Мектептегі єдістемелік жумысты жоспарлау мен мазмуны


Жас мұғалімдер мектебінің сабақтарын ұйымдастыру



жүктеу 1,35 Mb.
бет7/7
Дата14.11.2017
өлшемі1,35 Mb.
#177
1   2   3   4   5   6   7

Жас мұғалімдер мектебінің сабақтарын ұйымдастыру

4.1. Жас мұғалімдермен өткізілетін жұмысты іске асыру үшін тәжірибелі педагогтар, әдіскерлер, психологтар тартылады.

Жұмыс семинар, дәріс, кокференция, жеке кеңес, байқау түрінде өткізіледі.

4.2. Рефераттың мектеп немесе тамыздық аудандық (калалық) әдістемелік пәндік бірлестік отырыстарында қорғауы немесе жас мұғалімдердің шығармашылық есептері «Жас мұғалімдер мектебі» жұмысының қорытындысы болып табылады. Бұл жас мамандарға есеп беруге, әріптестер табуға, өз жұмысына жауапкершілікпен қарауға және өз тақырыбын қорғауға мүмкіндік береді.

Қосымша №17

Озық тәжірибе мектебі туралы ереже

Жалпы бөлім

Озық тәжірибе мектебі (ОТМ) – ол мұғалімді ғылыми-психологиялық-педагогикалық не әдістемелік бір проблема бойынша дайындауда ғылыми-теориялық, ғылыми әдістемелік және практикалық жағынан мүмкіндік туғызатын педагогикалық алқалық ұйым.



    1. Озық тәжірибе мектебі педагогикалық технологияның жаңаруына әсер етуге қабілетті, проблеманы шешуге ынталы мұғалімдер бірлестігі.

    2. Озық тәжірибе мектебі мектепте нақты педагогикалық бастаманың тууына бейім /әуес/ (оқыту мен тәрбиенің жаңа әдістері мен жаңа технологиялары) және оны іс жүзіне асырып, әрі қарай дамытуға қабілетті.

Озық тәжірибе мектебінің мақсаты мен міндеттері

Озық тәжірибе мектебінің мақсаты – проблеманың мазмұнын зерттеу, ұжымның педагогикалық жәжірибесіне оны енгізудің жолдарын белгілеп, ұсыну.



Міндеттері:

  • оқытылатын пән ерекшелігінің контексінде белгілі проблеманың теориялық негізін зерттеу;

  • өзінің педагогикалық тәжірибесіне сүйене отырып проблеманың мазмұнын түсіну;

  • дайындалған материалды пайдаланып өзінің педагогикалық технологиясын жаңарту;

  • оқушының жеке басын дамытуда жоғары нәтижеге жету.


Озық тәжірибе мектеп мүшелерінің міндеттері мен құқықтары

    1. Озық тәжірибе мектеп мүшелері құқылы:

  • проблеманы зерттеуде өз орнын анықтауға;

  • осы проблеманы тәжірибеде іс жүзіне асыру мақсатымен әріптесінің сабағына қатысуға;

  • жұмыстың нәтижесі мен әдістемесін демонстрациялау мақсатымен көрнекі сабақ өткізуге;

  • қарастыратын проблема бойынша эксперименттік сыныпты анықтауға және эксперимент жүргізуге;

  • ғылыми конференцияға белсенді қатысуға.

    1. Озық тәжірибе мектеп мүшелері міндетті:

  • өздері жасаған жұмыс нәтижесі туралы әріптестерін хабардар етуге;

Озық тәжірибе мектеп жұмысын ұйымдастыру:

  • озық тәжірибе мектебі өз отырысын айына бір рет өткізеді;

  • озық тәжірибе мектебі өз жұмысын демократиялық принципте, сыйластықта, жариялылықта және озық тәжірибе мектебінің барлық мүшелердің қызығушылығын ескере отырып құрады;

  • озық тәжірибе мектебі өз жұмысының нәтижесі туралы тұрақты педагогикалық кеңес пен ғылыми- әдістемелік кеңесте есеп береді.


Қосымша №18

Жас директорға педагогикалық кеңесті өткізу туралы

жаднама

  1. Педкеңес тақырыбына сәйкес нормативті-құқықтық құжаттарды, психо – педагогикалық және басқа да әдебиеттерді оқып таныс.

  2. Педкеңеске дайындық жүргізетін ұйымдастыру тобын құр, педкеңеске дайындықтың бағдарламасын құрастыр.Уақытын белгіле, кім жауапты, кімдер сөйлейді. Сабақтар мен іс-шараларға қатысу. Теориялық –тәжірибелік семинар, ӘБ отырысын, әдістемелік кеңес, директордың жанындағы отырысты өткіз (қажеттілігіне қарай).

  3. Әдістемелік кеңесте педкеңестің техникалық жағынан қамтамасыз етілуін ойластыр.

  4. Дидактикалық жаңалықты қолдана отырып педкеңесті өткізудің формасын, әдіс – тәсілін ойластыр.

  5. Педкеңес шешімінің жобасын дайындау және ұжымды алдын ала шешімнің жобасымен таныстыру.

  6. Педкеңес материалын жеке папкаға тігіп, дайындау


Қосымша №19

Педагогикалық кеңесті өткізудің үлгісі
Тақырып: Жаңа технологиялардың оқу үдісінің сапасына әсері
Педагогикалық кеңестің мақсаты:

  1. Оқу тәрбие үдерісінде қолданылған оқыту технологияларының оқушылар әрекетіне әсерінің жағдайын талдау.

  2. Оқушылардың білім сапасының артуына әсер еткен әдістер мен тәсілдерін жүйелеу.

Педкеңес алдында жүргізілген дайындық:

  • 3,5,7,9,10 сынып оқушыларынан сауалнама алу.

Осы оқушыларға мына сөйлемдерді аяқтау ұсынылады:

  • егер мен жақсы баға алсам, онда ...

  • егер мен төмен баға алсам, онда ...

  • егер үлкендер ... , маған өте жақсы.

  • мен мұғалімге қарағанда ол ... сияқты.

  • мен өзіме сенімді сезінемін, егер мұғалім ....

Мұғалімдерге сауалнама.

Құрметті ұстаздар! Сіздерге ұсынылған сауалнама сұрақтарына жауап берулеріңізді сұраймыз. Дұрыс жауапты + қойып белгіле, не өз жауабыңды жаз.

  1. Білім сапасы дегенді қалай түсінесіз?

  • үлгерім, ЖОО түсу көрсеткіші;

  • интеллектуалдық даму, білімге ынталандыру және білімін көтеру, оқушылардың шығармашылық қабілетінің көрсеткіші;

  • оқушылардың тәрбие деңгейінің көрсеткіші;

  • білім беру үдерісінің сапа көрсеткіші;

  • оқушылар денсаулығы жағдайының жұмыс істеу қабілет көрсеткіштері;

  • т.б,

  1. Мектеп жоспарындағы білім сапасын арттыру бөлімінде қандай міндетті шешу керек?

  • бірінші орынға сабақты қою, оқушыны олимпиадамен, сайыспен, зачет жұмысымен бастырмаламау керек;

  • оқушыға оқу әрекетін қалыптастыру, өз жұмысын ұтымды ұйымдастыру, өз әрекетін бағалауды қалыптастыру;

  • сабаққа қатысу мен білім сапасын бақылауды қамтамасыз ету;

  • өз вариантың бар ма?

  • оқу бағдарламасына, үй тапсынмасының көлеміне түзетулер енгізу. Бір сыныпта бақылау жұмысын өткізуді реттеу;

  • жыл сайын сыныпта мұғалімдерді ауыстырмау;

  • мұғалім әрекетіне терең талдау жасау;

  1. Сенің кәсіби шеберлігіңді арттыруға байланысты мектепішілік семинар тақырыбын ата?

Жұмыстарыңызға рахмет.
«Оқушылардың білім сапасын арттыруға әсер ететін әдіс-тәсілдерді қолдану» әкімшілік тарапынан тексерудің анықтамасы.

Мұғалімнің өз сабағына талдауы мен әкімшіліктің, ӘБ жетекшілерінің сабаққа талдауы. Екі апта бұрын 6-7 мұғалімнен құрылған топ құрып, топ жетекшілеріне тапсырма беріледі.



Тәжірибелілер әртүрлі әдістерді қолдану.

Теоретиктер оқушылардың білім сапасын арттыруға теориялық жағынан көмек беру.

Пессимистер /түңілушілер/ әртүрлі технологияларды қолданудың қажеті жоқ.

Оптимистер /өмірге сеніммен қараушылар/ әртүрлі технологияларды қолданудың қажеттілігін дәлелдеу.

Педагогикалық кеңес өтетін орынды безендіру /тақырыпқа сәйкес нақылдар, атақты педагогтердің, ғалымдарың сөздерін жазып қою/.



Педагогикалық кеңестің өтуі.

І кезең Директордың кіріспе сөзі (өткен педагогикалық кеңес шешімінің орындалуы, осы кеңестің тақырыбы, мақсаты).

ІІ кезең Педагогикалық кеңес тақырыбы бойынша ойға шомдыру. Барлығың оң қолыңыздың контурын мына берілген параққа сызыңыз да алақаныңызға осы педкеңес тақырыбына байланысты мұғалімнің сезімін білдіретін сөз, сөз тіркесін жазыңыз. Осы парақтың екінші бетін екі бөлікке бөліңіз. Бірінші бөлігіне 1-ші беттегі сөздердің ішінен негізгісін алыңыз да сол сөзге оң синоним, 2-ші бөлікке онтоним жазыңыз. Негізгі сөзді және әр бөліктегі синоним мен онтонимдерден 3 сөзден алып эссе жазыңыз. Кеңеске қатысып отырған мұғалімдер өз еріктері бойынша ойларымен бөліседі.

ІІІ кезең Жұмысқа жұмылдыру кезеңі. Педкеңесті өткізіп тұрған директордың орынбасары қатысушыларға төмендегідей сұрақ қояды: «Педагогикалық кеңесті неге осы тақырыпта өткізу қажеттілігі туды. Қалай ойлайсыз?»

Тақтада жаңа технологияны енгізу мен үлгерім нәтижесі арасындағы қарамақайшылықты бейнелеген кесте көрсетіледі. Топтарға бөліп оларға оның туу себебі неде екендігін анықтауға тапсырма береді.

Проблеманы шешу жолдары
жаңа технологияны енгізу жұмыс аяқталғаннан

мен үлгерім нәтижесі ----------------------------- кейінгі

арасындағы қарамақайшылық қорытынды
Кесте №1 Бұл кестеде мектептегі пән бірлестіктері бойынша жаңа технологияны меңгерген және сабақтарында қолданып жүрген мұғалімдер саны көрсетіледі.

Кесте №2. Соңғы 2 жылдағы 3-11 сыныптар бойынша «4» пен «5» үлгерген оқушылардың пайыз саны, яғни үлгерім нәтижесі көрсетіледі.

Мұғалімдер «Оқушы білімінің сапасы артуына мүмкіндік туғызатын әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбында өткен тексеру қорытындысының нәтижесін хабарлайды.



ІV кезең Ұғыну, түсіну кезеңі. Педагогикалық кеңес тақырыбы бойынша директор орынбасарының баяндамасы. Баяндама барысында мұғалімдер проблеманың себептерін белгілеп отырады.

Баяндаманың жалпы мазмұны: Білім сапасы ...; ҚР –ғы білім берудегі өзгерістер....; Сапаны көтерудің негізгі бағыты жалпы білім берудің мазмұны мен құрылымын жетілдіру болып табылады. ....; т.б.

Мұғалімдерден білім сапасы туралы сауалнама алынған, сондағы олардың түсінігі:


Білім сапасы дегенді Сіздер қалай түсінесіздер?

%

Интеллектуалды дамуы, білімге ынталандыру, өздігінен білім алуы, оқушының шығармашылық қабілеті;

84,7

Оқушының денсаулық жағдайы, оның жұмысқа қабілеттілігі және өмірге төзімділігі.

38,5

Білім сапасының көрсеткіші, үлгерімі, мектеп бітірушінің ЖОО түсуі.

15,4

Білім беру процесінің сапа көрсеткіші.

21,4

Оқушылардың тәрбиесі мен әлеуметтік жекедаму көрсеткіші.

21,4

Жұмысқа орналасу кезіндегі талап ететін көрсеткіш

7,1

Сауалнама қорытындысы бойынша мұғалімдердің сапа туралы түсінігі негізінен оқушылардың интеллектуалды дамуы, білімге ынталандыру, өздігінен білім алуы, оқушының шығармашылық қабілетіне байланысты деп, ал аз бөлігі ғана білім беру процесінің сапасын көрсеткен.

Бір де біреуі мектептегі сапа көрсеткішіне басты әсер ететіндер мұғалімнің кәсіби біліктілігі, жаңа технологиялар, білім беру процесін қазіргі жағдайға сай қамтамасыз ету, мұғалім мен оқушының өзара түсіністіктегі қарым қатынасының болуы, білім берудегі гуманистік көзқарас деп жазбаған.

Оқу процесінің сапасы. ... білім беру мекемесінің білім беру сапасын басқару жүйесінің соңғы нәтижесі қарастырылады. Мектептегі білім беру мониторингісі негізіне мына көрсеткіштер жүйесі алынады: оқушылардың тәрбие деңгейі, оқушылардың біліктілік деңгейі, мектеп түлегінің білімді жалғастыруға дайындық деңгейі, бала денсаулығының сақталу деңгейі, білім беру стандартты орындау деңгейі, оқушының қоғам өміріне бейімделу деңгейі, т.б.

Тапсырма №1. Білім сапасына әсер ететін факторларды атаңыздар.

Тапсырма№2. Білім беру сапасына әсер ететін факторларды атаңыздар.

Сонымен мұғалімдердің ойы бойынша білім сапасын арттыруға бағытталған



мектептің бірінші міндеті: оқу әрекетін ұйымдастыру, гуманистік ортаны, қарым- қатынас ортасын қалыптастырып бекіту, материалдық базаны нығайту.

мектептің екінші міндеті: бағдарламаға түзету енгізу, білім мазмұнын жетілдіру, ұстаздарды басқару мен өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру.

мектептің үшінші міндеті: кадрлардың білімін жетілдіруге, олардың кәсіби деңгейінің өсуіне, мұғалімнің ұстаздық қызметін ынталандыруға бағытталған.

Сұралған мұғалімдердің 50% егер оқыту технологиясы әртүрлі танымдық деңгей мүмкіндігі негізінде оқушы дамуының психологиялық заңдылығына сай құрылса білім беруде жоғары нәтижеге жетуге болады деп жауап берген.

Сауалнама кезінде мұғалімнің кәсіби деңгейін арттыру мақсатындағы мектепішілік семинардың тақырыбы анықталды.

V кезең. Топтағы жұмыс.

Әр топ тапсырма алады. Сонымен қатар қосымша теориалық материал, ватман, маркер,т.б. беріледі.



Теоретиктер:Сабақта кіші жастағы балалар мен жоғары сынып оқушыларына технологияны қолданудың айырмашылығы бар ма?

Сіздің көзқарасыңыз бойынша сапаны арттыруға әсер ететін әдіс, тәсілдерді ұсыныңыз.



Практиктер: Технологиялардың ролі қандай?

А) жаңа материалды меңгергенде,

Б) білімді бекіткенде,

В) сабақтаң басқа кезеңдерінде.

Сіздің көзқарасыңыз бойынша сапаны арттыруға әсер ететін әдіс, тәсілдерді ұсыныңыз.

Оптимистер: Оқу әрекетіне жаңа технологиялардың қандай оң әсері бар?

А) Оқушыны оқу әрекетіне ынталандыруда,

Б) Өзара қатынасты қалыптастыруда,

В) Оқу процесінің нәтижесіне.

Мектеп тәжірибесінен мысал келтіріңіз.

Сіздің көзқарасыңыз бойынша сапаны арттыруға әсер ететін әдіс, тәсілдерді ұсыныңыз.



Пессимистер: Оқу әрекетіне жаңа технологияларды пайдаланудың қандай теріс әсерін, не теріс зардабын байқадыңыз?

Мектеп тәжірибесінен мысал келтіріңіз.

Сіздің көзқарасыңыз бойынша сапаны арттыруға әсер ететін әдіс, тәсілдерді ұсыныңыз.

Эксперттер: Әр топың жұмысын қысқаша қорытындыла.

Педкеңес шешімінің жобасын ұсын.



VІ кезең. Талқыланған сұрақтар нәтижесін презентациалау.

4 топ өз ой қорытындысымен бөліседі. Ал эксперттер педкеңестің жалпы қорытындысын шығарады.



VІІ кезең. Педкеңес шешімінің жобасын қалыптастыру.

VІІІ кезең. Рефлексия.

Әр мұғалімге бір сұрақтан қойылады. Олар бір сөзбен не бір фразамен жауап берулері керек.


Қосымша №20

Әдістемелік жұмысты жоспарлаудың үлгісі

20 .. – 20.. оқу жылы

Бастауыш сынып мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің жоспары


р/с

Айы

Тақырыбы

Өткізу формасы

Жауапты адам

1

Қыр-күйек

1. 20.. – 20.. өткен оқу жылының жұмысын талдау

І ӘБ отырысы

ӘБ жетекшісі







2. 2010-2011 оқу жылында ҚР жалпы білім беру ұйымдарында ғылым негіздерін оқыту ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатымен танысу.

а)2010-2011 оқу жылында ҚР жалпы білім беретін мектептеріндегі оқыту ҚР БжҒм-нің 9 шілде 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты ҚР МЖБС.

б) Жалпы орта білім берудің типтік оқу жоспарлары. Оқытудың бастауыш сынып бағыттары.(ҚР БжҒм-нің 09.07.2010ж. № 367 бұйрығы)

в) Жалпы орта білім берудің типтік оқу бағдарламалары.( ҚР БжҒм-нің 09.07.2010ж. № 367 бұйрығы)

г) «2010-2011 оқу жылында ҚР БжҒм-нің білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» ҚР БжҒм-нің 2010 жылғы 5 сәуірдегі № 152 бұйрығы, 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтары.





Оқу ісінің меңгерушісі,

ӘБ жетекшісі










3. 2010-2011 оқу жылына арналған ӘБ жұмысын жоспарлау




ӘБ жетек.,

мұғалімдері









4. Арнаулы курс, факультатив, күнтізбелік жоспарларын қарау.




Мектеп әкім.

ӘБ жетекшісі









5. Аттестациядан өтуге өтініш берген мұғалімдерді бірлестік бойынша таныстыру.




Оқу ісін меңг

ӘБ жетекшісі









6..Бастапқы бақылау жұмысының материалын дайындау.




ӘБ жетек.,

мұғалімдер









7. Бастапқы бақылау жұмысының қорытынды анықтамасын дайындау.




ӘБ жетек.

мұғалімдер









8. Кабинетті жабдықтау

(дидактикалық материалдар, жинақтау, жүйелеу)






Кабинет меңгеруші-лері







9. Мұғалім портфолиосын жасау, арнаулы не элективті бағдарламалар, электрондық оқулықтар құрастыру.




ӘБ жетекшісі,

мұғалімдер









10.Республикалық «Сатпаев оқулары»

ҒТ конференциясына мұғалімдер мен оқушылардың ғылыми баяндама дайындауы.






ӘБ жетек., мұғалімдер






11. Мұғалімдердің курстан өтуінің кестесін жасау.




ӘБ жетек.,

мұғалімдер






Жыл бойы

12. Кейс технологиясын меңгеру. Теориялық семинарға қатысу.




ӘБ жетек.

мұғалімдер.






Жыл бойы

Өздігінен білім көтеру тақырыбын іс-жүзіне асыру




ӘБ жетек.

пән мұғалім.



2

Қазан

1. Бастапқы бақылау жұмысын талдау

ІІ ӘБ отырысы

ӘБ жетек.

мұғалімдер









2.Оқушылардың облыстық интеллектуалдық марафонға дайындау.




ӘБ жетек.,

3-4 сын. мұғ.









3.Оқушылардың облыстық ғылыми жобалар сайысының іріктеу турына оқушыларды дайындау.




Оқу ісін меңг

ӘБ жетек.,

мұғалімдер








4. «Ақ бота» республикалық интеллектуалдық марафонына қатысу.




ӘБ жетек.,

3-4 сын. мұғ.









5. Аттестациядан өтуге өтініш берген мұғалімдерді аттестаттаудың бірінші кезеңіне(тест) дайындау.




Оқу ісінің меңгерушісі,

ӘБ жетекшісі



3

Қара-

ша


1. І тоқсан қорытындысына аналитикалық талдау жасау.

ІІІ ӘБ отырысы

Оқу ісін меңг

ӘБ жетек.,

мұғалімдер








2.Мектепішілік олимпиада өткізу




ӘБ жетек.,

мұғалімдер









3. Негізгі пәндер бойынша қысқы сессия тапсыратын сыныптарды анықтау.




ӘБ жетек.,

мұғалімдер








4. Мектепішілік олимпиадаға аналитикалық талдау жасау.




ӘБ жетекшісі.







5. Дүниетану пәнінен апталық өткізу

апталық

ӘБ жетек.,

мұғалімдер



4

Желтоқсан

1.Облыстық ғылыми жобалар сайысы.

ІV ӘБ отырысы

ӘБ жетек.,

мұғалімдер.









2. Қысқы сессия материалдарын бекіту.




Оқу ісін меңг

ӘБ жетекшісі









3. Кабинетті жабдықтау (дидактикалық материалдар, жинақтау, жүйелеу)




ӘБ жетек.,

каб. меңгер.









4. Қысқы сессияны өткізу





ӘБ жетек.,

мұғалімдер.









5. І жартыжылдыққа аналитикалық талдау жасау.




ӘБ жетек.,

мұғалімдер









6. Кейс технологиясы бойынша бірлестік мұғалімдерінің ашық сабақтар өткізуі.




ӘБ жетек.,

мұғалімдер



5

Қаң-

тар


1.Облыстық пән олимпиадасына оқушыларды дайындау

V ӘБ отырысы

ӘБ жетек.,

мұғалімдер









2. Аралық бақылау жұмысын алу




ӘБ жетек.,

мұғалімдер









3. Аралық бақылау жұмысына аналитикалық талдау жасау.




ӘБ жетек.,

мұғалімдер









4. Оқушылардың зерттеу жұмыстары және шығармашылық жобалар «Зерде» қазақстандық сайысына дайындап қатыстыру.




ӘБ жетек.,

мұғалімдер









5. Мұғалімдердің курстан өтуінің кестесін жасау.




ӘБ жетекшісі

6

Ақ

-пан


1.Әдістемелік кеңесі. І жартыжылдық бойынша ӘБ жұмысының есебі.

Әдіст. кеңестің отырысы

Оқу ісінің меңгерушісі,

ӘБ жетек.









2.І жартыжылдық бойынша қорытынды есеп.

VI ӘБ отырысы

ӘБ жетекшісі







3.МАБ-ға дайындық барысын бақылау




ӘБ жетек.,

мұғалімдер









4. Қазақ тілі пәнінен апталық өткізу

апталық










5. Оқу пәндері бойынша республикалық ғылыми сайыстарға оқушыларды қатыстыру.




ӘБ жетек.,

мұғалімдер









6. Бірлестікте мұғалімдердің шығармашылық есептерін тыңдау.(мұғалімдер)




ӘБ жетекшісі







8. Мұғалімдердің сабақ беретін сыныптары бойынша анкеталық сауалнама жүргізу.




ӘБ жетекшісі

7.

Нау-рыз

  1. Негізгі пәндерден ашық сабақтар өткізу.

/Арнайы кейс бойынша/

VII ӘБ отырысы

ӘБ жетек.,

мұғалімдер









2. «Кенгуру» халықаралық сайысына оқушыларды дайындап қатыстыру.




ӘБ жетек.,

мұғалімдер









3.Аттестациядан өтуге өтініш берген мұғалімдерге мінездеме жазу.




ӘБ жетекшісі

8.


Сәуір

1.Жазғы сессия тапсыратын пәндерден тапсырма дайындау және қайталау бұрышын безендіру.

VIIІ ӘБ отырысы

ӘБ жетекшісі,

мұғалімдер









2.Республикалық «Сатпаев оқулары» ҒТ конференцияға бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушыларымен қатыстыру.




ӘБ жетекшісі,

мұғалімдер









3. Математика апталығын өткізу.

апталық

ӘБ жетек.,

мұғалімдер









4. Өзінің және сыныптың соңғы 3жылдағы мониторингісін жасау.




ӘБ жетекшісі







5. ӘБ мұғалімдерінің өздігінен білімін жетілдіру бойынша жыл бойы жүргізілген жұмыстарының есебі.




ӘБ жетекшісі,

мұғалімдер









6. Аттестациядан 2011-2012 оқу жылында өтетін мұғалімдерден өтініш қабылдау.




ӘБ жетекшісі

9

Ма-мыр

1.ӘБ кеңесі. ІІ жартыжылдық бойынша есеп беру.

ӘБ кеңес отырысы

Оқу ісін меңг

ӘБ жетекшісі









1. ІІ-жартыжылдық қорытындысы. (жазғы сессия, сынақ алу, тест алу)

ІХ ӘБ отырысы

ӘБ жетек.,

мұғалімдер









2. Қазақ тілі, математика пәндерінен жылдық бақылау жұмысының тапсырмасын дайындау.




ӘБ жетекшісі







3.Жылдық бақылау жұмысына аналитикалық талдау жасау.




ӘБ жетекшісі







4. Жазғы сессия тапсырмасын дайындап бекіту




Оқу ісін меңг

ӘБ жетекшісі









5. Жазғы сессия нәтижесіне аналитикалық талдау жасау.

6. ӘБ жетекшісінің жылдық есебі. /Анықтама/






ӘБ жетекшісі

ӘБ жетекшісі: аты, тегі, әкесінің аты




Әдебиеттер тізімі
1. «Білім туралы» Заң. Астана, Ақорда, 2007.

2. «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «10» шілде 2010 жылғы № 367 бұйрығымен бекітілген.

3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2011.

4. Н.А.Лебедева. Білім берудегі менеджмент. Алматы – 1998жыл.

5. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2012жыл.

6. Баймолдаев Т.М. и др. Научное управление развитием школы. Алматы-Самара,2007.

7. Баймолдаев Т.М. и др. Педагогический менеджмент и управление развитием образования. Алматы-Самара,2007.

8. Иманбекова Б.И. Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыс. Алматы, 2003.

9. Поташник М.М. Управление современной школой. Пособие для директора школы. Москва, 1992.

10. Третьяков П.И. Управление по результатам. Практика педагогического менеджмента. Москва, Новая школа, 1997.

11. Вагина Л.И. и др. Планирование работы средней школы. Изд.2-е. Москва, Педагогический поиск, 2000.

12. Моисеев А.М. и др. Качество управления школой. Москва, Директор школы. 2001,4.

13. Полбенникова И. Внутришкольный контроль: цели и способы. Народное образование, 1999, №1-2.

14. Марьин А.А. Система контрольно-диагностической и регулятивно-коррекционной деятельности в управлении школой. Завуч. №5 2003 г.

15. Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесіндегі әдістемелік қызмет. Аматы, РИПКСР, 2009ж.

16. Қазақстан Республикасында білім беруді модернизациялау жағдайында басшы кадрлар біліктілігін арттыру және оны жетілдіру жолдары. Алматы, РИПКСО, 2009ж.

17. Диагностика и анализ работы школы. Журнал Завуч, 2008г., №2.

18. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысын басқару. Алиаты 1990 ж.

19. Г.И.Горрская, Р.Г.Чуракова Организация учебно –воспитателного процесса в школе. Москва, Просвещение. 1986г.

20. Гирба Е.Ю. Анализ методической работы школы. Завуч. №3 2010г.






жүктеу 1,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау