Тақырыбы: Қар жамылған ағаштар (ашық ұйымдастырылған оқу іс -әрекеті) Өткізген: Жолаева Қ. О



жүктеу 50,5 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі50,5 Kb.
#21051

« Нұрсәт »мектепке дейінгі балалар мекемесі

Тақырыбы: Қар жамылған ағаштар

(ашық ұйымдастырылған оқу іс -әрекеті)

Өткізген: Жолаева Қ.О

Шалқар қаласы. 2016 жыл



«Жұлдыз-ай » тобында ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 9.02. .2016ж Тәрбиеші: Жолаева Қ.О.
Білім беру саласы: «Қатынас» Бөлімі: Тіл дамыту.
Пән аралық байланыс: құрастыру, жапсыру.
Тақырыбы: Қар жамылған ағаштар.

Білімділік мақсаты: Табиғат аясында көрген жалпы қыс мезгілінің ерекшеліктерін еске түсіріп, айналада болып жатқан құбылыстар жайлы білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Слайдтар туралы әңгіме құрап,ойлау есте сақтау қабілеттерін дамыту,өздігінен байланыстыра жауап беруге жетелеу.Сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатқа деген сүйіспеншілікке, достыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Жылулық шеңбері, әңгіме, түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,жұмбақтар.

Көрнекілік:.Слайдтар, А3 көлеміндегі сурет.

Керекті құралдар:Ағаш бұтақтары,мақта, ермексаз, аққала құрастыруға қажетті тоқылған ,қиылған пішіндер.

Сөздік жұмыс: Қар жамылған,құлағыңды тістеген.

Билингвальді компонент: қыс-зима.қар-снег


Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Бүгінгі күн басқа күндерден ерекше

Себебі,біздің тобымызға көптеген апайлар келіп отыр.


Шаттық шеңбері
Армысың, шапағатты Күніміз

Армы сың,мейірімді Жеріміз

Армысың,Табиғат - анамыз

Армысыздар, апайлар

Келді сізге өзіңіздің балаңыз


Шеңбер бойына тұру:

Балалар күнге қарайды.

Қолдарын жерге жақындатады.

Бастарын иеді.

Қолдарын созады

Өздерін көрсетеді.





Аралық бөлім

Ғажайып сәт

Осы кезде боранның дыбысы есітіледі де,боран балаларға сыйлық тастап кетеді.

-Балалар ,қараңдаршы боран бізге сыйлық тастап кетіпті.

« Құрметті балалар»!Мен сендерге сиқырлы кітапша ұсындым.Бұл кітапшада тапсырмалар бар.

Менің тапсырмам « көңілді пішіндер» деп аталады. Көңілді пішіндерді жұмбақ арқылы жасырдым, жұмбақтарды дұрыс шешсеңдер қыс мезгілінде ойнайтын сүйікті кейіпкерлерің келеді.

Жұмбақ Төрт қабырғасы бар,

Төрт бұрышы бар.

Өмірі оның қызық,

Жолында жоқ түзу сызық.

Басы да жоқ аяғы

Бір айналым баяғы.

Үш бұрышы бар,үш қабырғасы бар.

Жауабын дұрыс шештіңдер енді жауабымызды боранға жіберейік.

Есік қағылып,аққала кірді.


Аққала неше бөліктен тұрады.Түсі қандай?

Аққала неден жасалады? Қар неге ұқсайды?

Қыста неше ай бар?

Қыс мезгілінің ең тамаша ерекшелігі ол қарымен қызықты.

Әдемі өрнектелген жұлдызшаға ұқсайды.

Қар сонымен тек қай мезгілде болады.

Аққала сендердің білімдеріңді тексергісі келіп,жұмбақ жасырғысы келіп тұр.

Жұмбақ жасыру;

Көлге жапқан қақпақ ,

Сіресіп тұр,қатты-ақ

Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады

Жаңа жыл көркі

Қысты күні қолға киеді

Өзі аппақ болады,

Ұстасаң қолың тоңады.


Енді бір сәт тыныштық орнатайық

Олай болса назарымызды экранға салып , қыс қызығын тамашалап көрелік.Слайдтан қыс мезгілінің алуан түрлі қызықты сәттерін көрсетіп , түсіндіру.Балалар аққала жасап жатқан сурет. Қар аршып жатқан сәт.Қар жамылған ағаштар т.б.

Балаларға әңгімелеп айтып беру.

Қыстың ерекшеліктері қандай?

Тақтамен жұмыс Тақтадағы суретке қарап әңгіме құрастыру.
А.Асылбековтің қыс өлеңін оқып беремін.

Қандай суық қыс деген?

Қалтырайды құс деген.

Құлақшынды кимесең,

Құлағыңды тістеген .

Қандай қызық қыс деген?

Бәрін шебер істеген.

Жерде,үйде,тауларда,

Боялған ақ түспенен.

Балалар өлең шумақтарында не туралы айтылған.

Сергіту сәті

Тоңса біздің қолымыз,

Қолғап кйіп аламыз.

Сарт-сарт-сарт

Шапалақты соғамыз.

Етік киіп аламыз

Топ-топ-топ

Топылдатып билейміз

Тоңса біздің денеміз

Тонды киіп аламыз

Зу -зу -зу

Шанамен зулаймыз,


Қыс туралы мақал -мәтелдер
Қыстағы қар -жерге ырыс

Жердегі ылғал -елге ырыс


Ақ қар көп болса- ақ нан көп

Аққала балалармен ойын ойнайды

Ойын; « Қатырам»
Балалар екі орталыққа бөлініп отырайық, сендердің алдарыңда тапсырмаға арналған өздеріңе таныс заттар бар.Бұл заттардан оң жақтағы орталық «Қар жамылған ағаштарды», сол жақтағы орталық«Аққаланы» құрастырамыз деп экран арқылы немесе тәрбиеші өзі көрсетеді А3 көрнекілігі ілінеді.

Оң жақтағы орталық алдарындағы ағаш бұтақтарының түбін ермексазбен бекітіп, мақтаны жіңішкертіп созып, бұтақтарға орналастыру.

Сол жақтағы орталық үлкенді кішілі дөңгелектерді аққала етіп құрастыру олардың бәрін болған соң балалардан не жасағандарын сұрау соңынан екі орталық «Қар жамыл- ған ағаштар мен аққалалар» көрмесін ұйымдастыру.

Жұмбақтың шешуін шешеді.

Төрбұрыш

Дөңгелек.

Үшбұрыш

Ақ . Үш бөліктен тұрады. Үш

/мұз/

/аяз/


/шырша/

/қар/


Қыс көріністерін тамашалар әңгімелейді.

Өлеңнің мағынасын түсінеді.

Қыс туралы

Қимылмен жасайды.

Жасалу жолдары түсіндіріледі.
Жапсыруды, құрастыруды аяқтап әңгімелейді.




Қорытынды

-Балалар міне көрдіңдер ме бәріміз біріккенде көп жұмыс бітіреміз екен. «Еңбек-түбі береке»деген осы

Көрменің ерекшелігін әңгімелеу.

Тамаша көңіл күйімізді білдірейік.

Жұлдыз -ай тобы балалары қандай?-тамаша!

Көңіл -күйлкрің қандай?-тамаша|!

Келген қонақтар қандай?- тамаша!

Қыс айы қандай?- тамаша!

Балаларды соңынан оқу іс-әрекетке белсенділік танытқаны үшін мақтап,мадақтау.Іс-әрекет соңын серуендегі еңбекпен ұштастыру.

Балалар қуанышты сезімде болады.


Тамаша көңіл күймен қоштасады.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін, нақты жауап айтуды;

Үйренеді:Әр түрлі материалдардан, қағаздардан қыс келбетін құрастыруды, жапсыруды.

Игереді:Суретке қарап әңгімелеуді,жұмбақтар шешуді.
жүктеу 50,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау