46
анықталады. Көрсетілген қызметкерлер заңнамамен белгіленген тәртіпте арнайы білімді
қажет етпейтін шаруашылық жұмыстарды орындауға тартылуы мүмкін.
4.5.Каникулдық мерзімде барлық қызметкерлердің жұмыс уақытының режимі,
білім беру ұйымдарының жергілікті актілерімен және олардың сипатын көрсете отырып,
жұмыс кестесімен реттеледі.
V. Санитарлық-эпидемиологиялық, климаттық және басқа негіздер бойынша
білім алушылар, тәрбиеленушілер үшін оқу сабақтарын (білім беру процесі) тоқтату
мерзіміндегі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақытының режимі
5.1.Санитарлық-эпидемиологиялық, климаттық және басқа негіздер бойынша білім
алушылар, тәрбиеленушілер үшін оқу сабақтарын (білім беру процесі) тоқтату мерзімдері,
білім беру ұйымдарының педагог және басқа қызметкерлері үшін жұмыс уақыты болып
табылады.
5.2.Санитарлық-эпидемиологиялық, климаттық және басқа негіздер бойынша оқу
сабақтарын (білім беру процесін) жеке сыныптарда (топтарда) немесе жалпы білім беру
ұйымдарында тоқтату мерзімдерінде мұғалімдер мен басқа педагог қызметкерлер, осы
Ереженің IV бөлімімен көзделген тәртіп пен жағдайда оқу-тәрбиелеу, әдістемелік,
ұйымдастырушылық жұмыстарға тартылады.
VI. Қызметкерлердің сауықтыру білім беру ұйымдарындағы, жазғы саяжайларға
шығатын білім беру ұйымдарындағы және (немесе) сол жерде немесе басқа жерде
жазғы демалысты ұйымдастыратын, сондай-ақ туристік жорықтарды,
экскурсияларды, экспедицияларды, саяхаттарды жүргізу кезіндегі
жұмыс уақытының режимі
6.1.Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен сәйкес келмейтін мерзімде кемінде
бір айға, каникулдық мерзімде жалпы білім беру және басқа да білім беру ұйымдарының
базасында сол жерде құрылған балалардың күндіз болатын сауықтыру лагерьлеріне және
басқа да сауықтыру білім беру ұйымдарына тартылатын педагог қызметкерлердің жұмыс
уақытының режимі, осы Ереженің IV бөлімінде көзделген тәртіпте анықталады.
6.2.Педагог қызметкерлерді, олардың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен
сәйкес келмейтін каникулдық мерзімде сауықтыру лагерьлеріне жұмысқа және басқа
жердегі сауықтыру білім беру ұйымдарына, сондай-ақ ұзақ жорықтардың (сол күні қайтып
келмейтін), экспедициялардың, экскурсиялардың, басқа жерге саяхаттардың жетекшісі
ретінде тартуға, тек қызметкердің келісімімен ғана жол беріледі.
Аталған қызметкерлердің жұмыс уақытының режимі олардың орындайтын
жұмысын ескере отырып белгіленеді және білім беру ұйымының ішкі еңбек
тәртіптемесінің ережелерімен, жұмыс кестелерімен, ұжымдық шартпен анықталады.
VII. Білім беру ұйымының жеке педагог қызметкерлерінің
жұмыс уақытын реттеу
7.1. 36-сағаттық жұмыс аптасы шегіндегі педагог-психологтардың жұмыс
уақытының режимі білім беру мекемесінің ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелерімен:
- оқу процесінің қатысушыларымен олардың жұмыс уақытының кемінде апталық
ұзақтығының шегінде, жеке және топтық кеңес беру жұмыстарын орындауды;
- жеке және топтық кеңес беру жұмыстарына дайындалуды, алынған нәтижелерді
өңдеуді, талдауды және қорытуды, есеп беру құжаттамаларын толтыруды, сондай-ақ
өздерінің біліктіліктерін арттыруды ескере отырып реттеледі.
47
Педагог-психологтың аталған жұмысты орындауы тікелей білім беру мекемесінде,
сондай-ақ қызметкердің қалауы бойынша одан тыс жерлерде де жүзеге асырылуы мүмкін.
7.2. Жұмыс уақытының режимі педагог қызметкерлердің лауазымдары бойынша
белгіленген жұмыс уақытының жалпы ұзақтығына негізделіп анықталады:
Колледж директоры – аптасына 40 сағат
Директордың орынбасары – аптасына 40 сағат
Барлық мамандық мұғалімдері – нормативтік оқу жүктемесіне сәйкес (аптасына 18
сағат)
Бөлім меңгерушісі – аптасына 40 сағат.
Қосымша білім беру педагогы - нормативтік оқу жүктемесіне сәйкес (аптасына 18
сағат)
48
№ 5 қосымша
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы
№
Лауазым атауы
Еңбек демалысы
күндерінің саны
1.
Педагог қызметкерлер
56
2.
Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету педагог қызметкерлері
42
3.
Педагог қызметкерлер болып
табылмайтын азаматтық
қызметшілер, соның ішінде:
- білім беру ұйымы басшысының әкімшілік-шаруашылық
бөлім жөніндегі орынбасары;
- бас есепші;
- бас экономист;
- кітапхана меңгерушісі;
- асхана меңгерушісі;
- қойма меңгерушісі;
- есепші;
- экономист;
- кітапханашы;
- барлық мамандық дәрігерлері;
- орта медицина персоналы (мейірбикелер және басқалары);
- іс жүргізуші;
- кассир;
- комендант;
- инженер;
- инспектор;
- механик;
- хатшы;
- жабдықтаушы;
- ғимараттар мен құрылыстарға қызмет көрсету жөніндегі
жұмысшы;
- қазандық қондырғысының машинисі (оператор);
- аспаз;
- автокөлік жүргізушісі;
- тәрбиешінің көмекшісі.
30
4.
Азаматтық қызметшілер болып табылмайтын жалдамалы
жұмысшылар, соның ішінде:
- қызметтік үй-жайларды тазалаушы;
- вахтер;
- гардеробшы;
- кастелянша;
- бақша қызметкері;
24