Microsoft Word 12 ҚР кіруге шақыруды ресімдеу стандарты doc



жүктеу 155,36 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.11.2018
өлшемі155,36 Kb.
#19442


      Қазақстан Республикасы 

      Сыртқы істер Министрінің  

        міндетін атқарушының 

        2015 жылғы «8» мамырдағы 

       № 11-1-2/177 бұйрығына  

      12 - қосымша 



 

 

«Шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіруге шақыруды ресімдеу» 

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

  

 

 



1. Жалпы ережелер 

 

1.  «Шетелдіктерге  Қазақстан  Республикасына  кіруге  шақыруды 



ресімдеу»  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметі  (бұдан  əрі  –  мемлекеттік 

көрсетілетін қызмет). 

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы 

Сыртқы істер министрлігі əзірледі (бұдан əрі – Министрлік). 

3.  Мемлекеттік  қызметті  Министрлік  (бұдан  əрі  –  көрсетілетін  қызметті 

беруші) көрсетеді. 

Құжаттарды  қабылдау  жəне  мемлекеттік  қызмет  көрсету  нəтижелерін 

беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. 

 

 

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тəртiбi 



 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 

1)  көрсетілетін  қызметті  берушіге  құжаттар  топтамасын  тапсырған 

күннен  бастап  –  5  (бес)  жұмыс  күні,  ал  қосымша  зерделеу  немесе  тексеру 

жүргізу  қажет  болған  жағдайда,  жүгінген  мерзім  күнтізбелік  30  (отыз)  күнге 

ұзартылуы  мүмкін,  бұл  ретте  заңды  тұлғаға  (бұдан  əрі–  көрсетілетін  қызметті 

алушы) 3 (үш) жұмыс күні жазбаша түрде хабарлайды; 

2)  құжаттар  топтамасын  тапсыру  үшін  кезек  күтудің  рұқсат  етілген  ең 

ұзақ уақыты – 60 минут; 

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут. 

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нəтижесі – ресімделген шақыру. 

Мемлекеттік қызмет көрсету нəтижесін беру нысаны: қағаз түрінде. 

7.  Мемлекеттiк  көрсетілетін  қызмет  «Салық  жəне  бюджетке  төленетін 

басқа  да  міндетті  төлемдер  туралы»  Қазақстан  Республикасының  2008  жылғы 

10 желтоқсандағы  Кодексінде  (Салық  кодексі)  белгіленген  консулдық  алым 

мөлшерлемелері 

бойынша 


ақылы 

негізде 


көрсетілетін 

қызметті 

алушыларғакөрсетіледі. 



Консулдық  алым  сомасын  төлеу  қолма-қол  ақшалай  немесе  қолма-қол 

ақшасыз  түрде  екінші  дəрежелі  банктер  немесе  банк  операцияларының 

жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі. 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет: 

1) 


Қазақстан 

Республикасына 

жіберілген 

шетелдік 

ресми 

делегациялардың мүшелеріне жəне олармен бірге жүретін адамдарға; 



2)  республикалық  жəне  халықаралық  маңызы  бар  іс-шараларға 

(симпозиумдар,  конференциялар  мен  өзге  де  саяси,  мəдени,  ғылыми  жəне 

спорттық  іс-шаралар)  қатысу  үшін  Қазақстан  Республикасына  жіберілген 

шетелдіктерге; 

3)  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Əкімшілігінің,  Қазақстан 

Республикасы  Үкіметінің,  Қазақстан  Республикасы  Парламентінің,  Қазақстан 

Республикасы  Конституциялық  Кеңесінің,  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы 

Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан 

Республикасы  Президенті  Іс  басқармасының,  Қазақстан  Республикасы 

Премьер-Министрі  Кеңсесінің  шақыруы  бойынша  Қазақстан  Республикасына 

келетін шетелдіктерге; 

4)  Қазақстан  Республикасының  мүдделі  мемлекеттік  органдарымен 

келісілген  гуманитарлық  көмекпен  Қазақстан  Республикасына  келетін 

шетелдіктерге; 

5)  Қазақстан  Республикасына  қызметтік  істер  бойынша  келетін 

халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне; 

6)  шетелдік  дипломатиялық  өкілдіктер  мен  консулдық  мекемелердің, 

сондай-ақ 

Қазақстан 

Республикасында 

аккредиттелген 

халықаралық 

ұйымдардың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына түсіністік қағидаты 

негізінде келетін шетелдіктерге; 

7) түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға; 

8)  көрсетілетін  қызметті  берушінің  лауазымды  қызметкерлері  жіберген 

қателері бар алдыңғы визалардың орнына қайтадан визалар бергені үшін тегін 

көрсетіледі. 

