Е-163) қолдануға болады.
30. Балалар мен жасөспірімдердің тамақтануына
арналған тағамдық
заттардың сірке, фосфор (ортофосфор), шарап, алма, сүт қышқылдарын
(қышқылдыққа ықпал ететін) қолдануға рұқсат етілмейді.
31. Білім беру мекемелерінде тұтынылатын тағамдар арасында
химиялық консерванттар (бензой қышқылы жəне оның тұздары, күкірт
қышқылы жəне оның тұздары, сорбин қышқылы жəне оның тұздары, бор
қышқылы,
сутек асқынтотығы, натрий метабисульфиті, күкірт ангидриді
жəне т.б.) қолдануға рұқсат етілмейді.
32. Оқушылар тамақтанатын ет (шұжық) тағамдары құрамында
фосфаттар (натрий фосфаты, екі-, үш- жəне төрт алмастырылған пиро-
фосфорқышқылды натрий жəне өзге ұқсас қосындылар) болмауы тиіс.
Балалар мен жасөспірімдердің тамақтануында қолданылатын тағамдық
заттарды өндіру (балқытылған ірімшіктер) барысында балқыту-тұздарын
(фосфаттар, пирофосфаттар жəне басқалары) пайдалануға тиым салынады.
33. Балалар мен жасөспірімдердің тамағына тек қана йодталған ас
тұзы ғана қолданылуы керек. Қолданылатын ас
тұзының калий иодиды
(KI) емес, калий йодатымен (КIО3) йодталғаны жөн.
34. Тұздың тамақтағы, тағамдық өнімдегі мөлшері оқушылардың
рационындағы тұздың рұқсат етілген тəуліктік мөлшерімен анықталады
(жасына байланысты -4-6г), əдетінде 1.0-1.2 г/100 г (шұжық өнімдері,
қатты ірімшік сорттары мен тағы басқа кейбір тағам түрлері, оларда тұз
мөлшері 1.5-1.8 г/100 г дейін болуы ықтимал) аспауы керек. Тұзды
заттарды (мысалы чипстар) балалар
мен жасөспірімдердің қосымша
тамақтануын ұйымдастыруға арналған тағамдық заттар арасына енгізуге
кеңес берілмейді.
35. Білім беру мекемелерінде ыстық өңдеуден өтпеген өткен жылғы
көкөністерден (қырыққабат, пияз, тамыржемістер) дайындалған салаттар
1-ші наурызға дейін ғана пайдаланыла алады.
36. Оқушылардың қосымша тамақтануын ұйымдастыруда мына
өнімдерді қолдануға болмайды:
1) шикілей ысталған еттік гастрономиялық заттар мен шұжықтар;
2) тоң майда (сұйық майда) қуырылған тағамдар (бəліш,
бауырсақтар, картоптар жəне т.б.);
3) сірке қышқылы, ащы бұрыштар (қызыл, қара), қыша, желкек
жəне басқа ащы дəмдеуіштер;
4) табиғи кофе, құрамына кофеин жəне тағы басқа стимуляторлар
кіретін тағамдар;
5) адам ағзасы тіндерінің өсуіне
ықпал ететін тағамға
биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) – тонус көтеретіндер –элеуте-
рококк, женьшень, төртқилы родиола немесе өзге ұқсас құрамдастар жəне
де аталған қоспаларды қолдану арқылы өндірілетін тағамдар;
6) гормондар, гормонға ұқсас заттар мен антибиотиктер кіретін
тағамдар, жəне іс жүзінде қолданымдағы санитарлық-эпидемиологиялық
ережелер мен нормаларға сəйкес пайдалануға тиым салынған тағамдық
өнімдерді.
37. Балалар мен жасөспірімдердің қосымша тамақтануын
ұйымдастыруға арналған тағамдық өнімдер Санитарлық ережелер мен
нормативтерге СанПиН 4.01.071.03 «Тағамдық заттардың қауіпсіздігі мен
тағамдық құндылығына қойылатын гигиеналық талаптарға» сай болуы
керек жəне ол сапа мен қауіпсіздік куəлігімен (шынайы) жəне жүргізілген
санитарлық эпидемиологиялық сараптау нəтижесі туралы (шынайы
немесе көшірмесі) Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
органдарының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыларымен
айғақталынуы керек.
3. Білім беру мекемелеріндегі балалар мен жасөспірімдердің қосымша
тамақтануына арналған тағамдық өнімдерді тарату жағдаяты
38. Білім беру жүйелеріндегі балалар мен жасөспірімдердің қосымша
тамақтануына арналған азық-түліктерді тарату жағдаяты СанЕжН-ымен:
4.01.060.02 «Тез бұзылатын тағамдық өнімдерді сақтау жағдайы мен
тарқату мерзіміне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар»;
4.01.073.04 «Азық-түлік сауда орындарындағы жабдықтардың
құрылымына, күтіліміне жəне ұстануына қойылатын санитарлық-
эпидемиологиялық талаптар» бойынша анықталынады.
39. Дайын тамақтар мен кулинариялық заттарды тарату «Қоғамдық
тамақтану орындарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар» 4.01.069.03 СанЕжН-ы бойынша жүзеге асады.
40. Білім беру жүйелеріндегі балалар мен жасөспірімдердің қосымша
тамақтануына арналған азық-түліктер мектепте таңертеңгі жəне түскі
астарын тарқататын негізгі асхана жүйесінен емес, дəмханалар, дүкен
сөресі, бар тұрақтары сияқты өзге сату орындарынан тарайды.
Дəмханалық тағамдарды сататын дүкен сөрелері, дəмхана тұрақтары
жəне өзге сауда нүктелері білім беру мекемелерінің ас ішу
бөлмелерінде
немесе арнайы бөлінген бөлек орындарда орналасуы ықтимал. Соңғысы
санитарлық ереже талабына сай қол жуғышпен жəне электрсүлгілермен
жабдықталынуы керек.
41. Білім беру жүйелеріндегі балалар мен жасөспірімдердің қосымша
тамақтануына арналған орындар міндетті түрде тамақ жеуге арнайы
мебельмен – ас үстелдері, түрегеп тұрып тамақтанатын үстелдермен жəне
т.б. жабдықталынуы тиіс.
42. Балалар мен жасөспірімдердің қосымша тамақтануына арналған
орындарда тағамдық заттарды тарату үшін мынадай жабдықтар керек:
сауда үстелі, тоңазытқышты сөрелер (температура +2...+6 °С),
мұздатпайтын жай сөрелер (витрина), сауда қызметкері жуынатын қол
жуғыш.
43. Күні бойы сатылатын тауарлар қоры тұратын дəмханалық
тағамдық заттар үшін кəдімгі шкафтар,
тоңазытқыштар немесе арнаулы
жабдықталған қоймалар болғаны дұрыс.
44. Асханалық жəне шəайлік ыдыстарды жуып тазартатын арнайы
орындар болған жағдайда ғана ұзақ ұсталынатын асхана мен шəй
ыдыстарын қолдануға болады.
45. Еркін сауда арқылы сатылатын дəмханалық астарды (кейбір
дайын тамақтарды, кулинариялық тағамдар) тарату барысында
мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары
санитарлық-эпидемиологиялық сараптау нəтижесінде (гигиеналық
бағалау) берген санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы бар бір
реттік ыдыс-аяқты пайдалануға болады.
46. Тоңазытылатын сөрелер мен шкаф-витриналар барлық тез
бұзылатын жəне аса тез бұзылатын тағамдарға пайдаланылады, міндетті
түрде термометрмен жабдықталынады жəне оның көрсетулері сауда
залынан көрініп тұруы керек.
47. Барлық сатылатын өндірістік азық-түліктер іс жүзіндегі
мемлекеттік стандарттарға СТ РҚ 1010-2002 «Тағамдық азық-түліктер.
Тұтынушыға ақпарат. Жалпы талаптарға» сай тұтыну орауыштарымен
оралуы жəне этикеткалық жазуы болуы керек.
48. Білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне дəмханалық
тағамдарды сату орыны бөлек ұйымдастырылады.
Балалар мен
жасөспірімдердің тамақтануына пайдалануына рұқсат етілмеген тағамдар
өзге арнаулы нүктелерде таратылады.
49. Білім беру орындарындағы балалар мен жасөспірімдердің
қосымша тамақтануына арналған кейбір азық-түліктердің сатылу жағдайы
мен мерзімі осы əдістемелік нұсқаудың 1 жəне 2 қосымшаларында
көрсетілген.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігінің
Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
комитеті Төрағасының бұйрығымен
бекітілген Əдістемелік нұсқауларға
1-Қосымша
«26 » желтоқсан 2008 жыл № 153
Оқушылардың қосымша тамақтануын ұйымдастыруға арналған
негізгі азық-түліктің ассортименттік тізімі