49
- қоймашы;
- аула тазалаушы;
- санитарка;
- күзетші;
- от жағушы.
№ 6 қосымша
Зиянды, қауіпті, ауыр жағдайлардағы жұмыстары үшін қосымша ақыға,
жыл сайынғы қосымша еңбек демалысына
құқықтары бар қызметкерлер
ТІЗІМІ
№
Лауазым атауы
Еңбек
демалысы
күндерінің
саны
Аптасына
жұмыс
уақыты
сағатпен
1. Білім ұйымының дәрігері
12
40
2.
Білім ұйымының орта медициналық
қызметкері
12
40
3.
Білім ұйымының кіші медициналық
қызметкері
12
40
4
Сұйық отынмен және газбен жұмыс жасайтын
бу және су жылытатын қазандық машинисі
(пеш жағушы)
6
40
5.
Қатты минерал отынмен жұмыс жасайтын бу
және су жылытатын қазандық машинисі (пеш
жағушы) :
1) қолмен жүктеу кезінде
2) механикалық жүктеу кезінде
12
6
40
6. Кір жуу қызметкерлері
6
40
7. Аспаз
6
40
8
Қызметтік үй-жайларды тазалаушы
6
40
50
№ 7 қосымша
Мемлекеттік білім ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықтарына
үстеме ақылар белгілеу және материалдық көмек көрсету, сыйлықақылар төлеу
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31-желтоқсандағы
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын
ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы
төлеу жүйесі туралы» №1193 Қаулысының 5-т.сәйкес қызметкерлерді лауазымдық
(қызметтік) міндеттерін тиісті орындағаны үшін ынталандыру, сондай-ақ еңбек
функцияларын орындауда, білім сапасын арттыруда ұйым қызметкерлерінің материалдық
қызығушылығын арттыру жүйесін реттеу мақсатында әзірленді.
2. Сыйлықақы беру шарттары
2. Қызметкердің жұмыс нәтижелерін сипаттап, оған сыйлықақы белгілеуге құқық
беретін негізгі көрсеткіштер:
1) еңбек тәртібін қадағалау;
2) белгілі мерзімдегі жұмыс нәтижелері;
3) лауазымдық міндеттерін мінсіз орындау, жұмысына шығармашылық қатынасы
және басқа да жетістіктері;
4) мерейтойлық, мерекелік даталар;
2) қызметкерге жүктелген қызметтер мен міндеттерді тиісті атқару;
3. Қызметкерге сыйлықақы:
1) алынбаған (өтелмеген) тәртіптік жазасы болған жағдайда;
2) аталған ұйымда алты айдан артық жұмыс жасамаса;
3) сынақ мерзімінен өту кезінде;
4) қоса атқару жағдайымен жұмыс жасайтын болса берілмейді.
3. Лауазымдық айлыққа үстеме ақы белгілеу шарттары
4. Қызметкердің лауазымдық айлығына үстеме ақы белгілеу оған кеңейтілген
міндеттер аясын жүктеп, жоғары кәсіби деңгейі және құзіретімен, оларды тәжірибеде
жетістікпен қолдана білуімен сай келетін жұмыстағы жеткілікті тәжірибесі (өтілі) мен
дағдысы, сондай-ақ басқа да көрсеткіштері үшін жүзеге асырылады.
5. Үстеме ақылар сондай-ақ осы ұйымда еңбек міндеттерін атқару кезінде алынған
еңбек жарақатымен, кәсіби аурумен немесе басқа да денсаулығының зақымдануымен
байланысты қызметкерді ақысы аз төленетін (анағұрлым жеңіл жұмысқа )
лауазымға
еңбекке жарамдылығы қалпына келгенге дейін немесе мүгедектік тағайындалғанша
ауыстыру кезінде белгіленеді.
6. Үстеме ақының ең жоғары мөлшері лауазымдық айлықтың 50 пайызынан аспауы
тиіс.
4. Материалдық көмек көрсету шарттары
7. Қызметкерге материалдық көмек көрсету оның ауыр материалдық жағдайына
байланысты мынадай кездерде:
1) отбасы мүшелері, жақын туыстары (ата-анасы, жұбайы, ағалары, апалары,
балалары) қайтыс болғанда;
2) некеге отырғанда;
3) бала туылғанда, бала асырап алғанда;
4) қосымша қаржылық шығынды талап ететін емделу кезінде (стационарлық
немесе санаторлықтан басқа, 10 күнтізбе күнінен астам амбулаторлық емделу);
51
5) қызметкерге құқыққа қайшы әрекеттер жасау (тонау, ұрлық және т.б.), сондай-ақ
стихиялық апаттар (өрт, су тасқыны, жер сілкіну және т.б.) салдарынан оған мүліктік зиян
келтірілген жағдайда жүзеге асырылады.
5. Сыйлықақыларды бекіту мен төлеу тәртібі, материалдық көмек көрсету
және қызметкерлердің лауазымдық айлықтарына үстеме ақылар белгілеу
8. Қызметкерлерге сыйлықақы беру және лауазымдық айлықтарына үстеме ақы
белгілеу білім ұйымы басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.
9. Бұйрықта қызметкердің тегі мен лауазымы, сыйлықақының (үстеме ақының)
негіздемесі мен мөлшері көрсетіледі.
10. Қызметкерге материалдық көмек көрсету туралы бұйрықты қызметкердің
жазбаша өтініші негізінде білім ұйымының басшысы шығарады.
11. Сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және үстеме ақы белгілеу
шығыстарды үнемдеу есебінен жүзеге асырылады:
1) жыл бойы, даму жоспары бойынша үнемделген қаражаттың жалпы көлемінен
30% аспайтын, ал желтоқсан айында – шығыстардың төмендегідей түрлері бойынша бір
жылда үнемделген қаражаттың толық көлемінде:
- іссапар шығыстары;
- коммуналдық қызмет;
- электр энергиясы;
- жылу;
- байланыс қызметі;
- көлік қызметі;
- негізгі құралдардың ағымдағы жөндеуі;
- негізгі құралдар бойынша жалдау ақысы;
- несиелер бойынша сыйақылар төлеу (пайда) жөніндегі шығыстар
2) шығыстардың төмендегідей түрлері бойынша даму жоспары бойынша
үнемделген қаражаттың толық көлемінде:
- жалақы;
- салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер.
Шығыстардың басқа түрлері бойынша даму жоспарымен сыйлықақыға,
материалдық көмек көрсетуге және үстеме ақылар белгілеуге қаражаттарды үнемдеу
бағытына жол берілмейді.