  8.  Көрсетілетін  қызметті  берушінің  жұмыс  кестесі:  Қазақстан 

Республикасының еңбек заңнамасына сəйкес демалыс жəне мереке күндерінен 

басқа,  дүйсенбіден  бастап  жұманы  қоса  алғанда,  сағат  13.00-ден  14.30-ға 

дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. 

Құжаттарды  қабылдау  жəне  мемлекеттік  қызмет  көрсету  нəтижелерін 

беру    сағат  13.00-ден  14.30-ға  дейінгі  түскі  үзіліспен  сағат  09.00-дан  17.30-ға 

дейін жүзеге асырылады.  

Мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  алдын  ала  жазылусыз  жəне  жедел 

қызмет көрсетусіз кезек күту тəртібімен жүзеге асырылады. 

9.  Көрсетілетін  қызметті  алушы  (не  сенімхат  бойынша  оның  өкілі) 

көрсетілетін  қызметті  берушіге  жүгінген  кезде  мемлекеттік  қызметті  көрсету 

үшін қажетті құжаттар тізбесі:  

1) Шетелдіктерге шақыру ресімдеу: 

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартындағы қосымшаға сəйкес 

белгіленген үлгідегі растаухаттың 3 данасы немесе, көрсетілетін қызмет алушы, 



Қазақстан  Республикасында  аккредиттелген  дипломатиялық  өкілдіктер, 

консулдық мекемелер, халықаралық ұйымдар болған жағдайда вербалдық нота; 

консулдық алымның төленгендігін растайтын құжаттың түпнұсқасы; 

үстіміздегі  жылы  нотариалдық  расталған  жарғының,  заңды  тұлғалардың 

мемлекеттік  тіркеуі  (қайта  тіркеуі)  туралы  анықтаманың,  салықтық  қарыздың 

жоқ  екендігі  туралы  анықтаманың  түпнұсқасы    (осы  жылы  Қазақстан 

Республикасының  Сыртқы  істер  министрлігіне  алғаш  рет  өтініш  білдіруші 

заңды тұлғалар үшін); 

заңды тұлғадан сенімхат; 

«С1»  санаттардағы  визалар  бойынша  Қазақстан  Республикасының 

инвестиция жөніндегі құзыретті органның қолдаухаты ұсынылады; 

«D2»  жəне  «D3»  санаттардағы  визалар  бойынша  шетелдіктерді  шақыру 

үшін  қосымша  құжаттар  ретінде  қазақ  немесе  орыс  тілінде  ағымдағы  жылмен 

нотариалдық куəландырылған шарттар мен келісім-шарттар ұсынылады; 

«D8»  санаттағы  визалар  бойынша  шетелдіктерді  шақыру  үшін  қосымша 

құжат ретінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қуаттама-хаты 

ұсынылады; 

«Е1»  жəне  «Е2»  санаттардағы  визалар  бойынша  шетелдіктерді  шақыру 

үшін  қосымша  құжаттар  ретінде  діни  қызмет  саласын  мемлекеттік  реттеуге 

уəкілетті мекемесімен келісілген хат ұсынылады; 

«Е3»  санаттағы  визалар  бойынша  шетелдіктерді  шақыру  үшін  қосымша 

құжат  ретінде  «Е2»  санаттағы  берілген  визаның  көшірмесі  ұсынылған,  «Е2» 

санаттағы  визаға  үміткер  тұлғалармен  туыстастығын  растайтын,  нотариалдық 

куəландырылған құжаттардың көшірмесі ұсынылады; 

«F1»  санаттардағы  визалар  бойынша  туристік  қызметпен  айналысуға 

арналған лицензияның нотариалды расталған көшірмесі ұсынылады; 

«G2»  санаттағы  визалар  бойынша  шетелдіктерді  шақыру  үшін  қосымша 

құжат  ретінде  негізгі  қызметі  ҚР-ға  емделу,  медициналық  зерттеу  немесе 

консультация мақсатымен виза алушыларға медициналық көмек көрсету болып 

табылатын медициналық мекеменің шақыру қағазы ұсынылады. 

Медициналық  мекемелермен  виза  алушыларға  берілген,  тұрақты 

жағдайда емделу қажеттілігін растайтын құжаттар; 

Тұрақты  жағдайда  емделіп  жатқан  ҚР  аумағында  тұрғылықты  тұратын 

немесе  ҚР  азматтарына  күтім  көрсету  мақсатымен,  ҚР-да  болушы  немесе 

бағытталушы,  жақын  туысқандарына  медициналық  мекемелермен  берілген 

науқастың тұрақты емделуде болуын  растауы;  

«L1» санаттағы визалар бойынша шетелдіктерді шақыру үшін:  

1)  қосымшаға  сəйкес  толтырылған  оқу  орнының  растаухаты  фирмалық 

бланкте ұсынылады; 

2) шетелдік студент пен университеттің арасындағы келісімі ұсынылады 

«L2» санаттағы визалар бойынша шетелдіктерді шақыру үшін: 

1)  білім  беру  мəселелеріне  уəкілетті  ҚР  мекемесімен  немесе  ҚР  –дың 

білім беру  мекемесімен берілген өтініші ұсынылады; 




2)  тəжірибе  немесе  тағылымдама  өту  ескерілген  қазақстандық  жəне 

шетелдік  оқу  орны  арасындағы  келісімнің  куəландырылған  көшірмесі 

ұсынылады: 

«М1»  жəне  «М5»  санаттардағы  визалар  бойынша  шетелдіктерді  шақыру 

үшін  қосымша  құжаттар  ретінде  шетелдік  жұмыс  күшін  тартуға  (ағымдағы 

жылмен нотариалды куəландырылған) рұқсаты ұсынылады; 

«М2»  санаттағы  визалар  бойынша  шетелдіктерді  шақыру  үшін  қосымша 

құжат  ретінде  «М1»  санаттағы  берілген  визаның  көшірмесі  «М1»  санаттағы 

визаға үміткер тұлғалармен туысқандық қатынастығын растайтын құжаттардың 

нотариалдық куəландырылған көшірмесі ұсынылады. 

Көрсетілетін  қызметті  алушы    көрсетілетін  қызметті  берушіге  барлық 

қажетті  құжаттарды  тапсырған  кезде,  қағаз  жеткізгіштегі  өтініштің 

көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, əкесінің аты жəне 

құжаттар  топтамасын  қабылдаған  уақыты  көрсетілген  белгі  оның 

қабылданғанын растау болып табылады. 

9-1.  Көрсетілетін  қызметті  беруші  мемлекеттік  қызметті  көрсетуден 

мынадай негіздер бойынша бас тартады: 

1)  көрсетілетін  қызметті  алушының  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметті 

алу  үшін  ұсынған  құжаттарының  жəне  (немесе)  олардағы  деректердің 

(мəліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы; 

2)  көрсетілетін  қызметті  алушының  жəне  (немесе)  мемлекеттік  қызмет 

көрсету  үшін  қажетті  ұсынылған  деректердің  жəне  мəліметтердің  Қазақстан 

Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 

24  қарашадағы  №  11-1-2/555  жəне  Қазақстан  Республикасы  Ішкі  істер 

министрінің  2016  жылғы  28  қарашадағы  №  1100  бірлескен  бұйрығымен 

бекітілген  «Шетелдіктер  мен  азаматтығы  жоқ  адамдардың  Қазақстан 

Республикасына  келуіне  шақыруларын  ресімдеу,  шақыруларын  келісу, 

Қазақстан  Республикасының  визаларын  беру,  күшін  жою,  қалпына  келтіру, 

сондай-ақ  олардың  қолданылу  мерзімдерін  ұзарту  жəне  қысқарту 

қағидаларының»  (Нормативтік  құқықтық  актілерді  тіркеу  тізілімінде  №  14531 

болып тіркелген) талаптарына сəйкес келмеуі; 

3)  уəкілетті  мемлекеттік  органның  мемлекеттік  қызмет  көрсету  үшін 

талап етілетін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы. 

Көрсетілетін  қызметті  алушы  осы  мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет 

стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сəйкес құжаттардың топтамасын 

толық  ұсынбаған  жəне  (немесе)  қолданылу  мерзімі  өтіп  кеткен  құжаттарды 

ұсынған  жағдайларда  көрсетілетін  қызметті  беруші  өтінішті  қабылдаудан  бас 

тартады,  бұл  ретте  көрсетілетін  қызметті  беруші  құжат  қабылдаудан  бас 

тартқаны туралы қолхат береді. 

 

 

3. Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті 

берушінің жəне (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік 

қызмет көрсету мəселелері жөніндегі шешімдеріне, əрекеттеріне 

(əрекетсіздігіне) шағымдану тəртiбi 



10.  Көрсетілетін  қызметті  берушінің  жəне  (немесе)  оның  лауазымды 

адамдарының  мемлекеттік  қызмет  көрсету  мəселелері  бойынша  шешімдеріне, 

əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін 

қызмет  стандартының  12-тармағында  көрсетілген  мекенжай  бойынша 

көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі. 

Шағым  көрсетілетін  қызметті  берушінің  кеңсесі  арқылы  қолма-қол, 

пошта арқылы жазбаша түрде немесе «электронды үкімет» веб-порталы арқылы 

беріледі. 

Шағымды  қабылдаған  адамның  тегі  мен  аты-жөні,  берілген  шағымға 

жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің 

кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын 

растау болып табылады.  

Көрсетілген қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, əкесінің аты, 

почта  мекенжайы  шығыс  нөмірі  жəне  уақыты  көрсетіледі.  Шағымда 

көрсетілетін қызметті алушының қол таңбасы болу керек.  

Көрсетілетін  қызметті  берушінің  атына  келіп  түскен  көрсетілетін 

қызметті  алушының  шағымы  тіркелген  күнінен  бастап  бес  жұмыс  күні  ішінде 

қаралуға жатады. 

Көрсетілген  мемлекеттік  қызмет  нəтижелерімен  келіспеген  жағдайда, 

көрсетілетін  қызметті  алушы  мемлекеттік  қызметті  көрсету  сапасын  бағалау 

жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органға шағыммен жүгіне алады. 

Мемлекеттік  қызмет  көрсету  сапасын  бағалау  жəне  бақылау  жөніндегі 

уəкілетті  органның  атына  келіп  түскен  көрсетілетін  қызметті  алушының 

шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады. 

11.  Көрсетілген  мемлекеттік  қызметтің  нəтижелерімен  келіспеген 

жағдайларда,  көрсетілетін  қызметті  алушының  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.  

 

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып 



қойылатын өзге талаптар 

 

12.  Мемлекеттік  қызметті  көрсету  орындарының  мекенжайлары 



Министрліктің www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. 

13.  Мемлекеттік  қызметті  көрсету  тəртібі  мен  оның  мəртебесі  туралы 

ақпаратты  көрсетілетін  қызметті  алушының  мемлекеттік  қызмет  көрсету 

мəселелері  жөніндегі  бірыңғай  байланыс  орталығы  арқылы  алуға  мүмкіндігі 

бар.  

14.  Мемлекеттік  қызметті  көрсету  мəселелері  бойынша  анықтама 



қызметтерінің  байланыс  телефондары  www.mfa.gov.kz  интернет-ресурсында 

«Мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет»  бөлімінде  көрсетілген,  мемлекеттік 

қызметті  көрсету  мəселелері  жөніндегі  бірыңғай  байланыс  орталығының  

нөмірі - 1414, 8 800 080 7777. 

 

 





«Шетелдіктерге Қазақстан 

Республикасына кіруге шақыруды 

ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін 

қызмет стандартына қосымша 

 

1.1 

Растамахат 

1.2 


 

Шығыс №________________________ 

Мерзімі: «__»________20__жыл. 

БСН:_____________________________ 

Заңды тұлғаны тіркеу куəлігінің № 

жəне тіркеу уақыты:________________ 

Мекенжай: ________________________  

Телефон: ___________ ; факс: ________ 

Электрондық адрес: _________________ 

Банк деректемелері: _________________ 

 

Қазақстан Республикасының  

Сыртқы істер министрлігі 

 

_______________________________________шақыруды қабылдауды растайды: 



(шақырушы тараптың толық атауы) 

 

1. Тегі, аты, əкесінің аты (ағыл.тіл.): 



2. Жынысы: 

3. Туған жері жəне күні: 




4. Азаматтығы (тиістілігі): 

5. Ұлты: 

6. Паспорт №: 

7. Паспорттың қолдану мерзімі: 

8. Жұмыс орны жəне лауазымы: 

9. Тұрақты мекенжайы: 

10. Виза алу орны(мемлекет; қала): 

10. Болу мерзімі: 

11. Визаның мəртелігі: 

12. Сапардың мақсаты: 

13. Келу-кету көлік құралының түрі: 

14. ҚР-дағы сапар бағыты жəне болу пункттері 

15. ҚР-да тұратын жері: 

 

 

Басшы(қолтаңба жəне мөр)               Тегі, аты, əкесінің аты 



 

Орындаушы (шетелдiктi қабылдауға жауапты адам):_______________________ 

____________________________________________________________________ 

 тел.________________, 

ұялы 

телефон___________________, 



электрондықмекенжай__________________. 

 

Ескерту: 



1)  Растамахат  шақырушы  ұйымның  титулдық  парағында  ресімделеді 

(фирмалық бланкінде ресімделеді); 

2) 1-жолда аты мен тегінің орысша транскрипциясының болуы міндетті; 



3)  6-жолда  визаның  қолдану  мерзімі  кемінде  жүру  құжатының  қолданылу 

мерзімінен 3 ай бұрын бітуі тиіс; 

4) 11-жолдағы визаның (бір, екі, үш, көп) мəртелігі көрсетілген болу мерзімі 

кезеңінде Қазақстан Республикасына келу санын білдіреді; 

5)  12-жолдағы  «сапардың  мақсаты»  Қазақстан  Республикасында  болу 

мерзiмі мен сұралатын визаның мəртелігіне негізделіп толтырылады. Жұмысқа 

шақыру  үшін  Қазақстан  Республикасының  Денсаулық  сақтау  жəне  əлеуметтік 

даму  министрлігінің  шетелдік  жұмыс  күшін  тартуға  берілетін  рұқсаттың 

нотариялды куəландырылған көшірмесі қосымша жолданады. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

жүктеу 155,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау