«мектептік тамақтану» сериясы астана-алматы-2008 Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті



жүктеу 186,85 Kb.
Pdf просмотр
бет10/21
Дата22.05.2018
өлшемі186,85 Kb.
#16102
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігінің
Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
комитеті Төрағасының бұйрығымен
бекітілген Əдістемелік нұсқауларға
2-Қосымша
« 26 » желтоқсан 2008 жыл № 153
Оқушылардың қосымша тамақтануын ұйымдастыруға арналған
азық-түліктің қосымша (міндетті емес) тізімі


Ескерту:
Егер негізгі тізімдегі азық-түліктердің барлығы бар болған жағдайдағ қосалқы тізімдегі
азық-түліктің таратылу ассортиментіне шектеу қойылады (1 қосымша).


БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
2003 жылы 25 шілдедегі № 571
бұйрығымен «Мектепке дейінгі
ұйымдардың құрылымына,
оларды пайдалану барысында
қойылатын санитарлық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитарлық ережелері мен
нормаларын бекіту туралы
2003 жылдың 4 шілдедегі № 
2.01.017.03. 
«Мектепке дейінгі
ұйымдардың құрылымына, оларды пайдалану барысында
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»
санитарлық ережелері мен нормалары
Төменде 2003 жылдың 4 шілдедегі № 2.01.017.03. СанЕжН-ның
балалар тамақтануы мəселелеріне байланысты бөлімдерден, баптар
мен қосымшаларынан үзінділер келтіріледі.
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Мектепке дейінгі ұйымдардың құрылымына, оларды
пайдалану барысында қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар» туралы ережелер мен нормалар (бұдан əрі – санитарлық
ережелер) мектеп жасына дейінгі балалар ұйымдарындағы орналастыру
жағдайына, жер учаскесіне, ғимаратқа, үй-жайларды жабдықтауға,
тамақтандыруды ұйымдастыруға, ауа арқылы жылыту режиміне, табиғи
жəне жасанды жарықтандыруға, су жəне канализация жүйесімен қамтуға,
медициналық қызмет көрсетуге жəне тазалық тəртібіне үйретуге
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардан тұрады.
2. Осы санитарлық ережелер меншік нысанынан тəуелсіз мектепке
дейінгі ұйымдарға арналады.
3. Осы санитарлық ережелердің талаптарының сақталуына мектепке
дейінгі ұйымдардың бірінші басшылары жауапты.
4. Осы санитарлық ережелерде келесі терминдер қолданылған:
1) мектеп жасына дейінгі балалар ұйымы – Қазақстан
Республикасының заңдар жиынтығына сай, мектеп жасына дейінгі
балаларға арналған оқу тəрбие беру жағдайының міндетті түрдегі
мемлекеттік стандарттар негізінде əзірленген бағдарламалар мен оқу
жоспарларына сай тəрбие беріп оқытатын - заңды тұлғалар;
2) топтық бөлік – бір топтағы балаларға арналған үй-жайлар


жиынтығы;
3) топтың жинақталуы – топты құру үшін норма бойынша балалар
саны;
4) күн тəртібі – балалар үшін белгіленген күн тəртібі;
5) ертеңгі жүргізілетін тазалық сақтау жұмыстары – жұқпалы
аурулардың алдын алу үшін жүргізілетін медициналық шаралар;
6) дене шынықтыру – адам денсаулығын арттыруға жəне адам
денесінің мүмкіншілігін дамытуға бағытталған іс-қимыл аумағы;
7) тиімді тамақтандыру – физиологиялық жəне жас мөлшеріне қарай
керекті тамақтану нормаларын ескере отырып, тамақтандыру балансын
сақтау;
8) бракераж – тағамдық азық-түлікке жəне дайын тағамдарға түйсік
органдарының көрсеткіштері бойынша баға беру;
9) оқшаулайтын бөлме – ауруларды оқшаулауға арналған үй-жайлар
жиынтығы;
10) инсоляция – үй-жайға гигиеналық тұрғыдан баға беру үшін күн
радиациясын нормалайтын көрсеткіш;
11) табиғи жарықтандыру коэффициенті (əрі қарай - ТЖК) – үй-
жайды табиғи жарықпен қамтамасыз етудегі нормалайтын көрсеткіш;
12) климаттық аумақ – климаттық белгілерді (температура,
ылғалдылық) бойынша бөлінетін аумақ;
13) септик – тұрмыстық жағдайда қолданылған шағын көлемдегі су
қалдықтарын тазалауға арналған құрылғы. Ол жер астында горизонталды
орналасқан, бір немесе бірнеше камерадан тұратын жəне су қалдықтарын
жинайтын тұндырғыш;
14) зарарсыздандырғыш заттар – қоршаған орта нысандарындағы
жұқпалы аурулар қоздырғыштарын жою үшін қолданылатын химиялық
заттар.
15) Мектепке дейінгі ұйым бір жастан жеті жасқа дейінгі аралықтағы
балалар үшін ұйымдастырылады жəне Қазақстан Республикасы Білім беру
жəне ғылым министрінің 2000 жылғы 10 шілдедегі № 708 бұйрығымен
бекітілген, Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2000
жылғы 9 тамыздағы №1216 тіркелген «Қазақстан Республикасы мектеп
жасына дейінгі ұйымдардың қызметін ұйымдастыру тəртібі туралы»
ережеге сəйкес жасына қарай топтарға бөлініп жинақталады.
16) Мектепке дейінгі ұйымдарда орын саны қолданыстағы құрылыс
нормалары мен ережелерінің талаптарына сəйкес анықталады (бұдан əрі –
ҚНжЕ).
2. Мектепке дейінгі ұйымдарды орналастыруға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
18. Шаруашылық алаңдары оқшауланған болуы керек, ас блоктарға
жəне кір жуу орындарына жақын орналасып, бетінің қатты қабаты
(асфальт немесе бетон) болып, өз алдына бөлек көлік кіретін жолы болуға
тиіс. Шаруашылық алаңына кіретін жол аумақтың ішінде топтық
алаңдарға қатынайтын жолдармен қиыспауы керек.


Шаруашылық алаңында көлемі 50 шаршы метр болатын көкөніс
сақтайтын қойманы орналастыруға рұқсат етіледі.
Темірден жасалынған, қақпағы бар қоқыс жинағыштарды
бетондалған немесе асфальтталған алаңда, ұйымның ғимаратынан 25 метр
қашықтықта орналастырады.
3. Мектепке дейінгі ұйымдардың ғимараттарына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
26. Ұйықтайтын жəне ойнайтын топтық үй-жайларда тікелей немесе
бұрыштан табиғи жолмен желдету қамтамасыз етілуге тиіс. IV климаттық
аудандарда тікелей немесе бұрыштан табиғи жолмен желдету ас блогы мен
кір жуатын үй-жайларда да қамтамасыз етілуі керек.
33. Ас блогы үй-жайлары бірінші қабатта орналасып, сыртқа шығатын
есігі болуы керек. Көкөніс жəне құрғақ азық-түлікті сақтайтын қойма ас
үйден бөлек орналасуы тиіс.
36. Кір жуатын бөлменің есігін топтық ұялардың үй-жайына жəне ас
блогына қарсы орналастыруға жол берілмейді; сол сияқты ас блогының,
кір жуатын бөлменің, дəретхананың терезелерін топтық ұялардың үй-
жайларының, ұйықтайтын, ойнайтын бөлмелерінің астына орналастыруға
болмайды.
37. Мектепке дейінгі ұйым үй-жайларының қабырғасы мен едені тегіс
болып жəне ылғалды əдіспен тазартуға мүмкіндік беретін материалдармен
əрленуі керек.
Топтық ұяларға арналған негізгі үй-жайлардың, музыка мен
гимнастика сабақтарына арналған бөлмелердің қабырғалары ашық түсті
бояумен сырланып, жууға жəне зарарсыздандыруға шыдамды болуы тиіс.
Ас блогы үй-жайларының, кір жуатын, үтіктейтін бөлмелердің жəне
дəретханалардың қабырғалары 1,8 метр биіктікке дейін глазурленген
тақтайшалармен қапталуы керек
38. Топтарға арналған, ұйықтайтын, ойнайтын, оқшаулайтын үй-
жайлардың едені тесігі жоқ, жылы болуы тиіс. Бірінші қабатта орналасқан
(I-II климаттық белдеу) топтық жəне ойнауға арналған үй-жайлардың едені
жылытылатын болуы тиіс:
1) топтарға, ойнауға, ұйықтауға арналған үй-жайлардың, медициналық
жəне оқшаулау кабинеттерінің, дəліздің едендеріне тақтай, паркет,
линолеум төселуі керек;
2) ас блогы, кір жуу, үтіктеу жəне əжетхана бөлмелерінің едендері
керамикалық плиталармен төселуі керек;
3) қабырға мен еденді өңдеуге арналған полимерлік материалдарды
іріктеу барысында Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген
заттар мен өнімдер тізімі басшылыққа алынады.
5. Мектепке дейінгі ұйымдарда санитарлық-техникалық
жабдықтарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
49. Ас блоктарына, кір жуатын жайларға, бөбек топтары
бөлмелерінде, буфеттерге жəне дəмханаларға келтірілген ыстық сулар
болуы тиіс. Ыстық су жүйесіне балалардың сыртқы киімін кептіруге


жүктеу 186,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау