«мектептік тамақтану» сериясы астана-алматы-2008 Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті



жүктеу 186,85 Kb.
Pdf просмотр
бет2/21
Дата22.05.2018
өлшемі186,85 Kb.
#16102
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

6) балалар тамақтанатын азық-түліктің сапасы – кəдімгі жағдайда
пайдаланғанда балалар организмінің тағамға қажеттілігі өтелетін
тағамдық заттардың қасиетінің жиынтығы;
7) балалар тамақтанатын азық-түліктің қауіпсіздігі – тағамдық азық-
түліктерді күнделікті өмірде пайдаланғанда зиянсыздығына жəне
денсаулық үшін кауіпсіздігіне анық сенімділік жағдайы.
4. Бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен
нормативтер бойынша балаларға арналған азық-түлік жəне оның құрамдас
бөліктері тағамдық құндылық пен қауіпсіздіктің гигиеналық
нормативтеріне сай болуы керек.
5. Отандық жаңа азық-түліктер жасау немесе тағамдық
құндылығының көрсеткіштері белгілі регламенттелінген санитарлық-
эпидемиологиялық ережелер мен нормативтерден айырмашылығы бар
шет елдік өндіріс орындары өндірген азық-түліктерді елімізге əкелу



Қазақстан Республикасының Заңы № 301-III ЗРК «Тағамдық азық-түліктің қауіпсіздігі туралы». Астана, Ақ
Орда, 2007жылдың 21 шілдесі
Қазақстан Республикасының заң орындары бекіткен тəртіп бойынша, азық-
түліктің мақсаттық қолданылуына байланысты жүргізіледі.
6. Балаларға арналған тағамдарды өндіру олардың қауіпсіздігі мен
сапасын қамтамасыз ету мақсатында нормативтік-техникалық (СТ РК,
мекеме стандарттары) құжаттарға сай жүргізіледі.
7. Заңды тұлғалар, жеке кəсіпкерлер мен азаматтар балаларға
арналған жаңа тағамдарды жасап шығару үшін оларды міндетті түрде
санитарлық-эпидемиологиялық сараптаудан өткізілуі керектігі ескерілуі
тиіс.
8. Балаларға арналған тағамдарды жасап шығаратын немесе балалар
тағамының айналымына қатысы бар заңды тұлғалар, жеке кəсіпкерлер мен
азаматтар Қазақстан Республикасының «Тағамдық азық-түліктердің
қауіпсіздігі туралы» Заңына сəйкес олардың сапасы мен қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге жауапты.
9. Бекітілген үлгідегі мемлекеттік тіркеу куəлігі балалардың
тағамдық өнімдерінің u1085 нормативтік құжаттарға сəйкестігіне (сəйкес
еместігіне) қарай санитарлық-эпидемиологиялық сараптау нəтижесі
негізінде беріледі.
10. Қазақстан Республикасының территориясына əкелінетін балаларға
арналған тағамдық азықтар Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы
құзырлы заңдарының талабына толығымен жауап беруі керек.
11. Балаларға арналған азық-түліктерді өндіру, əкелу жəне оның
айналымына қатысы бар заңды тұлғалар, жеке кəсіпкерлер мен азаматтар
сатып алушыларға (тұтынушыларға) жəне де мемлекеттік қадағалау жəне
бақылау органдарына Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі
заңдылықтарына сəйкестігі туралы толық жəне шынайы ақпарат беруге
міндетті.
2. Техникалық құжаттар, балалар тамақтануына арналған


тағамдарды өнеркəсіптік өндіру
12. Техникалық құжаттарда балаларға арналған азық-түліктің шикізат
түрі мен дайын азық-түліктің сапасына, физикалық-химиялық қасиетіне
жəне рецептурасына, сақталу жағдайы мен жарамдылық мерзіміне,
қаптамасына жəне этикеткасына жазылатын ақпаратына, тасымалдауға,
технологиялық жабдыққа жəне балалар тағамын өндіру технологиясына,
өндірісті ұйымдастыру мен бақылау əдістеріне қойылатын талаптар
көрсетіледі.
13. Заңдылықтарға сəйкес балалар тағамын өндіру мына заттар
болғанда ғана мүмкін:
1) балалар тағамын өндіруге санитарлық-эпидемиологиялық
қорытынды;
2) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
органдарымен бекітілген жəне келісілген өндірісті бақылау
бағдарламалары;
3) бекітілген тəртіп бойынша келісілген техникалық құжаттар.
3. Балалар тағамын өндіру үшін қолданылатын шикізат пен
компоненттер
14. Балалар тағамын өндіру үшін қолданылатын шикізат санитарлық-
эпидемиологиялық талаптар ережелері мен нормаларына сай болуы керек.
15. Ерте жастағы балалар тағамын өндіру барысында іс жүзіндегі
мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормативтерге
сəйкес келесі аталатын шикізат түрлерін қолдануға болмайды:
1) қышқылдығы 150º Тернерден асқан ақ ірімшік;
2) өзге қосындылармен u1078 жəне нан қорларының зиянкестерімен
ластанылған соя ұны, дəндер жəне дəндік тағамдар;
3) жүрек, бауыр жəне тілден басқа көжелік ішек-қарындар;
4) үшінші жəне төртінші категориялық сиыр еті;
5) дəнекер жəне майлы тіндердің массалық үлесі 9% астам бірінші
жəне екінші категориялық шандырлы сиыр еті;
6) дəнекер жəне майлы тіндердің массалық үлесі 12% астам
шандырлы шұжықтық сиыр еті;
7) дəнекер жəне майлы тіндердің массалық үлесі 20% астам
шандырлы котлеттік сиыр еті;
8) үшінші жəне төртінші категориялық шошқа еті;
9) шандырлы шошқа еті;
10) шандырлы шұжықтық шошқа еті;
11) дəнекер жəне майлы тіндердің массалық үлесі 9% астам
шандырлы қой еті;
12) үшінші категориялық балапан жəне бройлерлік балапан тұшасы;
13) шандырлы сиыр, құс еттерінің тоңазытылған блоктары жəне де
сақталу мерзімі 6 айдан аспайтын көжелік ішек-қарындар;
14) су түбі балықтарынан (камбала, палтус жəне т.б.) жəне шектеулі
қоршалған аумақтарда өсірілген балықтардың түрінен алынған балықтық
шикізаттар;


15) қайтадан тоңазытылған балықтық шикізаттар;
16) жұмыртқа ұнтағы;
17) жоғарғы сорттан төмен сары май, тұздалған сары май;
18) асқын тотық саны 2 ммоль белсенді оттек/кг майға артық
өсімдік майлары;
19) өсімдік майлары – жоғары эруктелінген, рапс, мақта;
20) 
диффузиялық əдіспен алынған қоюлатылған шырындар
.
16
. Балаларға арналған өсімдік шəйлерін жасауға осы əдістемелік
нұсқаудың 1-ші қосымшасында кеңес етілген дəрілік өсімдік шикізаттары
қолданылады. Қандай да бір аурулар болған кезде, əсіресе аллергия
сияқты, балаларға өсімдік шəйлерін дəрігермен кеңесіп қана беру керек.
17. Балаларға арналған тағамдар шығару барысында құрамдас бөлігі
ретінде қолданылатын ауыз суы СанПиН-нің 3.02.002-04 «Ауыз суымен
қамтамасыз ететін орталықтандырылған су жүйелеріне қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» нормасына сай болуы керек.
18. Мектепке дейінгі жəне мектеп жасындағы балаларға арналған
тағамдарға шикізаттың мына түрлерін қолдануға болмайды:
1) сойылған жануарлардың жəне құстардың қайтадан
тоңазытылған еті;
2) шандырлы сиыр жəне шошқаның тоңазытылған ет блоктары
жəне сақтау мерзімі 6 айдан аспайтын көжелік ішек-қарындар;
3) үшінші жəне төртінші категориялық сиыр еті;
4) майлы тіндердің массалық үлесі 20% астам бірінші жəне екінші
категориялық шандырлы сиыр еті
5) дəнекер жəне майлы тіндердің массалық үлесі 12% астам
шұжықтық шандырлы сиыр еті;
6) дəнекер жəне майлы тіндердің массалық үлесі 20% астам
котлеттік сиыр еті;
7) майлы тіндердің массалық үлесі 60% астам шошқа еті;
8) майлы тіндердің массалық үлесі 50% астам бірінші жəне екінші
категориялық шандырлы шошқа еті;
9) дəнекер жəне майлы тіндердің массалық үлесі 60% астам
шандырлы шұжықтық шошқа еті;
10) дəнекер жəне майлы тіндердің массалық үлесі 9% астам қой еті;
11) бауыр, жүрек, тілден өзге көжелік ішек-қарындар.
4. Балаларға арналған дайын тағамдардың химиялық жəне
ингредиенттік құрамы
19. Балаларға арналған тағамдардың химиялық құрамына негізгі
гигиеналық талаптар санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен
нормалар бекітілген.
20. Іс жүзіндегі санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен
нормативтерге сəйкес ерте жастағы балаларға арналған дайын балалар
тағамдарына мына заттарды қосуға болмайды:
1) балалар тағамына арналған тамақтарды шығару барысында
қолдануға рұқсат етілген заттардан басқа ароматизаторлар, бояғыштар,


жүктеу 186,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау