 дан D1-ге дейін
ұяшықтар интервалын белгілеңіз, оларды құралдар тақтасының батыр-
масымен біріктіріңіз Біріктіру және ортаға қою пәрменімен немесе келесі
мәзір пәрменін пайдаланыңыз (Формат/Ұяшықтар/Түзету қосымша
парағы/Ұяшықтарды біріктіру).
16.4
.сур. Кестені жиектеу
95
16.5.сур.Ұяшықтарды бояу
терезесі
Қаріпті пішімдеңіз – қалың, түсі – өз қалауыңыз бойынша.
Кестенің соңғы түрі 16.6 кестеде көрсетілген.
13. 1-
парақ жарлығының атауын «Доллар бағамы» деп өзгертіңіз. Ол үшін
жарлықты тінтуірмен екі рет басып, жаңа атау енгізіңіз. Жарлықтың
контекстік мәзірінің Атауын өзгерту пәрменін пайдаланыңыз (тінуірдің оң
жақ батырмасымен шақырылады).
16.6.сур.Кестенің нәтижелі түрі
Достарыңызбен бөлісу: |