150
25.2.сур. AND логикалық операторымен шарт бойынша
іріктемеге сұрау жүргізу
25.3 тапсырма. Бірнеше жол бойынша іріктемеге сұрау жүргізу.
«Бухгалтер» мамандығында оқитын және Мәскеуде тұратын барлық сту-
денттерді тектері бойынша сұрыптауға сұрау құрыңыз (25.3 сурет). Сұрауды
«Бухгалтер –Мәскеу» атауымен сақтаңыз.
25.3.сур. Тегі бойынша сұрыптау арқылы Мекен-жайы және
Мамандануы бойынша таңдау
Қ ы с қ а ш а а н ы қ т а м а . Есеп — ДБ-дан ақпарат шығаруға (экранға,
басып шығарғышқа немесе файлға) арналған деректер базасының объектісі.
25.4 тапсырма. Автоесепті құру.
«Студенттер» кестесі бойынша бағанаға автоесеп құрыңыз.
Қ ы с қ а ш а а н ы қ т а м а . Жазбалар мен макеттер көзін таңдағаннан кейін
(бағанаға, ленталық) автоесеп жазба көзінің барлық жолдарын пайдаланатын
есепті құрады және соңғы пайдаланылған автопішімдеуді қолданады.
151
25.4
.сур. Бағанада автоесепті құру
База объектісін таңдаңыз – Есептер. Жаңа есеп ашылған терезесінде
Құру батырмасын басыңыз және есеп түрін таңдаңыз – «Автоесеп: бағанаға»
(25.4 сурет).
Қ ы с қ а ш а а н ы қ т а м а . Автоесеп түрін таңдауда ленталық есепте
жиектер атауы кестедегідей жолдарда орналасады. Әрбір бетте бірнеше
жазбалар болады, бұл деректерді қарауда және салыстыруда ыңғайлы болып
табылады. Дегенмен, барлық жиектер бір жолға сыймауы да мүмкін,
сондықтар ленталық автоесепті мұндай жағдайда пайдалану ыңғайсыз.
Деректер көзі ретінде «Студенттер» кестесін таңдаңыз. ОК батырмасын
басыңыз және автоесептер құру шебері жұмысының аяқталуын күтіңіз.
Есепті Алдын ала қарау режимінде қарап шығыңыз (Файл/Алдын ала
қарау).
Құрылымшы режиміне ауысыңыз және бұл режимде есеп қалай
көрінетінін қараңыз.
Есепті «Студенттер» атауымен сақтаңыз.
25.5 тапсырма. «Студенттер мен тапсырмалар» кестесі бойынша есеп
құру шеберінің көмегімен есеп құру.
Қ ы с қ а ш а а н ы қ т а м а . Шебер жазба көздері, жолдар, макеттер, талап
етілетін пішімдер туралы егжей-тегжейлі сұрақтар қояды және алынған
жауаптар негізінде есеп құрады.
База объектісін таңдаңыз – Есептер. Құру батырмасын басыңыз, Жаңа
есеп ашылған терезесінен «Есептер шебері» есеп түрін таңдаңыз. Деректер
көзі ретінде «Студенттер мен тапсырмалар» кестесін таңдаңыз, барлық
жолдарды белгілеп, Тапсырманы сипаттау жолы бойынша сұрыптама
жүргізіңіз, макет түрі – бағанаға.
Есептің болжамды түрі 25.5 суретте көрсетілген. Есепті «Студенттер мен
тапсырмалар» атауымен сақтаңыз.
152
25.5
.сур. «Бағанаға» есеп түрі
Қосымша тапсырмалар
25.6 тапсырма. ДБ-ның «Студенттер» кестесінде жаңа «Студент жұ-
мыс істейді» жолының логикалық түрін құрыңыз.
Жұмыс істейтін студенттер іріктемесіне сұрау жүргізіңіз. Студент жұ-
мыс істейді жолын іріктеуге сұрау жүргізуді құруда «Иә» сөзін енгізіңіз.
Қ ы с қ а ш а а н ы қ т а м а . Логикалық түрдегі жолды құру үшін Құры-
лымшы режиміндегі «Студенттер» кестесін ашыңыз (25.6 сурет). Одан кейін
жол атауын енгізіңіз және жолдың логикалық түрін орнатыңыз.
Одан соң кестенің қарапайым түріне өтіңіз және кестенің құрылған жолын
деректермен толтырыңыз, ол үшін тінтуірдің көмегімен шамамен студент-
тердің жартысын жұмыс істейтіндер деп белгілеңіз (сіз жиектен белгіні кө-
реңіз).
153
25.6
.сур. Жолдың логикалық түрі
25.7 тапсырма. «Студенттер» кестесінің деректері бойынша «техно-
лог» мамандығы бойынша жұмыс істемейтін студенттерді іріктеуге сұ-
рау құрыңыз.
26-практикалық сабақ
Тақырып: ДББЖ MS ACCESS ОБЪЕКТІЛЕРІМЕН
КЕШЕНДІ ЖҰМЫС ІСТЕУ
Сабақ мақсаты. Кестені, пайдаланушылық формаларды, ДББЖ Access
бағдарламасында есептер мен сұраулар түрлерін құру және түрлендіру
бойынша жұмыс істеу дағдыларын тексеру бойынша өзіндік жұмыс (орындау
уақыты — 1 сағат 20 минут).
26.1 тапсырма.
ДББЖ Microsoft Access бағдарламасын іске қосыңыз және өзіңіз құрған
«Менің бос деректер базам» ДБ ашыңыз.
1.
«Студенттер» кестесінің барлық жолдары негізінде кестелік автофор-
маны құрыңыз. Кестені онда 15 жазба болатындай етіп толтырыңыз.
2.
«Студенттер» кестесіне Туылған күні жаңа жолын енгізіңіз. Құрылған
формада «Күні/Уақыты» деректер түрін орнатыңыз, жол пішімі – «Мерзімнің
қысқаша пішімі», енгізу маскасы - «Мерзімнің қысқаша пішімі».
3.
Туылған күні жолын деректермен толтырыңыз. Күнді 01.01.1988 –
31.12.2000
аралығында теріңіз.
4.
Сұрау көмегімен 15.03.1989 кейін туған студенттер тізімін құрыңыз.
Тегі бойынша сұрыптау жүргізіңіз.
5.
«Студенттер» кестесіне Қосымша төлем жаңа жолын енгізіңіз.
Құрылған жолда деректердің ақшалай түрін құрыңыз.
6.
Жаңартуға сұрау көмегімен «Студенттер» кестесінде Қосымша төлем-
дер жолын Шәкіртақының 44 %-ы есебінен есептеңіз. Сұрауға «Қосымша тө-
лем 44» атауын беріңіз.
7.
«Студенттер» кестесі үшін «Әкесінің аты» атауымен іріктемеге сұрау
құрыңыз, әкесінің аты «П» әріпінен басталатын студенттердің барлығына
іріктеу жүргізіңіз.
8.
«Студенттер» кестесінің деректері бойынша есептер шебері көмегімен
есеп құрыңыз, оның құрамында келесі жолдар болуы керек: Тегі, Аты,
Туылған күні, Қосымша төлем. Есепке «Студенттер есебі» атауын беріңіз.
Сіздің дағдыларыңыз бен икемдеріңіз «Қанағаттанарлық» деп бағала-
нады.
9.
«Студенттер» кестесіне Жалпы табыс жаңа жолын енгізіңіз. Құрылған
жолда деректердің ақшалай түрін орнатыңыз.
10.
Жалпы табыс жолын Шәкіртақы, Үстемақы және Қосымша төлем
жолдарының жиынтық сомасы ретінде есептеңіз. Сұрауға «Сұрау-Табыс»
деген атау беріңіз.
11.
«Студенттер» кестесінің Аты жолы бойынша қайталанбайтын
жазбаларға сұрау жүргізіңіз. Сұрауға «Есімдердің қайталануы» атауын
беріңіз.
12.
«Студенттер мен тапсырмалар» кестесінде Ескерту жолының атауын
«Жобаны қорғау» деп өзгертіңіз. Жобаны қорғау жиегіне жолдың логикалық
түрін орнатыңыз. Құрылған жолды деректермен толтырыңыз, студенттердің
жартысын «курстық жұмысты қорғады» деп тінтуірмен белгілеңіз.
Сіздің дағдыларыңыз бен икемдеріңіз «Жақсы» деп бағаланады.
13.
«Студенттер мен тапсырмалар» кестесінен курстық жұмысты қорғаған
студенттердің іріктемесіне сұрау жүргізіңіз.
Сұрауда екі жол көрсетілуі тиіс: Өсу ретінде бойынша сұрыпталған Тегі
жолы және Жобаны қорғау жолы. Сұрауды «Қорғау» атауымен сақтаңыз.
14.
«Студенттер» кестесінде сұрау көмегімен Жалпы табыс жолының
жиынтық мәнін есептеңіз.
15.
Автоесепті «Қорғау» сұрауы бойынша құрыңыз.
Сіздің дағдыларыңыз бен икемдеріңіз «Өте жақсы» деп бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |