№
|
Мазмұны
|
Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекеттің көлемі
|
1
|
Ойластырып жапсыру
Тақырыбы: «Түрлі түсті ұлттық көрпелер»
Мақсаты: Қазақ ұлттық өрнектерден үлгіге сүйеніп, балаларды қағаз бетінде ою құруға үйрету.
|
1
|
2
|
Заттық жапсыру
Тақырыбы: «Әжеме арналған түрлі түсті моншақ»
Мақсаты: Ұсақ бөлшектерді түсі бойынша кезектестіріп, орналастыруға және жапсыруға, бірыңғай бейне құруға үйрету.
|
1
|
3
|
Сәндік жапсыру
Тақырыбы: «Кілемді безендіреміз»
Мақсаты: Қағаз жазықтығында қазақ өрнегінің элементтерін бұрыштарға орналастырып, ою құруға үйрету.
|
1
|
4
|
Заттық жапсыру
Тақырыбы: «Тарелкедегі алмалар мен жидектер»
Мақсаты: Пішіні домалақ қағаз бетінде заттардың орналастыру заңдылығын көрсету.
|
1
|
5
|
Заттық жапсыру
Тақырыбы: «Кішкене пирамида»
Мақсаты: Ересектер әзірлеген ірі және одан ұсақ бөлшектерді белгілі бір жүйеде көлемі бойынша кезектестіріп, орналастыруға және жапсыруға көмектесу.
|
1
|
6
|
Сюжетті жапсыру
Тақырыбы: «Жапырақтар түседі, түседі»
Мақсаты: Жапырақшаларды түстері бойынша кезектестіріп, ұсақ элементтерді орналастыруға және жапсыруға үйрету.
|
1
|
7
|
Заттық жапсыру
Тақырыбы: «Аққала»
Мақсаты: Ересектер әзірлеген ірі және одан ұсақ бөлшектерді белгілі бір жүйеде орналастыруға және жапсыруға көмектесу.
|
1
|
8
|
Сюжетті жапсыру
Тақырыбы: «Кірпінің жанұясы»
Мақсаты: Көлемі бойынша, оңай сюжет құрып, дайын пішіндерді орналастыруға және жапсыруға үйрету.
|
1
|
9
|
Сәндік жапсыру
Тақырыбы: «Кілемді безендіреміз»
Мақсаты: Пішінін ескере отырып, бөліктердің орналастыру, геометриялық пішіндерден өрнек құрастырудың заңдылықтарын көрсету.
|
1
|
10
|
Ойластырып жапсыру
Тақырыбы: «Қандай зат домалақ болады?» (алмалар, жидектер, моншақтар, аққала, құламақ, кірпілер, құс).
Мақсаты: Дөңгелектерді түсі мен көлемі бойынша орналастыруға және жапсыруға, бірыңғай бейне құруға үйрету. Қиялды дамыту.
|
1
|
11
|
Заттық жапсыру
Тақырыбы: «Құс»
Мақсаты: Үлгіге сүйеніп дайын пішіндерден бейне құруға үйрету.
|
1
|
12
|
Сюжетті жапсыру
Тақырыбы: «Шыршаның оттарын жағайық»
Мақсаты: Бейнеленген суретті көркейтіп, оңай сюжет құруға үйрету (дайын шыршаға от жапсыру).
|
1
|
13
|
Сәндік жапсыру
Тақырыбы: «Орамалды әшекелейміз»
Мақсаты: Шаршы пішінді қағаз бетінде қазақ өрнегін бұрыштарына орналастырып, ою құруға үйрету. (Қой ізі).
|
1
|
14
|
Заттық жапсыру
Тақырыбы: «Тышқан»
Мақсаты: Үлгіге сүйеніп дайын пішіндерден бейне құруға үйрету.
|
1
|
15
|
Сюжетті жапсыру
Тақырыбы: «Арба жолмен жүріп келеді»
Мақсаты: Бөлшектерді жапсырып және бірыңғай бейнені құрып, оңай сюжетті құруға үйрету.
|
1
|
16
|
Ойластырып жапсыру
Тақырыбы: «Бұршақты көйлек»
Мақсаты: Қағаз жазықтығында көйлек пішінін ескеріп, өрнекті орналастыру заңдылығын көрсету.
|
1
|
17
|
Заттық жапсыру
Тақырыбы: «Көлік»
Мақсаты: Бөлшектерді жапсырып және бірыңғай бейнені құрып, затты құрастыру дағдыларын дамыту. Ірі және ұсақ бөлшектерді орналастыруға және жапсыруға көмектесу.
|
1
|
18
|
Ойластырып жапсыру
Тақырыбы: «Сүйікті ойыншық»
Мақсаты: Бөлшектерді жапсырып, бірыңғай бейнені құрып, ойыншықтарды бейнелеуге үйрету. Мұқият жапсыруға және басып сүрту үшін майлықты қолдануға үйретуді жалғастыру.
|
1
|
Барлығы:
|
18
|