Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы
Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті
Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті
Дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы кафедрасы
Тақырыбы: Спорттағы, топтағы спортшы тұлғасы
Орындаған:Нургазин Е.Р.
Мұғалім:Ибраева Р.Ж
Қостанай, 2020
Тәрбиедегі мақсат жеке тұлғаны қалыптастыру, оны жан-жақты әріүйлесімді
дамытуды көздейтіндігі екені белгілі. Даму – табиғи процесс, соныңнегізіндеадам
организмінің сапа және сан жағынан өзгеруінің нәтижесі көрініс береді.Дамуүнемі
бітпейтін, бір жағдайдан екіншіжағдайға, қарапайымнан күрделіге барлық кезде
өтіп тұратын өзгермеліжағдаймен байланысты. Сондықтан жеке тұлғаныңдамуы
мен қалыптасуы – ақиқат дүниедегі өте нәзік әрі күрделі процесс. Себебі, балада
анадан туа біткен психологиялық және әлеуметтік қасиеттер пайда болмайды. Ол
өмір жағдайына байланысты біртіндеп қалыптасып, дамып отырады. Адам
баласының дамуы бір-бірімен өзара байланысты екіжағдайда – биологиялықжәне
әлеуметтік салада жүзеге асады.
К.Маркстің айтуынша, жеке адам дегеніміз – қоғамдық дамудың нәтижесі,
белгілі қоғамдық қатынастардың жемісі(мемлекет, мораль, өнер, философия,дін,
саясат, т.т.).
Жеке тұлғаның дамуы жайлы Н.В.Савиннің «Педагогика» оқулығында:
«Жеке адамның дамуы – бұл, ең алдымен, оның рухани өсуінің, жетілуініңпроцесі,
жеке адам үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларда: іс-әрекетте, өзін
қоршаған өмір шындығының бейнеленуінде, өзін қоршаған құбылыстарға,
адамдарға деген қарым-қатынаста, таным-білім процестерінде болатын сапалық
өзгерістер процесі», - деп тұжырымдайды.
Ж.Қоянбаевтың «Педагогика» оқулығында ол туралы: «Жекеадамныңдамуы
дегеніміз – оның жүйке жүйесіндегі функционалдық мүмкіншіліктерінің, психи-
калық процестерінің, адамгершілік қасиеттерінің, білімінің, көзқарастарының,оқу
қабілетінің адам баласы жасаған материалдық және рухани байлықты келешекте
жасаудың даму тарихы» деген пікірді қуаттайды.
Қорыта айтқанда, адам биологиялық фактор ретінде өзінің тіршілік ету
барысында көптеген әлеуметтік қасиеттерді қалыптастырып дамиды, яғни жеке
адам, жеке бас немесе жеке тұлға деген түсінік биологиялық және әлеуметтік
қасиеттердің қосылуы негізінде анықталады.
«Қалыптастыру» – экологиялық, әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық,
психологиялық, т.б. көптеген факторлардың ықпал етуі барысында адамның
тұлғалық қалыптасу процесі.
Тәрбие – тұлғаны қалыптастыруда негізгіфакторлардың бірегейі, бірақтаол
бірден-бір бола алмайды. Сондықтан қалыптастыру процесі – тұлғаның
қалыптасуындағы соңғы кемелденген, толысқан шағы.
Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке тұлғаны жан-жақты дамыту,
әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын азамат етіп
тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан-жақты жетілдіріп,дамытудегенұғымды
оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің жәнеақыл-
ой дамуының біртұтастығы деп түсіну керек.
Жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру дегеніміз:
˗ Отанына берілгендікті, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауға
даярлығын, бейбітшілік үшін, халықтардың достығы мен ынтымағы үшін,
еңбекшілердің бақыты үшін арнауға даярлығын тәрбиелеу;
˗ ғылым, мәдениет, техника салаларындағы білімдер жүйесін және өндірісті
ұйымдастырудың даму жағдайларын игере білуін тәрбиелеу;
˗ адамгершілік қасиеттерді барынша құрметтеушілік, адамдарға деген
қамқорлық жасау және оларға ілтипатпен қараушылық, жолдастық пен
адалдық, шыншылдық, жауапкершілік сезімдерге тәрбиелеу;
˗ еңбекте адал қарым-қатынасын, қоғам игілігі үшін материалдық өндіріс
саласында еңбек етуге даяр болуы, еңбек ету қажеттігін түсінуге, еңбек
адамын құрметтеуге тәрбиелеу;
˗ әсемдікті барынша сезіне білуді, шын көріктілікті жасандылықтан ажырата
білуді, музыкаға, өнерге, әдебиетке ынтасын үнемі кеңейтуге талпынысын,
құштарлығын, табиғатты сүю және оны қорғай білуін тәрбиелеу;
˗ денсаулығы мықты және дене құрылысы жақсы дамыған, дене
шынықтырумен (спортпен) үнемі шұғылданатын адамды тәрбиелеу.
Жеке тұлғаны барлық жағынан қалыптастыруда тәрбие салаларының
міндеттерін жүзеге асырудың, олардың бірлігімен өзара байланысын қамтамасыз
етудің маңызы зор.
Олай болса, жан-жақты дамыған адам деп өзінің бойындағыруханибайлықты,
моральдық тазалықты және дене жағынан жетілгендікті үйлестіре, ұштастыра
білген, сана-сезімі жоғары, өмірдің түрлі салаларында белсенді қызмет етуге
қабілетті адамды айтуға болады.
Ғылымда ертеден келе жатқан жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының
биологиялық және әлеуметтік факторларының ара қатынасы туралы пікірталас
бітер емес. Осы көп ғасырлық айтыс нәтижесінде әртүрлікөзқарастарпайдаболды.
Бұл көзқарастардың бірін жақтаушылар адамның дамуын, негізінен, табиғи
ерекшеліктер анықтайды деп санайды. Ал тәрбиенің маңызы аз деп есептелінеді.
Жеке тұлғаның дамуын түсіндіретін осындай (биологизаторлық) бағыт ерте
заманнан бастау алады. Сонау Платон (427-347 ж.ж.б.з.б.) менАристотель (384-322
ж.ж.б.з.б.) өз кездерінде-ақ адамдардың қоғамдық міндеттерін олардың табиғаты
анықтайды деп санаған. Аристотельдің пікірінше, туылған сәтінен бастап-ақкейбір
адамдар бағыну үшін, ал кейбіреулер билік ету үшін жаралған.
ХVІ ғасырда пайда болған префоризм (латынша – қайта құру, өзгерту)деген
философиялық бағыт төмендегідей ойды ұстанған: адамныңұрығында-ақболашақ
жеке тұлғаның барлық қасиеттері бар, ал даму тек сандық жағынан артуын ғана
білдіреді. Бұл орайда әлеуметтік факторлар мен тәрбиенің маңызы жоққа
шығарылған.
Бихевиоризм бағыты да жеке тұлғаның дамуының биологиялықбастауларын
жақтайды. Осы бағыттың негізін салушы американдық психолог және педагог
Э.Торндайктің пікірінше, жеке тұлғаның барлық қасиеттерін (соның ішінде сана-
сезім, қабілеттелігін) тек тектілік, тұқымқуалаушылық қана анықтайды. Оныңойынша, ақыл-ой қабілеті балаға «көздері, тістеріжәне саусақтары» сияқтыдүниеге
келгеннен-ақ беріледі. Ол адамды ұрпақтан-ұрпаққа сол қалпында берілетін және
жеке тұлғаның барлық қасиеттері мен келешегін толығымен анықтайтын
«гендердің жинағы немесе батареясы» ғана деп санаған. Жеке тұлғаның дамуын
биологизаторлық жағынан түсіндіру прагматизм бағытына да тән. Прагматизм
дегеніміз – іс-әрекет, тәжірибе. Бұл бағыттың негізін салушы – Джон Дьюи.
Ендігі бір көзқарастың негізін классикалық түрде ағылшын философыДжон
Локк (1632-1704 ж.ж.) салып, француз материалистері оны ары қарай дамытқан.
Бұл бағыт бойынша адам өмірінің жағдайлары мен тәрбие жеке тұлғаның
қалыптасуының ең басты факторы болып есептеліген. Д.Локктің белгілі бір
пайымдауы бойынша баланың жаны дүниеге келген сәтінде таза тақтаға ұқсас
болып келеді және тек оның өмір жағдайлары мен тәрбие ғана жеке тұлғаның
белгілі бір қасиеттерінің пайда болуына себепші болады. Осыдан кейін бұл
көзқарас социологизаторлық бағыт болып қалыптасады, ал оның өкілдері жеке
тұлғаның қалыптасуына әлеуметтік ортаның әсерін бірінші орынға қойып, оның
дамуының ішкізаңдылықтарын жоққа шығарады. Олар адамның маңыздылығын
кемсітеді.
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына сыртқы, қоршағанортаықпалының
мәнізор екендігіне сене отырып, философ-материалистер адамның биологиялық
табиғатын жоққа шығармады. Олардың ойынша, адам тікелей табиғитіршілікиесі,
сондықтан ол бойына біткен бейімділіктер ретінде көрініс тапқан табиғикүштерге
ие деп сенді. Алайда ол бейімділіктер оның бойында тек лайықты орта мен
мақсатты тәрбие бар кезде ғана дами алады.
Материалистік философия қоршаған орта мен биологиялық бейімділіктер
қатарында тәрбиеге ерекше орын бөледі, тәрбие – жеке тұлғаның дамуы мен
қалыптасуының үшінші факторы. Мұндағы айта кететін жағдайдың бірі –
материалистік түсінікте жеке тұлға тек объект ретінде ғана емес, соныменқатар, ең
бастысы, тәрбиенің субъктісі ретінде қарастырылады.
Тәрбиенің нысанасы жан-жақты даму және қалыптасу үстіндегі адам болып
табылады. Бүкіл өмір бойы даму үрдісі жүріп жатады. Адам әртүрлі дене және
психикалық, сандық және сапалық өзгерістерге ұшырап отырады.
Дене жағынан өзгерістерге сүйек және бұлшық ет жүйелерінің, ішкі
органдарының, нерв жүйелерінің дамуы мен өсуіжатады. Психикалық өзгерістер
дегеніміз ең алдымен ақыл-ой дамуы, жеке тұлғаның психикалық қасиеттерінің
қалыптасуы және қоғам мен өмірге қажетті әлеуметтік сапаларды меңгеру.
Адамның дамуы-өте күрделі, ұзақ қарама-қайшылықты үрдіс. Ол әрбір тірі
және даму үстіндегі организм адамға тән сыртқы ықпалдардың, соныменқатар ішкі
күштердің әсерімен өзгерістерге ұшырап отырады.
Сыртқы әсер ететін ықпалға ең алдымен, қоғамның материалдық өмірінің
жағдайлары – адамды қоршаған табиғи және әлеуметтік орта және қоғам өміріне
қатысуға баланың бойына қажетті сапаларды қалыптастырудаұстаздардыңарнайы
мақсатты жұмысы, демек, тәрбие жатады.
Сыртқы ықпалдар мен әсерлердің тиімділігі даму үстіндегі адамның даралық
ерекшеліктерін анықтайтын ішкі күштер мен үрдістерге байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |