№
|
Мазмұны
|
Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекетінің саны
|
1
|
Негізгі қимылдар:
Бір-бірден саптізбекке тұру
Саптізбекте бір-бірден бірқалыпты жүру
Мақсаты: Саптізбекте өзінің орнын таба білуге үйрету.
Саптізбекте бағытты сақтап, саптан шықпай жүре білуін бекіту.
Ойын: «Маған қарай жүгіріңдер»
|
1
|
2
|
Негізгі қимылдар:
Шеңбер жасап сапқа тұру
Саптізбекте бір-бірден белгі бойынша аялдап, бірқалыпты жүру.
Мақсаты: Бағытты сақтап, педагогтың белгісі бойынша аялдап, саптізбекте жүруді үйрету. Шеңбер жасап сапқа тұра білуін бекіту
Ойын: «Ең шапшаң»
|
1
|
3
|
Негізгі қимылдар:
Қос аяқтап секіру (аяқтары бірге — аяқтары алшақ).
Шеңбер бойымен жүру.
Мақсаты: Секіруді орындауды үйрету (аяқтары бірге — аяқтары алшақ). Бір ырғақты сақтап, шеңбер бойымен жүріп үйренуін бекіту.
Ойын: «Шеңбердегі доп»
|
1
|
4
|
Негізгі қимылдар:
Бір-біріне доп домалату (отырған күйде аяқтары алшақ, арақашықтығы 1,5 м). Қос аяқтап секіру (аяқтары бірге — аяқтары алшақ).
Мақсаты: Доптың қозалу бағытын сақтап, бір-біріне доп домалату.
Секіріп аяқтарының тізелерін аздап бүгіп, аяқтарын бірге және алшақ қою. Ойын: «Тышқандар»
|
1
|
5
|
Негізгі қимылдар:
Тура бағытта төрттағандап еңбектеу (4 метр қашықтықта). Отырған күйде, аяқтары алшақ, 2 м арақашықтықта доп домалату.
Мақсаты: Тура бағытты сақтап, төрт тағандап еңбектеуге үйрету.
Бір-біріне доп домалата білуді бекіту, қолдың доппен ұру күшін дамыту.
Ойын: «Тезірек шеңберге»
|
1
|
6
|
Негізгі қимылдар:
Тура жолмен жүру (көлемі 25 см, ұзындығы 2,5 м)
Еркін бағытқа төрттағандап еңбектеу.
Мақсаты: Шектелген алаң бойынша жүруде тепе-теңдік қалпын сақтауды үйрету. Қол мен тізеге сүйеніп, төрттағандап еңбектегенде қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіре білуге үйрету.
Ойын: «Бақшадағы тауықтар».
|
1
|
7
|
Негізгі қимылдар:
Жоғарыға затқа қол тигізіп секіру
Тура жолмен жүру және жүгіру (көлемі 25 см, ұзындығы 2,5 м)
Мақсаты: ілулі тұрған затқа қол жеткізе жоғарыға секіруге үйрету.
Шектелген алаң бойынша жүруде және жүгіруде тепе-теңдік қалпын сақтауды бекіту.
Ойын: «Өз үйіңді тап»
|
1
|
8
|
Негізгі қимылдар:
1,5 метр қашықтықта түрегеліп тұру жағдайында допты бір-біріне домалату. Ілулі тұрған затқа басты тигізе жоғарыға секіру.
Мақсаты: доптың қозғалу бағытын сақтап, бір-біріне түрегеліп тұрып допты домалатуды үйрету. Қос аяғымен бір мезгілде екпінмен серпіліс жасай білуді бекіту.
Ойын: «Орныңды тап»
|
1
|
9
|
Негізгі қимылдар:
6 метр қашықтықта тура бағытта төрт тағандап еңбектеу.
2 метр арақашықтықта тұрып допты бір-біріне домалату.
Мақсаты: Қозғалу бағытын сақтап төрт тағандап еңбектеуді үйретуді жалғастыру. Түрегеп тұрып допты төменнен оның қозғалуына бағыттай отырып бір-біріне домалата білуді бекіту.
Ойын: «Мысық және тышқан»
|
1
|
10
|
Негізгі қимылдар:
Тоқтап және тапсырмаларды орындай жүгіру (отыру).
Төрттағандап алақаны мен тізесіне сүйеніп, тура бағытта 6 метр арақашықтықта еңбектеу. Екі аяқпен секіру (аяқтары бірге — аяқтары алшақ).
Мақсаты: белгі бойынша тоқтауды, отыруды, тепе-теңдікті сақтап тұруды және жүгіруді жалғастыруды үйрету. Алақан мен тізеге сүйеніп еңбектеуде қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіре білуді бекіту. Қос аяқпен бір орында секіруге жаттығу. Ойын: «Сақина салмақ»
|
1
|
11
|
Негізгі қимылдар:
Алға қарай жылжи отырып қос аяқпен секіру (арақашықтығы 2 м).
Тоқтап және тапсырмаларды орындап жүгіру (шыр айналу).
Төрт тағандап тура бағытта 4 метр арақашықтықта еңбектеу.
Мақсаты: Алға қарай жылжып қос аяқпен секіру. Белгі бойынша тоқтап және тапсырмаларды орындауда тепе-теңдікті сақтай білуді бекіту. Тура бағытта төрт тағандап еңбектеуге жаттықтыру. Ептілікті және қимылдарын үйлестіруді дамыту.
Ойын: «Қонаққа барайық»
|
1
|
12
|
Негізгі қимылдар:
Допты қақпаға домалату (көлемі 60 см) арақашықтығы 1 м.
2 м арақашықтыққа алға қарай жылжып, қос аяқпен секіру.
Мақсаты: Допты қақпаға домалатуды (көлемі 60 см) үйрету, көзмөлшерді дамыту. Қос аяқпен бір мезгілде екпінмен итерілу және жартылай бүгілген аяқтың ұшына тұра білуін бекіту.
Ойын: «Тез өз орныңа бар»
|
1
|
13
|
Негізгі қимылдар:
Қойылған заттардың арасынан «жыланша» ирелеңдеп еңбектеу. Допты қақпаға домалату (көлемі 50 см) арақашықтығы 1,5 м.
Мақсаты: еңбектегенде заттарға тиіп кетпей «жыланша» ирелеңдеп еңбектеуге үйрету, ептіліктерін дамыту. 1,5 м арақашықтықта допты қақпаға домалату (көлемі 50 см) білігін дамыту.
Ойын: «Үш аю»
|
1
|
14
|
Негізгі қимылдар:
Тоқтап және тапсырмаларды орындап жүгіру (орындықта тұру - тепе-теңдік) Қойылған заттардың арасынан «жыланша» ирелеңдеп еңбектеу.
Мақсаты: Жоғары тіреуде статикалық тепе-теңдікті сақтауды үйрету.
Заттарды сол және оң жағынан айналып өту білігін бекіту, ептілікті дамыту. Ойын: «Бақалар»
|
1
|
15
|
Негізгі қимылдар:
Аяқтың ұшымен жүріс. Тоқтап және тапсырмаларды орындап жүгіру.
Мақсаты: басты дұрыс ұстап, аяқтың ұшымен жүруге үйрету.
Шектелген алаңдағы тіреуде статикалық тепе-теңдікті сақтауды бекіту.
Жоғарыға секіруді жаттықтыру.
Ойын: «Допты жеткіз»
|
1
|
16
|
Негізгі қимылдар:
3м арақашықтыққа алға қарай жылжып, екі аяқпен секіру.
Аяқтың ұшымен жүру және секіру.
Қойылған заттардың арасынан «жыланша» ирелеңдеп еңбектеу.
Мақсаты: Екі аяқпен бір мезгілде екпінмен итерілу және аяқтың ұшында тұруды үйрету. Ырғақты жүру және аяқтың ұшымен жеңіл жүгіру және денесін дұрыс ұстауды сақтай білуін бекіту.
Заттардың арасымен еңбектеуді жаттықтыру.
Ойын: «Тезірек шеңберге тұрайық»
|
1
|
17
|
Негізгі қимылдар:
Кеудесінен екі қолымен допты лақтыру.
3 м арақашықтықта алға қарай жылжып, екі аяқпен секіру.
Мақсаты: Екі қолымен кеуде тұсынан доп лақтыруды үйрету. Бір мезгілде екі аяғымен екпінмен итерілу және жартылай бүгілген аяқпен алға қарай секіре жылжып түсе білуін бекіту.
Жаттығу орындауда тыныс алуды тоқтатпай қалыптастыра білу.
Ойын: «Мысықтың балалары және балалар»
|
1
|
18
|
Негізгі қимылдар:
Еденге қойылған тақтайшалармен төрттағандап еңбектеу
(көлемі 25 см, ұзындығы 2 м). Екі қолымен кеуде тұсынан допты лақтыру.
Мақсаты: Шектелген алаң бойынша алақаны мен тізесіне сүйеніп еңбектеуге үйрету. Допты екі қолымен кеуде тұсынан лақтыру және доптың соңынан қолдарын түзету білігін бекіту.
Ойын: «Затты тап»
|
1
|
19
|
Негізгі қимылдар:
Тіке қойылған жіп бойынша жүру. Еденге салынған тақтайша бойынша алақан мен табанға сүйеніп, төрт тағандап еңбектеу
(көлемі 25 см, ұзындығы 2 м).
Мақсаты: Тепе-теңдікті сақтап, жіптің бойымен жүруді үйрету. Алақан мен табанға сүйеніп, шектелген алаңда қол мен аяқ қимылдарын үйлестіріп еңбектей білуін бекіту.
Ойын: «Шеңбердегі доп»
|
1
|
20
|
Негізгі қимылдар:
Иректеліп қойылған жіптің бойымен жүру. Қол ұстасып, шеңбер бойымен жүгіру. Екі қолымен кеуде тұсынан доп лақтыру.
Мақсаты: Қарқын мен ырғақты сақтап, қол ұстасып, шеңбер бойымен жүгіру. Шектелген алаңмен тепе-теңдікті сақтай білуін бекіту.
Қатты қимылмен қолын түзулей отырып, екі қолмен кеуде тұсынан доп лақтыруға жаттықтыру.
Ойын: «Көпір бойымен еңбектеу»
|
1
|
21
|
Негізгі қимылдар:
Орнында тұрып ұзындыққа секіру (арақашықтығы 30 см)
Жіптен ұстанып, шеңбер бойымен жүгіру.
«Жыланша» ирелеңдеп, қойылған заттардың арасымен жүру.
Мақсаты: Бір орында тұрып ұзындыққа секіруді үйрету.
Басқа балалармен жүгіру қарқыны мен
ырғақты қадамды үйлестіре білуін бекіту.
«Жыланша» ирелеңдеп, қойылған заттардың арасымен жүруге жаттықтыру.
|
1
|
22
|
Негізгі қимылдар:
Бастан асырып екі қолмен допты лақтыру.
Бір орында тұрып ұзындыққа секіру (30 см).
Мақсаты: Доп ұстаған қолын басынан асыра доптың ұшуының дұрыс жолын: алға-жоғары қарай бүгілген қолын екпінмен түзетіп, келтіруді үйрету. Аяқтың екпінді итеріле көтерілуін қолдың қимылымен үйлестіре білуін бекіту.
Ойын: «Әткеншек»
|
1
|
23
|
Негізгі қимылдар:
Доғаның астынан еңбектеу (биіктігі 40 см)
Допты қос қолымен басынан асыра лақтыру.
Мақсаты: Доғаның астынан оған соқтықпай, еңбектеуді үйрету, доптың ұшуының дұрыс жолын: алға-жоғары қарай бүгілген қолын екпінмен түзетіп, келтіре білуін бекіту.
Ойын: «Секіріп-шапалақта».
|
1
|
24
|
Негізгі қимылдар:
Ирелеңдеген жол бойынша жүру (көлемі 25 см, ұзындығы 2,5 м)
Доғаның астымен еңбектеу (биіктігі 40 см)
Мақсаты: Шектелген алаң бойынша жүруде тұрақты тепе-теңдікті сақтауды үйрету. 3 доғаның астынан еңбектей білуін бекіту.
Ойын: «Қақпаға тигіз»
|
1
|
25
|
Негізгі қимылдар:
Тізені жоғары көтеріп жүру
Ирелеңдеген жол бойынша жүру (көлемі 25 см, ұзындығы 2,5 м).
Қақпа арқылы доп домалату (көлемі 50 см, 1,5 м).
Мақсаты: Қол мен аяқтың қимылын үйлестіре, тізені жоғары көтеріп жүруді үйрету. Шектелген алаң бойынша жүруде және жүгіруде тұрақты тепе-теңдікті сақтай білуін бекіту. Ойын: «Бермеймін»
|
1
|
26
|
Негізгі қимылдар:
Бір орында тұрып ұзындыққа секіру (арақашықтығы 40 см).
Тізені жоғары көтеріп жүру. Түрлі бағытта жүгіру.
Мақсаты: Бір орында тұрып ұзындыққа секіруді үйретуді, аяқпен қатты итерілуді орындауды жалғастыру. Тізені жоғары көтеріп жүру білігін бекіту. Зал бойымен жеңіл және ырғақты жүгіре білуді бекіту. Кеңістікте бағдарлауды, зейінді дамыту.
Ойын: «Аю көпір арқылы жүріп келеді»
|
1
|
27
|
Негізгі қимылдар:
1 м арақашықтықтан педагогтің лақтырған добын қағып алу және кері лақтыру.
Бір орыннан ұзындыққа секіру (40 см).
Мақсаты: Педагогке доп лақтыру және одан допты қағып алуды үйрету. Аяқпен қатты итерілуді қолдың қимылымен үйлестіріп, жартылай бүгілген аяқпен жеңіл жерге түсе білуді бекіту.
Ойын: «Бос орын»
|
1
|
28
|
Негізгі қимылдар:
Гимнастикалық қабырғаның екінші көлденең екінші салмасында бекітілген көлбеу тақтай бойымен еңбектеу арақашықтығы 1 м.
Мақсаты: Көлбеу тақтайдың бойымен төрт тағандап еңбектеуге, одан тез түсуге үйрету. Педагогке доп лақтыру және одан саусақтары еркін қойылған алақанмен допты қағып алуын бекіту.
Ойын: «Саяжайға бару»
|
1
|
29
|
Негізгі қимылдар:
Еденде жатқан заттардың үстінен аттап жүру (арақашықтықтарының арасы 25 см)
Гимнастикалық қабырғаның екінші көлденең екінші салмасында бекітілген көлбеу тақтай бойымен еңбектеу.
Мақсаты: Еденде жатқан заттардан аттап жүруді, дененің тік ұсталуын сақтауды үйрету. Қол мен аяқ қимылдарын үйлестіре көлбеу тақтай бойымен еңбектей білуін бекіту, ептілікті дамыту.
Ойын: «Касқыр мен лақтар»
|
1
|
30
|
Негізгі қимылдар:
Алаңның бір жағынан екінші жағына жүгіру (арақашықтығы 10 м).
Еденде жатқан заттардан аттап жүру (олардың арасының арақашықтығы 20 см), тепе-теңдік. Гимнастикалық қабырғаның екінші көлденең екінші салмасында бекітілген көлбеу тақтай бойымен еңбектеу.
Мақсаты: Алаңның бір жағынан екінші жағына жеңіл және ырғақты жүгіруді, өзінің жүгіруін басқа балалардың жүгіруімен үйлестіруді үйрету. Заттардан аттап жүруде тұрақты тепе-теңдікті сақтай білуін бекіту. Көлбеу тақтай бойымен еңбектеуге жаттықтыру.
Ойын: «Ақырын өт»
|
1
|
31
|
Негізгі қимылдар:
Еденде жатқан жалпақ құрсаудан секіру
Алаңның бір жағынан екінші жағына жүгіру. (арақашықтығы 20 м)
Мақсаты: Құрсауға секіруде, одан шығып секіруде, екі аяғымен екпінмен итерілуге үйрету. Бір алаңнан екінші алаңға жеңіл және ырғақты жүгіру білуін бекіту, шыдамдылықты дамыту.
Ойын: «Құрсаудан сылдырмаққа секіру»
|
1
|
32
|
Негізгі қимылдар:
1,5 м арақашықтықта педагогтің лақтырған добын қақағып алып, қайтадан допты лақтыру.
Еденде жатқан жазық құрсаудан секіру.
Мақсаты: Педагогке доп лақтыруды және одан допты саусақтарын жан-жаққа еркін қойып, қағып алуды үйрету. Екі аяғымен бірмезгілде екпінмен итерілу және аяқтың басына жерге түсе білуін бекіту.
Ойын: «Жоғары-төмен».
|
1
|
33
|
Негізгі қимылдар:
Бөренеден еңбектеп өту
1,5 м арақашықтықта педагогтің лақтырған добын қағып алып, қайтадан допты лақтырып, артынан қолын жазу білуін бекіту.
Ойын: «Орныңды тап»
|
1
|
34
|
Негізгі қимылдар:
Еденге қойылған сатының тақтайшаларынан аттап жүру (қолын екі жаққа созу). Бөренеден еңбектеп өту.
Мақсаты: Тізені көтеріп, тепе-теңдікті сақтап, денені тік ұстап сатының тақтайшаларынан аттап жүруді үйрету. Бөрененің үстінен еңбектей білуге үйрету.
Ойын: «Допты ұста»
|
1
|
35
|
Негізгі қимылдар:
Музыкалық-ырғақты қозғалыс (музыка бойынша марш)
Еденге қойылған сатының тақтайшаларынан аттап жүру (қолын екі жаққа созу).
Мақсаты: Сапта бір-бірден жүріп, сапта барлығы бірге ширақ және ырғақты қозғалып, музыка әуенімен маршпен жүруді үйрету.
Сатының тақтайшаларынан аттап жүру, тізелерін жоғары көтеру және екпінді қимылмен аяқтың басына тұру, денесін түзу ұстау, тұрақты тепе-теңдікті сақтау білігін бекіту.
Ойын: «Жоғары лақтыр»
|
1
|
36
|
Негізгі қимылдар:
Шеңберге тұру
Музыкалық-ырғақты қимылдар (музыка әуенімен марш).
Гимнастикалық қабырғаның екінші көлденең салмасына бекітілген көлбеу тақтай бойымен еңбектеу.
Мақсаты: Шеңберге тұруды үйретуді жалғастыру. Ырғақты қимылдап және музыкалық шығарманың әрбір бөлімінің басы мен аяғын белігілеп отырып бәріне бірге музыка әуенімен маршпен жүру. Көбеу тақтай бойымен еңбектеуге жаттықтыру. Қимыл координациясын дамыту.
Ойын: «Нысанаға тигіз»
|
1
|
37
|
Негізгі қимыл:
Тереңдікке секіру (15 см биіктіктен)
Шеңберге тұру. 3 доғаның астынан еңбектеу (биіктігі 40 см).
Мақсаты: Табанды бүгуді және орындықтан жартылай бүгілген аяқпен секіріп түсуді үйрету. Шеңберге тұра білуін бекіту. Төрт тағандап 3 доғаның астынан еңбектеуге жаттықтыру.
Ойын: «Орамал»
|
1
|
38
|
Негізгі қимылдар:
Допты жоғары лақтыру және қағып алу
15 см биіктіктен тереңдікке секіру.
Мақсаты: Допты жоғарыға лақтыру және оны жазылған саусақтарымен алақанын қойып, қағып алуды үйрету. Орындықтан секіргеннен кейін тепе-теңдікті сақтау, бас пен денені түзу ұстау, алдыға қарай білуін бекіту. Ойын: «Әткеншек»
|
1
|
39
|
Негізгі қимылдар:
Еденге тігінен қойылған құрсаудан еңбектеп өту
Допты жоғары лақтыру және қағып алу.
Мақсаты: Еденге тігінен қойылған құрсаудан еңбектеп өтуге үйрету.
Допты өзіне қыспай, жоғары лақтыру және қағып алу білігін бекіту.
Ойын: «Ойыншық»
|
1
|
40
|
Негізгі қимылдар:
Гимнастикалық орындық бойымен жүру (орындықтың биіктігі 30 см, көлемі 20 см).
Еденге тігінен қойылған құрсау ішінен еңбектеп өту.
Мақсаты: Гимнастикалық орындық бойымен жүруге үйрету, батылдықты дамыту. Еденге тігінен қойылған құрсау ішінен еңбектеп өту, қол мен аяқтың қозғалыстарын үйлестіру білігін бекіту.
Ойын: «Аяқтар»
|
1
|
41
|
Негізгі қимылдар:
Көлбеу қойылған саты бойымен өрмелеу.
Гимнастикалық орындық бойымен жүру (орындықтың биіктігі 30 см, көлемі 20 см)
Мақсаты: Көлбеу қойылған саты бойымен қырындап өрмелеу.
Тіреуіштің жоғары алаңы бойымен жүруде денесін дұрыс ұстап және қалыпты тепе-теңдікті сақтай білуін бекіту.
Ойын: «Бәйге»
|
1
|
42
|
Негізгі қимылдар:
20 см биіктіктіктен тереңдікке секіру.
Көлбеу қойылған саты бойымен өрмелеу.
Мақсаты: Табанды бүгу және орындықтан секіріп, жартылай бүгілген аяқпен түсуді үйретуді жалғастыру.
Ойын: «Қарыштап жүр»
|
1
|
43
|
Негізгі қимылдар:
Бағытты өзгерте отырып жүгіру.
20 см биіктіктіктен тереңдікке секіру. Көлбеу қойылған саты бойымен өрмелеу.
Мақсаты: Саптізбекте саптан шықпай, бағытты өзгерте отырып жүгіруді үйрету. Орындықтан секіргеннен кейін тепе-теңдікті сақтау, бас пен денені түзу ұстау, алдыға қарау білуді бекіту. Көлбеу қойылған саты бойымен өрмелеуге жаттығу, координация мен батылдықты дамыту.
Ойын: «Ойыншық әкел»
|
1
|
44
|
Негізгі қимылдар:
Қос аяқпен заттың үстінен секіру (биіктігі 5 см).
Бағытты өзгерте отырып жүру және жүгіру. Гимнастикалық орындық бойымен жүру (орындықтың биіктігі 30 см, көлемі 20 см).
Мақсаты: Заттардың үстінен қос аяқтап екпінмен еденнен итеріліп қарғуды үйрету. Қимылдың бағытын өзгерте білуді, саптізбектің ретін бұзбай жүру мен жүгіруді алмастыруға жаттықтыру. Жоғарғы тіреуіште тепе-теңдікті сақтауға жаттығу.
Ойын: «Ең епті»
|
1
|
45
|
Негізгі қимылдар:
Допты еденге ұрып, қағып алу.
Заттың үстінен қос аяқпен секіру (биіктігі — 5 см)
Мақсаты: Допты тігінен төменге еденге лақтыру және секірген допты екі қолымен қағып алуды үйрету. Екпінді итеріліп және жартылай бүгілген аяқпен заттың үстінен жерге жеңіл түрде секіріп түсе білуін бекіту. Ойын: «Асық әперші»
|
1
|
46
|
Негізгі қимылдар:
Гимнастикалық орындықтың бойымен өрмелеу.
Допты еденге ұрып, қағып алу.
Мақсаты: Гимнастикалық орындықтың үстінен қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіре секіріп түсуге үйрету. Доп секіргеннен кейін бірмезгілде допты қос қолымен екі жағынан ұстай білуді бекіту.
Ойын: «Бақшадағы тауықтар»
|
1
|
47
|
Негізгі қимылдар:
Бір-бірінен 15 см арақашықтықта салынған кірпіштермен жүру (тепе-теңдікке жаттықтыру).
Гимнастикалық орындықтың үстінен төрт тағандап еңбектеп секіріп түсу.
Мақсаты: Бір кірпіштен екінші кірпішке тепе-теңдікті сақтап, аттауға үйрету. Қимыл координациясын дамыту. Кедергілер арқылы секіріп өту, қол мен аяқты үйлестіруін бекіту, ептілікті дамыту.
Ойын: «Бақалар»
|
1
|
48
|
Негізгі қимылдар:
Музыкалық-ырғақты қимылдар
Бір-бірінен 15 см арақашықтықта қойылған кірпіштермен жүру.
2 м арақашықтықта допты қақпаға домалату (көлемі 50 см)
Мақсаты: Жануарлардың бейнелік қимылдарын жеткізуді үйрету. Шектеулі алаңда тепе-теңдікті сақтай білуін бекіту.
Допты қақпаға домалатуда екпінмен итеруге жаттығу.
Ойын: «Өз үйіңді тап»
|
1
|
49
|
Негізгі қимылдар:
Заттың үстінен қос аяқпен секіру (заттың биіктігі 10 см)
Музыкалық-ырғақты қимылдар.
Отырған күйде аяқтарын екі жаққа созып, 2 м арақашықтықта допты бір-біріне домалату.
Мақсаты: Еденнен қос аяқпен екпінмен итеріліп, заттың үстінен қарғып түсуді үйрету. Жануарлардың бейнелік қимылдарын жеткізе білуін бекіту. Доптың қозғалыс бағытын сақтап, бір-біріне допты домалатуға жаттықтыру.
Ойын: «Кетті, кетті орамал»
|
1
|
50
|
Негізгі қимылдар:
15 см диаметрлік допты қос қолымен басынан асыра жіп арқылы лақтыру. Заттың үстінен қос аяқпен секіру (биіктігі 10 см)
Мақсаты: Допты көтерілген қолдың биіктігінде керілген жіп арқылы 2 м арақашықтықта тұрып, қолды жазып лақтыруды үйрету. Екпінді итеріліп және жартылай бүгілген аяқпен заттың үстінен секіріп жерге жеңіл түрде түсе білуін бекіту. Ойын: «Шалшықтан өту»
|
1
|
51
|
Негізгі қимылдар:
Гимнастикалық қабырғаға өрмелеу және одан түсу
15 см диаметрлік допты қос қолымен басынан асыра жіп арқылы лақтыру.
Мақсаты: Гимнастикалық қабырғаға өрмелеу және одан түсу, көлденең салмадан дұрыс ұстау: 4 саусақ үстінен, бас бармақпен астынан.
Допқа дұрыс траектория беру, қолды екпіндеп жазып, допты алға-жоғары бағыттай білуін бекіту.
Ойын: «Жылқылар»
|
1
|
52
|
Негізігі қимылдар:
Кедергілерден аттап жүру биіктігі 20 см (текшелерге қойылған тақтайшалар). Гимнастикалық қабырғаға өрмелеу және одан түсу.
Мақсаты: Кедергілерден аттап жүруді үйрету: тізені жоғары көтеру және екпінді қимылмен аяқтың ұшына тұру, денені тік ұстау, тепе-теңдікті сақтау. Гимнастикалық қабырғаға өрмелеу және одан түсе білуге үйрету, қимыл координациясын, батылдықты дамыту.
Ойын: «Қарлығаш»
|
1
|
53
|
Негізгі қимылдар:
Тез қарқында тура бағытта жүгіру (10 м арақашықтықта).
25 см биіктікте көтерілген саты тақтайшаларынан аттап жүру.
Мақсаты: Бір-біріне бөгет жасамай, кең қадам жасап, тез қарқында жүгіруге үйрету. Атап жүруде тепе-теңдікті сақтап жүруін бекіту.
Тізені жоғары көтеріп, аяқтың ұшына тұрып, сатының тақтайшаларынан ырғақпен аттап жүре білуді бекіту.
Ойын: «Тауық пен балапандар»
|
1
|
54
|
Неізгі қимылдар:
Аяқпен алма-кезек секіру
Тез қарқынмен жүгіру (арақашықтығы 10 см). Гимнастикалық қабырғаның 2 көлденең салмаға қойылған тақтай бойымен еңбектеу.
Мақсаты: Бір аяқпен екпінмен итеріліп, екінші аяққа түсіп, аяқпен алма-кезек секіруді орындауды үйрету. Тез қарқынмен жүгіру, белсенді қол қимылдарын қадаммен үйлестіру, шеңберді тарылтпай жүгіру білігін бекіту. Көлбеу тақтай бойымен еңбектеу, қимыл координациясын дамытуға жаттықтыру.
Ойын: «Құламай айнал».
|
1
|
55
|
Негізгі қимыл:
Көлденең нысанаға қос қолмен төменнен лақтыру
(арақашықтығы 1,5 м). Аяқпен алма-кезек секіру.
Мақсаты: 15 см диаматрлік допты көлденең нысанаға қос қолмен төменнен лақтыру, доптың артынан қолдарын жазу, көзмөлшерін дамытуды үйрету. Аяқпен алма-кезек секіруде бір аяғымен екінмен итеріліп, денені және басын тік ұстай білуін бекіту.
Ойын: «Бәйге»
|
1
|
56
|
Негізгі қимылдар:
Еденге төселген тақтай бойымен төрт тағандап еңбектеу
(көлемі 25 см, ұзындығы 2 м). 2 м арақашықтықтан көлденең нысанаға қос қолымен төменнен лақтыру.
Мақсаты: Шектелген алаңда алақаны мен тізесіне таянып еңбектеуге үйренуді жалғастыру. Допқа дұрыс траектория беру, қолды екпіндеп жазып, допты алға-жоғары бағыттай білуін бекіту.
Ойын: «Пішін жаса»
|
1
|
57
|
Негізгі қимылдар:
Көлбеу тақтай бойымен жүру (бір жақ ұшы 20 см биіктікке көтерілген). Еденге салынған тақтай бойымен төрттағандап еңбектеу (көлемі 25 см, ұзындығы 2м).
Мақсаты: Шектелген алаңда денесін тік ұстауды сақтап, алдыға қарап, көлбеу тақтай бойымен жүру. Қолы мен аяғының қимылдарын үйлестіре, шектелген алаңда алақаны мен табанынан сүйеніп еңбектей білуді бекіту. Ойын: «Қарлығаш»
|
1
|
58
|
Негізгі қимылдар:
Баяу қарқынмен жүгіру (40 секунд)
Көлбеу тақтаймен жоғары және төмен жүру (бір жақ ұшы 30 см биіктікке көтерілген, тепе-теңдікке жаттығу).
Бір-бірінен 1 м арақашықтықта бір қатарға тұрғызылған заттардың арасынан допты «жыланша» домалату.
Мақсаты: қысқа қадам жасап, жүгірістің бағытын сақтап, баяу қарқында жүгіру. Шектелген алаңда тепе-теңдікті сақтап, көлбеу қойылған тақтай бойымен жүре білуді бекіту.
Ойын: «Тыныштық»
|
1
|
59
|
Негізгі қимылдар:
Тура секіртпемен.
Баяу қарқынмен жүгіру (40 секунд). Еденде тігінен қойылған
3 құрсаудың астынан еңбектеу.
Мақсаты: Қол мен аяқтың қимылын үйлестіріп, тура секіртпемен орындауды үйрету. Ырғақпен, баяу қарқында қолдарымен еркін қимылдап, шеңберді тарылтпай жүгіру, төзімділікті дамыта білуді бекіту. Еденге тігінен қойылған құрсаудан өтіп еңбектеуге жаттығу.
Ойын: «Секіріп - шапалақта»
|
1
|
60
|
Негізгі қимылдар:
Кеудеден қос қолмен көлденең нысанаға лақтыру
(арақашықтығы 1,5 м). Тура секіртпемен. Шеңбер бойымен қол ұстасып жүру.
Мақсаты: 1,5м арақашықтықтан кеудеден қос қолмен көлденең нысанаға лақтыру, қолды екпінмен жазу, көзмөлшерін дамытуды үйрету.
Қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіре тура секіртпе орындай білуді бекіту. Қол ұстасып, бір-біріне бөгет жасамай, тез шеңберге тұрып, шеңбер бойымен жүре білуге жаттығу.
|
1
|
61
|
Негізгі қимылдар:
Алақан мен тізеге сүйеніп, модул арқылы асып түсіп, төрт тағандап еңбектеу.
2м арақашықтықтан кеуде тұсынан қос қолмен көлденең нысанаға лақтыру.
Мақсаты: Бірнеше кедергілерден қол мен аяқ қимылдарын үйлестіріп, асып түсуге, ептілікті дамытуға үйрету. Доптың ұшуына дұрыс траектория беру, қолдарын екпінді қимылмен жаза білуді бекіту.
Ойын: «Қасқыр мен лақтар»
|
1
|
62
|
Негізгі қимылдар:
Беті тегістеліп сүргіленген бөренемен жүру
Алақан мен тізеге сүйеніп, модуль арқылы асып түсіп, төрттағандап еңбектеу.
Мақсаты: Шектелген алаңда тепе-теңдікті сақтап, бөрене бойымен жүруді үйрету. Кедергілерден асып түсу, ептілікті, төзімділікті дамыта білуді бекіту.
Ойын: «Балапандар»
|
1
|
63
|
Негізгі қимылдар:
Аяқтың ұшын бір-біріне жалғап адымдап жүру.
Беті тегістеліп сүргіленген бөренемен жүру. Музыкалық-ырғақты қимылдар.
Мақсаты: Бір аяғын алдыға шығарып, екіншісін оның артына қойып, аяқтың ұшын бір-біріне жалғап адымдап жүре білуін бекіту. Шектелген алаңда тепе-теңдікті сақтай білуді бекіту. Қимылмен музыкалық бейнені бере білуді жетілдіру.
Ойын: «Қасқырларды ұстау»
|
1
|
64
|
Негізгі қимылдар:
Аяқтың ұшын бір-біріне жалғап адымдап жүру (биіктігі — 5 см)
4 зат арқылы қос аяқпен секіру.
Мақсаты: Аяқтың ұшын бір-біріне жалғап адымдап жүру, координацияны дамытуды үйренуді жалғастыру. Аласалау заттардың үстінен бірінен соң бірі секіріп өту, қос аяқпен бір мезгілде екпінмен итерілу, қолдың қимылын аяқтың итерілуімен үйлестіре білуін бекіту.
Ойын: «Мысықтар мен балалар»
|
1
|
65
|
Негізгі қимылдар:
Сол және оң қолмен алысқа лақтыру (биіктігі 10 см) Заттардың үстінен қос аяқпен секіру.
Мақсаты: Бір қолмен алысқа лақтыруды үйрету, лақтыру күшін дамыту. Қолды сермеу қимылы мен итерілуді үйлестіріп, еденнен екпінмен итеріліп, заттың үстінен аттап өте білуін бекіту.
Ойын: «Түзу шеңбермен»
|
1
|
66
|
Негізгі қимылдар:
Еденге салынған тақтай бойымен төрт тағандап еңбектеу
(көлемі 25 см, ұзындығы 2 м). Сол және оң қолмен алысқа лақтыру.
Мақсаты: Шектелген алаңда алақан мен тізеге сүйеніп еңбектеуді үйрету. Бір қолмен алысқа лақтыру, көз мөлшерін дамыта білуін бекіту.
Ойын: «Мысық пен тышқандар».
|
1
|
67
|
Негізгі қимылдар:
Гимнастикалық орындық бойымен жүру.
Гимнастикалық қабырғаға шығу және одан түсу.
Мақсаты: Дене бітімін тік ұстауды сақтап, гимнастикалық орындық бойымен жүруді үйретуді жалғастыру. 4 саусақ үстінен, бас бармақпен астынан - көлденең салмадан дұрыс ұстап, гимнастикалық қабырғаға өрмелеу және одан түсе білуді үйрету.
Ойын: «Ең жылдам»
|
1
|
68
|
Негізгі қимылдар:
Тапсырмаларды орындап жүру (отыру, айналу, аяқтың ұшын бір-біріне жалғап адымдап жүруді орындау). Бағытты өзгерте жүгіру.
Гимнастикалық орындық бойымен жүру.
Мақсаты: Өзінің әрекеттерін басқалардың әрекеттерімен үйлестіріп, педагогтің тапсырмаларын орындауды үйретуді жалғастыру.
Белгі бойынша қимыл бағыттарын өзгерту, сапта жеңіл және ырғақпен қозғала білуді бекіту. Жоғары тіреуіште тепе-теңдікті сақтап жаттығу.
Ойын: «Нысанаға тигіз»
|
1
|
69
|
Негізгі қимылдар:
Алға қарай қозғалыс жасап, қос аяқпен секіру (арақашықтығы 2 м)
Сол және оң қолымен алысқа лақтыру.
Мақсаты: Алға қарай жылжып, белгі бойынша тоқтап, қос аяқпен секіруге үйретуді жалғастыру. Бір қолымен алысқа лақтыру, лақтыру кезінде қолды екпінмен жаза білуді бекіту.
Ойын: «Ми батпақ арқылы»
|
1
|
70
|
Негізгі қимылдар:
Педагогтің лақтырған добын қағып алып, қайта лақтыру (арақашықтығы 1,5 м). 50 см биіктіктегі доғаның астынан еңбектеу.
Мақсаты: Педагогке доп лақтыру және оның лақтырған добын саусақтарының арасын ашып, алақандарын жайып қағып алуды үйретуді жалғастыру. Доғаның астымен еңбектеп жаттығу, ептілікті және қимыл координациясын дамыту.
Ойын: «Кім жылдам».
|
1
|
71
|
Негізгі қимылдар:
Алаңның бір жағынан екінші жағына жүру және жүгіру (арақашықтығы 10 м). Еденде жатқан заттардан аттап жүру (олардың арасының арақашықтығы 20см). Тура секіртпемен.
Мақсаты:Алаңның бір жағынан екінші жағына жеңіл және ырғақты қимылдауды үйрену, өзінің қимылдарын басқа балалардың қимылдарымен үйлестіру. Заттардан аттап жүруде тұрақты тепе-теңдікті сақтай білуді бекіту. Бір-біріне бөгет жасамай, тура секіртпемен алға қарай жылжуға жаттықтыру.
Ойын: «Қасқырларды аулау»
|
1
|
72
|
Негізгі қимылдар:
Еденде жатқан жалпақ құрсауға секіру.
Көлбеу сатымен өрмелеу.
Мақсаты: Екпінмен қос аяқпен итеріліп құрсауға секіру және одан секіріп шығуды үйретуді жалғастыру. Көлбеу тақтай бойымен қырындап, сатының көлденең тақтайшаларынан дұрыс ұстап өрмелей білуді бекіту.
Қазақ халық ойыны: «Бәйге».
|
1
|
|
Барлығы:
|
72
|