Мiндеттерi:
Мұғалімдердің сұраныстарын анықтау арқылы проблемалық мәселелер бойынша диагностикалық карталар жасау.
Педагогтардың кәсіби өсу парағын толтыру арқылы олардың кәсіптік даму траекториясын нақтылау.
№
|
Өткiзiлетiн iс-шаралар тақырыбы мен мазмұны
|
Өткiзу формасы
|
Мерзiмi
|
Жауап-
ты
|
|
Мұғалімдермен сұқбаттасу және сауалнамалар алу арқылы олардың сұраныстарын анықтау
|
Диагно-.карта жасау
|
1-15.09
|
|
|
Сабақтары мен іс-шараларына ену арқылы мұғалімдердің әдістемелік шеберлік деңгейін анықтау және оны арттыруға ықпал ету
|
Монит-инг кестесін толтыру
|
Жыл бойы
|
|
|
Пәндік бағдарлама, өндірістік және тақырыптық жоспарларды бекітуге арналған бірлестік отырысы
|
Зерттеп, талдау
|
25-30.08
|
|
|
Оқушылар біліміндегі олқылықтарды болдырмау бағытындағы бірлестік отырысы
|
Бақылау жұмысы
|
Тоқсан сайын
|
|
|
Жұмыс нәтижесі төмен мұғалімдерді анықтап, олармен арнайы бағытты жұмыстар жүргізу
|
Оқушылар аттес-иясы
|
Жыл бойы
|
|
|
Оқушылар мен ата-аналардың пән мұғалімдердің еңбегіне қанағаттану барысын айқындау
|
Сауалнама алу
|
Жыл бойы
|
|
|
Мұғалімдердің білім сатысы оқуынан өтуінің бес жылдық жоспарын жасау
|
Перспек. жоспар
|
1-15.09
|
|
|
Шығармашыл мұғалімдердің басылымдардағы мақалаларын талдау
|
Семинар-кеңестер
|
Жоспар бойынша
|
|
ІІI. Жас мамандармен және жаңадан келген мұғалімдермен жұмыс
Мақсаты: жас мамандардың кәсiптiк дейгейлерiн қалыптастыру шараларын дайындау.
Мiндеттерi:
Әдістемелік бірлестіктің оқушы біліміндегі олқылықты жою жолындағы жұмыстарды мұғалімнің қиналатын тұстарын айқындау
Жаңадан келген мұғалiмдердiңкәсiбi құзырлылығын және әдiстемелiк даярлық деңгейiн анықтау.
№
|
Өткiзiлетiн iс-шаралар тақырыбы мен мазмұны
|
Өткiзу формасы
|
Мерзiмi
|
Жауап-
ты
|
|
Сабақтарға қатысу.
Оқушылардан пән бойынша ағымдық, әкімшілік тесттік бақылаулар алу.
Жаңа келген мұғалімдерден сауалнама алу.
Жаңа келген мұғалімдермен жеке әңгімелесу.
|
|
|
|
|
Педагогикалық (әдістемелік) эксперименттің бағдарлама-жоспарын жасау және бекіту.
Жаңа оқулықтар, оқу-әдістемелік және дидактикалық құралдарды практикада сыннан өткізу.
Педагогикалық (әдістемелік) эксперимент нәтижесі бойынша есеп жазу және оны әдістемелік кеңесте талқылау.
Эксперимент нәтижесі бойынша есепті эксперименттік ғылыми зертханаға тапсыру
|
|
|
|
ІV. Шығармашыл және тәжірибелі ұстаздармен жұмыс
Мақсаты: Мұғалiмдердiң тұлғалық ерекшелiктерi мен педагогтiк шеберлiк деңгейiн анықтау.
Мiндеттерi:
Мұғалiмдердiңкәсiбi құзырлылығын және әдiстемелiк даярлық деңгейiн анықтау.
Мұғалiмнiң кәсiби шеберлiгiнiң берiлген бiлiктiлiк санатына лайықтылығын анықтау.
№
|
Өткiзiлетiн iс-шаралар тақырыбы мен мазмұны
|
Өткiзу формасы
|
Мерзiмi
|
Жауап-ты
|
|
Мұғалімдермен әңгімелесу өткізу
Мұғалімдермен, оқушылармен, ата-аналармен сауалнама жүргізу
Сабақтарға, факультативтік сабақтар мен үйірме, сыныптан тыс жұмыстарға қатысу
|
педагог қызметін бағалау картасы
|
01-15. 09
жыл бойы
|
|
|
Бағдарлама мен күнтізбектік– тақырыптық жоспарларды бекіту туралы әдістемелік бірлестік отырысы
|
Күнтізбе-тақырып жоспарын тексеру
|
25-30.08
25-30.05
|
|
|
Жоспарлы түрде өзара сабақтарға қатысу
|
Қатысқан сабақтар нәтижесін талдау
|
Кезінде
|
|
|
Әдістемелік бірлестіктің оқушы біліміндегі олқылықты жою жолындағы жұмыстарды мұғалімнің қиналатын тұстарын айқындау мақсатындағы отырысы
|
Оқушы-лардың бақылауға даярлығы
|
Жоспарланған кезде
|
|
|
Аралық не қорытынды аттестация кезінде оқушыларының білімі төмен деңгей көрсеткен мұғаліммен жұмыс
|
|
кезінде
|
|
|
Мұғалімдермен жеке әңгімелесу
|
әңгіме
|
|
|
|
Сабақтарға қатысу.
Оқушылардан пән бойынша ағымдық, әкімшілік тесттік бақылаулар алу.
|
|
|
|
V. Әдістемелік iс-шаралар
№
|
Өткiзiлетiн iс-шаралар тақырыбы мен мазмұны
|
Фор-масы
|
Мерзiмi
|
Жауап-
ты
|
1
|
ӘБ отырысын өткізу
|
|
2 айда 1 рет
|
ӘБЖ
|
2
|
Бастауыш бойынша жаңа буын оқулықтары, дидактикалық, оқу-әдістемелік құралдарды сыннан өткізу үшін тәжірибе алаңын құру
|
|
30.09
|
ҰӘЖО
|
3
|
Жыл ішінде өткізілетін іс-шаралар тақырыбын талдау, өткізу кестесін құру
|
|
01-03.09
|
ӘБЖ
|
4
|
Тәжірибе алаңы жұмысы қорытындысы бойынша есеп
|
|
1 жылда
2 рет
|
ҰӘЖО
|
5
|
Дөңгелек үстел:
1.Бастауыш сыныптарда жаңа технологияны пайдалану
2.Сабақ типологиясы. Дәстүрлі емес сабақтар
|
|
І жарты жылдықта
|
ӘБЖ
|
6
|
Семинар:
1.Оқушылардың танымдық қызығуын арттырудың түрлі жолдары
2.Дарынды оқушылармен жұмыс істеу ерекшеліктері
3.Жаңа буын оқулықтары, әдістемелік кешен авторларымен пікір алмасу
|
|
ІІ жарты жылдықта
|
ӘБЖ
|
7
|
Мұғалімдердің біліктілік санатын көтеруін ұйымдастыру
|
|
Қыркүйек
|
ӘБЖ
|
8
|
Жас мамандармен жұмыс
|
|
Жыл бойы
|
ӘБЖ тәлімгер
|
9
|
ӘБЖ талдау есебі
|
|
Тоқсанда
|
ӘБЖ
|
10
|
Білім жетілдіру институттарында мұға-лімдер біліктілігін көтеруді ұйымдастыру
|
|
Жыл бойы
|
ӘБЖ
|
11
|
Мұғалімдердің шығармашылық есебін тыңдау, талдау, қорытындылау
|
|
Тоқсанда
1 рет
|
ӘБЖ
|
12
|
Мұғалімдердің өз білімін көтеру жұмыстарын жоспарлау, есебін тыңдау
|
|
Жарты жылдықта
|
ӘБЖ
|
13
|
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмысты жоспарлау, нәтижесін талдау
|
|
Қыркүйек қаңтар,
мамыр
|
ӘБЖ
|
VІ. Мектепішілік бақылау мен есеп беру
Мақсаты: мектептегi әдiстемелiк қызмет сапасын, мұғалiмдер бiлiктiлiгi мен оқушылардың бiлiм сапасын анықтау.
Мiндеттерi:
1. Қойылған мақсатқа сәйкес жоспарланған жұмыстардың жүзеге асырылу барысын, олардың тиiмдiлiгiн сараптап, бағалау.
2. Диагностикалық жұмыстар мен мектепiшiлiк мониторингтi жүргiзу, оқу-тәрбие үрдiсiне тиiстi түзетулер енгiзу.
№
р/с
|
Өткiзiлетiн iс-шаралар тақырыбы мен мазмұны
|
Өткiзу формасы
|
Мерзiмi
|
Жауап-ты
|
Мектепшілік бақылау түрлерi
1.Оқу бағдарламалары мен жоспардың орындалуын бақылау
№
|
Сынып
|
Тексерілетін пән
|
Мақсаты
|
Уақыты
|
Қаралатын орны
|
2.Сабақ беру барысындағы бақылау
Уақыты
|
Мазмұны
|
Мақсаты
|
Түрі
|
Әдісі
|
Кім және қайда қарайды?
|
3. Іс-қағаздардың жүргізілуін бақылау. Сынып журналы
Айы
|
Не тексеріледі?
|
Кім тексереді?
|
Қайда қаралады?
|
4. Күнделікті жүргізуді бақылау
Мерзімі
|
Не тексеріледі?
|
Кім тексереді?
|
Қайда қаралады?
|
5. Бірлестік отырысында қаралатын мәселелер
№ р/с
|
Қаралатын мәселеле
|
Мерзімі
|
Жауапты адам
|
Педагогикалық кеңес – үздіксіз білім беру үдерісін басқарудың алқалық формасы
2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 16 мамырдағы № 272 бұйрығымен бекітілген
Білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі білім беру ұйымдарыи алқалы баскару нысандарының бірі болып табылады.
Педагогикалық кеңестін басты міндеттері: білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі педагогикалық ұжымның күшін біріктіру, білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымының қызметін педагогикалық жұмысты және оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіруге бағыттау, педагогикалық ғылым мен озық тәжірибелер жетістіктерін практикаға енгізу, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) ауысуына және бітіріп шығуына қатысты мәселелерді шешу болып табылады.
Педагогикалық кеңес төмендегі мәселелерді қарастырады:
білім беру ұйымдарында нормативтік құқықтық актілерді орындау жөніндегі іс-шараларды;
оқу-тәрбие және әдістемелік жұмыстар жағдайын, оқытудың барлық нысандары бойынша оқыту әдістерін жетілдіру мәселелерін, оқытудың жаңа технологияларын ендіруді;
оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау мәселелерін;
қорытынды аттестаттауды өткізу, оқушыларды емтиханға жіберу, ұсынылған кұжаттар негізінде оқушыларды емтиханнан босату, окушыларды келесі сыныпқа ауыстыру немесе оларды қайталау курсына қалдыру, оқушыларды грамоталармен, мақтау кағазымен марапаттау, негізгі орта білімді үздік бітіру туралы куәліктер, негізгі орта білімді бітіргендігі туралы, үздік аттестат, жалпы орта білімі туралы аттестат, белгіленген үлгідегі анықтама беру туралы мәселелерін;
педагогтарды аттестаттауға дайындау, марапаттау және мадақтау мәселелерін қарайды.
|
|
|
Теориялық педагогикалық кеңес педагогтарға теориялық ойлауды қалыптастырудың алғашқы қадамы болып, мұғалімнің кәсіби өсуін қамтамасыз етеді. Сондықтан теориялық педагогикалық кеңес тақырыбын таңдауда әсіресе жас мектеп басшыларына белгілі бір қиындықтар туғызады. Педагогикалық ұжымның барлығы үшін мәнділігі жоғары педагогикалық кеңес тақырыбын социометриялық матрица арқылы таңдауға болады.
№ р/с
|
Ұсынылған педагогикалық кеңес тақырыптары
|
Өте қызықты және өзекті
|
Қызықты және өзекті
|
Қарсы емеспін
|
Қызықты емес және өзекті
|
Қызықты емес және өзекті емес
|
|
|
|
|
|
|
|
Педагогикалық кеңесті дайындау алгоритмі
Педагогикалық кеңестің мақсаты мен міндеттері.
Педагогикалық кеңесті дайындауға шығармашылық топ қалыптастыру.
Педагогикалық кеңес мүшелеріне оқу үшін ұсынылатын нормативтік, ғылыми-әдістемелік, дидактикалық әдебиеттерді іріктеу мен бекіту.
Шығармашылық топ мүшелерінің күшімен педагогикалық кеңес шешімі жобасының алғашқы материалын талқылау.
Педагогикалық кеңесті өткізу жоспарын жобалау.
Педагогикалық кеңесті өткізу тәртібі туралы ұжымның әр мүшесіне уақытында хабарлау.
Қарауға ұсынылған проблеманың диагностикалық құралын жасау.
Сауалнама мәліметтерін өңдеу және талқылау. Диагностика мәліметін ескере отырып материалды түзету.
Мектеп әкімшілігінің, тәжірибелі ұстаздар мен шығармашылық топ мүшелерінің сабаққа және сабақтан тыс сағаттарға қатысуы, оның қарастырылатын проблемаға байланысты талдауы.
Қарастырылатын мәселеге байланысты алдын-ала /оза/ талқылау мақсатында кеңес сабақ, ӘБ отырысы, шығармашылық зертхана, семинар, т. б. өткізу.
Соңғы материалды жүйелеу және бекіту.
Педагогикалық кеңесті өткізуге қажетті дайындықты жүргізу (орын, электрондық құрал, көрнекілік және олардың деңгейі.
Педагогикалық кеңес шешім жобасының дайындығы.
Педагогикалық кеңес жұмысының қорытындысына талдау.
Педагогикалық кеңесті дайындау мен өткізуге қатысқан мұғалімдерді марапаттауға бұйрық шығару.
Әдістемелік кабинетке педагогикалық кеңес материалдарын жинақтап, өңдеп тапсыру.
Педагогикалық кеңес шешімінің орындалу жағдайын бағалаудағы шығармашылық топтың жұмысы.
Озық іс тәжірибені жинақтау және ұсыну формасы
Әдістемелік жұмыста ең өзекті, негізгі мәселелердің бірі педагогикалық іс тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату.
Педагогикалық іс-тәжірибені қандай сипаттамаларымен ерекшеленеді?
Педагогикалық іс-тәжірибе тарихи - білім беру саласы тарихында жинақталған педагогикалық теория мен тәжірибенің нәтижесі; жаппай (көпшілік, бұхара) - көптеген мұғалімдердің тәжірибесінде кең қолданылатын педагогикалық теория мен тәжірибенің нәтижесі; озық (алдыңғы) – мұғалімнің педагогикалық үдерісті оптималды ұйымдастырып және бар құралдарды жетілдіре отырып жоғары нәтижеге жетуімен сипатталады; жаңашыл -жаңалық ашу, автор болу, жаңалықтың элементі бар, жаңадан ойлап табу.
Бұл жағдайда ең жақсы - қолайлы /оптимальный/ - деп үдеріске қатысқандардың аз уақыт пен күш жігері арқасында жоғары нәтижеге жетуі, ал нәтижелі /эффективный/ - деп педагогикалық әректтің тиімділігін ескере отырып қойылған мақсатқа жету деңгейі.
Баланы оқыту мен тәрбиелеуде педагогикалық озық іс-тәжірибенің міндетті көрсеткіші - жоғары нәтиже.
Педагогикалық іс-тәжірибені зерттеу сипаты жағынан арнайы білімді, жоғары деңгейдегі кәсіби педагогикалық шеберлілікті талап ететін, тікелей педагогикалық үдерісті бақылауды талап ететін, қарастырып отырған педагогикалық құбылысты ғылыми тұрғыда ұғынып, нәтижені талдап салыстырып, нақты мысалдар арқылы автор тәжірибесін дәлелдеуді талап ететін зерттеу әрекетіне жатады.
Жұмыстың кезеңдері: айқындау – зерттеу - жинақтау – тарату.
Педагогикалық іс-тәжірибенің авторын айқындағанда негізгі бағалау критерийі жоғары тиімділік пен нәтиженің тұрақтылығы.
Педагогикалық іс-тәжірибені зерттеп, жинақтау жұмысын жүргізетін әдіскердің жоспарлау формуласы төмендегідей болады:
Мақсат /не үшін?/ - мазмұн /не?/ - әдіс, құрал /қалай?/ - нәтиже /қандай?/.
Педагогикалық іс-тәжірибені зерттеудің жоспары
№
р/с
|
Тақы-рып
|
Зерттеу мақса-ты
|
Автор
|
Шығармашы-лық жұмыс тобы
|
Жұмыс-тың кезеңдері
|
Жинақтау-дың формасы
|
Тарату форма-сы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жұмыстың кезеңдері:
1 кезең – қыркүйек. Проблема бойынша әдебиеттерді зерттеу.
2 кезең – қазан – қаңтар. Оқу сабақтары мен дидактикалық материалдарға талдау.
3 кезең – ақпан. Материалды жинақтау, педагогикалық озық іс-тәжірибені сипаттау.
Педагогикалық озық іс-тәжірибені сипаттаудың формасы:
1 кезең – қазан. Педагогикалық тәжірибеге ғылыми негіздеме, библиография.
2 кезең – ақпан. Қатысқан оқу сабақтары мен жиналған материалдарға озық іс-тәжірибенің компоненттерін қолдана отырып қорытынды талдау жасауға дайындық.
3 кезең – наурыз. Тәжірибені жазуды аяқтау. Компьютерлік вариантына тұсаукесер. Дидактикалық материалды баспаға тапсыру.
Педагогикалық іс-тәжірибені зерттеу әдісі:
1. Құжаттарға талдау: оқушылардың біліміне жасалған мониторинг негізінде педагогикалық қызметтің нәтижесін зерттеу; автордың бар немесе қазіргі қолданыстағы іс-тәжірибе ұсыныстарымен педагогикалық қызметтің дәстүрлі емес жағын айқындау мақсатында құжаттарын (оқу-әдістемелік, дидактикалық, аттестация материалдары және т.б.) салыстыру.
2. Сауалнама: зерттелетін педагогикалық іс-тәжірибенің әріптестеріне, оқушыларға, ата-аналарға мәні жөнінде социологиялық зерттеу.
3. Талдау: педагогикалық іс-тәжірибенің жалпы белгілері мен құрамындағы бөлімдерінің өзара байланысын нақты бөліп көрсету.
4. Байқау /бақылау/: оқу - тәрбие үдерісі мен құбылыстарды тура және тікелей тіркеу арқылы ақпарат жинау.
5. Салыстыру: зерттеу әдісі.
6. Өзін бағалау әдісі: жеке тұлғаның басқалармен салыстырғанда өзінің шеберлігін, мүмкіндігін, сапасын бағалау әдісі.
7. Әңгімелесу.
8. Диагностика: диагностика жасалатын объктінің жағдайын анықтау /белгілеу/.
Педагогикалық іс-тәжірибенің құжаттарына қойылатын талаптар
Мақсатқа лайықтылығы.
Нақтылығы: автордың педагогикалық қызметтегі іс-тәжірибесінің мысалы ретінде педагогикалық озық тәжірибенің компоненттерін /құрамды бөлігі/ ашу әдісі.
Ғылымилығы: компоненттерді баяндап түсіндірілуінің педагогика теориясының анықтамасымен сәйкес келуі.
4. Толықтығы мен ойға қонымдылығы: нақты педагогикалық тәжірибе компоненттерінің өзара байланысының жүйелі сипатталуы.
Педагогикалық озық тәжірибе құжатының жанры мен таратылу формасын талдап қорыту деңгейіне байланысты: тәжірибелік, әдістемелік, ғылыми.
Педагогикалық озық тәжірибені талдап қорытындылаудың жиі қолданылатын тәжірибелік деңгейі: жұмыстың әдісі мен тәсілін сипаттау және көрсету, жұмыстың нәтижесін көрсету; жұмыстың жүйесін көрсету.
Формасы: ашық сабақ, тәжірибелік – семинар, шығармашылық есеп, көрме, реферат, анықтама, т.б.
Педагогикалық озық тәжірибені талдап қорытындылаудың әдістемелік деңгейі: тәжірибенің негізгі идеясын бөлу; тәжірибені дамытудың жағдайына сипаттама; жұмыстың нәтижесіне талдау; әдістемелік ұсыныс пен зерттеп дайындауға дайындық.
Формасы: педагогикалық оқу, педагогикалық озық тәжірибе мектебі, шебер – сынып, авторлық мектеп, технологиялық карта, әдістемелік плакат, бейнефильм, т.б.
Педагогикалық озық тәжірибені талдап қорытындылаудың ғылыми деңгейі: тәжірибе жұмысына ғылыми-теориялық мінездеме, тәжірибенің жинақтылығы /комплексность/, тәжірибенің теория мен практиканы дамытуға маңызы.
Формасы: статья, монография, ғылыми-тәжірибелік конференция жинағына енген тезис және т.б.
Келесі кезең – зерттелген тәжірибені тарату, оның тиімді формасы:
- кәсіптік білімді арттыру курсы;
- шебер – сынып;
- кәсіби шеберлік сайысы;
- педагогикалық шығармашылық фестиваль;
- педагогикалық базарлық /гостиная/;
- педагогикалық шеберлік мектебі;
- шығармашылық семинар
- көрме «Педагогикалық шығармашылық. Педагогикалық тәжірибе. Педагогикалық жаңалық»;
- бейнефильм;
Жұмыстың қорытындысында осы тәжірибе жұмысы туралы ақпараттық карта жасалады.
Педагогикалық тәжірибе туралы ақпараттық карта
Тәжірибенің авторы.
Адрес
Тәжірибені теориялық жағынан түсіндіру
Автордың ашқан жаңалығы /тапқан шығармашылығы/.
Ақпарат көзі және баспасөзге жариялау.
Эксперттік қорытынды.
Тәжірибенің таратылуы.
Тәжірибенің авторы /қолы/
Эксперт /қолы/
Ғылыми жектекші /қолы/
Қолданылған әдебиеттер:
Мұғалімдердің әдістемелік бірлестігі
Әдістемелік жұмыста үлкен роль атқаратыны әдістемелік бірлестік. Онда әр мұғалімнің әдістемелік шеберлігі шыңдалады, әріптестерінің тәжірибесін меңгеруге мүмкіндік туады.
Оқу – тәрбие жұмысының көрсеткіші артса әдістемелік жұмыс нәтижелі болды деп есептеледі. Бұл жағдайда әдістемелік бірлестік жұмысының тиімділік критерийіне көп көңіл бөлу керек:
Өз еңбегіне қанағаттанушылықтың артуы - яғни мұғалімнің шығармашылық еңбегіне деген ынтасының күшеюі.
Ғылыми тұрғыда ұйымдастырылған әдістемелік жұмысқа уақыттың тиімді жұмсалуы.
Әдістемелік бірлестіктің жұмысының есебі мен оны жүйелеуді бірлестік жетекшісі «жұмыс дәптері» (жоспар) арқылы жүргізуге болады. Ол дәптер үш бөлімнен тұрады:
Нұсқаулық (инструктивный)
Әдістемелік (методический)
Талдау (аналитический)
Сонымен қатар бұл жұмыс дәптерінде оқушының үлгерімі, білім сапасы және мұғалімнің қызметіне ақпараттық-талдау мониторингі де бар.
Нұсқаулық бөлім
Бұл бөлімге мұғалімнің өз қызметіне қажетті оқу-тәрбие үдерісіне байланысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары (№19,502,570, т.б.) мен әртүрлі жаднамалар кіреді.
Әдістемелік бөлім
Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы, мақсаты мен міндеті. Тақырып жалпы мектеп тақырыбымен байланысты болу керек, бұл әр мұғалім мен бірлестіктің бірігіп қойылған мақсатына жетуге мүмкіндік береді.
Әдістемелік бірлестік құрамындағы мұғалімдер туралы мәлімет.
Әдістемелік бірлестіктің жоспары. Осы тарауға отырысты өткізу күні, теориялық және тәжирибелік сұрақтар, жауапты адамдар енгізіледі. Мұнда әртүрлі сұрақтар деген де бөлім бар. Онда қосымша сұрақтар жазылады, олар да отырыстарда қаралады.
Әдістемелік бірлестік жұмысының секция аралық жоспары /айлармен/ бірлестік жұмыс жоспарынан алып толтырылады. Бөлімдерде: айы, өткізілетін шараның тақырыбы, жауапты, орындалуы туралы мағлұмат бар. Бұл бірлестіктегі мұғалімдердің жұмысын үйлестіріп, әркімнің шығармашылық үлесін анықтауға мүмкіндік береді.
Оқу жылы бойы әдістемелік бірлестікте қарастырылып, оқылатын нұсқаулардың тізімі. Бұл дер кезінде нормативті құжаттарды, нұсқаулар мен бұйрықтарды оқып-танысуға мүмкіндік береді.
Мұғалімнің жеке жұмыс жоспары. Мұнда әр мұғалімге өз жұмысын нақты жоспарлауға мүмкіндік беріледі. Әдістемелік бірлестіктің жетекшісі мұғалімнің жетістігі мен әлсіз жағын білгендіктен кемшілігін жою үшін оған тақырып пен әдебиет таңдауға көмектеседі. Мұнда №3 кесте (ашық сабақ, бақылау жұмысының қорытындысы, сыныптан тыс шаралар), №4 кесте (мұғалімнің қызметі туралы қосымша мәліметтер), №5 кесте (оқу кабинетінің жұмыс жоспары). Бұл жоспар пән мұғалімнің барлық жұмысын талдауға мүмкіндік береді.
Пән аталығын өткізудің графигі. Бұл графикте өткізілетін орын, уақыт, әр күндегі өткізілетін шаралардың тақырыбы жазылады.
Оқушыны олимпиадаға дайындаудың графигі. Бұл мұғалім жұмысына сипаттама беретін маңызды бөлім.
Ашық сабақтар мен сыныптан тыс шараларды өткізудің графигі (жылдық жоспардан алынып жасалады).
Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс.
Талдау бөлімі
Сыныптағы, топтағы оқушылар туралы мәлімет.
Қатысқан сабақтарға талдау. Мұнда сабаққа қатысқанды толық жазып, қорытынды мен ұсыныс та болу керек.
Жылдық, тоқсандық бақылау жұмысының бағалары. Бұл жалпы үлгерім мен сапаның өзгерісін қадағалау үшін керек.
Емтихан нәтижесі. Бұл кестеге оқушының аты, фамилиасы, сыныбы, билет номері, алған бағасы, мұғалімнің фамилиясы.
Кабинет байқауының қорытындысы. Кабинет байқауы екі жылда бір рет өткізілуі керек (мектепішілік, қалалық, аудандық, облыстық). Бұл кестеге тексеру күні, мұғалімнің фамилиясы, комиссияның қойған балдары, мазмұны деген бөлімге барлық айтылған кемшіліктер жазылады.
Әдістемелік бірлестіктің жылдық жұмысына талдау. Талдау нақты болуы керек. Орындалмаған міндеттер болса оның себебі жазылады, оны жоюдың жолы көрсетіледі. Әдістемелік бірлестік жұмысының талдауынан және мектептің жылдық жоспарындағы жалпы міндеттерге сай жаңа оқу жылына жаңа міндеттер қойылады.
Шығармашылық топ жұмысын ұйымдастыру
Оқу- әдістемелік кешенді шығаруға, зерттелетін материалды жинау мен оған талдау жасауға, эксперимент пен тәжірибені жүйелеу мен қорытындылау мәселелерімен мектеп бойынша не бір әдістемелік бірлестік аясында шығармашылық топ (ШТ) жұмыс жасайды.
Белгілі проблемаға байланысты ШТ уақытша құрылады. Оның құрамына осы мәселеге байланысты қызығушылық танытқан ұжым мүшесі енеді. ШТ жұмысын ұйымдастыру үшін беделді, бірінші, не жоғары санаты /категориясы/ бар мұғалімнен басшы тағайындалады. ШТ құрамы ғылыми-зерттеу жұмысына бейімділігі бар, тәжірибелі ұстаздардан құрылады. Сонымен қатар шығармашылықпен жұмыс істейтін жас ұстаздар да құрамда бола алады. Бір оқу жылында ШТ –тың 4 рет отырысы өтеді.
ШТ жұмысының негізгі формасы
Жоба жұмысын қорғау.
Тәжірибелік семинарлар.
Зерттеу лабораториясы.
Ғылыми-әдістемелік конференция.
Ғылыми-педагогикалық фестиваль.
«Жыл мұғалімі» сайысы.
Іскерлік ойын.
«Миға шабуыл».
Дөңгелек стол.
Эксперименттік топтар.
11. Озық тәжірибелі мектеп.
12. Шебер басқару мектебі.
Шығармашылық топ жұмысы мазмұнының үлгісі
Қолданылған инновациялық әдіс пен технология негізінде ұжымның педагогикалық тәжірибесінің жетілуі, қалыптасуы, дамуы;
Зерттеу, эксперименттік тәжірибе және ғылыми - әдістемелік жұмыстардың міндеттерін анықтау;
Зерттеу, эксперименттік тәжірибе жүйесін жобалау және оны іс жүзіне асыру үшін тиімді форманы таңдау;
Шығармашылық топтың жоспары мен бағдарламасын білім беру мекеменің ғылыми-әдістемелік, ғылыми – зерттеудің жалпы тұжырымдамасымен келісу, алынған инновациялық нәтиженің білім беру үдерісіне енгізу;
ШТ мүшелерімен ғылыми-әдістемелік кеңес және зерттелетін проблемманың әдіснамалық, ғылыми - теориялық негізін меңгеруге кездесулер ұйымдастырып өткізу.
Мұғалімдердің танымдық қызығушылығы мен мүмкіндігін ескеріп, оларға жеке өздігінен білім алу бағдарламасын жасау;
ШТ жұмысының нәтижесін анықтауға зерттеу мониторингін жүргізу, алынған материалға /өнімге/ сараптамалық баға беру;
Аудандық, қалалық білім беру мекемелеріне, мектепке тәжірибе жұмысын насихаттау.
Шығармашылық топ жұмысын басқару технологиясын қалыптастыру кезеңі
1 кезең – дайындық.
Дайындық кезеңінің міндеттері:
1. Педагогтардың кәсіби қиындықтары мен қажеттіліктеріне диагностика жүргізу, мұғалімдердің инновациялық және эксперименттік – тәжірибе жұмыстарына мұғалімдердің нақты дайындық деңгейін анықтау.
2. Сауатты іскерлік қарым-қатынасқа үйрету, рефлексия жасау арқылы өзіңді және ұжымыңды таны.
3. Шығармашылық топ жұмысын қоштап қызмет көрсететін топтарды қалыптастыру (ақпараттық, психо-педагогикалық, дидактикалық, ғылыми- әдістемелік, қор, т.б.).
2 кезең - ынталандыру.
Міндеттері:
1. Кәсіби қызметте тұрақты ынталандыру мен бірге қызмет істеу қызығушылығын қалыптастыру;
2. Білім беру мекемесін дамытудың басыңқы бағытын алқалық жағдайда анықтау;
3. Оны іс жүзіне асырудың құралы мен формасын таңдау (кіші педкеңес жұмысын, топтық пікірталас, ғылыми-әдістемелік кеңес);
4. Шығармашылық деңгейде ұғыну, білім беру мекемесін дамытудың өзекті проблемасын шешу мақсатында бірлескен жұмыстың қажеттілігін түсіну;
3 кезең - қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Бірнеше микротоптар құру;
2. Жоспарды топ ішілік және топ аралық қарым-қатынаста құру;
3. Топ ішілік және топ аралық жұмыс жобасын жасау;
4. Ғылыми-әдістемелік базаны ақпараттық және ресурстық жағынан кеңейту мен тереңдетуді қамтамасыз ету.
4 кезең - жұмыс істеу кезеңі.
Міндеттері:
1. ШТ қатысушылардың қажетті басқару іскерлік пен дағдыны меңгеру (ұйымдастыру, жоспарлау, түзеті, реттеу);
2. Бірге жұмыс істеу барысында алынған материалға апробация жасау;
3. Бағдарлама мазмұнын түзету;
4. Тәжірибенің жинақталған жұмысын жүйелеу және жинақтау;
5. Оның шығармашылықпен қолданылуына ұсыныс дайындау.
Құжаттар мен есеп беру
ШТ туралы ереже.
Білім беру мекемесінің жағдайына талдау.
Алынған нәтижеге талдау және тәжірибені жинақтау.
Проблема бойынша жүргізілген жұмыс туралы анықтама.
Әдістемелік нұсқаулар.
Үздіксіз білім берудің негізгі идеясы - мұғалімнің өздігінен білім алуы
Қазіргі кезеңде сапалы білім - деп адамның өзін анықтауға, өзін жетілдіруге, өзін дамытуға мүмкіндік беретін білімді атауға болады. Егер адам келешекте өзін дамытуға қабілетті болса, өздігінен білім алу мақсатына жетті деп есептеледі, мұғалім ары қарай өз даму жолымен (траекториясымен) жұмысын жалғастырады. Білім берудің әртүрлі формалары (курс, семинар, педкеңес, т.б.) келешекте мұғалімнің өздігінен жұмыс істеуіне негіз болатын және әртүрлі әдістемелік жұмыс формасы арқылы іс жүзіне асырып мұғалімге мазмұнды жан-жақты ойлануға бағыттайтын болса, сонда бұл формалар тиімді немесе нәтижелі деп есептеледі.
Тәжірибе көрсеткендей, барлық мұғалім жан-жақты ойлану мақсаты мен өз жұмысын қайта құруға өздігінен ықылас танытпайды. Олар жоспар жасауда, тақырыпты тұжырымдауда /таңдауда/, өз қызметінің болашағын анықтағанда көмекті қажет етеді. Мұғалімдер жиі қоятын сұрақтар:
Менің жұмысымның табысты болуын не қамтамасыз етеді?
Оның нәтижесіне не әсер етеді?
Менің педагогикалық жұмысымның мақсаты қандай? Нәтиже қандай болу керек? Оны қалай өлшейді?
Педагогикалық идея мен міндеттерді тәжірибелік деңгейге қалай ауыстыруға болады?
Осы аталған қиындықтар мұғалімдердің жоғары кәсіби деңгейде ойлауын, ұйымдастыру мәдениетін, тұрақты өзін жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру білім беру мекемесінде өздігінен білім алу тәжірибесін үздіксіз меңгеруге ұмтылу мақсатындағы өздігінен білім алуды дамытуға жағдай тудырудың қажеттілігін көрсетеді.
Білім беру мекемесінде өздігінен білім алудағы басты /жетекші/ рөлді әдістемелік қызмет аткарады.
Диагностиканың материалы негізінде әдістемелік қызметтің бірінші кезеңінде мұғалімдердің өздігінен білім алу тақырыбын түзетіп, тұжырымдау және олардың жұмыс жоспарын дұрыс құруына көмектесу. Әркімнің өздігінен білім алуы сол білім беру мекеме проблемасының өрісімен сәйкестікте болса, онда ол мәнді болады. Мұғалімнің кәсіби ойлауы мен шеберлік деңгейін анықтайтын жұмыс бағытын таңдауға мүмкіндік беріледі. Бұл үдерістің жоспарлы сипаты мұғалімге жүйелілік пен айқындық береді. Жоспардың өзі 4 бөлімнен тұрады:
1. Оқу /зерттеу/ үшін негізгі сұрақтар;
2. Белгілі сұрақтың материалы бойынша жұмыс кезеңдері.
3. Тәжірибе өнімі (сабақ, баяндама, әдістемелік басылым).
4. Қайда, қашан және қалай іс жүзіне асырылады.
Белгілі бір тақырыпта өздігінен білім алу үдерісі талдаумен аяқталады. Орындалған жұмыстың тиімділігін өзі бағалайды, қажет болғанда педагогикалық қызметке түзету жасайды.
Мұғалімнің өздігінен білім алу жұмыс алгоритмі осындай болуы мүмкін
1. Тақырыпты таңдау, мақсатты анықтау, кәсіби қажеттілікке байланысты міндетті қою.
2. Өздігінен білім алу жоспарын жасау.
3. Ақпарат көздерін анықтау.
4. Теориялық материалдарды оқу.
5. Дайындалған материалдар негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру мен басқару (ашық сабақ пен іс шараларды дайындау және өткізу).
6. Дайындалған материалдарды жүйелеу, оны безендіру мен түзету жұмысы және оның нәтижесін объективті бағалау.
7. Өздігінен білім алу тақырыбы бойынша есепті дайындау.
8. Алдағы жұмысты болжау мен оның тиімділігін анықтау.
Әдістемелік кеңеске қажетті өздігінен білім алудың алқалық жағдайда тиімді критерийін жасау. Онда мыналар ескерілуі керек:
1. Тақырып мұғалімнің қажеттілігіне сай және проблемалық сипатта.
2. Жоспар сапалы жасалған (мақсат дұрыс анықталып, міндет қойылған, мазмұн материалдары толық салынған).
3. Жоспардың ғылыми негіздемесі жасалған.
4. Педагогикалық қызметтің бұл бағыт бойынша нәтижелілігі анықталған.
5. Педагогикалық еңбектің болашағы мен мәнділігі бақыланады.
6. Оқушы қызмет нәтижесінің оң динамикасы байқалады.
7. Мұғалімнің өздігінен білім алуды жалғастыру ынтасы айқын.
8. Бұл тақырып бойынша педагогикалық кеңес тарапынан қызығушылық байқалды.
9. Қойылған міндетті шешуде шығармашылық әрекеттің қабілеті көрінді.
10.Әлеуметтік (басқалар үшін өзіне жауапкершілік алу қабілеті), психологиялық (өздігінен білім алудың рөлін түсіну) құзыреттілігі қалыптасуда.
11. Өз жұмысында ақпараттық технологияны қолдану қабілеті дамытылуда.
Мұғалімдерге нақты көмек педагогикалық кеңес, семинар, педконсилиумдар, әртүрлі әкімшілік оырыстар арқылы көрсетіледі. Олардың тақырыптары әдістемелік проблемамен байланысты және педагогикалық ұжым шешуге ұмтылған /ынталанған/ негізгі проблемалық сұрақтарды қамтыған. Мектеп және қоғам өмірінде туындаған өзекті педагогикалық проблема мен оның сұрақтар бойынша ұжымға қызмет ететін жұмыстың дәстүрлі формасы - тұрақты жүргізілетін педагогикалық семинар. Семинарға дайындыққа педагогикалық ұжымның барлық мұшелері жұмылдырылады. Мұнда мұғалімдердің жобалары, жаңа әдебиеттер талқыланады және тәжірибелік тапсырмалар мен іскерлік ойындар ұсынылады. Алынған бағытына байланысты ғылыми - тәжірибелік конференция мен семинарлардың мақсаты, міндеті, қызметі, құрылымы және өткізілу формасын ұсынамыз.
Үздіксіз білім беру жүйесіндегі ғылыми - әдістемелік және
тәжірибелік семинарлар
Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мен үздіксіз білім берудің бір формасы ретінде ғылыми - әдістемелік семинарлар мына міндеттерді атқарады:
Мұғалімдерге оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі технологияларын, жеке әдіс, озық педагогикалық тәжірибе, психологиялық және педагогикалық ғылымның жаңа жетістіктері, дидактика туралы ақпарат беру /хабарлау/.
Білім беру өзгерістері шеңберінде эксперименттік тәжірибе жұмысын жүргізуге мұғалімді дайындау.
Оқушыға толық сапалы білім беруді қамтамасыз етудің тиімді жолдарын жасау мен іздеуге бағытталған ынталандыру өісін тудыру.
Ғылыми - әдістемелік семинардың қызметі
Қазіргі білім беру үдерісінен талап ететін нормативтік – құқықтық, әдістемелік, әдістемелік нұсқаулық талапты шығармашылықпен ұғыну.
Қызметте қолданылатын білім көлемі мен іскерлікті қалыптастырудың артуы.
Мұғалімнің жұмыс тәжірибесінде оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі технологиясын, жеке әдісті, дидактиканы, озық педагогикалық тәжірибені, психологиялық және педагогикалық ғылымның жаңа жетістіктерін табысты қолданудың тиімді жағдайын жасау.
Ұжымды топтастыру, бірлігін нығайту. Мектептің даму және білім беру бағдарламасын іс жүзіне асырудың біріңғай тәсілін /әдісін/ тауып, біріңғай педагогикалық сенім тудыру.
Педагогикалық ойлаудың қазіргі стилін қалыптастыру.
Педагогикалық техника дағдысын, орындау шеберлігін жетілдіру.
Кәсіби қызметтің шығармашылық бағытын дамыту.
Семинар құрылымының жобасы
1.Семинарды ұйымдастырушының қарастырылатын проблеманың өзектілігі негізде қысқаша кіріспе сөзі.
2. Семинарға қатысушылардың ғылыми баяндама мен хабарламалармен сөз сөйлеуі. Сөйлеушілер озық іс тәжірибенің авторы, шақырылған ғалымдар, білім беру үдерісімен тікелей айналысатын қызметкерлер мен әдіскер мамандар.
3. Семинар басталардан 2 апта бұрын қарастырылып, талқыланатын мәселелер бойынша сұрақтар мен тапсырмаларды семинарға қатысушыларға беру. Талқылау формасы: «дөңгелек стол», іскерлік ойын, пікірталас.
4. Семинар жұмысының қорытындысын шығару. Әдістемелік нұсқау жобасын дайындау.
Ғылыми - әдістемелік семинарлардың түрлері
Бір рет өткізілетін проблемалық семинарлар
Бір рет өткізілетін проблемалық семинарлар төмендегі проблемаларға арналуы мүмкін:
Нақты проблема бойынша жинақталған жұмыс тәжірибесімен алмасу;
Педагогикалық ұжымның біріңғай әдістемелік проблема бойынша жұмыс нәтижесін талқылау;
Жаңашыл педагогикалық идеяны талқылау (мұндай семинардан кейін міндетті түрде мұғалімдердің өз әріптестерінің, озық педагогикалық тәжірибені авторы не оны қолдаушының еңбектерін өздігінен оқу жұмысы жүруі керек);
Білім беру мекемелерінің әдістемелік – нұсқау материалдарымен танысып, талқылау;
Жаңашыл педагогтар және ғылым өкілдермен шығармашылық кездесу.
Әдіснамалық семинарлар
Әдіснамалық семинардың мақсаты инновациялық ізденіс бойынша қызметті іс жүзіне асыруда педагогикалық ұжым мүшелерінің жан-жақты және терең дайындығының болуы. Сондықтан эксперименттік – тәжірибе жұмысының ғылыми-теориялық негізін, оқушыны оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі технологияларын меңгеруге, мұғалімдерді танымдық әрекетке ынталандыру үшін материалдық, ұйымдастырушылық, тиімді педагогикалық жағдай жасау, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер, ғалым-педагогтармен қарым-қатынасты нығайтуға негізгі көңілді аудару керек.
Әдіснамалық семинар жұмысын ұйымдастырып, өткізуге білім беру басқармасының, педагог кадрлар біліктілігін арттыру институтының бас мамандарын, психологиялық-педагогикалық ғылымның өкілдерін шақыруға болады.
Әдіснамалық семинарды ұйымдастырушылар оның жұмысын болашаққа жоспарлайды (бір жылға, не зерттеу жұмысына байланысты болса 3-5 жылға).
Әдіснамалық семинарды ұйымдастырып, өткізудің талаптары
көпшіліктің қызығушылығын тудырған, анықталған проблема бойынша мұғалімдердің білім беру қажеттілігіне диагностика;
өзекті проблеманың алынуы және оның нақты тұжырымы;
білім беру мекеменің даму тұжырымдамасы мен зерттейтін проблеманың теңбе-теңдігі /адекваттылығы/;
талқылауға проблема аспектілерінің мазмұнын таңдау;
семинар жұмысын дайындауға шығармашылық топ құру;
мұғалімдердің өздігінен оқуға ұсынылатын ғылыми-әдістемелік материал мен нормативтік-құқықтық әдебиеттер таңдау;
семинарға қатысатын және баяндама жасайтын адамдарды анықтау;
қатысушылар талқылайтын тапсырманы дайындау;
баяндамашы хабарламасының негізгі бөлімдерін иллюстрация-лайтын материалдар дайындау (видео, аудио материалдар, т.б.);
семинардың соңғы материалдарын дайындау (баяндама тезисі, автореферат, ұсыныстар, т.б.).
Семинар тиімділігінің жағдайы
семинар жұмысын ұйымдастырып, өткізуде алқалылық /коллегиальность/, жобалау тобын құру (шығармашылық, ынталы);
мұғалімдерге семинардың бағдарламасы, талқыланатын тапсырма, өздігінен оқуға ұсынылған әдебиеттер, семинар проблемасы, уақыты туралы тез хабарлау;
көпшілік мұғалімдердің қызығушылығы мен талқылауға ұсынылған қарастырылатын проблема мазмұнының сәйкестігі;
семинар жұмысына мұғалімдердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін іс-шаралар жүйесін жасау;
белсенді қатысушыларды марапаттау;
кеңес сабақ, мүмкін болса видеоматериалдарды көріп, талдау, баспа материалын дайындап тарату, т.б. арқылы семинар жұмысының тәжірибелік бағытын қамтамасыз ету.
Тәжірибелік – семинар
Тәжірибелік – семинар – мұғалімдердің кәсіби іскерлік пен дағды шеберлігін жетілдірудегі тиімді форма (диагностикалық, жобалау).
Тәжірибелік–семинар мұғалімдердің білім беруді модернизация-лаудың басыңқы бағытын іс жүзіне асыруда сапалы жұмысқа қажетті мұғалімдердің іскерлік-дағды тәжірибесін жетілдіріп, қалыптастыруға бағытталған ғылыми-әдістемелік семинардың құрамды бөлімі болуы мүмкін.
Мазмұны:
оқу-әдістемелік кешен варианттарын қорғау, білім беру бағдарламаларына теңбе - тең талап;
негізгі оқу курсында сабақтастықтың оқу-әдістемелік кешенді жасау;
оқу және сабақтан тыс жоба варианттарын қорғау;
оқу-тақырыптық жоспар жобасын қорғау;
қазіргі педагогикалық ойлауды қалыптастыруға бағытталған іскерлік қызметті ұйымдасытру және ойлау операцияларын үйрететін ойындар;
аралық аттестация барысында оқушылардың білім сапасын бағалайтын құралдарды жасау;
педагогикалық жағдайды шешу және үлгілеу.
Әдістемелік оперативка /тікелей іске асырылатын/
Әдістемелік оперативка – педагогикалық ұжым мүшелерімен тез шешімін талап ететін сұрақ бойынша отырыс.
Әдістемелік оперативканың мақсаты – білім беру үдерісінің мазмұны мен ұйымдастырудағы өзгеріске байланысты жоғарыдағы инстанциялардың ұсыныстарын мұғалімдерді уақытында хабардар ету, осыған байланысты педагогикалық қызметке ынталандыру өрісін тудыру.
Әдістемелік оперативканың міндеті:
педагогикалық ұжым мүшелерін педагогика, психология, дидактиканың, озық педагогикалық тәжірибенің соңғы жетістіктерімен уақытында хабардар ету;
мұғалімдерді нормативтік және әдістемелік нұсқаулық құжаттарымен, материалдармен таныстыру;
білім беру үрдісінде, әдістемелік–бағдарламалық, ғылыми- әдістемелік, дидактикалық, материалдық-техникалық қосымшаларға түзету жүргізу.
Мазмұны /үлгі ретінде/:
психологиялық –педагогикалық әдебиеттерге рефераттық шолу;
әдістемелік (ғылыми-әдістемелік) әдебиеттерге аннотациялық шолу;
нормативтік, әдістемелік нұсқаулық құжаттар мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің, білім басқармасының, білім бөлімдерінің материалдары туралы ақпарат;
әдістемелік проблеманың ғылыми–теориялық негізін қысқаша баяндау;
бақылау қызметінің нәтижесіне талдау (сонымен қатар оқушылардың аралық және қорытынды аттестациясы).
Ғылыми – тәжірибелік конференция
Ғылыми - тәжірибелік конференция - педагогикалық ұжымның эксперименттік –тәжірибе жұмысының нәтижесін, біріңғай әдістемелік проблемамен жұмыстың қорытындысын шығару формасы, сондықтан ол дәстүрлі оқу жылының соңында өткізіледі.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты: тәжірибе жұмысын жүйелеу және жинақтау (озық іс тәжірибенің қалыптасуы).
Ғылыми - тәжірибелік конференцияны өткізу құрылымы:
пленарлық бөлім - әкімшілік, ғылыми-әдістемелік кеңес мүшелерінің істелген жұмыс нәтижесін бағалауы туралы сөз сөйлеуі, жаңашыл – мұғалімдердің және оқушылардың, оқушылардың ғылыми қоғам мүшелерінің іс- тәжірибесі туралы хабарламалары;
пленарлық бөлім - эксперименттік – тәжірибе жұмыс нәтижесін көрсету (сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы видеожазбадан үзінділер, слайдтар, диаграммалар, диапозотивтер, ашық сабақтар мен кеңестер, материалдардың әдістемелік көрмасі);
нақты жаңашыл–мұғалімдер қызметі, ұсынысты дайындау, әдістемелік
шағын журнал жобасын дайындау, жаңа оқу жылында эксперименттік–тәжірибе жұмысының бағыты мен мазмұнына түзету енгізуді талқылау туралы шығармашылық топ (ынталы, проблеманы-зерттеу) жұмысының хабарламасы.
Ғылыми – тәжірибелік конференцияны өткізу құрылымына әдістемелік жұмыстың мынадай формасы енуі мүмкін: әдістемелік
шағын журнал, әдістемелік көрме, мұғалімнің шығармашылық есебі.
Әдістемелік шағын журнал /бюллетень/
Әдістемелік шағын журнал – эксперименттік-тәжірибе жұмыс пен әдістемелік проблеманы меңгеру барысында педагогикалық ұжымда жинақталған жұмысты озық педагогикалық тәжірибе формасы түрінде ұсыну.
Мақсат – озық педагогикалық тәжірибені жинақтау, оны тәжірибелік ұсыныс түрінде тарату.
Міндет: - мұғалімдердің құнды педагогикалық бастамасын, педагогикалық ұжым тәжірибесін алқалы түрде сипаттау;
бұл тәжірибені практикада қолдануға ұсыну;
ұсынылған әдістемені қолданғанда басыңқы–жақсы нәтижесі туралы диагностикалық-талдау материалын жасау.
Жиілігі: шығармашылық топ (проблеманы-зерттеу) жұмысының қорытындысы ретінде жылына бір рет шығарылады.
7. Әдістемелік көрме
Әдістемелік көрме - эксперименттік-тәжірибе жұмысының барысында алынған педагогикалық ұжым (жаңашыл-ұстаздар) жетістігін көрнекті түрде ұсыну формасы. Ұсынылған оқу-әдістемелік кешен материалдарын мектептегі әдістемелік бірлестік сұрыптайды және ғылыми - әдістемелік кеңес оның сапалы дайындалғанын «Әдістемелік көрме және оның критериясы туралы» Ережеге сәйкес бекітеді.
Көрме аптаның барлық күнінде жұмыс істейді, осы күндерде ғылыми – тәжірибелік конференция өткізіледі.
Әдістемелік көрменің үлгі ретіндегі тақырыптары (бөлімдері)
1. Бірегей /ерекше/ оқу-әдістемелік кешен.
2. Білім беру бағдарламасының қиын тақырыптарын оқытуға ұсыныс (пәнаралық байланысты іс жүзіне асыруда сабақтастық пен тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану).
3. Оқытудың дәстүрлі емес көрнекті-иллюстрациялық құралы.
4. Оқу сағаттары конспектісінің дәстүрлі емес формасы.
5. Оқу-тақырыптық жоспардың түрлері, рефераттар, педагогикалық тәжірибені өзі жинақтаудың үздік жобасы, мамандыққа байланысты жұмыстар.
6. Мектептің әдістемелік бірлестік мүшелерінің, шығармашылық және проблемалық топтарының білім беру үдерісіне өзгеріс /модернизация/ енгізудің жолдарын іздеуге бағытталған ұжымның әдістемелік жұмыс нәтижесі /өнімі/.
7. Оқушылардың үздік шығармашылық жұмысы, балалардың үздік суреттері, т.б.
Мұғалімнің шығармашылық есебі (шығармашылық, проблемалық – зерттеу тобы)
Мұғалімнің шығармашылық есебі – деген эксперименттік-тәжірибе және әдістемелік тақырып бойынша жеке, топтық жұмыс қорытындыларын шығару формасы.
Мақсат: нәтижені жүйелеу, жиналған тәжірибе жұмысын шығармашылықпен ұғыну, қорытынды құжаттар жобасын дайындау (ұсыныс, әдістемелік бюллетенге мақала, ақпараттық-талдау материалдары, өздігінен білім алу жұмыс жоспарының жобасы, жаңа оқу жылына эксперименттік-тәжірибе жұмысы, т.б.).
Міндеттер:
1. Өзін-өзі талдау дағдысын жетілдіру және талдау.
2. Әдістемелік жұмыстың тиімділігін анықтауға қажетті әдістемелік және ұйымдастыру /срез/ құрал - материалдарымен қамтамасыз ету.
3. Мұғалімнің жұмысын тәжірибеге енгізуге ұсыну үшін қажетті жағдайларды жасаудың іс шаралар жүйесін жобалау.
Мазмұн:
жұмыс нәтижесінің қорытынды материалын презентациялау;
ұсынылған тәжірибе жұмысына (әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестік жетекшісі) әкімшілік мүшелерінің сараптамасы;
мұғалімдер тобы мен жаңашыл ұстаздар жұмысының мәні мен өзектілігін иллюстрациялайтын оқу сағаттарының үзінділерін көрсету;
презентация материалдарын педагогикалық ұжым мүшелерінің талқылауы;
өткен сараптама материалдарын жүйелеу, оны жазбаша реферат, баспа өнімі, шығармашылық есеп түрінде ұсыну /жасау/.
Мұғалімнің кәсіби дамуын ынталандыру
Мұғалімнің кәсіби өсуіне, өзін-өзі дамытуға, өз жұмысының өзектілігін көрсетуге жағдай жасаудың әртүрлі маңызды факторлары мен ынталандыру формасы қолданылады. Төменде ғылыми-әдістемелік жұмысқа белсенді қатысып және кәсіби дамудың тиімділігі бойынша мектепте жиі қолданылатын мұғалімдерді ынталандыру мен марапаттаудың тізбесі келтірілген.
Еңбекке ынтасы
|
Марапаттау /сый беру/
|
Педагогикалық шығармашылық қызметке өз ынтасы мен өзін жұмсауы.
|
Қала не ауданда мұғалімге арнап өз шебер-сыныбын ашу. Мұғалімнің дербестігін арттыру: қызықтырған бағдарламасы бойынша жұмыс істеу мүмкіндігі, сыныпты таңдауы. Өзінің авторлық бағдарламаны жасауға, бекітуге және оны ауданға, қалаға таратуға көмектесу.
|
Жеке даму ынтасы, жаңа ақпаратты алуы.
|
Курсқа, сынақтан өту курсына жолдама беру. Әдістемелік жұмысқа уақыт беру (үйде жұмыс істеуге). Каникул уақытында шығармашылық демалыс беру.
|
Әлеуметтік жетістікке жетуі, өзі таныту ынтасы.
|
Әртүрлі проблемалық конференция, семинарда тәжірибесімен алмасуға және сөз сөйлеуге жолдама беру. Тәжірибесін жинақтауға, өз жұмыстары мен құралдарын баспаға дайындауға көмектесу. Мектептің әдістемелік бөлімше басшылығына тарту. Мектепте өз әріптестеріне лекция, курс, семинар өткізу құқығын беру.
|
Ұжым ісіне араласуға қажеттілігі.
|
Мектеп өмірінің маңызды проблемаларын шешетін әртүрлі ұйым құрамына ену.
|
Тұрақтылығы, қорғауы
|
Ұжымда осы жағдайының /беделінің/ сақталуына кепілдік /гарнтия/.
|
Мектептегі әдістемелік жұмыс нәтижелілігінің параметрлері
Мектептегі әдістемелік жұмыс нәтижесінің параметрлеріне төмендегі көрсеткіштерді жатқызуға болады:
1. Бұрын қиындық тудырған сұрақтар бойынша кәсіби біліктілік деңгейінің артуы. Мысалы, білім беру технологияларын меңгеру, стандартты емес сабақ формасын өткізу, оқу - тәрбие үдерісіне жеке бастың құзыреттілігіне бағытталған әдісті енгізу ерекшелігі, оқушылармен жұмыста диагностиканы қолдану, т.б.
2. Мұғалімнің шығармашылық потенциалының дамуы.
3. Озық тәжірибенің артуы және ашық сабақ, мұғалімнің шығармашылық зертханасының презентациясы, мұғалімнің әдістемелік материалының жариялануы, т.б.
4. Өзін жетілдіру, мұғалімінң кәсіби дамуы оның өздігінен білім алуына негізделген /сүйенген/.
5. Аттестациядан өтетін мұғалімдердің қызметінің сараптамалық бағасы, оның шығармашылық деңгейінің артқандығын дәлелдейді.
6. Педагогтың кәсіби деңгейі курстан өту нәтижесінде артады.
7. Педагогтың кәсіби шеберлігінің артуынан оқушылар потенциалының сапасы өзгереді:
Білім сапасының динамикасы артады;
Аудандық, қалалық, облыстық олимпиада, ғылыми жоба сайысы, оқушылардың интеллектуалдық жарыстан жүлдегерлер саны артады;
Таңдаған бағыты бойынша 10-11 сыныптардың саны артады;
ЖОО түсушілердің дейгейі жоғары болады.
8. Әр баланың жеке даму траекториясын құру арқылы «Дарынды балалар» бағдарламасы, дифференцияциалап оқыту, олимпиада, білім байқаулары іс жүзіне асады.
9. Ұжымның инновациялық қызметі әдістемелік тақырыппен және туындаған проблемамен тығыз байланысты. Ол бағытталады:
Оқыту мазмұны мен жаңа бағдарламаларды апробациялауға;
әртүрлі факультативтік курстарды оытуға;
оқу-тәрбие үдерісін технологизациялауға және т.б.
Қосымша №1
Әдістемелік жұмыста басшылыққа алынатын құжаттар
2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 27 желтоқсандағы №622 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесін дамыту Тұжырымдамасы».
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашасындағы №583 бұйрығымен бекітілген «Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесі».
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 1998 жылғы 22 маусымдағы №348 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіндегі педагогикалық кадрлармен жүргізілетін әдістемелік жұмыс» және т.б. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Білім және ғылым министрлігінің директивті, нормативті құжаттары.
Қосымша №2
Оқу-әдістемелік жұмысты іс жүзіне асыру мен ұйымдастыру ережесі
Достарыңызбен бөлісу: |