Ортаңғы топ үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
перспективалық жоспар үлгісі
«Шығармашылық» білім беру саласы
Мүсіндеу
№
|
Мазмұны
|
Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекеттің көлемі
|
1
|
Заттық мүсіндеу
Тақырыбы: «Кішкентай және үлкен саңырауқұлақтар»
Мақсаты: Пішіні домалақ және көлемі әр түрлі заттарды илеу дағдысын бекіту.
|
1
|
2
|
Заттық мүсіндеу
Тақырыбы: «Қиярлар»
Мақсаты: Балшық кесегін алақанның түзу қимылдарымен сопақ пішінге келтіріп, жаю дағдысын бекіту.
|
1
|
3
|
Ойластырып мүсіндеу
Тақырыбы: «Достарымыз үшін тағам» (алмалар, саңырауқұлақтар, сәбіздер)
Мақсаты: Таныс заттарды, бұрын меңгерген тәсілдерді қолданып, мүсіндеу. Балалардың ынтасын, өзіндігін және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
|
1
|
4
|
Заттық мүсіндеу
Тақырыбы: «Арба»
Мақсаты: Бірнеше бөліктерден тұратын заттарды мүсіндеуге, оларды дұрыс біріктіріп, негізгі бөлігіне қысу арқылы дұрыс қосуға үйрету.
|
1
|
5
|
Заттық мүсіндеу
Тақырыбы: «Әсем құс»
Мақсаты: Балаларға құстың мүсінін, денесінің сопақ пішінін көрсетіп, ұсақ бөліктерін созып және шырпып: тұмсықты, құйрықты, қанаттарын жасауға үйрету.
|
1
|
6
|
Сюжетті мүсіндеу
Тақырыбы: «Үйрек балапандарымен»
Мақсаты: Балаларға заттардың көлеміндегі және бөліктерінің айырмашылығын көрсетіп, балшықты сәйкес пропоцияларға бөліп, фигураларды мүсіндеуге үйрету.
|
1
|
7
|
Ойластырып мүсіндеу
Тақырыбы: «Бауырсақтар, тоқаштар, печенье»
Мақсаты: Мүсіндеу тәсілдерін жетілдіруді жалғастыру, әдемілеу және толығырақ пішінді құру үшін бармақпен бағананың шетін дөңгелету және ұштау.
|
1
|
8
|
Заттық мүсіндеу
Тақырыбы: «Аппақ қоян отыр»
Мақсаты: Жануардың мүсіннін салуға үйрету, оның тұлғасының, басының, құлағының сопақ пішінін көрсету, мүсіндеудің және бөліктерді қосу тәсілдерін бекіту.
|
1
|
9
|
Заттық мүсіндеу
Тақырыбы: «Пирамида»
Мақсаты: Заттардың құрылымының пропорцияларын көрсетудің, илеудің, жалпақтау, бөліктерді қосудың тәсілдерін үйрету.
|
1
|
10
|
Сюжетті мүсіндеу
Тақырыбы: «Кірпілер отбасы»
Мақсаты: Балаларды Сюжетті мүсіндеуге жеткізу, салыстыру әдісін меңгеріп, пропоцияларды дұрыс көрсетуге үйрету.
|
1
|
11
|
Ойластырып мүсіндеу
Тақырыбы: «Жаңа жылдық шыршаны безендіру» (жұлдызшалар, шариктер, сүңгілер, моншақтар)
Мақсаты: Пішіні домалақ, сопақ бірнеше бөліктен тұратын, көлемі әр түрлі заттарды таныс тәсілдерді қолданып мүсіндеудің дағдысын бекіту.
|
1
|
12
|
Заттық мүсіндеу
Тақырыбы: «Аққала»
Мақсаты: Заттардың пропорцияларын, құрылымын, бөліктерін қосу тәсілдерін көрсетуге үйретуді жалғастыру.
|
1
|
13
|
Заттық мүсіндеу
Тақырыбы: «Баян Сұлу» (ұзын көйлектегі бойжеткен)
Мақсаты: Адам тұлғасының мүшелерін киімде пропоцияларды сақтап, көрсетуге үйрету (бас, астына қарай кеңейтілетін көйлек, қолдар).
|
1
|
14
|
Сюжетті мүсіндеу
Тақырыбы: «Қысқы хоровод» (ұзын тондағы қыздар) – ұжымдық.
Мақсаты: Мүсіндеу арқылы адам тұлғасын мүшелерін ара қатынасын дұрыс көрсетуге үйретуді жалғастыру.
|
1
|
15
|
Заттық мүсіндеу
Тақырыбы: «Мимоза бұтағы»
Мақсаты: Балаларға таныс тәсілдермен заттың негізгі пішінін ғана емес, оған тән бөлшектерді де жасауға үйрету.
|
1
|
16
|
Сюжетті мүсіндеу
Тақырыбы: «Ботаның отбасы»
Мақсаты: Мүсіндеу арқылы жануардың тұлғасын бейнелеуді үйретуді, оның бөліктерінің ара қатынасын дұрыс көрсетуге үйретуді жалғастыру. Шырпып, тегістеу тәсілдерін бекіту.
|
1
|
17
|
Тақырыбы: «Әдемі таба»
Мақсаты: Балаларды жаңа тәсілдерді қолданып мүсіндеуге үйрету: ішіне басу, шеттерін созып тарту, оларды бармақтармен теңестіру.
|
1
|
18
|
Ойластырып мүсіндеу
Тақырыбы: «Сүйікті ойыншықтар» (түлкі, пирамида, қоян, құламақ, құс)
Мақсаты: Балаларға жұмыстарының мазмұнын өздігінен анықтауға үйрету; әр түрлі тәсілдерді қолданып, мүсіндеу дағдысын бекіту.
|
1
|
|
Барлығы:
|
18
|
Ортаңғы топ үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
перспективалық жоспар үлгісі
«Шығармашылық» білім беру саласы
Жапсыру
№
|
Мазмұны
|
Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекеттің көлемі
|
1
|
Заттық жапсыру
Тақырыбы: «Әсем жалаулар»
Мақсаты: Балаларды қайшымен жұмыс істеудің ережелерімен таныстыру: дұрыс ұстауға, жолақты тең бөліктерге кескенде дөңгелектерін қысу және босату. Мұқият жапсырудың тәсілдерін, суреттің түсі бойынша кезектестіру дағдысын бекіту. Ырғақты және түстерді сезуді дамыту.
|
1
|
2
|
Сюжетті жапсыру
Тақырыбы: «Үй саламыз»
Мақсаты: Қағаз жолағын бөліктерге, шаршыны қиғашынан (шатыр үшін) қию, суретті бөліктерден құру дағдыларын бекіту.
|
1
|
3
|
Сюжетті жапсыру
Тақырыбы: «Қайық өзен бойымен жүзіп келеді»
Мақсаты: Тікбұрышты қиғашынан қиюға, тікбұрыштың бұрыштарын қиюға үйрету, композицияны мағынасына сәйкес қосымша пішіндермен толықтыру.
|
1
|
4
|
Сәндік жапсыру
Тақырыбы: «Орамалды әшекейлеу»
Мақсаты: Балаларды шаршының ортасын, бұрыштарын элементтермен толтырып, өрнек құруға үйрету. Жолақты алдынала бүктеп, ортасынан қиюға, қайшыны дұрыс ұстауға үйрету. Композицияны сезуді үйрету. Бөліктерді мұқият жапсыру дағдыларын бекіту, жұмыстарды эстетикалық бағалауға тарту.
|
1
|
5
|
Ойластырып жапсыру
Тақырыбы: «Қалаған құрылысты қиып, жапсыр»
Мақсаты: Балалардың жапсыруда құрылыстың әр түрлі суреттерін құру дағдыларын дамыту, оларды жолақтарды тігінен, ал шаршыларды қиғашынан кесуде жаттықтырып, бөлшектерді пішіні мен түсі бойынша іріктеуді ойластыраға үйрету, мұқият жапсырудың және тәсілдерін бекіту, қиялды дамыту.
|
1
|
6
|
Заттық жапсыру
Тақырыбы: «Піскен алмалар»
Мақсаты: Домалақ пішін туралы білімдерін бекіту. Домалақ пішінді алу үшін балаларға шаршының бұрыштарын кесіп алуды үйрету. Қайшыны дұрыс ұстау, кесу, қағаз бетінде заттардың суретін құру, оларды мұқият жапсыру дағдыларын бекіту.
|
1
|
7
|
Сәндік жапсыру
Тақырыбы: «Тақияны әшекейлеу»
Мақсаты: Балаларға шеңберлерді шаршының бұрыштарын дөңгелету арқылы қиюға, кескінде түстерді кезектестіріп, оюды құруға (шеңберлер - «Күн») үйретуді жалғастыру. Қайшымен және желіммен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру және бекіту. Эстетикалық қабылдауды дамыту.
|
1
|
8
|
Сюжетті жапсыру
Тақырыбы: «Шыршаға моншақтар»
Мақсаты: Шеңбер және сопақ пішіндері туралы білімдерін бекіту. Пішіндерді домалақ және сопақ моншақтарды алу үшін тікбұрыштардың және шаршылардың бұрыштарын кесуге; пішіндері әр түрлі моншақтарды кезектестіруге, мұқият, түзу, парақтың ортасына жапсыруға үйрету.
|
1
|
9
|
Сюжетті жапсыру
Тақырыбы: «Арбадағы ойыншықтар»
Мақсаты: Балаларға қайшымен қолдануға үйрету: доларды дұрыс ұстау, қағазды түзу кесу, шеңберді алу үшін шаршының бұрыштарын дөңгелетуді үйрету. Бөліктерді дұрыс орналастырып және оларды мұқият жапсырып, суретті құруға үйрету. Олардың ынтасын дамыту.
|
1
|
10
|
Заттық жапсыру
Тақырыбы: «Аққала»
Мақсаты: Балаларға шеңбер және сопақ пішіндерді алу үшін бұрыштарды біркелкі дөңгелетіп кесуге; композицияны құруға үйретуді жалғастыру.
|
1
|
11
|
Сюжетті жапсыру
Тақырыбы: «Жайлауда»
Мақсаты: Дайын кесілген суреттерді қолданып (таулар, ағаштар, киіз үйлер), ұжымдық жұмыстарды орындауға және жырту тәсілді қолданып, оларды ұсақ бөлшектермен (гүлдер, қойлар, бұлттар) толықтыруға үйрету.
|
1
|
12
|
Заттық жапсыру
Тақырыбы: «Аппақ қоян отыр»
Мақсаты: Балаларға шаршылардын және тікбұрыштардан шеңбер және сопақ пішіндерді алу үшін бұрыштарды кесуге үйретуді жалғастыру. Қайшыны дұрыс ұстау, кесу, бөліктерді мұқият жапсыру дағдыларын бекіту. Жұмыс нәтижелерін бейнелікпен шешу және оларға қарау, оларды бағалауға жеткізу.
|
1
|
13
|
Ойластырып жапсыру
Тақырыбы: «Сыйға әсем гүл»
Мақсаты: Әсем гүлді қиюды және жапсыруды жалғастыру: гүл бөліктерін қию (бұрыштарды дөңгелету арқылы кесу), олардан әдемі сурет құру. Түсті сезуді,эстетикалық қабылдауды, назарды дамыту. Туған мен жақындарына ықыласты болуды тәрбиелеу.
|
1
|
14
|
Сәндік жапсыру
Тақырыбы: «Дастарқанды әшекелейміз»
Мақсаты: Балаларды қазақ халқының тұрмысымен таныстыруды жалғастыру, пішіндерді бөліп кесуге (шаршыны екі үшбұрышқа, тікбұрышты екі шаршыға), оларды түрлендіруге, шеңбердің ортасын мен шеттерін қазақтың өрнегінің элементтерімен толтырып, ою құруға үйрету.
|
1
|
15
|
Ойластырып жапсыру
Тақырыбы: «Қалаған ойыншықты кесіп, жапсыр»
Мақсаты: Балаларды өз жұмыстарының мазмұнын ойластыруға үйрету, бейнелеу үшін пішіні мен түсі лайық қағаздың кішкентай кесектерін іріктеу. Шығамашылық ойлауды және елестетуді дамыту. дербестігін дамыту.
|
1
|
16
|
Заттық жапсыру
Тақырыбы: «Көктемгі гүл»
Мақсаты: Балаларға шаршының бұрыштарын дұрыс дөңгелету тәсілімен шеңберді кесуге, бұрышты екіге бөлуге, бөліктерден шеңберді, жартышеңберді жіңішке жолақтан ашылған және ашылмаған гүлдердің суретін салу, жапсыруда бір түстің екі реңкін қолдану, мұқият жапсырудың тәсілдерін бекіту.
|
1
|
17
|
Сюжетті жапсыру
Тақырыбы: «Сиқырлы бақша»
Мақсаты: Өздігінен бейненің мазмұнын анықтап, ұжымдық композицияны құру (сиқырлы ағаштар, гүлдер). Қағаздың мүмкіншіліктері туралы анықтау: жыртылады, оңай умаждалады, бұрын меңгерген қайшымен жұмыс істеу тәсілдерін жаттықтыру,
|
1
|
18
|
Заттық жапсыру
Тақырыбы: «Құс ауласында»
Мақсаты: Қағазбен және қайшымен жұмыс істеу дағдасын бекіту: тікбұрышты екі бөлікке бөлу, бұрыштарды кесу, сюжетке лайық бөлшектерді, пішіндерді мұқият жапсыру.
|
1
|
|
Барлығы:
|
18
|
Достарыңызбен бөлісу: |