«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бар өңірлерде «Менің Елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында «ӘREKET» Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту» жобасын іске асыру туралы
ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер
Осы Ереже «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бар өңірлердегі «Менің Елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы (бұдан әрі – «Менің Елім» Бағдарламасы) аясында «ӘREKET» Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту» жобасын (бұдан әрі - Жоба) іске асырудың шарттары мен механизмін анықтайды.
Берілген гранттың мақсатсыз пайдаланылу жағдайларын қоспағанда, гранттар коммерциялық емес ұйымдарға әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша Бизнес жобаларын іске асыруға және (немесе) жұмыс жасап тұрған әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға тегін және қайтарымсыз негізде беріледі.
Гранттар Байқау қорытындысы бойынша «Samruk-Kazyna Trust» Корпоративтік қорымен беріледі.
Гранттардың мақсаты - азаматтық сектор өкілдерінің бизнес бастамаларын қолдау арқылы Аймақтарда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру.
Жоба Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жүзеге асырылады.
Терминдер мен анықтамалар
Осы Ережеде келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Жоба әкімшісі
|
«Samruk - Kazyna Trust» Корпоративтік қоры
|
Жоба
|
Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған
«ӘКЕКЕТ» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту» қайырымдылық жобасы:
кәсіпкерлік негіздерін оқыту және бизнес жүргізу дағдыларын дамытуға;
үздік бизнес-жобаларға Грант байқауының қорытындысы бойынша гранттар беруге;
9 ай ішінде бизнес-жобалардың орнықтылығын арттыру мақсатында Жобаның әкімшісі мен тәлімгерлердің бизнес-жобаларға қызмет көрсету және мониторинг жүргізуі арқылы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.
|
Бизнес жоба
|
Аймақтардағы халықтың әлеуметтік осал топтарының проблемаларын шешуге бағытталған жобалар
|
Бизнес тренер
|
Үміткерлерді аймақтардағы әлеуметтік кәсіпкерлік негізіне оқыту бойынша тренер
|
Грант алушы
|
Грант байқауының жеңімпазы
|
Грант
|
Гранттық келісімшарттың негізінде Жоба әкімшісімен Грант алушының шотына аударылатын ақша сомасы
|
Ерікті
|
Кәсіпкерлік саласында қажетті дағдылар бойынша шеберлік сыныптарын ерікті негізде жүргізуге ниет білдірген «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері
|
Келісімшарт
|
Осы келісімшартқа сәйкес Жоба әкімшісі грант алушының шотына ақша аудару арқылы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға грант ұсынады
|
Өтінім
|
Грант байқауына қатысу үшін үміткердің осы Ережеде көрсетілген форма мен шарттарға сәйкес ұсынатын құжаттар жиынтығы
|
Үміткер
|
Жұмысы әлеуметтік қызмет көрсетуге немесе халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жұмыс орындарын құруға бағытталған коммерциялық емес ұйым
|
Байқау комиссиясы
|
Өтінімдерді қарауға және Грант алушыларды іріктеуге жауапты орган
|
Грант Байқауы
|
Әлеуметтік кәсіпкерліктің бизнес жобаларының презентациясы арқылы Грант алушылырды іріктеу мен өтінімдерді қарау үрдісі
|
Ментор
|
Кәсіпкерлік қызметте сәтті тәжірибесі бар Грант алушыларға бизнес жобаларын жүзеге асыру кезінде өтеусіз негізде практикалық көмек көрсетуге дайын жеке/заңды тұлға жеке тұлға
|
Жоба серіктестері
|
Жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсетуші ұйымдар
|
Өңірлер
|
Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы
|
Әлеуметтік кәсіпкер
|
Қызметі әлеуметтік кәсіпкерлік болып табылатын заңды тұлға
|
Әлеуметтік кәсіпкерлік
|
Әлеуметтік қызмет көрсетуге немесе халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жұмыс орындарын құруға бағытталған бизнес
|
Әлеуметтік қызметтер
|
Қиын өмірлік жағдайға тап болған адамға (отбасыға) туындаған әлеуметтік мәселелерді еңсеруге және басқа азаматтармен қоғам өміріне қатысудың тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталған қызметтер кешені
|
Халықтың әлеуметтік осал топтары
|
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алатын, өзін белгілі объективті себептерге байланысты қамтамасыз ете алмайтын ҚР азаматтары
|
Қиын өмірлік жағдай
|
29.12.2008 жылғы № 114 «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес адам өзі еңсере алмайтын, оның өмірін бұзатын жағдай
|
Грант қаражатын мақсатсыз пайдалану
|
Грантты Грант алушының келісімшартында көрсетілген мақсаттарға сәйкес келмейтін жағдайларға пайдалану
|
Грант ұсыну тәртібі мен шарттары
Бизнес жоба критерийлері
|
- Бизнес жобаның әлеуметтік тиімділігі
- Бизнес жобаның қаржылық тұрақтылығы
- Бизнес жобаны жүзеге асыруға қажетті уақыт пен ресурстар
|
Грант мақсаты
|
Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту
|
Грант лимиті
|
1 (бір) грант алушыға 500 000 (бес жүз мың) теңгеден көп емес
|
Қаржыландыру формасы
|
Қолма-қол ақшасыз төлемдер
|
Қаржыландыру мерзімі
|
Жасалған шарттың әрекет ету мерзімі ішінде
|
Гранттар берілмейді
|
1. коммерциялық ұйымдарға
2. діни ұйымдрға
3. кәсіподақтарға
4. сайлау қорларына
5. тұтыну кооперативтеріне
6. қайта ұйымдастыру, тарау және банкроттық кезеңде тұрған, сонымен қатар қызметі ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатылған ұйымдарға
7. салықтар мен мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі бар ұйымдарға
8. саяси партияларға
|
Грант қаражатын пайдалану мүмкін емес
|
1. Грант алушының кредиторлық қарызын жабуға
2. Ұсынылған Бизнес жобаға қатысы жоқ қызметтерді жүзеге асыруға
3. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге шығу және ұсынылған бизнес-жобаның шеңберінен тыс
|
Өтінім қабылдау мерзімі
|
Жоба әкімшісінің өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыруынан кейін 25 күнтізбелік күн ішінде
|
Грант қаражатын мақсатты пайдалану
|
Жаңа бизнес-жобаларды іске асыруға және қолданыстағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға, соның ішінде:
- негізгі құралдарды және тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу
- Материалдық емес активтерді сатып алу және дамыту
- айналым капиталын қаржыландыру
|
Грант қаражатын игеру мерзімі
|
Келісім жасалған күннен бастап 6 ай ішінде
|
Грант алушылардың тапсыруы керек есептердің түрі
|
1. Грант қаражатын мақсатты пайдалану туралы есеп
2. Бизнес-жобаны іске асырудың тиімділігі туралы есеп
|
Грант алушылардың гранты мақсатты пайдаланғандығын растайтын құжаттар
|
- кәсіпкердің қызмет көрсету банкінің айналым парағы (есептік күннен бастап есепті ұсыну күніне дейін);
- төлем тапсырмалары, кіріс кассалық ордерлер, шығыс кассалық ордерлер, фискалды түбіртектер, жалақы;
- жұмыстарды, қызметтерді және тауарларды сату және сатып алу келісімшарттары;
- шот-фактуралар мен түбіртектер;
- орындалған жұмыстар / көрсетілген қызмет актілері;
- еңбекақыны аудару бойынша есептік мәлімдемелер;
- мақсатты пайдалануды растайтын басқа да құжаттар.
|
Есептерді ұсыну мерзімі
|
- келісім жасалған күннен бастап 3 және 6 ай ішінде - №3 және №4 Қосымшаға сай Грант қаражатын мақсатты пайдалану туралы есеп және Бизнес-жобаны іске асырудың тиімділігі туралы есеп
- келісім-шарт жасалған күннен бастап 9 айдан кейін - жобаны іске асырудың тиімділігі туралы есеп
|
Кезекті траншты төлеуді тоқтата тұру немесе Келісімшартты бұзу негіздері болып табылады
|
1) бөлінген қаражаттың мақсатсыз қолданылуы;
2) есептердің уақытылы ұсынылмауы;
3) әкімші сұраған қосымша ақпарат және / немесе құжаттарды беруден бас тарту;
4) грант алушының қандай да бір дұрыс емес ақпарат беруі.
|
Жоба кезеңдері
|
1) үміткерлерді іріктеу
2) үміткерлерге әлеуметтік кәсіпкерлік негіздерін оқыту
3) Грант байқауы
4) Грант алушыларды қолдау
5) Грант алушылардың мониторингі
|
7. Жоба әкімшісі
- Грант конкурсына қатысудың мерзімі мен орны туралы ақпарат көрсетілген өтінім қабылдау туралы хабарландыруды www.sk-trust.kz сайтында, әлеуметтік желілерде, өңірлік/республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
- Жобаны іске асыру туралы жарияланымдар жасауды қамтамасыз етеді.
Үміткерлерді іріктеу тәртібі
8. Жобаға қатысу үшін үміткерлер www.sk-trust.kz сайтында орналасқан онлайн сауалнаманы толтыру керек;
9. Сауалнамаларды Жобаның әкімшісі өтінім қабылдау уақыты аяқталған сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде қарайды.
10. Оқуға іріктеуден өткен үміткерлер тізімі 5 жұмыс күні ішінде Жобаның әкімшісі сайтында www.sk-trust.kz орналастырылады.
Үміткерлерге әлеуметтік кәсіпкерлік негіздерін оқыту
11. Үміткерлерді оқыту әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша бес күндік тренингтен тұрады, оның бағдарламасында келесі блоктар қамтылған:
- бизнес жоспарлау;
- қаржы;
- маркетинг;
- бизнес жүргізудің құқықтық аспектілері;
- сату мақсатында көпшілікке таныстыру дағдылары.
12. Тренинг соңында үміткерлерге әлеуметтік кәсіпкерлік негіздеріне қатысқандығы туралы сертификаттар беріледі.
13. Сертификаттар үміткерлерге тренингтерді босатпаған жағдайда беріледі.
Грант Байқауы
14. Сертификат алған үміткерлер гранттық байқауға бір Бизнес-жобаны іске асыру үшін қатысуға өтінім беруге құқылы.
15. Грант байқауына қатысу үшін үміткер №1 Қосымшаға сәйкес Бизнес жобаның жоспарын құру керек.
16. Грант байқауына көрсетілген мерзімнен кеш жолданған бизнес жоба жоспары қаралымға жіберілмейді. Грант байқауына ұсынылған құжаттар қайтарылмайды және рецензияланбайды.
17. Грант байқауына қатысу үшін үміткер өзінің Бизнес жобасын Байқау комиссиясының алдында қорғау керек.
18. Байқау комиссиясының құрамы Комиссия төрағасын қосқанда кем дегенде 5 мүшеден тұрады. Байқау комиссиясының құрамына енген адамдардың құрамын, соның ішінде хатшыны, әр Өңір үшін жоба Әкімшісі арнайы тағайындайды.
19. Грант беру туралы шешім Байқау комиссиясымен дауыс беру арқылы қабылданады.
20. Егер үміткер үшін дауыс беруге қатысқан конкурстық комиссия мүшелерінің жартысынан көбі дауыс берген жағдайда Байқау комиссиясының шешімі қабылданады. Егер дауыс саны тең болған жағдайда шешімді Байқау комиссиясының Төрағасы қабылдайды.
21. Байқау комиссиясының хатшысы шешім қабылдау барысында дауыс беру құқығына ие емес.
22. Байқау комиссиясының шешімі апелляцияға берілмейді. Жоба әкімшісі мен Байқау комиссиясы бас тартудың себептерін жарияламауға құқылы.
23. Нәтижелер гранттық байқау өткізілген күні жарияланады.
24. Жеңімпаздар тізімі Байқау комиссиясының шешімінен кейін 3жұмыс күні ішінде Жоба әкімшісінің сайтында www.sk-trust.kz жарияланады.
25. Келісімшарт жеңімпаздар туралы ақпарат жарияланған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде жасалады.
26. Келісімшарт жасасу үшін Грант алушы №2 Қосымшада көрсетілген құжаттарды ұсынуға міндетті.
27. Грант алушы Грант қаражатын мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге міндетті.
Грант алушыларға қолдау көрсету
28. Жоба әкімшісі Жоба серіктестеріне Бизнес-жобаны іске асыруда грант алушыларға менторлық/еріктілік форматта қолдау көрсетуді сұрайтын ресми хаттар жібереді.
29. Менторлар/еріктілер тікелей Грант алушылармен тәлімгерлік қолдауды қамтамасыз ету үшін шарттарды анықтайды.
Грант алушылардың мониторингі
32. Жоба әкімшісі Бизнес-жобаны іске асыруды қадағалау үшін (қажет болған жағдайда керек жерге шығып) Грант алушыдан барлық қажетті құжаттар мен ақпараттарды, соның ішінде коммерциялық және банктік құпияларды талап етуге құқылы.
Жоба әкімшісі мониторинг жүргізеді, соның ішінде:
Гранттың мақсатты қолданылуына;
Келісім жасалған күннен бастап 9 ай ішінде Бизнес-жобаларды іске асыруға арналған грант алушылардың қызметіне;
Грант алушының Келісімшартта көрсетілген жағдайларды орындауына.
33. Грант алушының Грант қаражатын дұрыс пайдаланбаған жағдайда, Жобаның әкімшісі Грант қаражатын қайтару бойынша шаралар жүргізеді.
№ 1 Қосымша
Бизнес жобаның жоспары
Жобаның атауы:
………………………………………………………………………………………
Жоба жетекшісінің ТАЖ (толық):
………………………………………………………………………………………
Ұйымның атауы:
………………………………………………………………………………………
Телефон және электрондық пошта (бар болған жағдайда):
………………………………………………………………………………………
Бизнес идеяңыздың көмегімен халықтың әлеуметтік осал топтарының қандай проблемасын шешуді жоспарлап отырсыз? (50 сөзден көп емес) Мысалы, балалар үйінің түлектерін жұмыспен қамту.
……………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………
Ұсынылған тауарлардың немесе қызметтердің қажеттілігін қалай анықтадыңыз? (50 сөзден көп емес)
…………………………………………………………………………………………
Сіз ұсынатын өнімдер мен қызметтердің мақсатты аудиториясы кім? (50 сөзден көп емес) Мысалы, жас, еңбек, жыныс, кіріс деңгейі, мінез-құлық ерекшеліктері және т.б.
…………………………………………………………………………………………
Табысты алуды қалай жоспарлап отырсыз? (100 сөзден көп емес) Мысалы, тауарларды немесе қызметтерді сату механизмін сипаттаңыз.
…………………………………………………………………………………………
Жоба командасының барлық мүшелерін төмендегі кестеде көрсетіңіз:
№
|
ТАЖ
|
Жоба бойынша міндеті
|
1
|
|
|
2
|
|
|
…
|
|
|
Жобаның барлық мүмкін болатын сәтсіздіктерін төмендегі кестеде көрсетіңіз:
Атауы
|
Жобаға әсер ету деңгейі (әлсіз, орташа, жоғары)
|
Алдын алу шаралары
|
|
|
|
|
|
|
Кестеде 9 айға арналған Бизнес-жобаны іске асыру жөніндегі іс-шараларды көрсетіңіз
№
|
Іс-шара
|
Мерзімі (3, 6 және 9 айға бөліп көрсету керек)
|
Күтілетін нәтижелер
|
1
|
|
|
|
2
|
|
|
|
…
|
|
|
|
Жобаның 9 айға дейінгі барлық шығындарын төмендегі кестеде көрсетіңіз
Жоба сметасы
|
№
|
Шығыс баптарының атауы
|
Сома
|
1
|
|
|
2
|
|
|
…
|
|
|
|
Барлығы:
|
|
Осы құжатқа қол қоя отырып, мен:
Жобаның Ережелерінде көрсетілген әлеуметтік кәсіпкерлікке арналған Бизнес-жобаны іске асыру үшін грантты ұсыну шарттарымен танысқандығымды және келісетіндігімді;
салық берешегінің жоқтығын;
Екінші деңгейдегі банктерге мерзімі өткен қарыздың жоқтығын растаймын.
Бизнес жоба жетекшісінің қолы ……………………
Күні ……………………………
№2 Қосымша
Шарт жасасу үшін қажетті құжаттар тізімі
- қол қоюшы тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат және заңды тұлғаның атынан Келісімге қол қою құқығын растайтын құжат;
- барлық өзгертулер мен толықтырулар жасалған жарғы
- ақша қозғалысын бақылау үшін екінші деңгейдегі банкте теңгеде арнайы банктік шоттың ашылуын / болуын растайтын шоттың бар екендігі туралы анықтама;
- мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.
№ 3 Қосымша
Гранттың мақсатты қолданылуы туралы есеп
______________________________________________________
Грант алуышының атауы
20__ ж. «___» _________ 20__ж. «____» ____________
Есеп беру кезеңі
Шарт № _______________
Грант сомасы: __________________________________
№ п/п
|
Шығын бабының аталымы
|
Шығындар сметасы бойынша сома
|
Есепті кезеңде іс жүзінде пайдаланылған сома, теңгемен
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы
|
|
|
Бизнес жоба жетекшісінің қолы ……………………
Күні ……………………………
№ 4 Қосымша
Бизнес-жобаны іске асырудың тиімділігі туралы есеп
______________________________________________________
Грант алуышының атауы
20__ ж. «___» _________ 20__ж. «____» ____________
Есеп беру кезеңі
Шарт № _______________
Грант сомасы: __________________________________
№
|
Атауы
|
Сипаттамасы
|
1
|
Есеп беру кезеңіндегі қызметті сипаттаңыз:
- не атқарылды (мысалы, қажетті жабдықтар / шығын материалдарын сатып алу, жарнама және т.б.)? *
- Не орындалмады және неліктен?
- нені жақсырақ орындауға болатын еді?
|
|
2
|
Есепті кезеңде сіздің өнімдеріңізді/ қызметтеріңізді іске асыру нәтижелерін сипаттаңыз (жарнама, көрсетілетін қызметтердің саны немесе сатылған тауарлардың саны, клиенттердің саны)
|
|
3
|
Сіздің Бизнес жобаңыз халықтың әлеуметтік осал топтарының проблемаларын шешуге қалай көмектеседі?
|
|
4
|
Бизнес-жобаны жүзеге асырудың болашақ жоспарлары қандай?
|
|
* Есепке есепті кезеңдегі қызметті растайтын құжаттарды (мысалы, фото, бейне, хабарландыру мәтіні, жұмыс кестесі және т.б.) қоса беру қажет.
Бизнес жоба жетекшісінің қолы ……………………
Күні ……………………………
Достарыңызбен бөлісу: |