Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет34/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   100

2. МЕКТЕПТЕРДЕ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ БАСҚАРУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
алшақтықтың  кеңеюін  көрсетеді;  соңғылардағы  жағдай  орталықсыздандыруға  дейінгі  жағдаймен 
салыстырғанда нашарлаған. Ұлттық деңгейде тиімділік атқан, бірақ әділдікке қатысты зиян келтірді. 
Бразилияда жоғары орталықтандырылған жүйенің өкілеттіктері 1990-жылдардың ортасында штаттар 
мен  муниципалитеттерге  берілген  кезде,  мақсаты  елде  бір  оқушы  басына  шығындардағы  үлкен 
айырмашылықтарды  азайту  болып  табылатын  FUNDEF  құрылған  болатын.  Штаттар  мен 
муниципалитеттердің  үкіметтері  өздерінің  салық  түсімдерінің  бір  бөлігін  FUNDEF  аударуға  тиіс  болды, 
және  ол  одан  кейін  бір  оқушы  басына  шығындардың  белгіленген  ең  төмен  деңгейін  қамтамасыз  ете 
алмаған  штаттар  мен  муниципалитеттердің  үкіметтері  арасында  бөлетін.  FUNDEF  анағұрлым  бай 
өңірлерге  өздерінің  жалпы  шығындарын  кедей  өңірлерге  қарағанда,  жылдамырақ  жоғарылатуға  кедергі 
жасамайтын, бірақ ол қаражатты қайта бөлу бойынша үлкен рөл атқаратын және шығындардың абсолютті 
деңгейінің  де,  трансферттердің  болжануының  да  арттырылуына  қол  жеткізді.  FUNDEF  сыныптар  көлемін 
кішірецтуге,  мұғалімдерді  қамтамасыз  ету  мен  сапасының  жақсаруына,  қамтудың  кеңейтілуіне  жағдай 
жасағаны туралы сенімді дәлелдер бар. Муниципалды деңгейдегі деректер көрсеткендей, қаражаттың көп 
бөлігін  FUNDEF  алған  муниципалитеттердің  20%-ы  1996  жылдан  2002  жылға  дейінгі  кезеңде  бір  оқушы 
басына нақты шығындарды екі есе арттыра алған.  
Қытайдың  салықтық-бюджеттік  орталықсыздандыру  бойынша  тәжірибесі  білімнің  теңдігі  туралы 
өнегелі  оқиға  болды.  1990-жылдары  орталық  үкімет  жергілікті  үкіметтерге,  мектептерге  және 
қоғамдастықтарға  көбірек  өкілеттілік  берді.  Білімге  бөлінетін  ЖІӨ  үлесі  1991  жылы  2,9%-дан  1997  жылы 
2,2%-
ға  төмендеді.  Бастауыш  білімде  бір  оқушы  басына  шығындардың  ең  жоғары  деңгейі  бар 
провинциялар  мен  шығындардың  ең  төмен  деңгейі  бар  провинциялар  қатынасы  5-тен  9-ға  дейін  екі  есе 
артты  деуге  болады.  Көптеген  мектептер  мен  жергілікті  билік  орындары  үй  шаруашылықтарынан  ресми 
және  ресми  емес  алымдарға  жүгіне  бастады.  Теңсіздік  жөнінде  алаңдаушылық  қытай  үкіметіне  жергілікті 
билік  орындарынан  кейбір  салықтық  өкілеттіктерді  алып  қоюға,  мұғалімдердің  жалақыларын 
қаржыландыруды  жалғастыруға  және  күрделі  бюджет  бөлігі  бойынша  міндеттерді  өзіне  қалдыруға 
мәжбүрледі. Орталық үкімет ресми түрде төлемдерді алуға тыйым салған уақытта көптеген жергілікті билік 
орындары  осыны  ресми  емес  түрде  мадақтады,  және  қызмет  көрсету  сапасында  үлкен  кемшіліктер  қала 
берді.  
ОАР-да  салықтық-бюджеттік  орталықсыздандыру  үшін  пайдаланылатын  қаржыландыру  формуласы 
апартеид дәуірінен мұраға қалған, теңсіздікті жеңуге бағытталған қайта бөлудің мықты нышанын қамтиды. 
Провинциялардың  шығындарының  шамамен  95%-ға  жуығын  орталық  үкімет  қаржыландырады.  Ең  ірі 
компонент кедейлік пен барынша аз ұлттық нормаларды қамтамасыз ету құны бойынша денсаулық сақтау 
мен  білім  сияқты  салаларда  өлшенген,  әділетті  үлес  трансферті  болып  табылады.  Білім  саласында 
қаржыландыру  оқушылар  санына  негізделген  және  кейбір  салмақ  кедейлік  көрсеткіштеріне  және 
провинциялардағы  ауыл  халқының  үлесіне  берілген.  Провинциялардың  атқарушы  органдары  сондай-ақ 
мектептерді кедейлік индексі бойынша саралауы тиіс, осының негізінде кадрларды қоспағанда, ресурстар 
үшін қаржыландыру бөлінеді.  
Вьетнамда трансферттер халық санына негізделген формула бойынша анықталады, бірақ белгілі бір 
салмақ  кедейлік  деңгейіне, алшақтыққа, денсаулық сақтау  мен  білім  беру  нормаларына,  халықтың  сәтсіз 
санаттарының  бар  болуына  арналған.  2003  жылы  заңмен  белгілнген  білім  нормасы  мектепте  оқитын 
балаларды  ғана  емес,  сонымен  бірге  барлық  балаларды  ескере  отырып  қайта  есептелінді.  Кедей 
провинциялардағы  мектепке  баратын  мектеп  жасындағы  балалар  үлесі  төмен  болған  соң,  бұл  әділдіктің 
жоғарылауына  септігін  тигізді.  Ұқсас  түрде,  таулы  жерлерде  (білім  көрсеткіштері  ең  төмен  болатын) 
тұратын  балалар  үшін  білім  нормасы  қала  балалары  үшін  нормадан  1,7  есе  арта  түседі.  Әділдікті 
қамтамасыз  етуге  бейімділік  шығындарда  көрініс  табады:  ең  бай  өңірлердегі  табыстар  ең  кедей  өңірдегі 
табыстарын  жиырма  бес  есе  рет  артады,  мысалы,  солтүстік-батыста,  бірақ  халықтың  бір  адам  басына 
бюджеттік  шығындар  салыстырмалы  түрде  тең,  бұл  бай  өңірлерден  кедей  өңірлерге  трансферттердің 
үлкен көлемдерін көрсетеді. 
Польшада  білімді  орталықсыздандыру  1990  жылы  басталған  елді  жалпы  орталықсыздандыру 
процесінің  бөлігі  болатын.  «Жалпы  жәрдемқаржы»  атанатын,  орталық  бюджеттен  жергілікті  бюджетке 
басты  ауысу  бөлек  есептелген  бірнеше  компоненттерден  тұрады.  Олардың  негізгілерінің  екеуі  -    білім 
компоненті  және  теңестіру  компоненті.  Білім  компоненті  оқушылар  санының  негізінде  есептелінеді 
(оқушылардың  әр  түрлі  топтары  үшін  білімді  ұсынуға  түрлі  шығындарды  көрсететін  көпсанды 
коэффициенттерімен),  және,  осылайша,  қызметтерді  ұсыну  үшін  әр  түрлі  шығындарды  қамтып  көрсетеді 
(сонымен  бірге  3.A2  қосымшасын  қараңыз).  Ал  теңестіру  компоненті  формула  негізінде  кедей  өңірлерді 
басқарудың ұқсас жергілікті органдарының бір адам басына орташа табысынан 90%-ға дейін теңестіреді.  
Осылайша, ол табыстардың теңестірілуін көрсетеді.  
Дереккөз:  ЮНЕСКО  (2008),  «Барлығына  арналған  білім»  мониторингі  бойынша  2009  жылға  әлемдік  есеп:  Теңсіздікті 
жеңу:  мемлекеттік  басқару  неге  маңызды.  3-бөлім,    145-170-бет.  П.  Шваневич  (2006)    Жергілікті  өзін-өзі  басқаруды 
ұйымдастыру мен қаржыландыру: Польша, Дүниежүзілік Банк. 


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау