Эксперименттік жұмыс пен ғылыми зерттеулер:
эксперименттік іс-әрекет;
зерттеу мәселесі бойынша теориялық материалмен танысу;
ғылыми-практикалық конференциялар, семинарларға қатысу;
авторлық материалдарды әзірлеу.
Жаңашыл педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату:
зерттеу, жинақтау нәтижелері бойынша құжаттар әзірлеу;
жаңашыл жұмыс бойынша тұсау кесер, білім беру үрдісіне енгізу, тарату;
шығармашылық топтағы жұмыс;
шебер-сынып;
педагогикалық шеберхана;
педагогикалық дәрістер.
Бүгінде білім беруді ақпараттандыруға сәйкес әдістемелік қызметтің жаңа түрі интернет-қоғамдастық пайда болды. Атап айтқанда:
виртуалды әдістемелік бірлестіктер;
виртуалды әдістемелік альманах;
оn-linе конференция;
интернет - жоба қорғау;
интернет-педагогикалық идеялар фестивалі;
интернет-жаңалық;
интернет- семинар;
оn-linе тест жүргізу;
интернет - байқау;
интернет –диагностика.
Осыдан әдістемелік қызмет білім берудегі қазіргі өзгерістерге сай шығармашылық сипат алуда.
Сондықтан әрбір білім ұйымы өзінің мақсаты, міндеттері, ерекшелігі мен қызығушылығына қарай әдістемелік қызметтің үлгісін құру тиімді.
Сондай жағдайда педагогтардың белсенді шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыруға, нәтижені қамтамасыз ететін осы жұмыстың бағытын, іс-әрекетін және даму болашағын анықтауға мүмкіндік туады.
Әдістемелік қызметтің даму болашағы:
Интеграция – білім беру үрдісіне қатысушыларға арналған «мүмкіндіктер аясын» құру.
Дифференциация – әр педагогқа өзінің жеке даму бағытын құруға мүмкіндік беретін шағын орта (топ) құру.
Маркетингтік қызмет:
әдістемелік құрылымдарды әдістемелік жаңалық жүйесін жасауға бағыттау;
білім беру үрдісі барысында әдістемелік қамтамасыз етуге деген қажеттілікті зерттеу және оны қанағаттандыру;
қазір және болашақта педагогтардың сұранысын қанағаттандыратын, қызмет ерекшелігін ескеретін, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін, ұйымның сақталуы мен дамуына кепілдік беретін әдістемелік ұсыныс беру және әдістемелік нұсқау, құралдарын шығару.
Әдістемелік жұмысты жоспарлау
Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу-тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс-әрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әрбір мұғалім мен тәрбиешінің біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға бағытталған (мұғалімдердің өз бетімен кәсіби білімін көтеруін, өзін-өзі тәрбиелеу, жетілдіру шараларын басқаруды қоса) шаралар, педагогикалық ұжымның ілімдік мүмкіндік шамасын дамыту және арттыру, сайып келгенде, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру, нақты оқушыны білім, тәрбие алу және даму деңгейіне жеткізу
Әдістемелік жұмыс – педагог кадрлардың ғылыми-ілімдік, кәсіптік, әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар жүйесін қосатын кешенді және шығармашылық даму үрдісі. Ол – оқу-тәрбие жұмысын басқару, мұғалімдерді жоғары әдістемелік мәдени рухта тәрбиелеу және өз еңбегінің сапасы мен нәтижесінде талап қоя білудің маңызды бағыты – оқыту тәжірибесінде ұтымды, тиімді әдістерді шығармашылықпен игеру, бұл оқушылардың танымдық, ойлау қызметін жандандырып, терең, берік білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыратын болады.
Директордың ғылыми-әдiстемелiк жұмыстар жөнiндегi орынбасарының функционалдық мiндеттерi мектептегi инновациялық жұмыстармен, ғылыми теориялар негiзiмен, озат тәжiибелер мен жетекшi идеялар, экспериментпен байланысты болғандықтан, оны жүзеге асыру барысында тек қана бiлiм берудiң жаңалығы iске асып қана қоймайды, тағы бiр дүниеге келiп практикада тексерiледi. Сонымен қатар нақты нәтиже беретiн жаңа мазмұн, жоғары тиiмдi технологиялар айқындалады. Мұның бәрi директордың ғылыми жұмыстар жөнiндегi орынбасарының басқару және жетекшiлiк ету нысаны болып табылады.
Мектептегі мұғалімдермен жүргізілетін әдістемелік жұмыстар
Мектептегі әдістемелік жұмыс – өзінің ғылыми-теориялық және әдістемелік дайындығы мен кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында мұғалімдердің жүйелі түрде жүргізетін ұжымдық және жеке іс-әрекеттері.
Әдістемелік жұмыстың мақсаты: педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Әдістемелік жұмыстың міндеттері:
1.Мұғалімдерге оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің және дамытудың қағидалары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмек беру.
2.Мұғалімдерді педагогиалық бағыттағы шығармашылық ізденіске тарту.
Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру формалары: педагогикалық кеңестер, әдістемелік кеңестер, әдістемелік бірлестіктер, проблемалық шығармашылық топтар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, педагогикалық оқулар, шығармашылық есептер, теориялық семинарлар мен семинар-практикумдар, озат тәжірибе мектебі, жас мамандар мектебі.
Мектеп директорының ғылыми-әдiстемелiк жұмыстар жөніндегі орынбасарының атқаратын қызметі және міндеттері
Мектептiң дамуы, бiлiм беру саясаты мен стратегиясын анықтайды, нормативтi-базалық iс-әрекет базасын, жаңа ұйымдастырушылық құрылым, уақытша шығармашылық ұжымдар, эксперименттiк топтар құруға, инновациялық үрдiстердi жүзеге асыруға қатысады.
Бiлiм берудегi әлеуметтiк тапсырысты, шағын аудан тұрғындарының қажеттiлiктерiн зерделейдi, мектептегi оқу-тәрбие жұмыстарының жай-күйiн, оның нәтижелiгiн талдайды.
Мектептiң кешендi-мақсатты даму бағдарламасын, ғылыми-әдiстемелiк және эксперименттiк жұмыстардың жоспарын, бiлiм беру мекемесiнiң моделi мен оның құрамдас жүйесiн жасауға қатысады.
Тереңдетiп бiлiм беретiн сыныптардың оқу жоспарларын жасайды. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын үйлестiрудi, орындалуын қамтамасыз етедi. Тереңдетiп оқыту, жеделдетiп оқыту топтарына оқушыларды iрiктейтiн комиссия құрамына кiредi.
Педагог-қызметкерлердiң ғылыми-зерттеу мен тәжiрибе-сынақ жұмыстарына жетекшiлiк етедi: зерттеу мәселесi және өз бетiмен бiлiм көтеру тақырыптары бойынша кеңестер бередi.
Ғылыми - әдiстемелiк кеңес жұмысына жетекшiлiк етедi, педагогтардың шығармашылық пен инновациялық бағытта жұмыс iстеуiне жағдай туғызады. Педагогтардың ғылыми-әдiстемелiк жұмысын ұйымдастырып, мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру жұмысын ұйымдастырады. Аттестациялық комиссия жұмысына қатысады және жетекшiлiк етедi.
Бiрлестiк жетекшiлерi мен кiтапхана қызметкерлерiнiң әрекетiне жетекшiлiк етедi. Оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысына бағыт-бағдар және кеңес бередi.
Авторлық, байқау оқулықтары мен бағдарламаларын, оқыту технологияларын, оқу-әдістемелiк құралдарды сараптауға қатысады.
Талдау-диагностикалау әрекетiн жүзеге асырады; оқу үрдiсi сипатының әлеуметтiк тапсырысқа, мектептiң даму тұжырымдамасы мен бағдарламасына, жоспарланған нәтижеге сәйкестiгiн анықтайды, басқару жүйесiнiң ықпалының деңгейiн, оқу-тәрбие үрдiсiнiң дамуы мен сапасын анықтайды. Озат педагогикалық iс-тәжiрибенiң қалыптасуына, жинақталуына, таратылуына белсене қатысады.
Диагностикалау натижесiнiң негiзiнде эксперименттiк әрекетке және оқу-тәрбие үрдiсiне қазiргi заманға сай түзетулер енгiзедi.
Басқа бiлiм, ғылым мекемелерiмен өзара шығармашылық байланыс орнатады. Мектептегi ғылыми әдiстемелiк жұмыстарға қатысты құжаттардың дұрыс және дер кезiнде толтырылуын қадағалайды.
Директордың ғылыми-әдiстемелiк жұмыс жөнiндегi орынбасарының жұмыс папкалары:
Мектеп жарғысы мен бiлiмдiк бағдарламалар. Нормативтiк-құқықтық құжаттар (республикалық, қалалық, мектепiшiлiк бұйрықтар)
Жоспарлы-болжамдық әрекет (даму бағдарламасының «әдiстемелiк жұмыс» бөлiмi, әдiстемелiк жұмыстың перспективалық, күнтiзбектiк жоспарлары, әдiстеме және пән апталық жоспарлары)
Ақпараттық-аналитикалық материалдар (әдiстемелiк анықтамалар)
Мектептiң кадрлық құрамы (мұғалiмдер туралы мәлiметтер банкi: сандық және сапалық құрамы).
Ережелер (әдiстемелiк бiрлестiк, мектептегi әдiстемелiк кеңес, өзiн-өзi басқару ұйымы, оқушылардың ғылыми қоғамы туралы, олимпиада, байқаулар өткiзу, iшкi тәртiп ережелерi, қоңырау, кiтапхана, әдiстемелiк кабинет кестелерi).
Қызметтiк мiндеттер (мұғалiмнiң, бiрлестiк жетекшiсiнiң, сынып жетекшiсiнiң, тәрбиешiлердiң). Аттестация материалдары (аттестациялық комиссия құру туралы бұйрық, құрамы, жұмыс кестесi мен жоспары, аттестацияланушылар тiзiмi, құжаттары).
Бiлiктiлiк көтеру жұмысы (формалары, кестесi, жоспары, күтiлетiн нәтижелерi). Шығармашылық топтар жұмысы.
Жас және жаңадан келген мамандармен жұмыс ( тiзiмi, тәлiмгерлер мен жас мамандар жоспарлары, сауалнамалар мен анықтамалар, «Жас мамандар мектебi» оқуының жұмыс кестесi).
Мұғалімдердің эксперименттiк-зерттеушiлiк әрекеттері. Оқушылардың жобалау-зерттеушiлiк әрекеттерi
Баспа әрекетi. Оқу - әдiстемелiк қамтамасыз ету.
Күнтiзбектiк тақырыптық жоспарлау (оқу пәндерi, факультативтер, үйiрмелер мен қоғамдар бойынша).
Есептер мен қорытындылар (өзiнiң, факультатив, тәлiмгер, бiрлестiк жетекшiсiнiң, мұғалiмдердiң ғылыми-әдiстемелiк жұмыстар бойынша).
Әр деңгейдегi байқаулар (байқаулар туралы ережелер, қатысушылар туралы мәлiметтер мен толық материалдары).
Дәптерлерi:
Директор алдындағы кеңес. Қоғамдастықпен бiрлескен жұмыс.
Әдiстемелiк бiрлестiк жетекшiлерiмен бiрлескен кеңес.
Әдiстемелiк жұмыс бойынша сынып жетекшiлерi мен мұғалiмдердiң бiрлескен жиналысы туралы.
Сабаққа қатысу. Пән бойынша сабақтан тыс шараларға қатысу.
Мұғалiмдермен, сынып жетекшiлерiмен жеке жұмыс.
Әдiстемелiк жұмыс бойынша құжаттарды тексеру және т.б.
Әдістемелік кеңес жұмысының жылдық жоспары
І. Әдістемелік кеңес жұмысының мақсаты мен міндеттері:
Өткен жылдардағы жұмыс нәтижесіне талдау;
Жаңа оқу жылындағы проблемаларға бағыт;
Проблеманы шешу жолдарындағы міндеттер;
ІІ.Әдістемелік ұйымдастыру шаралары:
Әдістемелік кеңестің құрамын бекіту;
Пәндік әдістемелік бірлестіктердің жылдық жоспарын бекіту;
Факультативтік сабақ жоспарларын таңдау, бекіту;
Өз білімін жетілдіру жоспары бекіту;
Жас ұстаздарға көмек клубын ұйымдастыру;
Білім жетілдіру бағытындағы курсқа жіберу графигін жасау;
ІІІ.Әдістемелік кабинетті жабдықтау:
Әдістемелік бұрыш ұйымдастыру;
"Озат тәжірибе" бұрышы;
Әдістемелік жаңалықтар стенді;
ІV.Әдістемелік шығармашылық жұмыстар:
Әдістемелік кеңес отырыстарын өткізу (ай сайын).
Мектепішілік шығармашылық топтар құру (үлкен мектептерде).
Пән апталықтарын өткізу, белгілеу;
Пәндік олимпиадаларға оқушыларды дайындау, өткізу;
Мектепішілік педагогикалық оқу нәтижесін шығару;
Озат тәжірибелерді зерттеу, насихаттау, формалары:
Семинар сабақтар өткізу; Пән бірлестіктерінің апталықтарын өткізу;
Плакат, буклет шығару; Баспаға материал беру;
Жыл үздігі байқауларын өткізу ( жыл мұғалімі);
Оқу кабинеттері байқауын өткізу; Оқу кабинеттерін аттестациялау;
Мектепке бүлдіршіндерді әзірлеу, бала-бақшамен байланысу, ересек- топтағы балалардың дайындығын зерттеу;
Бастауыш сатыдан орта сатыға өту кезеңіндегі оқушының білімі мен біліктілігіне зерттеу жүргізу;
V.Бастауыш сатыдан орта сатыға өту кезеңіндегі оқушының білімі мен біліктілігіне зерттеу жүргізу:
Бірлестік жетекшілерінің есебін тыңдау;
Шығармашылық зерттеу жұмысының қорытындысын тыңдау;
Үлгілі семинар, сабақ қорытындысын талдау;
Тақырыптық зерттеу қорытындысын тыңдау.
I.Әдістемелік жұмыстың мақсат-міндеттері мен құрылымы
Әдістемелік жұмыс – оқу-тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдерін игеріп, оны сабақ пен сыныптан тыс шараларда қолдануда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың жаңа, тиімді әдіс-формаларын іздеу бағытында мектеп әкімшілігінің мұғалімдер және тәрбиешілермен бірлесіп өткізетін іс-шараларының жиынтығы.
Негізгі мақсаты – озат тәжірибені зерттеу-жинақтау, мектеп әкімшілігі мен ұстаздардың кәсіби біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін арттыруға, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі пән мұғалімдері мен тәрбиешілерге нақты көмек беру.
Негізгі міндеттері:
Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жетілдіру.
Оқу құралдарының мазмұнын дайындау мен оны жаңарту.
Сабақтардың барлық түрлерінің өту тиімділігін, әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуін жетілдіру.
Жаңа талаптарға сай жаңа оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау.
Оқытудың әдіс-формаларын жетілдірудің тиімді жолдарын іздестіру.
Әдістемелік жұмыстардың мазмұны:
Ғылыми зерттеулер жүргізу.
Бағдарламаларды үйлестіру.
Ақпараттандыру мәселелерін талқылау.
Оқушылар үлгерімін талдау.
Оқыту әдістемесін жетілдіру.
Мектепішілік бақылауды сараптау.
Озат тәжірибені жинақтау, тарату.
Ғылым жетістіктерін практикаға енгізу.
Әдістемелік жұмыстың жылдық жоспарының үлгісі:
Өткен оқу жылының әдістемелік жұмыстарын талдау.
Жаңа оқу жылындағы әдістемелік жұмыстың тақырыбын айқындау.
Әдістемелік жұмыстардың мақсат-міндеттерін айқындау.
Ұйымдастырушылық-әдістемелік нұсқаулықтар әзірлеу.
Өткізілетін негізгі іс-шаралардың кестесі мен тізімін жасау.
Әдістемелік бірлестіктер жұмысын ұйымдастыру.
Әдістемедлік жұмыстарды бақылау мен оған есеп беру.
IІ. Мектептегі әдістемелік жұмыстың оқу жылына арналған жұмыс жоспары
2.1.Өткен оқу жылына жасалған талдау
Өткен оқу жылының мақсат-міндеттері және олардың жүзеге асырылу барысы.
Жетістіктер мен кемшіліктер және олардың себеп-салдарлары.
2.2.Әдістемелік жұмыстың негізгі міндеттері
Әдістемелік апталықтар мен түрлі іс-шараларды сапалы өткізу, оның педагогтардың кәсіби біліктілігі мен әдістемелік шеберлігін жетілдірудегі ролін арттыру.
Жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдана отырып, барлық сабақтар мен сыныптан тыс шараларды жоғары әдістемелік деңгейде өткізу.
Өзара тәжірибе алмасу жиындарын өткізе отырып, жас мамандардың кәсіби қалыптасуын қамтамасыз ету.
Оқытудың белсенді әдіс-формалары мен тиімді технологияларын іздестіре отырып, тәжірибе-сынақтар жүргізу.
Жаңа оқу-тәрбиелік, ғылыми әдістемелік дидактикалық материлдар мен оқу құралдарын жасай отырып, инновациялық білім беру процесін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету
Оқу-тәрбие процесін жетілдіру барысын талдай отырып, шығармашыл мұғалімдердің озат тәжірибелерін зерттеу, жалпылау және тарату.
Мектеп бітірушілердің білімдерінің ғылыми базасын нығайта отырып, таңдаған пәні бойынша жоғары оқу орнына түсуіне бағытталған дайындық жұмыстарын күшейту.
Оқушылардың бойында жоғары моральдік және адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, оларды кешенді тәрбиелеу бағдарламаларын жетілдіру.
2.3.Ұйымдастырушылық-әдістемелік нұсқаулықтар
Мектептегі әдістемелік жұмыстарды облыстық білім басқармасы мен аудандық білім бөлімінің бұйрықтарын, өткен оқу жылының қорытындыларын басшылыққа ала отырып жоспарлау және ұйымдастыру.
Әдістемелік кеңес отырыстарын жоспарлы түрде тоқсанына бір рет өткізу:
Өткен оқу жылындағы әдістемелік жұмыстардың қорытындысы және жаңа оқу жылының міндеттері – қыркүйек.
Әдістемелік және пән апталықтарын өткізе отырып, жаңа технологияларды қолдану бағытындағы озат педагогикалық тәжірибені тарату – қараша.
Оқушылардың шамадан тыс оқу жүктемелерін азайту арқылы білім сапасын арттыру жолдары – қаңтар.
Оқытудың тиімді технологияларын мектеп практикасына енгізу бағытындағы тәжірибе-сынақ жұмыстарының алғашқы нәтижелері мен оның себеп-салдары – наурыз.
Әдістемелік апталықты өткізу - ақпан .
Әдістемелік бірлестіктердің алғашқы жоспарлау отырыстарын төмендегіше өткізу:
4.1. Бастауыш сынып мұғалімдері бірлестігі бойынша – 28-29 тамыз. 4.2. Гуманитарлық пәндер бірлестігі бойынша – 1-3 қыркүйек.
4.3. Жаратылыстану пәндері бірлестігі бойынша – 5-7 қыркүйек.
Бірлестіктердің алғашқы жоспарлау отырыстарында мына мәселелерді қарау:
Оқу және әдістемелік жұмыстардың қорытындылары, оқыту процесін жетілдіру жолдары.
Оқу-тәрбие процесін бақылау қорытындылары, өзара сабақтарға енуді жоспарлау.
Сабақтардың әр түрлі типтері мен формаларын өткізу ерекшеліктері мен әдістемесі.
Оқытудың интерактивті әдістері мен белсенді формаларын іздеу мен тәжірибеге ендіру.
Білім беру процесіне оқытудың тиімді технологияларын ендіру проблемалары мен негізгі жолдары.
Бірлестік отырыстарын тоқсанына бір рет өткізу және онда мына мәселелерге назар аудару:
Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын сапалы түрде жүзеге асыру және оны дидактикалық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету.
Озат тәжірибе мектебінің жұмысын жоспарлай отырып, жаңашыл және тәжірибелі мұғалімдердің озат тәжірибесін зерттеу, жинақтау және тарату.
Жаңа оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру туралы нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып, сабақтарды әдістемелік қамтамасыз жағынан қамтамасыз ету.
Жаңаша оқыту жүйелерін зерттей отырып, оқытудың тиімді технологияларын мектеп тәжірибесіне сатылап енгізу.
Нормативтік құжаттарды оқып-үйрене отырып, мектеп құжаттарын толтыруда бірыңғай талаптарды басшылыққа алу.
Психология мен педагогика және пәнді оқыту әдістемесі бойынша әдебиеттерге шолу жасай отырып, мұғалімдердің өз білімін жетілдіруіне үнемі ықпал ету.
Мұғалімдер мен оқушылардың ғылыми қоғамдарын құра отырып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүйелі жүргізуді ұйымдастыру.
Мұғалімдердің қажеттіліктері мен сұраныстарына диагностика жүргізе отырып, өзара тәжірибе алмасу семинарлары мен оқуларын өткізу.
Білім сатысы оқуларынан өту жоспарын жасай отырып, мұғалімдердің біліктілік санаттарын көтеруді жүзеге асыру.
Тәлімгер ұстаздар тағайындай отырып, жаңадан келген және жас мамандармен жүргізілетін жұмыстарды жандандыру.
Жаңа бағдарламалар әзірлеу және оқыту технологияларын ендіру бағытындағы тәжірибе-сынақ жұмыстарын жүргізу.
Қосымша білім беру бағдарламаларын дайындай отырып, сыныптан тыс үйірме жұмыстары мен факультативтерді ұйымдастыру.
Мектепішілік “Жыл мұғалімі”, “Сынып жетекшісі”, “Пән кабинеті” байқауларының І турын қарашада, ІІ турын қаңтарда өткізу.
Пән апталықтарын ұйымдастырып, өткізу:
Қазақ тілі мен әдебиеті – қыркүйек.
Математика – қазан.
Тарих және қоғамдық пәндер – қараша.
Физика және астрономия – желтоқсан.
Орыс тілі мен әдебиеті – қаңтар.
Химия және биология – ақпан.
Бастауыш сыныптар – наурыз.
Ән-әуез және бейнелеу – сәуір.
Дене тәрбиесі, АӘД және технология – мамыр.
Оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру бағытындағы іс-тәжірибелерді дер кезінде талдап, жинақтап, тарату үшін бірлестік отырыстарында қарастырылған материалдар мен қабылданған шешімдерді мектеп директорының ғылыми-әдістемелік орынбасарына уақтылы өткізіп отыру.
Пәндік және әдістемелік апталықтарды өткізу барысын бақылауды мектеп директорының ғылыми-әдістемелік орынбасарына міндеттеу.
Өткізілетін негізгі іс-шаралар
І. Мектеп әдістемелік кеңесінің жұмыс жоспары
Мақсаты: Оқу-тәрбие процесіне оқытудың тиімді технологияларын сатылап ендіруді жүзеге асыру.
Мiндеттерi:
Тұжырымдамалық негіздерін оқып-үйрене отырып, мектеп тәжірибесіне оқытудың тиімді технологияларын сатылап ендіру
Жаңа технологияларды қолдану бағытындағы озат педагогикалық тәжірибені зерттеп, жалпылау және тарату.
№
|
Өткiзiлетiн iс-шаралар тақырыбы мен мазмұны
|
Өткiзу формасы
|
Мерзiмi
|
Жауап-ты
|
|
Өткен оқу жылындағы әдістемелік жұмыстардың қорытындысы және жаңа оқу жылының міндеттері
|
Отырыс
|
Қыркүйек
|
|
|
Әдістемелік және пән апталықтарын өткізе отырып, жаңа технологияларды қолдану бағытындағы озат педагогикалық тәжірибені тарату
|
Отырыс
|
Қараша
|
|
|
Білім беруді нәтижеге бағыттау арқылы білім сапасын арттыру жолдары
|
Отырыс
|
Қаңтар
|
|
|
Оқытудың тиімді технологияларын мектеп практикасына ендіру бағытындағы тәжірибе-сынақ жұмыстарының алғашқы нәтижелері мен оның себеп-салдарлары
|
Отырыс
|
Наурыз
|
|
ІI. Педкадрмен жүргізілетін жалпы жұмыстар
Мақсаты: Мұғалімдердің жеке тұлғалық ерекшеліктері мен кәсіби біліктілігін, әдістемелік дйындығын анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |