1. Жалпы ережелер
1.1. Әдістемелік бірлестік оқу-тәрбие, әдістемелік, тәжірибелік- эксперименттік және сыныптан тыс жұмыстың бір немесе бірнеше өзара байланысы бар ұқсас оқу пәндердің білім беру мекемесіндегі негізгі құрылымдық бөлімі болып табылады.
1.2. Әдістемелік бірлестіктер мектепте бір пәннен кемінде 3 мұғалім болған жағдайда құрылады. Әдістемелік бірлестік құрамына бір-бірімен шектес және жақын пән мұғалімдері кіреді. Білім беру мекемесінде сонымен қатар тәрбиешілердің де әдістемелік бірлестіктері құрылады.
1.3. Әдістемелік бірлестіктің саны білім беру мекемесінің алдына қойған кешенді міндеттеріне байланысты анықталып, директордың бұйрығымен бекітіледі.
1.4. Әдістемелік жұмыс жөніндегі директор орынбасарының ұсынысымен білім беру мекемесінің директоры әдістемелік бірлестікті ашады, қайта құрады, таратады.
1.5. Әдістемелік бірлестік тікелей директордың әдістемелік бірлестік жөніндегі орынбасарына бағынады.
1.6. Оқу-әдістемелік жұмыс Қазақстан Республикасының Конститутциясын және қолданыстағы Заңдарын, оқушыны оқыту мен тәрбиелеу мәселесімен айналысатын барлық деңгейдегі білім басқармасы ұйымдарының және мектептің Жарғысы мен директордың бұйрықтарын басшылыққа алады.
ІІ. Әдістемелік бірлестік қызметінің бағыты мен міндеттері
Мектептегі әдістемелік бірлестік білім беру мекемесіндегі белгілі бір міндеттерді шешу үшін құрылған құрылымдық бөлім. Әдістемелік бірлестіктің жұмысы мұғалімнің кәсіби потенциалын тиімді қолдану және тиісті оқу пәндерінің оқыту әдісін жетілдіруді үйлестіріп дамыту және осының негізінде – білім беру үдерісін жақсарту.
Әдістемелік бірлестік:
оқушының оқу мүмкіндігін, білім беру үдерісінің нәтижесін, сонымен бірге пән бойынша оқудан тыс жұмыстарды талдайды;
білім беру үдерісін қажетті әдістемелік - бағдарламалық кешенмен қамтамасыз етеді;
пән мұғалімдеріне нақты әдістемелік көмек көрсетуді жоспарлайды;
әдістемелік семинарды және әдістемелік жұмыстың басқа да формаларын ұйымдастырады;
пән кабинеттерінің жабдықталуын жоспарлайды және талдайды;
оқушылардың аттестация аралық материалын келіседі;
қажет болған жағдайда оқушының білімділік нәтижесіне оқу материалының минимум көлемі мен мазмұнына қойылатын талапты келіседі;
мұғалімдердің оқу бағдарламасына енгізетін алғашқы сараптау өзгерісін жүргізеді;
пәнді оқыту тәжірибесін зерттейді және жинақтайды;
оқушылардың пән бойынша сыныптан тыс жұмысын ұйымдастырады;
мұғалімге көмек ретінде әдістемелік ұсынысты дайындауға шешім қабылдайды;
оқушыларға және оның ата-аналарына тиісті пәнді жақсы меңгеру, оқу еңбегінің мәдениетін арттыру мақсатында әдістемелік ұсыныс жасауды ұйымдастырады;
мұғалімдерге кәсіби біліктілігін арттырудың әртүрлі формасын ұсынады;
іс тәжірибесі аз және жас ұстаздарға тәлімгерлер жұмысын ұйымдастырады;
сайыс, олимпиада, пән апталығының (айлық) ережесін жасап және оның өткізілуін ұйымдастырады.
ІІІ. Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі формасы
3.1. Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің проблемасы бойынша педагогикалық эксперимент өткізу және оның нәтижесін білім беру үдерісіне енгізу;
3.2. Оқу -әдістемелік сұрақтар бойынша «Дөңгелек стол», семинар және отырыс, мұғалімдердің шығармашылық есері;
3.3. Оқушылардың оқу және тәрбие әдісінен сұрақтары бойынша әдістемелік бірлестіктің отырысы;
3.4. Пән бойынша ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар;
3.5. Жалпы педагогика мен психология сұрақтарынан, оқыту және тәрбие әдістерінен лекция, баяндама, хабарлама, және талқылау;
3.6. Оқу –тәрбие процесінде нормативтік құжаттар мен озық педагогикалық тәжірибені зерттеп, іс жүзіне асыру;
3.7. Пән апталығы мен әдістемелік күнді өткізу.
3.8. Өзара сабаққа қатысу.
ІV. Әдістемелік бірлестік жұмысының тәртібі
4.1. Әдістемелік бірлестік мүшелерімен келісіп тәжірибелі педагогтан мектеп директоры әдістемелік бірлестік жетекшісін тағайындайды. Ол әдістемелік бірлестік төрағасы қызметін атқарады.
4.2. Әдістемелік бірлестіктің жұмысы ағымдағы жылдың жоспарына сәйкес жүргізіледі. Жоспарды әдістемелік бірлестіктің төрағасы жасайды,оны әдістемелік бірлестік отырысында қарастырады, директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарымен келісіп, мектептің әдістемелік кеңесінде бекітеді.
4.3. Әдістемелік бірлестіктің отырысы тоқсанына бір рет өткізіледі. Әдістемелік бірлестіктің өткізілу уақыты және орны туралы директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарына алдын ала айтуы керек.
4.4. Отырыста қаралып, талқыланатын әр сұраққа ұсыныс қабылданып, ол хаттама кітабына жазылады. Ұсынысқа әдістемелік бірлестіктің төрағасы қол қояды.
4.5. Қарастырылатын сұрақтар басқа әдістемелік бірлестікке қатысы болса, онда отырысқа оның төрағасы шақырылады.
4.6. Мектептің әдістемелік жұмыс жоспарына және мектепішілік бақылауға сәйкес әдістемелік бірлестіктің жұмысына бақылауды мектеп директоры, директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары іс жүзіне асырады.
V.Әдістемелік бірлестіктің құжаттары
1. Әдістемелік бірлестіктің (ӘБ) ашылуы туралы бұйрық.
ӘБ жетекшісін тағайындау туралы бұйрық.
ӘБ ережесі.
ӘБ жетекшісі мен мұғалімдердің лауазымдық міндеттері.
Өткен оқу жылында істелген жұмыстың талдауы.
ӘБ тақырыбы, мақсаты, басыңқы бағыты, оқу жылының міндеттері.
Осы оқу жылына ӘБ жұмыс жоспары.
ӘБ мұғалімдері туралы мәлімет (сандық және сапалық құрамы).
ӘБ мұғалімдерінің өздігінен білім алу тақырыптары туралы мәлімет.
ӘБ мұғалімдерінің семинар, конференция, дөңгелек стол, шығармашылық есеп, кеңестерге қатысу графигі.
Мұғалімдер аттестациясының перспективалық жоспары.
Осы оқу жылында ӘБ мұғалімдерінің аттестациядан өту графигі.
ӘБ мұғалімінің біліктілігін арттырудың перспективалық жоспары.
Осы оқу жылында ӘБ мұғалімдерінің біліктілігін арттыру графигі.
15. Пәндер бойынша ағымдағы бақылау, лабораториялық және прак-тикалық жұмыстарды өткізу графигі.
Әкімшілік бақылау жұмыстарының графигі. (МІБ- дан).
17. ӘБ мұғалімдерінің пән бойынша өткізетін ашық сабақтары мен сыныптан тыс іс-шаралар графигі.
Кәсіби тәжірибелі мұғалімдердің мекен жайы.
19. ӘБ мұғалімдерінің кәсіби қажеттілігі туралы мәлімет.
Әдістемелік апталық жүргізудің жоспары (егер ӘБ жеке өткізсе).
ӘБ пәндер бойынша тақырыптық-календарлық жоспар, үйірме, арнайы курс, факультатив , т.б. жоспарлары.
Оқу -әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу туралы мәлімет (стандартқа сай бағдарлама, оқулық)
Бағдарламалар (пән,үйірме,арнайы курс,факультативтің авторлық).
ӘБ-тің жас және жаңа келген мамандармен жұмыс жоспары (бұл жалпы жоспардың бір бөлігі де болуы мүмкін).
Пән апталығы мен онкүндігін өткізудің жоспары.
26. Мектепішілік бақылау (ӘБ тексеру анықтамасының көшірмесі)
27. ӘБ мұғалімдер қызметінің нәтижелілігі (ҰБТ, МАБ, ағымдағы сапа, қорытынды үлгерім – тоқсан және жылдық нәтижені мектептің, ауданның /қаланың/ орташа көрсеткішімен салыстыру).
ӘБ-гі пән мұғалімдері мен ӘБ-тің рейтингтік бағасы.
ӘБ отырысының хаттамасы.
VІ. Әдістемелік бірлестіктің құқы
Әдістемелік бірлестіктің құқығы бар:
мұғалімдердің біліктілігін арттыруға ұсыныс жасап, мінездеме дайындайды;
мектепте оқу процесін жақсартуға ұсыныс енгізеді;
әдістемелік бірлестікте жинақталған педагогтардың озық іс тәжірибесінің материалын жариялау туралы сұрақ қояды;
эксперименттік жұмысқа белсенді қатысқан әдістемелік бірлестік мұғалімдерін марапаттау туралы мектеп әкімшілігі алдына сұрақ қояды;
мұғалімдерге біліктілікті арттырудың әртүрлі формасын ұсынады;
оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің проблемасы бойынша мектеп директорының орынбасарынан кеңес алуға;
мұғалімдер аттестациясының мазмұны мен оны ұйымдастыруы бойынша ұсыныс енгізу;
әдістемелік бірлестіктен мұғалімдерді «Жыл мұғалімі» сайысына ұсыну.
Қосымша №4
Мектептегі әдістемелік бірлестіктің жұмысы туралы өзіне-өзі
есеп беру формасы (ӘБ жетекшісі дайындайды)
Өзіне- өзі есеп берудің мақсаты:
ӘБ қызметіне талдау жасау;
Оның жұмыс нәтижесін бағалау;
ӘБ қызметін жетілдірудің жолдарын белгілеу.
Өзіне- өзі есеп беру төмендегі бағыттарды қарастырады:
ӘБ алдына қойылған мақсат пен міндетті;
ӘБ жұмыс істеген әдістемелік тақырып, мектептің әдістемелік тақырыбымен ол қаншалықты үйлескен;
ӘБ неше отырысы өткізілді? Отырыс тақырыптары.
Кім қандай формада, қандай мақсатта ашық сабақ өткізді?Ашық сабақтың нәтижелілігі.
Оқыту жағдайы мен оқушылардың білім сапасының динамикасы. Сыныптар бойынша жоғары не төмен көрсеткіштердің себептері (Мұғалімнің аты –жөні, сыныптың интеллектуальдық мүмкіндігі,мұғалімнің жұмыс жүйесі мен кәсіби шеберлігі). Егер бұл сұрақ ӘБ туралы ережеде қарастырылса онда, бұл сұраққа жауап беріледі.
Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстың тиімділігі.
Оқушылардың пән олимпиадасына, сайысқа, конференцияға, ғылыми жұмысқа қатысуы. Нәтижесі.
ӘБ кадрлпрмен қандай жұмыс фортасы табысты қолданылды?
ӘБ жұмысында қандай инновация енгізілді?
Оқу-тәрбие процесін әдістемелікпен қамтамасыз ету жұмысы.
ӘБ мүшелері қандай жаңа оқу бағдарламаларын меңгерді, авторлық бағдарламамен оқытыла ма?
ӘБ –тегі ахуал.
Келесі оқу жылында ӘБ мүшелері жұмыс істейтін проблемалар.
ӘБ жұмысын бағалаудың басқа формасы өзара бірін-бірі тексеру. Бұл жағдайда тексерушіге қалай тексеру туралы нүсқау дүрыс берілуі керек.
Қосымша №5
Әдістемелік жұмыс жоспарын зерттеуге сауалнама
Жұмыс жоспарын талдағанда төмендегі сұрақтарға жауап беру керек:
1.Алдындағы жылдың талдауы бар ма?
2.Ағымдағы жылдың жұмыс жоспарында қойылған міндеттер өткен жылдың талдауынан туындаған проблемаға қаншалықты сәйкес?
3.Мына іс-шаралар жоспарланған ба?
ӘБ оқытудың жаңа технологиялары мен мұғалімдерінің іс-тәжірибесін зерттеу, жинақтау, енгізу жұмысы;
Мұғалімдердің ашық сабақтары;
Мұғалімдердің өздігінен білім алу жұмысы;
ӘБ ішінде және одан басқа жерде мұғалімдердің біліктілігін арттыру;
Пән бойынша сыныптан тыс тәрбие жұмысы;
Пән кабинетін жабдықтауды жетілдіру жұмысы;
Ашық сабақтар мен сабақты ұйымдастыруды жетілдіру жұмысы;
Оқушының білімі, іскерлігі мен дағдысын тексерудің жаңа формасын енгізу жұмысы.
Қосымша №6
Мұғалімнің өздігінен білімін арттыру қызметін талдауға сауалнама
Талдау барысында төмендегі сұрақтарға жауап беру керек:
ӘБ әр мүшесінде өздігінен біліктілігін арттыру тақырыбы бар ма?
Ол тақырыптың жалпы мектептің әдістемелік тақырыбымен байланысы қаншалықты?
Тақырып бойынша жұмыс қашан басталған, бұл жұмыс қашан аяқталады?
Тақырып бойынша істелген жұмыстың құндылығы: мысалы, ӘБ отырысында, педкеңесте, әдітемелік кеңесте, авторлық бағдарлама жазуда, әдістемелік ұсыныс пен реферат жазуда, т.б. жұмыстарда пайдасы көп болды. Мұғалімдерге өз ӘБ –нің жұмысын бағалауды ұсынуға болады. Олар сұрақтарға жауап бере отырып сауалнаманы толтырады, әр мұғалім ӘБ әртүрлі іс-шарасын 3 түрлі позициямен бағалайды.
1.Істелген істің пайдасы. Әр іс-шара 3 балдық жүйемен бағаланады: 3 балл – қызықты және өте пайдалы; 2 балл- қызықты және жартылай пайдалы; 1 балл – қызықты, пайдалы емес; 0 балл – қызықты да, пайдалы да емес.
2. Қатысу коэффиценті. Ол бағаланады: 3 балл – белсенді қатысушы. 2 балл – кейбір іс-шараға қатысты; 1 балл – отырыстарға қатысты, жұмысқа қатысқан жоқ; 0 балл – отырысқа қатысқан жоқ, «с-шараларды дайындауға қатыспаған.
3. Қызметті жақсартуға ұсыныс. Ұсыныс сынау сипатында болуы мұмкін: «іс- шара пайдалы болмаған, тек мұғалімдердің уақытын алған, келесі оқу жылында жоспардан алып тастау керек», сонымен қатар конструктивті – «проблеманы шешуге байланысты іс-шаралар ұсыну».
Қосымша №7
Мұғалімдердің әдістемелік бірлестік қызметін бағалау парағы.
(мұғалімнің тегі, аты, әкесінің аты)
№
|
Мазмұны /жобамен берілген/
|
Істелген істің пайдалылыгын бағалау
|
Қатысу коэффициенті
|
Талдау және ұсыныс
|
1
|
ӘБ жұмыс жоспары
|
|
|
|
2
|
ӘБ отырысының тақырыбы
|
|
|
|
3
|
ӘБ ішіндегі мұғалімдердің біліктілігін арттыру жұмысы
|
|
|
|
4
|
Пән бойынша оқушының біліктілігі мен білім сапасына талдау
|
|
|
|
5
|
ӘБ сабақтан тыс қызметі.
|
|
|
|
6
|
Озық іс тәжірибені тарату.
|
|
|
|
7
|
Жаңа педагогикалық әдістемелік әдебиеттермен таныстыру сағаты.
|
|
|
|
8
|
ӘБ мүшелерімен ашық сабақты ұйымдастырып өткізу.
|
|
|
|
9
|
Шақырылған мамандардың лекциясы
|
|
|
|
10
|
Басқа іс-шаралар.
|
|
|
|
Қосымша №8
Әдістемелік бірлестік жұмысына талдау
ӘБ жетекшісінің жұмысы жоспардың өткен оқу жылында істелген жұмысқа талдау жасауы, жаңа оқу жылының міндеттері, жалпы мектептік, аудандық /қалалық/ облыстық өткізілетін іс шаралардың жоспары, мектептің ағымдағы жылдық жоспарынан басталады.
ӘБ жетекші жұмысының міндеті мынадай:
ӘБ отырысын өткізеді.
Нормативтік құжат, шешімдердің орындалуы, ӘБ ұсынысының орындалуы.
Озық іс тәжірибені мұғалімдерге таныстыру және оны мұғалімдер қызметіне енгізу (шығармашылық топ жұмысы арқылы).
Пән апталықтарын дайындап, өткізу.
Семинар, конференция, дөңгелек столдарды,т.б, дайындап, өткізу.
Оқушыларды интеллектуалды шараларға дайындап, өткізу (олимпиада, марафон, сайыс, ҰБТ,МАБ, т.б).
Пән бойынша сыныптан тыс іс шараларды дайындап, өткізу.
ӘБ –тегі пән сабақтарына, факультатив, үйірме сағаттарына қатысу.
ӘБ –тегі пәндер бойынша оқушылардың соңғы сапа нәтижесін зерттеу.
ӘБ –тегі пән мұғалімдерінің кәсіби шеберлігінің өсуі мен біліктілігінің арту сапасын зерттеу.
Мұғалімнің инновациялық озық іс тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату тәжірибесі.
Әр оқу жылының соңында (сәуір,мамыр) ӘБ жетекшісі жыл бойы істелген іске есеп дайындайды. Онда ӘБ –тің міндеттерінің, әдістерінің және оған жету жолдары, алынған нәтиже, туындаған проблема және жаңа міндеттер , жаңа оқу жылындағы жұмыстың қысқаша бағдарламасы баяндалады.
Оқу ісінің меңгерушісімен тақырып, міндет, іс шаралар нақтыланған соң ӘБ жетекшісі «20..-20.. оқу жылына ӘБ жұмыс жоспарын жасайды». Жоспар кешенді мақсатқа жету үшін іс шаралардың бірізділігі пен формасын анықтайтын құрылымнан тұрады. Жоспар мына тараулардан тұруы мүмкін:
1. Титул беті ( «қаралды», «келісілді», «бекітемін»)
2. Тақырып, мақсат, міндет
3. Өткен оқу жылында істелген жұмысқа талдау.
4. ӘБ жұмыс жоспары:
ӘБ отырысы (жылына 5 отырыс);
Оқу-әдістемелік жұмыс (білім берумен байланысты барлық жұмыс, ҰБТ,МАБ)
Ғылыми-әдістемелік жұмыс (аттестация, біліктілікті арттыру, өздігінен білім алумен байланысты).
Озық іс тәжірибені зерттеу, жинақтау жұмысы (жасаған, енгізген шығармашылықтоп ).
Сапа нәтижесіне мониторинг (оқушыға және мұғалімге).
Баспа қызметі (ӘБ бойынша не баспадан шығады – ұжымдық, жеке мұғалім).
Кабинеттің материалдық базасын жетілдіру. (кабинетті паспорт алуға, кабинеттер сайысына қатысуға дайындау,т.б)
Жоспардың жалпы кестесі:
№ р/с
|
Мазмұны
|
Уақыты
|
Жауапты
|
Нәтиже
|
|
|
|
|
|
1. Осы оқу жылына алынған ӘБ міндеттерінің орындалуына талдау жасау (не істелді, осы оқу жылында қандай проблемалар туындады).
2. Оқытудың оқу-әдістемелікпен қамтамасыз етілуіне сипаттама (ӘБ мұғалімдері қандай бағдарламамен жұмыс істеді, бағдарламаның орындалуы, әдістемелік әдебиеттердің алынуы).
3. Оқушының бағдарлама материалын меңгеруінің сандық және сапалық сипаттамасы, оқушы біліміндегі олқылықтар (білім, білік, дағды бойынша бақылаудың қорытындысы, әкімшілік, аудандық және қалалақ мониторингтің талдауы).
4. Оқушымен жеке жұмыс:
- үлгерімі нашар оқушымен;
- дарынды балалармен.
5. Пән бойынша оқушының үлгермеу себебіне талдау, қиындықты анықтау.
6. Мектептік, аудандық /қалалық/, облыстық олимпиадаға, интеллектуальдық марафорға, сайысқа, жобаны қорғауға және т.б. қатысуы (өткен жылмен салыстырғанда).
7. Сыныптан тыс жұмысқа талдау.
8. ӘБ мүшелері қандай сұрақтармен қандай деңгейде (мектепішінде, ауданда, қалада, облыста,т.б.), қандай іс-шараларда сөз сөйледі.
9. Кабинет жұмысы (кабинет байқауының қорытындысы, жаңа талапқа сай жаңа толықтырулар).
10. Педагогтардың кәсіби біліктілік деңгейінің артуы, әдістемелік және педагогикалық шеберліктің жетілдірілуі. Ашық сабақтардың өткізілуі. Мұғалімдердің аттестациясы.
11. Келесі оқу жылына ұсыныс.
Қосымша №9
Әдістемелік бірлестік жетекшілерінің функционалдық міндеттері
Әдістемелік бірлестікте оқу және әдістемелік жұмысты басқарады (әрі қарай ӘБ).
ӘБ қызметін ұйымдастырады және жоспарлайды.
Жоспарға сәйкес ӘБ отырысын өткізеді.
ӘБ қызметі үшін қажетті құжаттарды жүргізеді, ұйымдастырады (мектепте портфолио әдісін енгізсе оны жүргізеді).
Мұғалімдердің сапалық құрамын, ӘБ жұмысының қорытындысын талдайды, ӘБ жұмысын педкеңес пен әдістемелік кеңеске көрсетеді, ұсынады.
Мұғалімдерге пән бойынша бағдарлама, тақырыптық- календарлық жоспар, оқу-әдістемелік құрал, дидактикалық және көрнекі құрал жасауға көмектеседі.
Пәндердің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуінің ҚР–ң стандартына сәйкестігін қарайды.
Мұғалімдердің сабаққа дайындығы мен оның сапалы өткізілуін бақылайды.
ӘБ мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, тәжірибелік- зерттеу, экспериментік, ғылыми-әдістемелік жұмыстарға көмектеседі, өздігінен білім алу жоспарының орындалуына көмек береді.
Мұғалімнің біліктілігін санатын арттыруға ұсыныс пен мінездеме дайындайды (директордың орынбасарымен бірге).
ӘБ мұғалімдерінің озық тәжірибесін зерттеуді, жинақтауды, таратуды ұйымдастырады.
ӘБ мұғалімдерінің шығармашылық топтың материалдарын, өздігінен білім алу тақырыбы бойынша материалдарды баспаға дайындауды ұйымдастырады.
ӘБ –тегі пәндер бойынша сапаның соңғы нәтижесінің мониторингісін жасайды (ҰБТ,МАБ, жыл қорытындысы).
Мұғалімдердің және ӘБ жалпы қорытындысының рейтингісін жасайды.
Белсенді, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді ынталандырады.
Қосымша №10
Пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік отырысының
№ хаттамасы күні, айы 20.. жыл
Қатысты: (жалпы саны)
Қатыспады: (фамилиясы, аты, әкесінің аты)
Күн тәртібі:
1.______________________________________________________________
2.______________________________________________________________
3.______________________________________________________________
1 сұрақ.
Кім сөйледі:_____________________________________________________
Тақырыбы және қысқаша мазмұны:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
2 сұрақ.
Кім сөйледі:_____________________________________________________
Тақырыбы және қысқаша мазмұны:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
3 сұрақ.
Кім сөйледі:_____________________________________________________
Тақырыбы және қысқаша мазмұны:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
ӘБ –тің шешімі:_________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
ӘБ жетекшісі_________________ (фамилиясы, аты, әкесінің аты )
ӘБ хатшысы ________________ (фамилиясы, аты, әкесінің аты)
Достарыңызбен бөлісу: |