2. МЕКТЕПТЕРДЕ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ БАСҚАРУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
ерекшеліктердің күшеюіне әкеледі. Осыған байланысты, озық тәжірибені тарату, тәуекелдерді
анықтау және нәтижелері жақсармайтын жергілікті басшыларды қолдау бойынша кейбір
тетіктерді енгізу қажет. Осыған қатысты мектептегі бағалау жүйесінде жақсартуларды бекіту
қажет болады (4-бөлімді қараңыз). Бірінші қадам мектептерге және/немесе аудандарға олар ашық
рәсімдер шегінде өз қараулары бойынша бөліп, пайдалана алатын мектеп бюджетінде бос
пайдаланылатын қаражаттың кейбір көлемін ұсыну болуы мүмкін.
Мұндай біржолғы қаражаттар бірінші кезекте енгізілуі мүмкін бюджет облыстары, мысалы,
оқушылардың осал топтары үшін білімде қолдауды арттыру мен жақсарту бойынша мұғалімдік
бағдарламаларды қамтиды. Дәл осылайша, ресурстық орталықтарға олар ШЖМ-ге көрсететін
қызметтер бойынша көбірек дербестікті біртіндеп ұсынуға болады, бұл оларға ШЖМ
оқушыларына берілетін қосымша білім беру саласын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Мектепті жақсарту үшін арнайы гранттарды құру және дұрыс қолданылмаған дербестік
академиялық нәтижелердің әлсіреуіне немесе бюджет тәртібінің бұзылуына әкелген жағдайларда
мектеп қызметіне араласу қажет. Араласудың жаңа құралдарының мұндай типісіз ҚР БҒМ
дербестікті арттырудың әлеуетті жағымсыз салдарының тұлғасы алдында күшсіз болып қалуы
мүмкін. Сонымен қатар, осы құралдардың негізсіз қолданылмайтынын кепілдендіру үшін, нақты
рәсімдер мен әрекеттердің ашықтығы қажет.
Білім беру саласындағы саясатты дамытудағы дәлелдеу базасының рөлін күшейту
Қазақстанда фактілер мен қорытындылар аудитін пайдалану мәдениетін, оларды әзірлеу
(саясаттың экономикалық тиімдірек шараларын анықтау үшін) немесе іске асыру кезіндегі
(мектептерде өзгерістерді шынайы іске асыру үшін) реформалар бойынша болашақ бастамалар
үшін негіз ретінде дамыту қажет. Қол жеткізілген жетістіктер мен оларды іске асырудағы пайда
болған қиыншылықтарға қатысты өткен бастамаларға қосымша талдау жүргізу орынды. Толық
талдау ағымдағы басты стратегиялық бастамалар үшін де пайдалы болады. Мектептердің жұмыс
істеуіне жаңа қаржы шараларының әсерін анықтау үшін, бір адам басына қаржыландырудың жаңа
моделіне талдау жүргізу қажет (3-бөлімді қараңыз). Бұл модель ел бойынша енгізілгенге дейін,
оның мектеп қызметіне әсерін талдау қажет. Мұндай талдау мектеп бухгалтерлерінің жұмысын
және жаңа құрылған қамқоршылық кеңестерінің қызметін де қамти алар еді. Пилоттық іске асыру
тәжірибесін бір адам басына қаржыландырудың жаңа жүйесі ел бойынша іске асыру үшін дайын
ба әлде қосымша пилоттық жобаларды өткізу, оны пысықтау немесе түзету қажет пе екенін түсіну
үшін, талқылауларды өткізу үшін пайдалану қажет. Ұқсас түрде, ресурстық орталықтардың
қызметі шағын жинақталған мектептердің оқушылары үшін осы орталықтардың пайдасы,
енгізудегі қиыншылықтар мен жақсартылуға тиіс аспектілер тұрғысынан қайта қаралуы мүмкін
еді.
ЭЫДҰ елдерінде зерттеулердің дәлелді қорытындыларымен, бағдарламаларды бағалаумен
және аудит өткізумен бірге білім беру саласындағы саясатты келісу маңыздылығын өсіп келе
жатқан түсіну бар. Бұл зерттеудің, талдауың және бағалаудың стратегиялық тәсілін, сондай-ақ
нақты деректер негізінде саясат әзірлеуді қолдау мақсатында ақпаратты басқару бойынша
қызметті қамтиды. Саясатты сараптау, саясаттың баламалы нұсқалары бойынша ғылыми
зерттеулер мен олардың мүмкін әсерлерінің негізінде жатқан дәлелдеу базасын тарату, сондай-ақ
реформалардың табыстары мен шығындары туралы ақпарат негізгі мүдделі тұлғалардың қолдау
алуында маңызды рөлге ие. Шынымен де, жекелеген тұлғалар мен топтар, егер олар осы
өзгерістердің себептерін түсініп, реформаларды растайтын дәлелдеу базасын танып, олар ұлттық
стратегияда қандай рөл ойнаулары керек екенін көре алса, олардың өздерінің мүдделерін
қозғамайтын өзгерістерді жақсырақ қабылдайды. Бұл мүдделі тұлғаларды саясат бойынша
консультацияларға одан әрі тарту бойынша күш салудың бөлігі болуы тиіс.
Бюджетаралық трансферттер жүйесін қайта қарау
Қазақстанға мемлекеттік басқару жүйесін күшейту үшін бюджетаралық трансферттер жүйесін
одан әрі реформалау туралы мәселені зерттеу қажет. Бюджетаралық қатынастар құрылымы тек
білім беру секторын ғана (және, сәйкесінше, осы Шолудың мазмұнын ғана емес) қозғамаса да,