Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет50/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   100

3. ҚОРЛАРДЫ БӨЛУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
Шағын  жинақталған  мектептер  сапаға,  әділдікке  және  тиімділікке    қатысты  сұрақтар 
туындатады  
Тиімді еместігі 
Мектептердің  көлемді  жүйесінде  шағын  жинақталған  мектептердің  көп  мөлшерде  болуы, 
мүмкін,  ауылдық және шалғай жерлерде білім беру қызметтерін ұсынудың экономикалық тиімді 
емес түрі. Шағын жинақталған мектептердің басымдылығы Кеңес Одағында туған арақашықтығы 
аз  жерде  орналасқан  көптеген  шағын  мектептері  болса  да,  әрбір  ауыл    ұсынылатын  білім  беру 
қызметтерінің  сапасы,  әділдігі  және  тиімділігін  жеткіліксіз  есепке  алғанда  жеке  мектебінің 
болуына  лайықты  деген  сенімдерге  байланысты  болған.  Шағын  жинақталған  мектептер  мектеп 
жастағы  балалардың  саны  бес  баладан  аз  емес  ауылдарда  әрекет  етеді,  ол  оқушылар  мен 
мұғалімнің  арақатынасы  5:1  дегенді  білдіреді  және  көп  үлесті  шығындарын  көрсетеді.  Шын 
мәнінде, кадрлық нормаларды қатаң қолдану мектептің бюджетінде көрініс табады, оқушылар мен 
мұғалімнің  төмен  арақатынасы  мұғалімдердің  сапасына,  техникалық  қызмет  көрсетуге, 
жабдықтарға және оқу материалдары шығындарына кемшілік болып келеді.   
Теңсіздік 
Шағын  жинақталған  мектепте  оқитындар,  әдеттегідей,  жағдайлары  төмен  оқыту  ортасында 
оқытылады. Кейбір деректер шағын жинақталған мектептерде оқытудың сапасы басқа мектептерге 
қарағанда төмен екенін көрсетеді, және сондықтан оқушылар мен мұғалімдердің арақатынасының 
төмендеуі  кезінде  алуға  болатын  тиімділіктер  туралы  сұрақты  тудырады.  Біріншіден,  жоғары 
категориядағы  мұғалімдердің  үлесі  қалалармен  салыстырғанда  ауылдық  жерлерде  2-3  есе  төмен 
(3.А3 Қосымшасын қараңыз). Сол сияқты, «категориясыз» мұғалімдердің үлесі ауылдық жерлерде 
жүйелі  түрде  жоғары.  Егер  лауазымдар  құрылымындағы  жоғары  категориялар  мұғалімдердің 
жоғары құзыреттілігіне байланысты деп болжасақ, қалада оқитындар, орташа, ауылдық жерлерде 
оқитындарға қарағанда  сапалы  мұғалімдермен  қамтамасыз  етіледі.  Осындай  қарама-қарсылық  аз 
мөлшерде болса да жоғары білімі бар мұғалімдердің үлесінде де байқалады (91% қалаларда және 
86%  ауылдық  жерлерде,  3.2  кестені  қараңыз).  Сондай-ақ    нәтижелі  мұғалімдер  жағдайы  жақсы 
емес  мектептерде  сирек  жұмыс  істейді  және  дарынды  балаларға  арналған  мектептерде  жиірек 
жұмыс  істейді  деген  кейбір  ресми  емес  айғақтар  бар  (ЭЫДҰ,  2014b).  Екіншіден,  ауылдық 
жерлерде орналасқан мектептер жиірек арнайы пәндер бойынша мұғалімдердің жоқтығын бастан 
кешіреді.  Үшіншіден,  мұғалімдерді  даярлау  бағдарламасы  мұғалімдерді  шағын  жинақталған 
мектептерде кездесетін белгілі бір қиындықтарға дайындамауы мүмкін, мысалы, әртүрлі жастағы 
сыныптарда  сабақ  беру,  халықаралық  зерттеулер  көрсеткендей,  әртүрлі  жастағы  сыныптарда 
нәтижелі  сабақ  беру  үшін  осы  ортада  сабақ  беру  үшін  белгілі  дайындығы  бар  және  қосымша 
ресурстары, мысалы, оқу материалдарының әртүрлі түрлері (Мариано жәнеКирби, 2009; Винман, 
1995; Бернс және Мейсон, 2002) икемді мұғалімдер керек.    
Шағын  жинақталған  мектептерде  оқу  материалдары  мен  жабдықтардың  бар  болуы  мен 
сапасы  да  сұрақ  туындатуы  мүмкін.  Сарапшылар  өздері  келген  кезде  шағын  жинақталған 
мектептердегі  мұғалімдер  «бәрін»  -  оқушыларға  арналған  оқулықтардан  басқа  барлық  оқу 
материалдарын  сатып  алу  қажеттігі  туралы  айтқандығын  ескерді.  Осыдан  басқа,  бір  мектептің 
қызметшісі  оқулықтардың  толық  жинағы  абайсыз  жоғалтып  және  бұзып  алу  жағдайларында 
жылдық ауыстыруынсыз  бес жылда бір рет ұсынылғанын; нәтижесінде, кейбір оқушылар оқудың 
біршама  жылдарынан  тегін  оқулықтар  алмағанын  айта  кетті.      Алайда  ресми  нормативтік 
құжаттарға сәйкес, кітаптардың 20%  ескіруіне байланысты жыл сайын ауыстыруына жатады. Сол 
сияқты,  шағын  жиынтықты  мектептер  Ғаламторға  шығу  мүмкіндігі  жоқтығы,  соған  байланысты 
олар  «интерактивті  тақта»  сияқты  жаңа  технологияларға  қол  жетпейтіндігі  туралы  айтқан; 
«интерактивті  сыныптар»  қаладағы  барлық  мектептерде  дерлік    (93%)    және  ауылдық 
мектептердің жартысында ғана бар (АТО 2014).  
Төмен нәтижелер  
Оқушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалаудың  ұлттық  және  халықаралық  бағдарламалары 
шағын жинақталған мектептер мен ауылдық мектептердің оқыту ортасы оқу жетістіктеріне кедергі 


3. ҚОРЛАРДЫ БӨЛУ 
 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
жасайтынын  көрсетеді.  Ұлттық  бірыңғай  тестілеудің  (ҰБТ)  нәтижелері  -  Қазақстан  жооларына 
қабылдау  емтихандары  өңірлер  арасындағы  қатысу  коэффициенттеріндегі  елеулі  өзгерістерді 
көрсетеді,  Солтүстік  Қазақстан  облысы  55%-дан  Астана  қаласы  82%-ға  дейін,    кейбір 
географиялық  өңірлерде  10-12  сыныптарда  мамандандырылған  оқыту  бойынша  мүмкіндіктердің 
төмендігін  көрсете  алады.  Осыдан  басқа,  қалалық  және  ауылдық  жерлердегі  оқушылардың 
нәтижелері  арасындағы  орташа  айырмашылық  2013  жылы  қалалық  оқушылар  үлесіне  8,74 
тармақтарға тең  болды (ҰБСБО, 2013). Қалалар және шағын қалалар мен халқы 100 000 адамнан 
кем  кенттер  арасындағы  елеулі  айырмашылық  сондай-ақ  PISA-2012  зерттеулерінде  15  жастағы 
оқушылардың  нәтижелерінде  көрінеді,  соның  өзінде  оқу  бойынша  алшақтық  баллмен  оқытудың 
шамалап  жылдың  жартысына  баламалы,  ол  орташа  ЭЫДҰ  елдерінен  азғана  кемірек  (ЭЫДҰ, 
2013b).  
Аз қолдау көрсетіледі 
Ауылдық және шалғай жерлердегі білім беру қызметтерін көрсетуді жақсарту туралы нақты 
стратегиялық  жоқтығы  білім  беру  жүйесінің  жалпы  нәтижелілігіне  кедергі  жасайды.  Шағын 
жинақталған  мектептер  барлық  мемлекеттік  мектептердің  жартысына  жуығын  құрайтынына 
қарамастан, олар электрондық оқыту бағдарламасы және қаржыландырудың жаңа жүйесі сияқты 
үлкен  стратегиялық  бастамалардан  шығарылған.  Осыдан  басқа,  сарапшыларға  мектептердің 
желілерін  біріктірудің  қандай  болса  да  алдағы  жоспарлары    туралы  белгілі  емес,  ал  мектептер 
арасындағы  қызметтестікке  ресурстық  орталықтар  құру  бойынша  таяудағы  бастамалар  сияқты 
себептесу  үлгілері,  олар  әлі  де  болса  шектеулі. Шағын  жинақталған  мектептерге  қатысты  нақты 
стратегиялық  көрінулердің  жоқтығы  Қазақстандағы  ауылдық  жерлердегі  білім  берудің  ұзақ 
мерзімді тұрақтылығына және әділдігіне қатер туғызады.  
Шағын  жинақталған  мектептерде  оқитындарға  сапалы  білім  беруге  қол  жетімділікті 
жақсартуға  бағытталған  ресурстық  орталықтарды  құру  ең  жоғары  деңгейдегі  нәтиже  алу  үшін 
мұқият  жоспарланған  жоқ.  Жүйелерді  құру  кезінде  білім  берудің  ресурстық  орталықтарын  құру 
орындалатын  орынды  талдау  үшін  мектептерді  картаға  түсіру  жүргізілген  жоқ,  ол  жерде 
мектептерді  біріктіру  аса  қолайлы  нұсқа  болып  табылады,  және  ол  жерде  шағын  жинақталған 
мектептерді  сақтап  қалу  қажет.  Мұндай  жұмыс  ресурстық  мектептердің  жүйелеріне  қажетті 
кадрлық  және  қаржылық  ресурстардың  ресурстарының  деңгейін  тиісті  жоспарлау  үшін  қажет. 
Содан  басқа,  шағын  жинақталған  мектептермен  оларға  аса  пайдалы  болатын  қолдау  түерлері 
туралы  кеңес  беру  жүргізілген  жоқ.  Оның  үстіне  ресурстық  орталықтар  қазіргі  уақытта  шағын 
жинақталған мектептердің тек  10% көмек көрсетеді.  Толық қамту қамтамасыз етудің мерзімі мен 
бағасы  белгісіз.  Осы  бастамалардың  әлеуетті  әсерлері  сондай-ақ  олардың  құрылымдарымен 
шектелінеді. Бастамалардан оқытудың негізгі кезеңдері шығарылған болатын, ол 8-9 сыныптарда 
оқитындарды  ғана  қамтитындығына  байланысты.  Ресурстық  орталықтар  жағынан  барлық 
сыныптарды  қосу  үшін  тұрақты  күш  салу  қажетті  болады.  Ұқсас  түрде,  мұғалімдер  мен  шағын 
жинақталған  мектептердің  басшылары  мен  ресурстық  орталықтардың  арасындағы  өзара 
қызметтестікті тағы да кеңейтуге болатын сияқты.  
Елеулі нәтижелік еместігінің болуы кадрлармен басқаруға кедергі жасайды  
Мұғалімдер  мен  мектеп  басшыларының  нақты  стандарттарының  жоқтығы  олардың  әлеуетін 
төмендетеді  
Қазақстанда мұғалімдер мен мектеп басшылары стандарттарының ұлттық жүйесі және нақты 
және ықшамды мәлімдемелер немесе мұғалімдер мен мектеп басшылары нені білуі және не істей 
алуы  керектігінің  сипаттамасы  жоқ.  Оқыту,  дамыту  және  мұғалімдер  мен  мектеп  басшыларына 
сыйақы  беру  тәсілдері  дамыған  оқыту  және  мектептік  басшылықты  сипаттайтын  жалпы  түсінік 
пен кәсіптің стандарттарының жоқтығын әлсіздендіреді.  Мұғалімдер мен мектеп басшыларының 
стандарттары  педагогикалық  кадрларды  даярлау  және  кәсіби  дамыту  жүйесі  неге  ұмтылуы 
қажеттігі  туралы  болжалдарды  нақты  анықтайтын  пайдалы  механизмдер  болып  табылады.  Олар 
сондай-ақ  кадрларды  таңдау  үрдісі  үшін  негіз,  олардың  біліктілігін  бағалау  үшін  сенімді 
анықтамалық  материал  (оларды  аттестаттау  кезіндегі  сияқты),  қызмет  бойынша  көтерілу  үшін 
негіз  және  кәсіби  даму  бойынша  басшылық  болып  қызмет  атқарады.  Нақты  стандарттардың 


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау