Мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұны мен оны жоспарлау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы
Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
Мектептегі кешенді әдістемелік жұмыс: ұйымдастыру принциптері, мазмұны,
басқару
Павлодар
2014
Бұл әдістемелік құралда әдістемелік жұмыстың мазмұны, мұғалімнің оқыту жұмысына педагогикалық талдау жасау жүйесі, әдістемелік жұмыс формаларының оптимальді түрлері, мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдірудің жолдары қарастырылған.
Сонымен қатар, оқу үдерісінің барысында ғылым негіздерін оқытудың сапасын ұдайы арттыру жолдары, пән бірлестігі жұмыс жоспарының үлгісі, әдістемелік кеңес туралы нақты ұсыныстар берілген. Әдістемелік құралдағы қосымшаларда әдістемелік жұмысты сараптау, шығармашылық топты құру, әдістемелік бірлестік жұмысының, т.б. арналған ережелер топтамасы орналастырылған.
Әдістемелік құрал білім беру мекемесінде қызметті жаңа бастаған басшыларға, аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттің әдіскерлеріне, мұғалімдерге, әдістемелік бірлестіктің жетекшілеріне көмек көрсетуге арналған.
Мазмұны
№
|
Мазмұны
|
Беті
|
1
|
Түсініктеме
|
2
|
2
|
Кіріспе
|
3-4
|
3
|
Мектептегі әдістемелік қызметтің құрылымы, мазмұны, ұйымдастыруы.
|
5-11
|
4
|
Әдістемелік жұмысты жоспарлау
|
12-24
|
5
|
Педкеңес – үздіксіз білім беру үдерісін басқарудың алқалық формасы.
|
25-26
|
6
|
Озық іс тәжірибені жинақтау және ұсыну формасы.
|
27-30
|
7
|
Мұғалімдердің әдістемелік бірлестігі.
|
30-32
|
8
|
Проблемалық шығармашылық топ.
|
32-34
|
9
|
Үздіксіз білім берудің негізгі идеясы -мұғалімнің өздігінен білім алуы.
|
34-36
|
10
|
Үздіксіз білім беру жүйесіндегі ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік семинарлар.
|
37-43
|
11
|
Мұғалімнің кәсіби дамуын ынталандыру.
|
43
|
12
|
Әдістемелік жұмыс нәтижелілігінің параметрлері.
|
44
|
13
|
Қосымша
|
|
14
|
Әдістемелік жұмыста басшылыққа алатын құжаттар.
|
45
|
15
|
Оқу-әдістемелік жұмысты іс жүзіне асыру мен ұйымдастыру ережесі.
|
45-54
|
16
|
Әдістемелік бірлестік туралы ереже.
|
55-58
|
17
|
Мектептегі әдістемелік бірлестік туралы есеп беру формасы.
|
59
|
18
|
Әдістемелік жұмыс жоспарын зерттеуге сауалнама.
|
59-60
|
18.1
|
Мұғалімнің өздігінен білімін арттыру қызметін талдауға сауалнама.
|
60
|
18.2
|
Мұғалімдердің әдістемелік бірлестік қызметін бағалау парағы.
|
61
|
18.3
|
Әдістемелік бірлестік жұмысына талдау.
|
61-63
|
18.4
|
Әдістемелік бірлестік жетекшісінің функционалдық міндеті.
|
64
|
18.5
|
ӘБ-тің хаттамасы.
|
65
|
18.6
|
Мұғалімнің инновациялық қызметке дайындығына диагностика.
|
66-68
|
19
|
Мұғалімнің педагогикалық іскерлігін бағалау сараптамасы.
|
68-69
|
19.1
|
Шығармашылық топтың ережесі.
|
69-71
|
19.2
|
Әдістемелік кеңес туралы ереже.
|
72-73
|
19.3
|
Сараптамалық кеңес туралы ереже.
|
73-75
|
19.4
|
Жас мұғалімдер мектебі туралы ереже.
|
75-77
|
19.5
|
Озық тәжірибе мектебі туралы ереже.
|
77-78
|
19.6
|
Жас директорларға педагогикалық кеңесті өткізу туралы жаднама.
|
78
|
19.7
|
Педагогикалық кеңесті тақырып бойынша өткізудің үлгісі.
|
79-83
|
19.8
|
Әдістемелік жұмысты жоспарлаудың үлгісі.
|
83-86
|
20
|
Әдебиеттер тізімі.
|
87
|
Кіріспе
Мектептегі әдістемелік жұмыс – педагогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру мен үздіксіз білім беру жүйесінің тұтас құрамды бөлігі. Қазіргі уақытта оқыту мен тәрбиелеуде жаңа әдіс, тәсіл, форманы тиімді және тез қолдану қажеттілігі әдістемелік жұмыстың ролін едәуір арттырды.
Әдістемелік жұмыс дегенді мұғалімдер педагогикалық-психологиялық ғылымның жетістігі мен әр педагогтың кәсіби шеберлігінің жан-жақты артуына бағытталған әрекет пен іс шараларға негізделген, жалпы мектеп ұжымының шығармашылық потенциалын байыту мен дамытудың тұтас жүйесі деп түсінеді. Мектептегі әдістемелік жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 29 қарашадағы №583 бұйрығымен бекітілген оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесі негізінде құрылады (қосымша №1).
Білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру ережесі Қазақстан Республикасының „Білім туралы” Заңының 5-бабы 25-ші тармақшасына сәйкес және білім беру ұйымдары мен тиісті инфрақұрылымдарда оқу-әдістемелік жұмысқа басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асыру үшін әзірленген. Бұл Ереже білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын, орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу-әдістемелік жұмыстарды реттейді. Ережеде оқу-әдістемелік жұмыс, оқу-әдістемелік басқарма, әдіскер, оқу-әдістемелік бірлестік деген негізгі ұғымдар пайдаланылады. Әдістемелік бірлестіктің қызметі, негізгі міндеттері, мазмұны, жоспарлау ерекшелігі ережеде толық ашып баяндалған.
Әдістемелік жұмысты жоспарлағанда басқарушы алдымен оның мәні мен міндеттерін анықтап алу керек. Төмендегі аспектілерге байланысты әдістемелік жұмыстың мазмұны анықталады:
педагогикалық ынтымақтастық негізінде оқу-тәрбие жұмысын демократияландыру;
шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер мен жаңашыл ұстаздар іс-тәжірибесі негізінде оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдісін үйрену;
оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге бағытталған білім беру басқармасының нормативтік құжаттарын оқу;
білім беру үдерісін басқарудың проблемасы мен оқушыны оқыту және тәрбиелеудегі психологиялық – педагогикалық проблемаларын зерттеу;
оқыту мен тәрбиелеудің жеке басқа бағытталған ақпараттық технологиясын оқу үдерісіне енгізу;
оқу-тәрбие үдерісіне мониторинг пен диагностиканы жүргізу, мұғалімдермен және оқушылармен диагностикалық мәліметтер негізінде жұмысты ұйымдастыру.
Жоғарыда қарастырылған әдістемелік жұмыстың аспектілері білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын қамтиды, басқарудың барлық деңгейінің проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Әдістемелік жұмыстың міндеттері мен проблемаларын шешіп, оны іс жүзіне асару үшін оның формасы таңдап алынады. Әдістемелік жұмыс жүйесі мұғалімдердің үздіксіз білім беру жүйесі ретінде берілген.
Мұғалімдердің үздіксіз білім беру жүйесі
1. ӘБ-тегі жұмыс
2. Біліктілікті арттыру
3. Өздігінен білім алу
4. Шығармашылық топ
5. Жас ұстаздар мектебі
6. Озық іс-тәжірибе мектебі
7. Педагогикалық кеңес, семинар, сайысқа қатысуы
Бұл үлгідегі оқытудың формасы мынадай болуы мүмкін:
Басқаның жұмысын көшіріп, соның көмегімен оқып үйрену: курс, сынақтан өту, шебер дәріс.
Өз қызметі негізінде оқып үйрену: өз ашық сабағына талдау жасап, бағалау.
Теңбе – тең оқып үйрену: бағдарлама бойынша сабаққа қатысып, талдау жасау.
Топтық не ұжымдық жұмыста оқып үйрену: педкеңестер, семинарлар, шығармашылық топтар, жаттығулар.
Мектептегі әдістемелік қызметтің құрылымы, мазмұны және ұйымдастырылуы
Осы заманғы мектептің қай проблемасын алсақ та, оларды шешу ең алдымен, мұғалімге, оның идеялық нанымына, мамандық білгірлігіне, ой-өрісінің молдығына, педагогикалық шеберлігіне байланысты.
Ғылым мен техника ентелей дамыған бүгінгі жағдайда, педагогикалық оқу орындарында алған білім тез ескіретін болған шақта мұғалім мамандығын үздіксіз жетілдіре беру ерекше актуальды болып отыр.
Сондықтан, педагогикалық кадрлардың білімін жетілдіру жұмысының негізгі мазмұны мұғалімнің идеялық-саяси, ғылыми-теориялық, әдістемелік және жалпы мәдени дәрежесін көтерудің біртұтас жұмыс екендігімен белгіленеді. Бұл міндеттер ең алдымен мектепішілік әдістемелік жұмыс процесінде тиімді де нәтижелі шешілмек.
Өйткені бүгінгі күні зерттеу, шығармашылық ойлауды жүзеге асыратын, ғылым жетістіктерін педагогикалық тәжірибеде қолдану арқылы өз қызметінің мазмұнын жаңарта алатын педагогқа деген сұраныс өсіп келеді.
Соған байланысты әдістемелік қызметтегі құрылымдық өзгерістерді жасаудың қажеттілігі келесі факторларға негізделген:
педагогтың әлеуметтік қызметтерін жаңартуға;
білім беру мазмұнындағы өзгерістерге;
ақпараттық кеңістікті кеңейтуге.
Мұның бәрі әдістемелік қызметтен оның іс-әрекетін жаңартудың біртұтас жүйесін қалыптастыруды ғана емес, сонымен қатар білім ұйымдарының ерекшелігі неге бағытталуын талап етеді.
Бүгінде мұғалімнің белгілі бір құрылымдарға деген жеке қатынасын көрсететін педагогикалық ұстанымдарының анықталуы - әдістемелік қызметтің қалыптасуында маңызды рөл атқарады.
Атап айтқанда:
мамандықтың, педагогика ғылымының мәні, мағынасы, құндылығы және мақсатына қатынасы (өзін маман ретінде сезінуі);
білім берудің мазмұнына катынасы (маман мәртебесін ұғынуы);
білім алушыға өз өмірінің субъектісі, білім берудің мақсаты мен құндылығы ретінде қатынасы (ізгілікті-тәрбиеші болуы);
әріптестеріне кәсіби қоғамның өкілі ретінде қатынасы (өзін қызметкер және ойлап шығарушы ретінде сезінуі);
өзіне дамып келе жатқан және шығармашыл тұлға ретінде қатынасы (өзін зиялы тәрбиелеуге және сақтауға тырысуы, сұхбаттасуға шығуы).
Сондай – ақ әдістемелік қызметті жаңарту қазіргі мұғалім бойында қалыптасатын құзыреттілікке тікелей байланысты.
Қазіргі мұғалім үлгісіндегі басты құзыреттілік:
интеллектуалдық;
коммуникативтік;
әлемдік көзқарасы.
Осындай жаңа формация мұғалімін қалыптастыруды көздейтін тұлғаға бағытталған – интеграцияланған білім беру мына модульдерден тұрады:
1. ынталандырушылық; 2. мазмұндық; 3. үрдістік.
Ынталандырушылық модуль мазмұны тұлғаның өздігінен білім алуына ықпал етеді. Бұл:
жаңа үрдістерді, педагогикалық деректерді, тәжірибені білуге деген ынтасы, мүмкіндігінше кәсіби-педагогикалық өзін жүзеге асыру іс әрекетінің көрінісі;
қоғам дамуының жаңа ағымдарын түсінуі;
білім беру жүйесіндегі жаңа көзқарастардың жүзеге асырылуына қатынасуы.
Мазмұндық модуль – түсіну, білу. Бұл:
философиялық білім: философиялық заңдылықтар, ұстанымдар және олардың педагогика ғылымы мен тәжірибесінде көрініс табуы.
әдіснамалық білім: педагогикалық зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі, педагогикалық тәжірибені оқып үйрену және оны жаңа сапалы деңгейге көтеру мақсатында тәжірибеге тиісті нұсқауды енгізу әдістері жайлы білім.
теориялық білім: педагогикалық білім берудің, білім берудегі жаңашылдық, дарындылық, зерттеу іс-әрекетінің теориясы мен технологиясы.
Үрдістік модуль – әдістерді меңгеру. Бұл:
педагогикалық заңдылықтар, қағидаларды білу;
өзінің іс-әрекеті бойынша үлгі жасау, жобалау;
тұлғаны оқыту, тәрбиелеу мен дамытуды анықтау.
Сонымен педагог бойына құзыреттіліктерді қалыптастыруды жүзеге асыруды көздейтін жоғарыда аталған біліктілікті арттыру мазмұны әдістемелік қызметті және оның әс-әрекетін дамыту, яғни оны қағидаларға негіздеу талабын қойды.
Әдістемелік қызметтің негізгі қағидалары:
- жаңарудың теориялық негіздері мен мақсатын көздейтін тұжырымдамалық қағидасы;
- білім алушыларға деген адамгершілік қарым-қатынас қағидасы;
- педагогтарға тән жалпы тұжырымдамалық ұстаным мен көзқарасты айқындайтын басты қажеттілік қағидасы;
- жүйелілік көзқарасты барлық жағдайларда қолдануға мүмкіндік беретін жүйелілік қағидасы;
- жаңаруға ықпал ететін,білім ұйымының ерекшелігін ескеріп оны қолдануды жүзеге асыратын баламалық қағидасы;
- ресурстық және ұйымдастырушылықты қамтамасыз ету қағидасы;
- жасалған бағдарлама мен жобаларды түзету, өзгерту және нақтылауды қажет ететін ашықтық қағидасы;
маманның кәсіби шеберлігін, білім беру сапасын және т.с.с. диагностикалауға, сондай-ақ білім беру қызметінің стратегиясын жүзеге асыруда күтілетін нәтиже, келеңсіз жағдайларды болжауға бағытталған мониторингілеу қағидасы;
әдістемелік қызметті үздіксіз біліктілікті арттыру жүйесінің құрамды құрылымы екендігін айқындайтын біртұтастылық және кешенділік қағидасы;
Сонымен білім беру жүйесінің жаңаруын әдістемелік жағынан қамтамасыз ету, құзыретті тұлғаны қалыптастыру мен әдістемелік қызметке тән өзіндік ерекшеліктерді анықтап берді.
Осыдан келіп ең алдымен әдістемелік қызметтің бірнеше жылға арналған жұмыс тақырыбы туындайды. Тақырып таңдауда білім беру жүйесіндегі құрылымдар жағдайында педагогтардың кәсіби құзырлылығын қалыптастыру негіз болады.
Белгіленген тақырыпқа байланысты мақсат пен міндеттер қойылады. Мақсат қоюда ескерілетін жағдай: білім беру үрдісіне қатысушылардың басты құзыреттілігін қалыптастыру арқылы білім беру сапасын арттыруды міндетті түрде ескеру.
Бүгінгі таңдағы әдістемелік қызметтің басты міндеттері
білім беру және әдістемелік жүйенің даму стратегиясын белгілеу;
қоғамның интеллектуалды және рухани әлеуетін жетілдіретін шығармашыл тұлға ретінде педагогты дамытатын ғылыми негізделген, соның ішінде әдістемелік қызметтің жүйесін жасау;
білім беру мазмұны мен әдістері аясында педагогтардың шығармашылық қызметінің теориялық негіздері мен нәтижелері бойынша мәліметтер қорын құру;
білім беруді дамыту бағдарламаларының жүзеге асырылуын әдістемелік жағынан қамтамасыз ету;
білім берудің өзекті мәселелері және оны жүзеге асырудың әдістемесі бойынша педагогтар мен басшы кадрларға ғылыми-әдістемелік көмек беру;
инновациялық қызметтің дамуына түрткі болу;
оқу-тәрбиелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстың жеке бағыттары бойынша эксперимент алаңдарын, авторлық шеберханалар желісін құру және соның негізінде білім беру мазмұны мен оны жүзеге асыруда сапаға жету мақсатында олардың іс-әрекетіне басшылық жасау, үйлестіру, кеңес беру.
Әдістемелік қызметтің басты идеясы
ынтымақтастық;
өзара байланыс;
икемділік.
Бұдан әдістемелік қызмет үлгісі бойынша іс-әрекет көпшілікке арналғанымен де, оның негізі дифференциалдық көзқарасқа негізделгені анықталып тұр.
Яғни, педагогтарға ғылым жетістіктері бойынша хабардар ету үрдісімен қатар әдістемелік қызметтің іс-әрекетінің жаңа бір бағыты –олардың өздігінен білім алу арқылы өз іс-әрекетін жобалау, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жүзеге асыру және педагогикалық шығармашылығын дамытуда жаңа құзыреттілікті қалыптастыру болып табылады.
Осыдан әдістемелік қызметтің ғылыми жетістіктеріне, педагогикалық тәжірибеге, өзара байланысты білім беру үрдісі мен жүйесінің нақты талдауына негізделген және әрбір педагогтың біліктілігін жан-жақты арттыруға бағытталған біртұтас жүйе екендігін көреміз.
Әдістемелік қызметтің басты бағыттары:
Ақпараттық қызмет:
білім мазмұны мен әдістемесі жағдайында педагогтардың теориялық мәселелерінің негіздері, шығармашылық қызметінің нәтижелері бойынша мәлімет жүйесін құру;
білім беруді дамытудың өзекті мәселелері бойынша проблемалық –бағдарлы мәлімет қорын жасау;
медиатека, ғылыми - әдістемелік әдебиеттер қоры бойынша кітапхананың жұмысы;
Диагностикалық болжау қызметі:
біліктілікті арттыруға деген педагогтардың, соның ішінде басшы кадрлар сұранысының диагностикасы;
педагогикалық шеберлік пен білім сапасы деңгейінің диагностикасы;
басшының, мұғалімнің ақпараттық қажеттілігінің диагностикасы;
Білім мазмұнын жаңарту қызметі:
білім берудің жаңа мазмұнын енгізуге дидактикалық және әдістемелік қамтамасыз ету;
бейіндік оқыту бойынша базистік оқу жоспарын игеруде әдістемелік көмек беру;
білім ұйымдарының даму жағдайына көшуде басшыларға ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету;
Инновациялық және эксперимент жүргізу қызметі:
жаңару үрдістеріне сараптама жасау, эксперименттік іс-әрекетке ғылыми жетекшілік жасау;
тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру;
ақпараттық білім беру қорларын жасау;
білім беру үрдісіне ақпараттық-телекоммуникациялық жобаларды енгізу;
жергілікті жердегі білім беру жүйесінде кіріктірілген-ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру.
Біліктілікті арттыру қызметі:
педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды жоспарлау жүйесін реттеу;
педагогтың өз дамуын саналы басқару үшін жүйелі-кіріктірілген базаны қамтамасыз ету арқылы біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
өздігінен дамуына ықпал ететін ұзақ мерзімді және жедел бағдарламалардың пайда болуына әкелетін педагогтың рефлексивті іс-әрекетін ұйымдастыру;
12 жылдық білім беруге көшуге байланысты педагог кадрларды қайта даярлау;
әдістемелік құрылымдар мен базалық білім ұйымдарының бірлескен жұмысын ұйымдастыру;
әдістемелік қызмет мамандарының біліктілігін арттыру.
Аттестаттау қызметі:
педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау;
білім ұйымдарын аттестаттау.
Коммерциялық қызметі:
әдістемелік жұмысты тиімді және орнықты дамытуға ықпалы.
Басқару қызметі:
әдістемелік құрылымды басқару: құрылымы, мазмұны, функцияларын жасау және жүзеге асыру;
әдістемелік қызмет нәтижелерін құзырлылық тәсіл негізінде бақылау-бағалаудың жүйесін жасау;
әдістемелік кеңестер жұмысын ұйымдастыру;
құжаттарды жүргізу: әдістемелік қызметте басшылыққа алатын нормативті-құқықтық құжаттар, жұмыс бағдарламасы, жоспарлар (ұзақ мерзімдік, жылдық, тоқсандық, т.б.);
әдістемелік құрылымның материалдық-техникалық базасы, қажет құрал жабдықтар, жиһазбен қамту.
Осы аталған әдістемелік қызмет бағыттарының мазмұнына қарай өткізілу түрі де әртүрлі болады.
Олар:
Педагогтардың біліктілігін арттыру:
әдістемелік тақырып бойынша жұмыс;
семинарлар;
біліктілікті арттыру курстары;
сынақтан өту;
дөңгелек столдар;
жеке кеңестер:
ашық сабақтар;
кәсіби шеберлік байқаулары;
шығармашылық жұмысты қорғау, тұсау кесер.
Әдістемелік құжаттар әзірлеу:
оқу жоспарлары мен бағдарламалар;
әдістемелік ұсыныстар;
әдістемелік құралдар;
емтихан материалдары;
сауалнамалар;
ережелер;
мониторинг әдістемесі.
Достарыңызбен бөлісу: |