3. ҚОРЛАРДЫ БӨЛУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
Мектептердің жұмыс істеуіне арналған шығындарды білдіретін ағымдағы шығындардың ең
үлкен үлесі, егер оқытудың еңбекті қажет ететін сипатын ескерсек, еңбекақыға келеді.
Қазақстандағы бастауыш және негізгі орта білімнің жалпы бюджетінің шамамен 69%-ға жуығы
еңбекақы төлеуге жұмсалады, осы ретте ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіштер бастауыш
білімде 74%-ға және орта білімде 73%-ға тең болады (3.1-суретті қараңыз). Қазақстан бойынша тек
қана мұғалімдердің еңбекақысына бағытталатын бюджеттің пайыздық үлесі туралы деректер
болмаса да, ЭЫДҰ елдерінде ол бастауыш және орта білімнің жалпы шығындарының 58%
құрайды. ЭЫДҰ елдеріндегі негізгі орта білімдегі 19%-бен және бастауыш білімдегі 20%-бен
салыстырғанда, Қазақстандағы негізгі орта білім шығындарының шамамен 25%-ы және бастауыш
білімнің 28%-ы басқа ағымдағы шығындарға бөлінеді. Басқа ағымдағы шығындар, мысалы, оқу
және шығыс материалдарын, мектеп ғимараттарына қызмет көрсетуді, оқушыларды тамақтандыру
және мектеп үй-жайларын жалға беру сияқты басқа да тартылатын қызметтерді қамтиды. Бұл
қызметтер білім беру органдары немесе білім беру мекемелері өздерінің қызметкерлерінің
күшімен көрсететін қызметтерге қарағанда бөтен өнім берушілерден сатып алынады.
Ұлттық деңгейде ресурстарды түрлері бойынша бөлу құрылымы мектептердегі бюджетті
бөлудің тиісті құрылымынан ерекшеленеді. ЮНИСЕФ өткізген зерттеулерге сәйкес, мектеп
бюджетінің шамамен 85%-ы - еңбекақы шығындарына, 8% - оқытумен байланысты емес
шығындарға (мысалы, мектептегі тамақтандыру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, басқа тауарлар
мен қызметтер, байланыс қызметтері, жалға алу, іссапарлар, сот шешімдері), 5% - коммуналдық
шығындарға, 1% - тәуекелдер тобындағы оқушылар шығындарына жатады (ЮНИСЕФ, 2012).
Еңбекақы шығындары қала мектептері бюджетінің 79%-ын және ауыл мектептері бюджетінің
93%-ын құрайды (ЮНИСЕФ, 2012). Бұл проблема ауылды жерлердегі шағын жинақталған
мектептер мен бастауыш мектептер үшін аса өзекті. Олардың бюджеттерінің шамамен 99,6%
еңбекақы төлеміне жұмсалады (Сандж-СФК, 2012). Алайда, есепте бұл орташа көрсеткіштерден
ауытқулардың едәуір жиі кездесетіні және олардың елеулі болуы мүмкін екені көрсетілген.
Мектептер желісін ұйымдастыру
Қазақстандағы мектептер желісі екі қарама-қарсы шындықты көрсетеді: жобалық қуаттылық
қалаларда жеткіліксіз және ауылды жерлерде артық. Қала мектептері, әдетте, толық, кейбіреулері
үш ауысымда жұмыс істейді және едәуір саны оқушы орындарының жетіспеушілігін сезінуде.
2013 жылы бүкіл Қазақстан бойынша 320 мектеп оқушылар орындарының жеткіліксіздігін сезді,
жалпы алғанда 130 000 оқушыға арналған орын қажет болды (елдегі жалпы қамтудың 5%)
1
.
Астана және Алматы қалаларында оқушылары артық болған мектептердің анағұрлым жоғары
үлесі байқалды – мектептердің жартысынан артығы оқушы орындардың жетіспеушілігі туралы
айтты, ал басқа өңірлердегі мектептерде, негізінен еліміздің оңтүстігінде (мысалы, Оңтүстік
Қазақстан және Маңғыстау облыстары) де оқушы орындардың жетіспеушілігі байқалды (АТО,
2014).
Мектептер желісінің негізгі ерекшелігі міндетті білімге жалпыға бірдей қол жетімділікті
қамтамасыз етудің күшті саясаты нәтижесінде бүкіл ел бойынша орын алған оның үлкен
географиялық қамтуы болып табылады. Әрбір елді мекенде оқушылардың қажетті ең төмен саны
болған жағдайда білім беру қызметтерін көрсетуге құқығы бар: бастауыш білім үшін 5 оқушыдан
кем емес (1-4 сыныптар); негізгі орта білім үшін 41 оқушы (1-9 сыныптар) және мектептегі
білімнің барлық деңгейлері үшін 81 оқушы (1-11/12 сыныптар). 2013-2014 оқу жылында жұмыс
істеген 7 307 мемлекеттік мектептің ішінен 5 702 (78%) мектеп ауылдық жерлерде болған. Бұл
ауыл мектептері қазақстандық оқушылардың 44%-ына білім беру қызметтерін көрсетеді және
өздерінің көлемдері бойынша қала мектептерінің ширегіне ғана тең (197 оқушы, 874 оқушымен
салыстырғанда). Алматы және Астана қалаларынан қоспағанда, Қазақстанның әрбір өңірінде кем
дегенде мектептердің 60% ауылдық жерлерде орналасқан; ең жоғарғы көрсеткіш Солтүстік
Қазақстан облысында - 90% (3.1-кестені қараңыз).
Шағын жинақталған мектептер – осы Шолуда ауылдық жерлердегі
2
және мектептердің (611
оқушымен салыстырғанда 78 оқушы) және сыныптардың (21-мен салыстырғанда 8,4) толуы
бойынша басқа мектептерден едәуір кішірек мектептерді білдіру үшін қолданылған термин. 2013-
2014 оқу жылында шағын жинақталған мектептер Қазақстандағы барлық мектептердің жартысын
3. ҚОРЛАРДЫ БӨЛУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
(3 639) құрады, бірақ оларда барлық оқушылардың 11%-ы ғана білім алды (284 267) (АТО, 2014).
Шағын жинақталған мектептердің жартысынан азы (44%) міндетті оқытудың барлық циклдері
бойынша оқытады, бұл олардың көбі тек бастауыш білім бойынша (1-4 сыныптар) немесе білім
берудің негізгі орта деңгейі бойынша (1-9 сыныптар) оқытады дегенді білдіреді. 2013-2014 оқу
жылында аралас сыныптарда оқитын әртүрлі оқу жылдары оқушылары саны, шағын жинақталған
мектептердің оқушыларының (22%) және сыныптарының (27%) болмашы ғана үлесін, ал бүкіл ел
бойынша бұл көрсеткіш сыныптардың 6% және оқушылардың 2% құрады (АТО, 2014).
3.1-
кесте Өңірлер бойынша мектептер желісінің сипаттамасы, 2010 ж.
Ауыл
мектепте
рі үлесі
(%)
Шағын
жинақталға
н
мектептер
үлесі (%)
Сыныпты
ң орташа
көлемі
Мұғалімдер
мен
оқушылар
арақатынас
ы
Апатты
жағдайдағы
немесе
күрделі
жөндеуді
талап ететін
мектеп
ғимараттар
үлесі
Тегін
ыстық
тамақ
ішетін
оқушыла
р, жалпы
санынан
үлесі
Көлік
қызметімен
қамтамасыз
етілген
оқушылар,
жалпы
санынан үлесі
Солтүстік
Қазақстан
90.7
86.2
11.2
6.7
27.2
34.0
92.2
Алматы
87.8
44.6
18.8
9.0
31.8
11.0
48.2
Батыс
Қазақстан
86.5
71.8
14.9
7.6
26.2
86.0
68.1
Қостанай
86.3
13.6
15.1
6.1
4.9
41.0
40.5
Ақмола
85.3
80.0
12.4
7.7
22.7
30.0
98.3
Жамбыл
82.4
45.3
18.9
8.6
37.1
46.0
79.4
Ақтөбе
81.7
66.7
16.3
8.4
16.3
63.0
78.6
Оңтүстік
Қазақстан
81.3
26.3
21.4
9.8
38.8
7.0
42.1
Қызылорда
81.0
75.9
21.2
9.9
47.8
25.0
56.2
Павлодар
79.3
73.4
13.9
7.7
22.1
38.0
99.6
Шығыс
Қазақстан
78.5
66.2
16.0
8.3
19.3
40.0
86.8
Атырау
70.9
26.1
18.3
9.4
48.5
12.0
87.8
Қарағанды
62.8
57.9
17.2
9.3
15.2
61.0
100.0
Маңғыстау
56.7
14.7
21.9
12.6
22.5
39.0
94.9
Алматы қ.
0.0
0.0
24.4
13.3
38.7
59.0
0.0
Астана қ.
0.0
2.3
24.4
15.2
21.2
69.0
0.0
Дереккөз: ЭЫДҰ (2014b), Ұлттық білім беру саясатына шолу: Қазақстандағы орта білім,
OECD
Publishing,
Париж.
http://dx.doi.org/10.1787/9789264205208-en
.
Ел бойынша шағын жинақталған мектептердің бөлінуі бірдей емес. Үлкен қалаларда олар
мүлде жоқ (Астана және Алматы), кейбір өңірлерде (Маңғыстау, Қызылорда және Оңтүстік
Қазақстан облыстарында) олар мектептердің жалпы санының 20%-нан төмен (оқушылардың
жалпы санының 3%) болса, ал Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында мектептердің
жалпы санының 80% және оқушылардың жалпы санының 40% құрайды (АТО, 2014).
2012-2013 оқу жылының статистикалық деректеріне негізделген есептер (БСБҰО) шағын
жинақталған мектептердің орташа өңірлік көлемдерінде де үлкен айырмашылықтар бар екенін
көрсетеді, бұл нормалар еліміздің әртүрлі өңірлерінде әртүрлі қолданылады. Мысалы, Атырау
облысында шағын жинақталған және басқа да мектептердің орташа көлемі шамалас болса, шағын
жинақталған мектептердің орташа мөлшері (134 оқушы) еліміз бойынша көрсеткіштен шамамен
екі есе артық. Бұдан басқа, Қызылорда облысының шағын жинақталған мектептерінде 34 оқушы
оқиды, бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен екі еседен артыққа кем, ал сыныптар көлемі басқа
мектептермен салыстырғанда төрт есеге кішкентай. Бұл Қызылорда облысында шағын
жинақталған мектептер мәртебесін берудің анағұрлым қатаң критерийлері қолданылатынын
білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |