Нұсқаулар Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жер учаскесін таңдау актісі келісілген жағдайда жеке және заңды тұлғаларға ақылы көрсетіледі



жүктеу 66,93 Kb.
Дата24.02.2018
өлшемі66,93 Kb.
#10674
түріНұсқаулар

«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»

мемлекеттік қызметтің

ПАСПОРТЫ

«Электрондық үкіметтің» веб-порталы   Нұсқаулар

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жер учаскесін таңдау актісі келісілген жағдайда жеке және заңды тұлғаларға ақылы көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнына 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 152-бабына сәйкес осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мөлшерде есептелетін жер учаскесіне жер-кадастр жоспарын дайындау құны кіреді.


      Жер учаскесіне жер-кадастр жоспарын дайындау үшін ақы төлеу қолма-қол ақшамен немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы Мемлекеттік корпорацияның тиісті филиалының есеп айырысу шотына, не осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақы төлеу мөлшері мен күнін растайтын төлем құжатын (түбіртек) беретін Мемлекеттік корпорация филиалының ғимаратындағы кассаларда қолма-қол ақшасыз аудару нысанында жүзеге асырылады.
      Веб-портал арқылы мемлекеттік қызметті алуға электронды сұраным берген кезде төлем жасау «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
      Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңге жер учаскесіне жер-кадастр жоспарын әзірлеу ақысыз негізде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, селолардың, селолық округтердің әкімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.


      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорациясы);
      2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны:

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.



Құжаттарды тізімі:

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:


      1-кезең:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жер учаскесін орналастыру схемасы;
      3) жеке басты куәландыратын құжат (тұлғаның жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
      түпкілікті таңдау актісін келісуді және жер-кадастрлық жұмыс қызметі үшін ақы төлеуді өтініш беруші үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Өтініш беруші келіспеген жер таңдау актісін қолдану мерзімі он жұмыс күнін құрайды. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін, көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, Мемлекеттік корпорация келісілмеген жер таңдау актісін жою үшін тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне қайтарады;
      2-кезең:
      1) келісілген түпкілікті жер таңдау актісі;
      2) жер-кадастрлық жұмыс қызметі үшін төлем құжаты.
Порталға:
      1-кезең:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      2) жер учаскесін орналастыру схемасының электрондық көшірмесі;
      түпкілікті жер таңдау актісін келісуді және жер-кадастрлық жұмысқа ақы төлеуді өтініш беруші үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Өтініш беруші келіспеген жер таңдау актісін қолдану мерзімі он жұмыс күнін құрайды. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін, Мемлекеттік корпорация келісілмеген жер таңдау актісін көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, жою үшін тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне қайтарады;
      2-кезең:
      1) электрондық құжат нысанындағы түпкілікті келісілген жер таңдау актісі;
      2) жер-кадастрлық жұмыс қызметі үшін төлем құжаты.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) Мемлекеттік корпорацияға және порталға құжаттар пакеті тапсырылған күннен бастап:


      1-кезең: келісуші органдар мен ұйымдардың оң қорытындыларымен жер учаскесін таңдау актісін дайындау - 28 жұмыс күні;
      2-кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келісуі және жер-кадастрлық жұмысы қызметіне ақы төлеуі кезінде - жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару - 22 жұмыс күні;
      толық құжаттар пакеті ұсынылмаған кезде өтінішті қараудан бас тарту - 2 жұмыс күні;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту - 14 жұмыс күні.
      2) құжаттар пакетін тапсыру үшін ең ұзақ жол берілетін кезек күту уақыты - 15 (он бес) минут;
      3) ең ұзақ жол берілетін қызмет көрсету уақыты - 15 (он бес) минут.
      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

жер-кадастр жоспарын (1-қосымша) және уақытша (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) өтеулi (өтеусіз) жер пайдалану шартын қоса бере отырып жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.


      Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы уақытша (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) өтеулi (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды және оны жер қатынастары бойынша өкілетті органында тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан әрі тіркеу үшін жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға жібереді.
Жұмыс кестесі:
      1) Мемлекеттік корпорацияда - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібінде көрсетіледі, жер учаскесінің орналасқан жері бойынша портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
      2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (өтініш беруші жұмыс күні аяқталған кезде, демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оны лауазымды тұлғасының, ХҚКО-ның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

1) шағым Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші, Министрлік басшысының атына беріледі;

2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі;

3) портал арқылы жүгінген кезде шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.
Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

       14. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы өтініш беру жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жерге барып жүргізеді.      15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:


      1) министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттарындағы стенділерде;
      3) Мемлекеттік корпорацияның www.g2c.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.      16. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
      17. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
      18. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-21-98. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414.
жүктеу 66,93 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау