Михеева е. В информатика пәні бойынша жаттықтыру сабағЫ



жүктеу 9,21 Mb.
Pdf просмотр
бет1/42
Дата23.11.2018
өлшемі9,21 Mb.
#24163
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42


КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ 
МИХЕЕВА Е.В 
ИНФОРМАТИКА ПӘНІ 
БОЙЫНША ЖАТТЫҚТЫРУ 
САБАҒЫ 
«Білім беруді дамытудың едералды 
институты» федералдық мемлекеттік мекемесі 
орта кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске 
асыратын білім беру мекемелеріне оқу құралы 
ретінде ұсынылған. 
Пікірдің тіркеу нөмірі №339,  
4 қазан 2010 ж. «БДФИ» ФММ 
14-
басылым, стереотипті
Мәскеу 
«Академия» баспа орталығы 
2016 


ӘОЖ004(075.32) 
КБЖ 32.81ші723 
М695 
П і к і р   б е р у ш і л е р :  
Мәскеу оқу үрдісін ақпараттандыру бойынша кәсіпкерлік және қала құрылысы 
колледжі директорының орынбасары, аймақтық компьютерлік орталық 
басшысы, Ресей Мемлекетінің құрылысын ақпараттандыру мәселелері бойынша 
Сараптамалық кеңес мүшесі, техникалық ғылымдар кандидаты – ТимашовА.Е; 
Мәскеу банк институтының «Банк қызметін ақпараттандыру» кафедрасының 
меңгерушісі, техникалық ғылымдар кандидаты – Герасимов А.Н 
Михеева Е.В. 
М695 Информатика пәні бойынша жаттықтыру сабағы: орта кәсіби білім 
беру мекемелерінің студенттеріне арналған оқулық/ Михеева Е.В — 
14-
ші стереотиптік басылым. — М.: «Академия» баспа орталығы,
2016. — 
192 б.
 ISBN 978-5-4468-3261-3
 (рус.)
ISBN 978-601-333-041-9 (каз.) 
Оқулық орта кәсіби білім берудің Федералды мемлекеттік стандарттарының 
талаптарына сәйкес құрастырылған; ЕН «Информатика». 
Жаттықтыру  сабағы  Windows  ортасында  дербес  компьютерде  жұмыс  істеудің 
кәсіби  дағдыларын  және  негізгі  MS  Office  кеңсе  бағдарламасын,  MS  Word  мәтіндік 
редакторын,  MS Excel  кесте  редаторын,  MS  Access  деректер  базасын  басқару 
жүйесін  игеруге  арналған.  Көрнекілік  үшін  тапсырмалар  егжей-тегжейлі  нұсқаулар 
және  кескіндерден тұрады. 
Жаттықтыру сабағы «Информатика» пәнімен қоса оқу-әдістемелік жиынтықтан 
тұрады. 
Орта  кәсіби  білім  беру  мекемелерінің  студенттеріна  арналған.  Қолданбалы  бағдар-
ламалармен  квалификациялық  жұмыс  істегісі  келетін  адамдар  үшін  пайдалы  болуы 
мүмкін. 
ӘОЖ 004(075.32) 
КБЖ 32.81 ші723 
© Михеева Е.В., 2004 
© «Академия» білім беру-баспа орталығы, 2012 
ISBN 978-601-333-041-9 (каз.) 
ISBN 978-5-4468-3261-3
 (рус.) 
© Рәсімдеу. «Академия» баспа орталығы, 2012 
       Бұл кітап Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі жəне 
«Кəсіпқор» холдингі» КЕАҚ арасында жасалған шартқа сəйкес ««ТжКБ жүйесі үшін 
шетел əдебиетін сатып алуды жəне аударуды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер» 
мемлекеттік тапсырмасын орындау аясында қазақ тіліне аударылды.
       Аталған кітаптың орыс тіліндегі нұсқасы Ресей Федерациясының білім беру 
үдерісіне қойылатын талаптардың ескерілуімен жасалды.
       Қазақстан Республикасының техникалық жəне кəсіптік білім беру жүйесіндегі білім 
беру ұйымдарының осы жағдайды ескеруі жəне оқу үдерісінде мазмұнды бөлімді 
(технология, материалдар жəне қажетті ақпарат) қолдануы қажет.
Аударманы «Delta Consulting Group» ЖШС жүзеге асырды, заңды мекенжайы: Астана қ., 
Иманов көш., 19,
«Алма-Ата» БО, 809С , телефоны: 8 (7172) 78 79 29, эл. поштасы: info@dcg.kz


 
 
 
 
 
АЛҒЫСӨЗ 
 
Аталған  кітап  дербес  компьютерде  ақпараттармен  жұмыс  істеуде  және 
Microsoft Office, MS Word, MS Excel, MS Access, MS Power Point, MS Internet 
Explorer бағдарламаларын пайдалануда тәжірибелік тапсырмаларды бақылау-
шы және үйренушілердің жинағы болып табылады. 
Жаттықтыру  сабағы  «Информатика»  пәнінің  негізгі  бөлімдері  бойынша 
тәжірибелік  тапсырмалардан  тұрады.  Алынған  дағдыларды  тексеру  және 
бекіту үшін оған қосымша тапсырмалар енгізілген. 
Жаттықтыру  сабағы  практикалық  сабақтарды  жүргізу  үшін  (негізгі  және 
факультативті),  сонымен  қатар  компьютерлік  бағдарламалық  өнімдермен 
жұмыс істеу тәсілдерін жеке оқыту үшін қолданылуы мүмкін. 
Автор  –  ақпараттық  технологиялармен  жұмыс  істеу  бойынша  үлкен 
практикалық тәжірибесі бар кәсіби оқытушы, ол бағдарламалық өнімдері бар 
Windows  ортасында  практикалық  жұмыс  істеудегі  бастапқы  дағдыларды 
алуға  бағытталған  тапсырмалар  жүйесін  құруға  тырысты  және  жұмыс 
дағдыларын алу шараларын күрделендіретін тапсырмалар кешенін таңдады. 
Жаттықтыру сабағының маңызды ерекшелігі – әрбір бөлім соңында және 
әрбір  практикалық  жұмыс  соңында  өзіндік  жұмыстарға  арналған  қосымша 
тапсырмалардың болуы. 
Теориялық  материалды  оқи  отырып  және  ұсынылатын  жаттықтыру 
сабағының  практикалық  тапсырмаларын  орындай  отырып,  қолданушы 
Windows  ортасында  жұмыс  істеуде  тұрақты  әрі  бастапқы  дағдыларға  ие 
болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


4
 
1 - Б Ө Л І М  
WINDOWS САЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫС НЕГІЗДЕРІ 
1-практикалық сабақ 
Тақырып: ДК ЖҰМЫС ІСТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ. ДК 
ПЕРНЕТАҚТАСЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ 
Практикалық  сабақтың  мақсаты.  ДК-де  бастапқы  жұмыс  істеуді 
ұйымдастыру  тәсілдерін  игеру,  ДК-ді  қосу  және  сөндіру,  ДК  пернетақта-
сымен жұмыс істеу тәсілдерін игеру. 
1.1 тапсырма. ДК-ді қосу.ДК-де жұмыс істеуді бастау. 
Жұмыс тәртібі 
1. 
ДК-ді  желіге  қосыңыз,  монитордағы  қосу  батырмасын  басыңыз, 
жүйелік блоктағы Power батырмасын басыңыз. 
Компьютерді  қосқан  кезде  индикаторлар  жануы  керек,  монитор 
теледидарды қосқан кездегі шығатын дыбысты шығарады, ал жүйелі блокта 
қорек блогының желдеткіші шуылдай бастайды. 
2. 
Операциялық жүйе жүктелгенше күте тұрыңыз (шамамен 60 с). 
Операциялық жүйенің іске  қосылуы ДК-ді жүйелі блокта Power батырмасы 
арқылы  қосқаннан  кейін  автоматты  түрде  жүзеге  асырылады.  Алдымен 
компьютер  өзінің  негізгі  құрылғыларының  жұмыс  қабілеттілігін  тексереді, 
одан  кейін  пайдаланушының  құпиясөзін  немесе  желілік  құпиясөзді  тересіз 
(егер компьютер желіге қосылған болса). 
Windows ортасын жүктегеннен кейін экранда Жұмыс үстелі Desktop) пайда 
болады,  оның  астыңғы  бөлігінде  стандартты  қондырғыда  Тапсырмалар 
тақтасы  орналасады.  Тақтаның  сол  жағында  Қосу  (Start)  батырмасы 
болады. 
3.  Windows 
Басты  мәзірінің  құрамын  анықтаңыз.  Қосу  батырмасын 
басыңыз,  одан  кейін  Windows  Басты  мәзірі  ашылады.  Windows  Басты 
мәзірінің міндетті бөлімінің пәрменін оқып, игеріңіз – Орындау, Анықтама, 
Қосу, Баптау, Құжаттар, Таңдамалы, Бағдарламалар. Компьютерді өшіру 
Жұмысты аяқтау пәрменімен орындалатынына көңіл бөліңіз. 
Қ ы с қ а ш а   а н ы қ т а м а .  Бас мәзір сипатына екі бөлім кіреді: міндетті 


жүктеу 9,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау