126
22.1
.сур. Құру терезесі
Файл атауы өрісінде «Microsoft Access деректер базасы» түрі орнатылған.
6.
Деректер базасының атауын енгізгеннен кейін Құру батырмасын
басыңыз. Экранда Деректер базасы ашылады(22.3 сурет). Деректер базасы
терезесінің интерфейсін игеріңіз.
22.2
.сур. Жаңа деректер базасы файлының терезесі
127
22.3
.сур. Жаңа деректер базасы терезесі
Қ ы с қ а ш а а н ы қ т а м а . Деректер базасының негізіне ондағы сақтала-
тын деректер жатады. Дегенмен деректер базасында басқа да маңызды
компоненттер болады, оларды объектілер деп атайды. Әрбір объектінің өз
қосымша парағы болады. Объектілер жарлығы деректер базасы терезесінің
сол жағына орналасады. Деректер базасы терезесінде барлық объектілер
тізімі құрылады, олар келесідей:
Кестелер — деректерден тұрады;
Сұранымдар — деректерді іріктеуге және өзгерістер енгізуге арналған
шарттарды құруға мүмкіндік береді;
Формалар — ақпаратты енгізуге,көруге,реттеуге мүмкіндік береді:
Беттер — HTML пішіміндегі файлды,олар арқылы Internet Explorer брау-
зерінің көмегімен деректерді көруге болады;
Есептер — ақпараттарды анықтауға және басып шығаруға мүмкіндік
береді;
Макростар — бір немесе бірнеше операцияларды автоматты түрде орын-
дайды;
Модульдер — деректер базасы функциясын баптау және автоматтандыру
бағдарламасы, VB (Visual Basic) тілінде жазылады.
7.
Файл/Деректер базасының сипаттары пәрменімен өз деректер
базаңыздың сипаттарымен танысыңыз (22.4 сурет).Құрылған ДБ өлшемін
анықтаңыз.
8.
Сіз құрған бос деректер базасын жабыңыз.
128
22.4
.сур. Деректер базасы сипатының терезесі
22.2 тапсырма. Шебер құралдары шаблонның көмегімен бос дерек-
тер базасын құру.
Жұмыс тәртібі
1.
Файл/Құру пәрменін таңдаңыз немесе [Ctrl]-[N] пернелерін басыңыз.
Экранда екі қосымша парақтан тұратын Құру терезесі ашылады.
2.
Деректер базасы қосымша парағына көшіңіз. Экранда шебермен
ұсынылатын деректер базасының тізімі пайда болады (22.5 сурет).
3.
Деректер базасының тізімінен «Байланыстар» түрін таңдаңыз және
деректер базасын құруды орындау үшін ОК батырмасын басыңыз.
4.
«Папка» ашылған тізімінен сіз деректер сақтайтын «Менің құжат-
тарым» папкасын таңдаңыз, ал Файл атауы жиегіне «Менің байланыс-
тарым» деген атауды енгізіңіз, одан кейін Құру батырмасын басыңыз.
5.
Келесі терезеде шебер деректер базасында қандай ақпарат болатын-
дығын хабарлайды(22.6 сурет). Терезенің төменгі бөлігінде келесідей ба-
тырмалар болады:
Болдырмау— шебер жұмысын тоқтатады;
Артқа — шебер жұмысын алдыңғы қадамға қайтарады;
129
22.5
.сур. Деректер базасы қосымша парағы
Ары қарай— шебер жұмысының келесі қадамына өткізеді;
Дайын— шеберді орнатылған параметрлері бар база құруға жібереді.
Жұмысты жалғастыру үшін Ары қарай батырмасын басыңыз.
6.
Ашылған терезе екі тізімнен тұрады (22.7 сурет).Біріншісі — деректер
базасы кестесінің тізімі, екіншісі — таңдалған кестедегі жиектер
тізімі.Әдетте тізімде кестеге қосылатын жиектер енгізіледі, бірақ қосымша
22.6
.сур. Құрылатын база туралы ақпараты бар терезе
130
22.7
.сур. Деректер базасы кестесінің жиегін таңдау терезесі
жиектерді тізімге белгілеп, тағы қосуға болады. Шебердің келесі терезесіне
ауысу үшін Ары қарай батырмасын басыңыз.
7.
Келесі терезеден экранды безендірудің, құрылатын есептер түрін,
суреттер мен тақырыптарды таңдаңыз.
8.
Дайын батырмасын басқаннан кейін шебер жиектері, енгізу
формалары және есептер мен ақпараттарды көру функциясы бар кестелерден
тұратын деректер базасын құруға көшеді. Деректер базасын құрғаннан кейін
сіз бірден дайын базаны қолдана аласыз: кестелерге деректерді енгізе аласыз,
оларды қарап, басып шығара аласыз.
9.
Құрылған «Байланыстар» деректер базасының және ДББЖ Microsoft
Access жабыңыз.
22.3
тапсырма. «Борей» оқу базасымен танысу.
Жұмыс тәртібі
1.
ДББЖ Microsoft Access бағдарламасын іске қосыңыз.Ол үшін MS
Office стандартты орнату кезінде Қосу/Бағдарламалар/ Microsoft Access
орындаңыз. Microsoft Access ашылған терезесінде (22.8 сурет) «Деректер
базасын ашу» позициясын таңдаңыз,ал терезенің астыңғы жағынан «Борей
деректер базасы» терезесін таңдаңыз.
Ескерту. MS Office-97 алдыңғы нұсқаларынан (Қосу/Іздеу) «Борей»
база-сына сәйкес келетін Nwind.mdb файлды іздеңіз.
2.
«Борей» деректер базасын ашқаннан кейін экранда базаның қысқаша
сипаттамасы бар терезе ашылады (22.9 сурет). ОК батырмасын басыңыз.
131
22.8
.сур. «Борей»деректер базасын ашу
3.
База объектілерінің қысқаша сипатын шығару үшін экранның кестелік
түрін орнатыңыз (Түр/Кесте) (22.10 сурет). «Борей»деректер базасының
құрылымын оқыңыз — Кесте, Сұранымдар, Формалар, Есептер база объек-
тілерінің қосымша парақтарын қосыңыз.
Кесте қосымша парағынан «Борей»деректер базасындағы кестелер санын
есептеңіз.
4.
Кестелер арасындағы байланыстарды игеріңіз. Ол үшін Қызмет көр-
сету/Деректер сызбасы пәрменін шақырыңыз немесе Деректер сызбасы
батырмасын басыңыз (22.10 сурет).
22.9
.сур. Деректер базасы сипаттамасының терезесі
Достарыңызбен бөлісу: |