Мектебінде



жүктеу 2,18 Kb.
Pdf просмотр
бет7/34
Дата30.05.2018
өлшемі2,18 Kb.
#18520
түріЛитература
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34

22
Тиімді әдіс – баршаға ортақ                                                             
Гүлмира ҚҰМАРҒАЛИЕВА,
Орал қаласындағы
№7 орта мектептің
  қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА   
ДЕҢГЕЙЛІК САРАЛАП ОҚЫТУ 
ТЕХНОЛОГИЯСЫ
«Қазақстан-2030» 
стратегиялық 
бағдарламасының 
негізі – жоғары интелектуалды жастарды жан-жақтылыққа 
тәрбиелеу,  олардың  потенциалдық  деңгейінің  көтерілуіне 
үлес  қосу.  Сондықтан  мұғалімдер  қауымының  алдына  өте 
үлкен  міндет  жүктелді.  Бүгінгі  таңда  жас  ұрпаққа  пәнді 
тиімді ұғындырудың бірі - жаңа технология негіздері болып 
табылады. 
Жаңа технологиямен оқытудың негізгі мақсаты – баланың 
ашылмаған  қабілетін  ашу,  дамыта  оқыту,  белсенділігін 
арттыру,  өзіне  деген  сенімін  күшейту,  іздендіру,  пәнге 
қызығушылығын арттыру.
Қазақ  тілі  сабағында  оқушы  қызметін  белсендіру 
негізінде педагогикалық технологиялардың бірі - деңгейлік 
саралап  оқыту  технологиясын,  соның  ішінде  педагогика 
ғылымдарының  докторы,  профессор  Ж.Қараевтың  «Үш 
өлшемді  әдістемелік  жүйесі»  білім  беру  технологиясын 
қолданамын. 
Деңгейлік  тапсырмалар  орындату  балаға  шамадан 
тыс  жүктеме  беру  емес,  керісінше,  оқушының  біліміне, 
мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған 
сатылы  жұмыстар,  яғни,    оқушылардың  жеңілден  қиынға, 


23
қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын, 
ойлау, сөйлеу қабілетін дамытатын, әлеуметтік көзқарасын 
қалыптастыратын,  ізденушілікке  баулитын  жұмыстар 
жүйесі.
Деңгейлік  саралап  оқыту  технологиясының  негізгі 
мақсаты:
•  Барлық оқушыға стандарт деңгейінде білім беру;
•  Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейін-
де оқыту;
•  Балалардың  қазақ  тілі  пәніне  қызығушылығын 
туғызу;
•  Шығармашыл  іс-әрекет  жасай  алатын  жеке  тұлғаны 
қалыптастыру. 
Тиімділігі мен ерекшелігі:
•  Оқушы білімі анық бағаланады; 
•  Белсенділігі артып, қызығушылығы оянады;
•  Ой еңбегі жетіледі;
•  Белгілі бір нәтижеге жеткенін іштей сезеді; 
•  Өзіне деген сенімділігі артады;
•  Шығармашылық деңгейге дейін жетуге ұмтылады.
Әдістері:
•  Материалды деңгейлеп беру;
•  Жаттығу әдісі арқылы бірнеше деңгейде жұмыстану;
•  Бірін-бірі  тексеру  арқылы  жұмыстың  дұрыстығына 
көз жеткізу. 
Маңыздылығы:
•  Сынып оқушыларын жаппай жұмыс істеуге әкеледі; 
•  Бос отырған оқушы болмайды; 
•  Әркім  өзінің  білім  деңгейін  біліп,  оны  дамытуға 
тырысады;
•  Қиындықтарды жеңе білуге дағдыланады; 
•  Ізденіс дағдысы қалыптасады.


24
Ж.Қараевтың  деңгейлік  саралап  оқыту  технологиясы 
мынандай 4 түрге бөлінген:
І  деңгей  –  Репродуктивті  –  үйренуші  (білімнің  төменгі  
шегі.  Грамматикалық  тапсырмалар,  жазба  жұмыстарын 
орындау, мәтінді түсініп оқу, жаңа сөздерді сөздікке жазып 
алу, сұрақтарға түсініп жауап беру).
ІІ  деңгей  –  Алгоритмдік  (мақсат  пен  шешілуге  тиісті 
жағдаят  нақты,  белгілі.  Оқушы  бұрынғы  алған  білімін 
пайдалана отырып, өз бетімен жұмыс істейді. Үйренушілік 
деңгейдегі білімін толықтыру, күрделі материалды жүйелей 
алуы,  алған  білімдерін  басқа  тапсырмаларды  орындағанда 
пайдалана алуы ескеріледі).
ІІІ  деңгей  –  Эвристикалық  (мақсат  анық,  жағдаят 
түсініксіз.  Оны  оқушы  өзі  толықтырады.  Жаңа  хабар, 
білімді өз ізденісімен алады. Бұл деңгей әр түрлі логикалық 
тапсырмаларды  талдай,  жинақтай  алуды    және  салыстыра 
білуді қажет етеді).
IV  деңгей  –  Шығармашылық    (мақсат  анық  емес, 
жалпылама. Оқушы оны анықтайды, жаңа нәрсені табады. 
Өз  бетінше  жаңа  дүние  әкеледі.  Құбылысты  өз  бетімен 
талдай келіп, өзін шағын шығармашылық тұрғыдан зерттеу 
жұмысын жүргізуге баулиды).
Деңгейлік  тапсырмалардың  алғашқы  үш  деңгейі 
мемлекеттік  стандарттың  міндетті  деңгейін  құрайды. 
Төртінші деңгейде шығармашылық тапсырмаларын мұғалім 
жеке баланың қабілетіне қарай өзі құрастырады. 
Барлық  оқушы  І  деңгей  тапсырмасын  орындап 
болғаннан кейін ғана  келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл 
оқушылардың  арасында  өзара  жарысу  және  оқушының  өз 
қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғарғы деңгейге көтерілуіне 
жағдай туғызады.
Енді, оқушы білімін бағалаймыз:


25
деңгей
ұпай
баға
І деңгей
5
«3»
ІІ деңгей
( І деңгей + 4ұпай) ═ 9 ұпай
«4» 
ІІІ деңгей
(І деңгей + ІІ деңгей + 3 ұпай) ═ 12 ұпай «5»
Сабақ барысында деңгейлік тапсырманы қолданған  сабақ 
үлгілерін  айтып  өтейін.  Тапсырмалар  оқушыға  түсінікті, 
қызықты болуы керек. Әр сабақ түрлендіріп отыруды қажет 
етеді.  Мүмкіндігінше  тапсырмалар  әр  оқушының  қолында 
болғаны жақсы. 
Мысалы:  6-сыныпта І модульдің бірінші сабағы  «Біздің 
отбасымыз. Фонетика. Дауысты дыбыстардың жіктелуі.»
Сабақ  барысында  сөйлесім  әрекетінің  барлық  түрлері 
орындалады:
айтылым
Ереже, сөздік, 2-тапсырма (сұраққа жауап)
тыңдалым
 «Біздің отбасымыз» мәтіні.
оқылым 
 «Біздің отбасымыз» мәтінін мәнерлеп оқу.
жазылым
Фонетикалық талдау.
тілдесім
Өзара сөйлесу.
Осы тапсырмаларды орындай келе, оқушыларға мынадай 
деңгейлік тапсырмалар беремін:
І деңгей.
1.  Мәтіннен  қазақ  тіліне  тән  дауысты  дыбыстары  бар 
сөздерді көшіріп жаз: (ә, і, ү, ұ, ө).
2.  Мәтін  бойынша  лексикалық  тест  сұрақтарына  жауап 
бер:
•  Мәтін не туралы жазылған?
А) тамақ;          Ә) отбасы;           Б) бизнес.
•  Отбасында неше бала бар?
А) 4;                  Ә) 1;                     Б) 2.
•  Ерасылдың  әкесінің  мамандығы  –  балалар 
дәрігері.
А) иә;          Ә) жоқ, экономист;      Б) білмеймін.
•  Дәулет қайда оқиды?
А) фирмада;      Ә) мектепте;       Б) университетте.
•  Отбасы қандай?
А) тату;              Ә) араз;               Б) шамалы.


жүктеу 2,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау