Planning of educational (training) work in preschool institutions
Тақырыптың негізгі сұрақтары / жоспары:
1.Plan of educational work of a preschool organization, its types
2.Its structures, introductory part, and requirements for it
3.Methodological calendar thematic plan, daily plan
Мектепке дейінгі мекемелерде білім тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу Мектепке дейінгі мекеменің жұмысын мүлтіксіз ұйымдастыруды және басқара білуді: кадрларды дұрыс орналастырып, коллективтің әрбір мүшесінің тапсырылған іске жауапкершілігін арттыра білуді талап етеді. Бұл айқын жоспарлау және белгіленген шаралардың орындалуын жіті бақылау арқылы қамтамасыз етіледі.
Балалар бақшасының жылдық жоспары үкіметтің білім беру мен мектепке дейінгі тәрбие саласындағы шешімдерін, БҒ министрліктерінің программалық-методикалық документтеріне сәйкес жасалады. Ол мынадай тарауларды қамтиды:
1.Кіріспе бөлім.
2.Негізгі міндеттер.
3.Ұйымдық-педагогикалық жұмыс.
4. Педагогикалық дәреже мен педагогтық мамандықты арттыру жөніндегі шаралар.
5. Ата-аналармен жұмыс.
6. Әкімшілік-шаруашылық қызмет.
7. Қызмет көрсетуші персоналдың мамандығын арттыру.
8. Медициналық шаралар.
9. Өндірістік-көпшілік шаралар.т.б.
Оқу жылына арналған жұмысты жоспарлауға кірісе отырып, меңгеруші мектепке дейінгі мекеменің қоғамдық ұйымдарымен бірлесе отырып, өткен жылғы жұмыс жайына талдау жасайды, баға береді, нақты жағдайды, педагог кадрлардың құрамын, олардың іскерлік сапаларын ескереді. Осыған сүйене отырып, коллектив жүзеге асыру үшін еңбектенуге тиісті негізгі міндеттер белгіленеді. Дәл тұжырымдалған ол міндеттер мекеме қызметінің айқын перспективасын жасап, назарды әлі шешілмеген міндеттерге шоғырландырады. Жоспардың әрбір міндеті нақты шаралармен ашып көрсетілуге тиіс. Ол шаралардың әрқайсысының орындалу мерзімі мен орындауға жауапты адамдар міндетті түрде көрсетіледі. Жоспар оқу жылына (сол жылдың бірінші сентябрінен бастап) жасалады. Ол өндірістік кеңесте немесе кеңейтілген педагогикалық советте талқыланып, бекітіледі және коллективтің әрбір мүшесі міндетті болып табылады.
Жылдық жоспардың негізінде айлық жұмыс жоспарлары жасалады. Жылдық және айлық жоспарлардың мазмұны мекеменің өмірі мен қызметінің барлық жақтарын қамтитын болуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |