Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет53/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   100

3. ҚОРЛАРДЫ БӨЛУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
10 ЭЫДҰ, 2014b). ЭЫДҰ  (2014b) көрсетілгендей, бұл моделдеу қоршаған ортасы немесе жұмыс 
орны қосымша жұмыстарды жүргізуге немесе уақыт бөлуге мүмкіндік бермейтін, мұғалімдер үшін 
негізгі  еңбек  ақының  жетіспеушілігін  көрсетеді.Дүниежүзілік  банктің  мәліметтеріне  сәйкес  2013 
жылғы мұғалімдердің негізгі еңбек ақысы 35 747 (КZT) теңгені құраған, білім беру саласындағы 
орташа  еңбек  ақы  мөлшерімен  68 971  теңге  салыстырғанда.  Еңбек  ақының  бұл  көрсеткіштері 
осындай  біліктілікті  талап  ететін  басқалардан  айтарлықтай  төмен:  банк  және  денсаулық  сақтау 
саласындағы орташа еңбек ақы 210 000 және 81340 теңгені құрайды (Дүниежүзілік банк, 2013). 
Жоғарыда  көрсетілгендей,  мұғалімдердің  төменгі  еңбек  ақысының  деңгейі  (мөлшерлеме 
бойынша) көптеген мұғалімдерді аптасына өте көп сабақ беруге итермелейді, ал кейде белгіленген 
шектен  27  сағат  аптасына  тыс.  Бұл  еңбек  ақы  тұрмысқа  жетпейтін  қалаларда  уайым  тудырады. 
Кейбір  мектептер  және  жергілікті  билік  органдары  бұл  мәселені  қарастырған.  Сонымен, 
мұғалімдердің  негізгі  еңбек  ақысының  көбейуі  мұғалімдердің  апталық  білім  беру  кестесінің 
тығыздығын  төмендетуге  және  білім  берудің  сапасын  арттыруда  жасырақ  мұғалімдерді 
пайдалануға ықпал етеді. Бұған Астана және Алматы сияқты үлкен қалаларда қол жеткізу мүмкін 
болмағанымен өңірдегі көптеген жерлерде қол жеткізуге болады.  
Мұғалімдердің  негізгі  еңбек  ақы  мөлшерлемесінің  әр  түрлі  қосымша  функцияларға  және 
«жоғарғы деңгейге дейін» карьералық өсуінің де болуы анық. Бұдан басқа, мұғалімдерге ақшалай 
бонус беру де тар критерилерге ҰБТ қортындысына немесе олимпиадаларға байланысты болуда, 
ол  тек  аса  дарынды  оқушылардың  мұғалімдері  үшін  ғана  қол  жетімді  (ЭЫДҰ,  2014b).  Мектеп 
басшылары сәйкес қызметтегі мамандықтардан төмен еңбек ақы алып қана қоймай, олардың еңбек 
ақысының мөлшері мұғалімдердің еңбек ақысынан аспауы мүмкін. Басшы жұмыскерлердің еңбек 
ақысының  өсуі  түсініксіз:  мектеп  басшылары  жақсы  еңбек  ақы  немесе  жұмысы  үшін  тиісті 
марапаттауды  ала  алмауы;  олардың  орташа  еңбек  ақысын  есептеу  үшін  нақты  мәліметтер  жоқ. 
Бастапқы  еңбек  ақы  дифферинциалы:  жаңа  директорлар  директордың  орынбасары  болып  қайта 
тағайындалған орынбасардан шамамен 8% артық табыс табады, ол сәйкесінше жас мұғалімдерге 
қарағанда 32% артық еңбек ақы алады. Дегенмен тәжірибе жүзінде еңбек ақы мөлшеріне талдау 
жасау  қиын.  Мектеп  директорларының  бастапқы  еңбек  ақысын  мұғалімдердің  бастапқы  еңбек 
ақысымен  салыстыруға  болмайды, директор  болу  үшін  кем  дегенде  6 жыл  жұмыс  тәжірибесінің 
болуын  ескере  (орынбасар  болып  3  жыл  және  тағы  да  3  жыл  мұғалім  болып).  Бұдан  бөлек 
сарапшылармен  сұхбат  алынған  барлық  мектеп  директорларының  орынбасарлары  аптасына  9 
сағат сабақ берген, оған қосымша еңбек ақы алған, мысалға берілген категориясы үшін. Олардың 
еңбек ақысы жұмыс өтіліне байланысты болғандықтан мектеп басшыларында олардың еңбектері 
ескерілмейтіндіктен  және  қосымша  ақы  төленбейтіндіктен  жоғары  деңгейге  жетуге  деген 
құлшыныстың болмауы мүмкін. 
Мектептердің инфрақұрылымының жағдайы алаңдатады. 
Қазақстандағы  мектептерге  тиісінше  инвестиция  бермеу  және  модернизациялау  жаңартуды 
қажет ететін көптеген нысандардың пайда болуына алып келді. Қыста нашар жылытылатын ескі 
ғимараттар,  немесе  оларды  жылыту  қымбатқа  түсетін,  білім  алушылардың  денсаулығына  және 
олардың  әлемдегі  өте  салқын  климаты  елінде  білім  алу  мүмкіндігін  төмендетеді.  Елдің  кейбір 
бөліктерінде үш ауысыммен оқыту жалғасуда және екі ауысымда оқыту күнделікті жағдай болып 
қалыптасқан.  Қазақстанның  ауылдық  елді  мекендерінде  ғимарат  ішінде  дәретханасы  жоқ 
мектептер  кең  тараған.  Соңғы  жылдардағы  жұмсалған  күш-қуатқа  қарамастан  көптеген 
мектептерде  негізгі  жабдықтар  мен  оқу  материалдары  жоқ.  PISA-2012  зерттеуінде  директорлар 
мектептің  материалды-техникалық  базасының  білім  алу  деңгейіне  әсер  етті  ме  деген  сұраққа 
жауап берілері тиіс болды (3.4 суретті қараңыз)  (ЭЫДҰ, 2014b). Үштен бір және жартысынан көп 
мектептердің  директорлары  мектпе  алаңдарының  және  кабинеттердің  жетіспеушілігін,  желдету 
және  жылыту  жүйелерінің  жоқтығын  немесе  білім  алу  нысандарының  олардың  білім  беру 
деңгейіне  әсер  ететіндіктерін  айтты.  Жартысынан  көбі  білім  беру  ресурстарының 
жетіспеушілігінің  (мысалға,  ғылыми  зерттеу  жабдықтары,  компьютерлер,  интернет  желісінің 
болуы, программалық қамтылу) олардың білім беру деңгейіне әсер ететіндіктерін айтты. 


3. ҚОРЛАРДЫ БӨЛУ 
 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
3.3-
сурет Мектеп директорларының материалды-техникалық базаның және білім беру ресурстарының 
жеткіліктігі бойынша ойлары 
Бұл құбылыстар балалардың білім алу деңгейіне «кей деңгейде» немесе «қатты» әсер етеді деп жауап берген 
директорлардың, мектептерде білім алушылардың пайыздық үлесі 
Дереккөз: ЭЫДҰ  (2013a), Нәтижелері PISA-2012: мектептерді не сәтті етеді (IV том): ресурстар, саясат және тәжірибе PISA, 
ЭЫДҰ Publishing, Париж, http://dx.doi.org/10.1787/9789264201156-en. 
Халықаралық  зерттеулер  қорытындысы  материалды-техникалық  базаның  төменгі 
стандарттарға сәйкес келмеуінің үлесі бар дейді. Бар мәліметтер маңызды нысандардың болмауы 
білім  алуға  әсер  ететіндігін  көрсетті
5
  (Мурийо  и  Роман,  2011;  ЭЫДҰ  ,  2013a).
 
Басқаша 
айтқанда,тиісінше материалды-техникалық базаның болуы және заманауи оқулықтар білім беруде 
жақсы  жетістіктерге  жетуге  кепілдік  бермейді,  бірақ  мұндай  ресурстардың  болмауы  кері  әсер 
етеді. Нашар жобаланған және тиісінше қызмет көрсетілмейтін мектептер (акустикасы төмен,АҚМ 
пература  реттелмейтін,  ауа  сапасымен  және  жарық  берумен  қамтылмаған)  жиі  төмен 
көрсеткіштерді  көрсетеді  (Хиггинс  және  басқалары,  2005).  Одан  бөлек  мектептер  қоршаған 
ортаның  білім  беру  атмосферасын  қалыптастыратындықтан,  мектептердің  жағдайы  тұрғындарға 
білім берудің маңыздылығын көрсету мүмкін.
 
Саясат жөніндегі ұсынымдар 
Әлеуметтік  жағдайы  төмен  және  үлгерімі  нашар  оқушылар  мен  мектептерге  көбірек 
ресурстарды бөлу 
Әділеттік тұжырымдамасын білім беру саласында қабылдау 


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау