«мектептік тамақтану» сериясы астана-алматы-2008 Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті



жүктеу 186,85 Kb.
Pdf просмотр
бет3/21
Дата22.05.2018
өлшемі186,85 Kb.
#16102
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

стабилизаторлар, консерванттар, тағамдық қоспалар;
2) осы əдістемелік нұсқаудың 2-ші қосымшасына кірмеген
витаминдер мен минералдық тұздар;
3) жасанды түрде тəттілендірілген заттар (қант алмастырғыштар);
4) қосымша тағамдардағы ас тұзының 0,4% артық болуы;
5) аскөк, ақжелек, балдыркөк, пияз, сарымсақ, зере, райхан, тəтті
ақ жəне хош иісті бұрыш, орегано, дəмқабық, күнзе, қалампыр, лавр
жапырағынан басқа дəмдеуіштерді.
21. Ерте жастағы балалардың тағамын шығару үшін кеңес етілген
витаминдер мен минералдық тұздар 2-ші қосымшада көрсетілген.
22. Іс жүзіндегі санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен
нормативтерге сəйкес мектепке дейінгі жəне мектеп жасындағы балаларға
арналған дайын тамақ түрлеріне u1084 мына заттарды қосуға болмайды:
1) жартылай дайын еттер мен қалбырларда, шұжықтарда ас тұзы
0,8% артық жəне нитриттер 0,03% артық;
2) күйдіретін ащы дəмдеуіштер – жартылай дайын балықтарда,
шұжықтық өнімдерде;
3) кондитерлік тағамдарда - алкоголь, табиғи кофе, өрік сүйегінің
дəндері, кулинарлық жəне кондитерлік майлар, натрий пиросульфиты.
5. Балаларға арналған тағамдардың қаптамасы жəне этикеткаға
жазылатын ақпарат
23. Тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы заңдылықтардың
қағидаларына сəйкес, оның ішінде Қазақстан Республикасының
«Қазақстан Республикасының халқының санитарлық-эпидемиологиялық
аман-саулығы туралы» тағамдардың қаптамасы айналымның барлық
кезеңінде қауіпсіздік пен тағамдық құндылықты бұлжытпай қамтамасыз
етуге тиіс.
24. Балаларға арналған тағамдарға қаптама ретінде бекітілген тəртіп
бойынша балалар тағамына жанасуға рұқсат етілген материалдарды ғана
пайдаланылады
2
.
25. Ерте жастағы балаларға арналған тағамдар, əдетінде ауа кірмейтін
қаптамаларда ұсақ күйде дана-дана етіп шығарылады; ерте жастағы
балаларға арналған тағамдар сұйық күйде мөлшері 0,35 л аспайтын
қаптамада шығарылады.
26. Балалар тағамының этикеткасына жазылатын ақпаратқа талаптар
тұтынушыға қажетті ақпаратты этикеткаға жазуға регламенттелінген іс
жүзіндегі заңды жəне нормативтік құжаттар бойынша бекітіледі.
27. Қазақстан Республикасының заңдарының қағидаларына сəйкес
балаларға арналған тағамдардағы ақпаратта қолданылу аясы жəне жас
шамасына байланысты кеңестер жайлы мəліметтер болуы керек.
6. Балалар тамақтануына арналған тағамдар өндірудегі
қолданылатын технологиялық құрал-жабдықтар жəне
технологиялық процесстер
28. Ерте жастағы балаларға арналған тағамдарды өндіру бекітілген
тəртіппен толтырылған, олардың санитарлық ережелер бойынша


санитарлық-эпидемиологиялық сəйкестігі туралы қорытындысы бар
арнайыландырылған өнеркəсіптерде, арнайыландырылған цехтарда
(немесе арнайыландырылған технологиялық желілерде) жүреді.
29. Мектепке дейінгі жəне мектеп жасындағы балалардың
тамақтануына арналған тағамдары шығаруға жалпы тағамдарды шығаруға
қойылатын талаптарға сəйкес қолдағы жұмыс істеп тұрған
мүмкіншіліктерді (құрал-жабдықтар мен саймандарды жуғыш заттармен
жуып дезинфекциялағаннан кейін ауысым (смена) басында немесе жекеше
ауысым кезінде) пайдалану арқылы жүзеге асыруға болады.
30. 
Технологиялық құрал-жабдықтар, аппараттар, ыдыстар, саймандар
Қазақстан Республикасының іс жүзінде қолданымдағы заңдылықтарына сəйкес 
балалар тағамына жанасуға рұқсат етілген материалдардан
жасалынады.

Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттар мен азық-түліктердің реестрі. Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылдың 18 желтоқсанындағы № 73 Бұйрығы
31. Балалар тағамын өндіруге арналған құрал-жабдықтар бекітілген
тəртіп бойынша бақылау-тіркегіш приборларымен жабдықталынады.
32. Технологиялық құралдар технологиялық сүлбе бойынша
орнатылады, технологиялық процесстің тоқтаусыздығын, құбыртүтік
жүйелерінің қысқа жəне тіке жалғастырылуын, шикізат пен дайын
тағамдардың қарама-қарсы қимылдарын болдырмайды, жабдықтардың
жуылып дезинфекциядан өтілуіне мүмкіншіліктерді қамтамасыз етеді.


Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігінің
Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
комитеті Төрағасының бұйрығымен
бекітілген Əдістемелік нұсқауларға
1-Қосымша
« 26 » желтоқсан 2008 жыл № 152
Ерте жастағы балаларға арналған өсімдік шəйлерін шығару үшін кеңес
етілетін дəрілік өсімдік тектес шикізаттар түрі





Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігінің
Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
комитеті Төрағасының бұйрығымен
бекітілген Əдістемелік нұсқауларға
2-Қосымша
« 26 » желтоқсан 2008 жыл № 152
Ерте жастағы балалар тағамын шығару үшін қолдануға кеңес етілген
витаминдер мен минералдық тұздар түрлері



Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Профилактикалық медицина академиясы
Қазақ тағамтану академиясы
«Келісілген»
Қазақстан Республикасының Білім
жəне ғылым министрлігінің
Балалардың құқықтарын қорғау
комитетінің Төрағасы
__________________ Ж. Жөкенов
27 қараша 2008 жыл
БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТАМАҚТАНУЫНДА
ТАҒАМДЫҚ МАЙЛАР МЕН МАЙЛЫҚ АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕРДІ
ҚОЛДАНУДЫҢ ГИГИЕНАЛЫҚ АСПЕКТЛЕРІ
(Əдістемелік нұсқаулар)
ҚР ҰҒА жəне РМҒА академигі, профессор Т.Ш.Шармановтың
редакциялығымен
Əдістемелік нұсқауларды құрастырушылар:
Тəжібаев Ш.С. медицина ғылымының докторы, профессор
Апсеметова М.А. медицина ғылымының кандидаты
Какимова Г.С. медицина ғылымының кандидаты
Тлеубекова Б.Т. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитеті басқармасының бастығы
Ахметова З.Д. бас сарапшы
Рецензенттер: Алдашев А.А. – м.ғ.д., профессор
Бекбосынов Т.К. – м.ғ.д., профессор
Алматы, 2008


жүктеу 186,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау