Білім беру мекемелерінде
балалар тамақтануын
ұйымдастыру
Мектептік тамақтануды
ұйымдастырушыларға арналған
нормативтік жəне ғылыми-əдістемелік
материалдардың жинағы
«МЕКТЕПТІК ТАМАҚТАНУ» СЕРИЯСЫ
АСТАНА-АЛМАТЫ-2008
Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Профилактикалық медицина академиясы
Қазақ тағамтану академиясы
Білім беру мекемелерінде
балалар тамақтануын
ұйымдастыру
Мектептік тамақтануды
ұйымдастырушыларға арналған
нормативтік жəне ғылыми-əдістемелік
материалдардың жинағы
МЕКТЕПТІК ТАМАҚТАНУ СЕРИЯСЫ
АЛМАТЫ-2008
ҚР ҰҒА жəне РМҒА академигі, профессор Т.Ш.Шармановтың
редакциялығымен
Жинақты құрастырушылар:
Тəжібаев Ш.С. медицина ғылымының докторы, профессор
Саймасаева Г.А ҚР БжҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің
басқармасының бастығы Г.А. Саймасаева
Апсеметова М.А. медицина ғылымының кандидаты
Какимова Г.С. медицина ғылымының кандидаты
Рецензенттер: Алдашев А.А. – медицина ғылымдарының докторы,
профессор
Бекбосынов Т.К. – медицина ғылымдарының докторы,
профессор
Мазмұны
Алғыстар ...............................................................................................................5
Балалар тамақтануын ұйымдастыру (Əдістемелік нұсқаулар) ........................6
Балалар мен жасөспірімдер тамақтануында тағамдық майлар
мен майлық азық-түліктерді қолданудың гигиеналық аспектлері
(Əдістемелік нұсқаулар).......................................................................................27
Білім беру мекемелеріндегі оқушыларды қосымша
тамақтандыруға арналған тағамдық азық-түліктердің кеңес
етілген түрлері (Əдістемелік нұсқаулар)............................................................42
2003 жылдың 4 шілдесіндегі № 2.01.017.03 «Мектепке дейінгі
ұйымдардың құрылымына, оларды пайдалану барысына
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»
санитарлық ережелері мен нормалары...............................................................67
№2.01.015.03 «Оқушыларға жалпы білім беретін жəне
интернаттық ұйымдардың құрылымына, ұсталуына жəне оқыту
жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар» санитарлық ережелері мен нормалары.............................................84
2003 жылдың 8-ші қыркүйегіндегі u8470 № 2475 «Балаларды
сауықтыру ұйымдарының құрылымына, оларды ұстауға жəне
жұмысын ұйымдастыруға санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар» санитарлық ережелері мен нормалары.............................................95
2008 жылдың 13 тамызындағы № 98 «Мектеп оқушыларының
ыстық тамағын ұйымдастыру» əдістемелік нұсқаулығы................................110
АЛҒЫСТАР
Жинақ Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігінің
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысымен дайындалды.
Комитет төрағасы Ж.К.Жөкеновке жəне Комитет Төрағасының
орынбасары Шер Р.П., бас сарапшы Л.Дауылбаеваға кітапты дайындап
басып шығару процесстеріне көрсеткен кеңестік, ұйымдастырушылық
жəне техникалық көмектеріне алғысымызды білдіреміз.
Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Профилактикалық медицина академиясы
Қазақ тағамтану академиясы
«Келісілген»
Қазақстан Республикасының Білім
жəне ғылым министрлігінің
Балалардың құқықтарын қорғау
комитетінің Төрағасы
__________________ Ж. Жүкенов
27 қараша 2008 жыл
БАЛАЛАР ТАМАҚТАНУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
(Əдістемелік нұсқаулар)
ҚР ҰҒА жəне РМҒА академигі, профессор Т.Ш.Шармановтың
редакциялығымен
Əдістемелік нұсқауларды құрастырушылар:
Тəжібаев Ш.С. медицина ғылымының докторы, профессор
Апсеметова М.А. медицина ғылымының кандидаты
Какимова Г.С. медицина ғылымының кандидаты
Тлеубекова Б.Т. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитеті басқармасының бастығы
Ахметова З.Д. бас сарапшы
Рецензенттер: Алдашев А.А. – м.ғ.д., профессор
Бекбосынов Т.К. – м.ғ.д., профессор
Алматы, 2008
Қазақстан Республикасының ДСМ
Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық
қадағалау комитеті Төрағасының –
Қазақстан
Республикасының Бас мемлекеттік
санитарлық дəрігерінің бұйрығымен
бекітілген
_______________А. Белоног
« 26 » желтоқсан 2008 жыл № 152
Əдістемелік нұсқаулар
Балалар тамақтануын ұйымдастыру
1. Жалпы ережелер
1. Бұл əдістемелік нұсқау медицина қызметкерлеріне, денсаулық
сақтау ісін ұйымдастырушыларға, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет
қызметкерлеріне, қоғамдық денсаулық сақтау мен тамақтану
салаларындағы бағдарламалардың координаторларына, мектепке дейінгі
жəне мектеп мекемелеріндегі ас блок қызметкерлеріне, медициналық
жоғарғы оқу орындарының жəне колледждердің студенттеріне арналған.
2. Балаларға арналған азық-түліктер балалардың жас шамасына
байланысты бөлініп есептелінеді. Осыған орай балалар мына топтарға
бөлінеді:
1) ерте жастағы балалар – туылғаннан бастап 3 жасқа дейін;
2) мектеп жасына дейінгі балалар – 4-тен 6 жасқа дейінгі балалар;
3) мектеп жасындағы балалар – 7-ден 16 жасқа дейінгі балалар.
3. Бұл əдістемелік нұсқауларда келесі анықтамалар қолданылады:
1) балалар тамақтануына арналған азық-түліктер – 16 жасқа дейінгі
балалардың тамақтануына арналған жəне бала организмінің
физиологиялық қажеттілігін толық өтейтін тағамдық азық-түліктер;
2) ерте жастағы балалар тамақтануына арналған азық-түліктер –
туылғаннан 3 жасқа дейінгі балалардың тамақтануына арналған тағамдық
азық-түліктер құрамы мен қасиеті жағынан бала организмінің
физиологиялық ерекшеліктеріне сай болуы, тиімді сіңірілуін қамтамасыз
етуі жəне де бала денсаулығына зиянсыз болуы керек;
3) балаларға арналған шөп шəйлер – шөптер мен шөптердің
сығындылары негізінде дайындалған тағамдық өнімдер;
4) мектепке дейінгі (3-тен 6 жасқа дейін) жəне мектеп жасындағы (7-
ден 16 жас) балалардың тағамдары – аталған жастағы балалардың
тамақтануына арналған тағамдардың, өзге жалпылама пайдалынатын
тамақтардан айырмашылығы, оларды дайындауға алынатын
шикізаттардың анағұрлым жоғары сапалылығында, тұздар мен майлардың
төмендігімен, құрамында жасанды тағамдық қоспалар мен ащы
дəмдеуіштердің болмауы жəне санитарлық-эпидемиологиялық ережелер
мен нормаларға сай қауіпсіздік
1
көрсеткіштерінің талаптарына толығымен
жауап беретіндігінде;
5) балалар тамақтанатын азық-түліктің тағамдық құндылығы –
балалар организмінің u1179 .ажетті заттар мен энергияға физиологиялық
мұқтаждығы толығымен өтелетін тағамдық заттардың қасиетінің
жиынтығы;
Достарыңызбен бөлісу: |