Ii. Негізгі бөлім. Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясының мазмұны



жүктеу 98,68 Kb.
Дата24.01.2018
өлшемі98,68 Kb.
#7933

Жоспары:
I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім.

1. Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясының мазмұны.

2. Кескін картамен жұмыс жасаудың ережелері.

3. Кескін картамен жасалынатын жұмыс түрлері.

4. Нәтижесі.

III. Қорытынды.
Кіріспе
Менің шығармашылық жұмысымның тақырыбы: «Саралап,деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша оқушыларды кескін картамен жұмыс жасауға үйрету».

Бұл тақырыпты таңдағандағы мақсатым: «Карта және кескін карта – бұл географияның екінші тілі».Оқушыларды өз бетімен кез-келген географиялық нысандарды кескін картаға түсіруге, географиялық нысандардың орналасуын, олардың дұрыс жазылуын, кішігірім карта жасауға және бұл жұмыстарды орындағанда оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, жұмысты дәл орындауға тәрбиелеу.

Шығармашылық жұмысым 4 бөлімнен тұрады.

I.Кіріспе.

II. Негізгі бөлім.Ол 4 бөліктен тұрады.

1. Саралап,деңгейлеп оқыту технологиясының мазмұны.

2. Кескін картамен жұмыс жасаудың ережелері.

Мұнда оқушыларды кескін картамен жұмыс жасағанда қарындашты пайдаланып, мысалы өзеннің аты ағыс бағытымен, көлдің аты кескініне қарай, тау жотасы созылу бағытына қарай, қала параллельге бағыттас жазылу керектігін түсіндіру.

3.Кескін картамен жасалынатын жұмыс түрлері.

Бұл бөлімде оқушыларды кескін картамен жұмыс ғана емес, сонымен қатар қарапайым карта жасауға үйрету.

4. Нәтижесі.

Мұнда кескін картамен жасалған жұмыс түрлері арқылы оқушылардың жетістіктерінің нәтижелері.

III. Қорытынды.

Бұл бөлімде оқушылардың кескін картамен жасаған жұмыс нәтижелерінің өзгерген деңгейін сипаттау.


II. Негізгі бөлім.
1. Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясының мазмұны.

Оқыту технологиясын пайдалану – оқушы ынтасын басатын, объективті емес, жіберген қателіктері үшін жазалауға бағытталған бағалау тәсілін өзгертуді талап етеді.Таным процесі үстінде кез келген тұлғаның белсендік көрсетуге, әлде бір себептермен қате жіберіп алған жағдайда оны өзі түзетуге құқығы бар болуы тиісті.

Саралап, деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясында алынған нәтиже сәйкесті меңгеру деңгейлері түрінде анықталады. Бұл жағдай :

а) оқушының оқу материалын жеңілден күрделіге қарай жүйелі меңгеруі;

ә) алынған нәтижені өлшеуге болатындығы;

б) оқу процесінің жарыс түрінде ұйымдастырылуы;

в) бағалаудың жетелеушілік қасиеті;

г) дамыта оқытудың әдіс – тәсілдерін қолдануға ыңғайлы жағдайлар жасалуы, т.б. себептерге байланысты оқушының оқу материалын қажетті минимум деңгейінде меңгеруіне жағдай жасайды. Меңгерудің әр кезекті деңгейіне өтіп отырған сайын ынта, мотив, белсенділік, білік пен дағды да өсіп отырады. Ендеше оқыту технологиясын оқу процесіне енгізу – білім сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз етуге оны көтеруге, тіпті басқаруды қамтамасыз етеді.

Деңгейлік саралау негізіндегі педагогикалық технология мазмұнының ерекшілігі:

- жеке құрылымдарға бағдар беру;

- білім мазмұнының сипаты мен көлемі, оқу жоспарының, материалының, баяндау түрлерінің дидактикалық құрылымы.

Оқушылар бір сыныпта, бір бағдарлама және бір оқулық бойынша оқи отырып, материалды әртүрлі деңгейде игере алуы деңгейлік саралау деп аталады. Сондықтан міндетті дайындық деңгейі анықтаушы шарт болып табылады. Міндетті дайындық деңгейіне жету оқушының мазмұнды игеруге қойылатын ең аз қажетті талаптарды орындағанын сипаттайды. Осының негізінде материалды игерудің жоғарырақ деңгейлері қалыптасады.

Бұл деңгейлердің тапсырмаларына төмендегідей талаптар қойылады:

I – деңгейдегі тапсырмаларға:

1) жаттап алуға лайықталған болуы керек;

2) алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс;

3) тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек;

II – деңгейдегі тапсырмаларға :

1) өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет.

2) оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар : логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар.

III – деңгейдегі тапсырмаларға :

1) танымдық – іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп , тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс;

2) әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер;

3) өздігімен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергіліктіжағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекті құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар. Ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.

IV – шығармашылық деңгей тапсырмалары:

1) оқушылардың жинаған өмірлік тәжірбиесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін бомаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген.

2) олимпиадалық есептер;

3) берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, докладтар дайындау.

Демек, бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады.
2. Кескін картамен жұмыс жасаудың ережелері.

Оқушылар кескін картамен сыныпта жаңа тақырыпты өткенде, бекіту мен сарамандық жұмыстар арқылы білім тексергенде және үй тапсырмасын орындағанда жұмыс жасайды. Көп кезеңдерде бұл жұмысты оқушылар атласпен салыстыра отырып, кескін картада қажетті нысандардың орнын тауып, оларды белгілеп жазады.

Кескін карта жер бедері, жер беті сулары, елді мекендер және пайдалы қазба кен орындарына байланысты географиялық атауларды есте сақтауға үлкен көмегін тигізеді.

Кейбір нысандар кескін картада белгіленген (мысалы, мемлекеттердің шекаралары, ірі қалалар, өзен – көлдер) тек қажетті шартты белгілерді дұрыс тауып, оны қарындашпен белгілеп, жазу қажет. Мысалы, өзен – көлдерді оқығанда оқушылар кескін картада аталған өзен – көлдерді тауып, олардың аттарын жазады.

Егер аталған нысандар кескін картада белгіленбесе, оқушылар бірінші берілген мәліметтер негізінде олардың орналасқан жерін анықтап, содан кейін ғана шартты белгілермен түсіріп жазу қажет.

Мен осы нысандардың аттарын кескін картаға түсіруде бірнеше қағидаларды есте сақтау қажеттігін оқушыларға алдын – ала ескертемін. Мәселен, өзеннің аты ағыс бағытымен, көлдің аты кескініне қарай, тау жотасы созылу бағытына қарай, қала параллельге бағыттас жазылу керек.

Жоғары сыныптарда кескін карта күрделі картографиялық жұмыстар жасауға, яғни, картограмма құрастыру, карта диаграммамен экономикалық картосхема жасауға пайдаланылады. Мысалы, шаруашылық салаларының орналасуын өткенде оқушылар кескін картадан шартты белгілерді пайдаланып, шикізаттардың орналасқан аудандарын, ескі және жаңа өнеркәсіп аудандарын, т.б. көрсетеді.

Осы жұмыс жасаған жылдарым ішінде тәжірибем көрсеткендей, кескін картамен жұмыс географиялық нысандардың аттары және олардың картадағы орналасуы оқушылардың географиялық нысандардың дұрыс жазылумен аталуын меңгеруіне әсерін тигізеді.

Мұғалім кескін картамен барлық оқушыларды жұмыс жасауға үйіруге мүмкіндігі бар. Ең ақыры, кескін картамен жұмыс, оның күрделі түрлері, оқушыларды қарапайым карта жасауға үйретеді. Қазіргі уақытта кескін картамен мектепте барлық сыныптар жұмыс жасайды: жылдан – жылға география пәнін оқығанда ол бірте – бірте күрделене түседі. Сонымен бірге оқушылар өз бетімен жұмысты кескін карта арқылы орындай алады.

Әр уақытта, кескін картамен жаңа жұмысты бастағанда, мен оқушыларға қандай шартты белгілерді қолдануды, қалай түсіріп, қалай жазу керектігін түсіндіріп, содан кейін ғана сыныпта картамен бірнеше жұмыстар жүргізіп, жұмыс түрінің негізін меңгергеннен кейін ғана, үйге кескін картамен жұмыс беремін. Сыныпта күнделікті тек қана үлгі жұмыс (нысандарды белгілеу, негізгі жазулар т.б.) орындап, ал картаны өңдеуді үйден жасайды. Сабақ сұрағанда мен, кескін картаны да сұрап, толтырылуын және жеке – жеке нысандарды тексеріп, бағалаймын.

Оқушылардың кескін картаны толтыруда және мұғалімнің тексеруіндегі тәжірибе көрсеткендей, талаптарға тоқталайын.

Кескін картамен жұмыс жасағанда қарындашты пайдаланған жөн. Картадағы кескіндер қарындашпен түсіріледі: шекаралар – қызыл түспен, теңіздер мен өзендер – көк түспен, қалалардың пунсондары боялмайды. Тау жоталары қоңыр түспен немесе сызық түрінде қара қарындашпен, ал қырат пен таулы үстірт – тұйық түрінде түсіріледі. Шартты белгілермен кескін картаны бояған бояу түстері барлығы қолданылатын түстер болғаны жақсы: бұл оқушының картаны оқып, үйренуі үшін маңызды. Ал легендасы картаның шетіне жазылады.

Жазулар карта бетінде барынша уақ, бірақ түсінікті, баспа әріптермен түсіріледі. Оларды дәл оқу картасындағыдай етіп жазылады.

Әдетте мен кескін картаны тексергенде қатені түзетпеймін, тек қате жіберілген жерге сұрақ белгісін қоямын. Кейде мен картаны бүлдірмеу үшін қарындашпен қойып, ал шетіне бір жалпы ескерту немесе әрбір санға түсініктеме жазамын.

Оқушылар өздерінің қателерін түзетіп, ескертулер мен сұрақтарды кетіргішпен кетіреді. Егер картада қате көп болса, картаны жаңадан салуды ұсынамын. Мұғалім әрдайым кескін картамен жұмыс жасағанда қойылған талаптардың орындалуын тексеріп отыруы қажет, бұл оқушыларды тазалыққа, жұмысты дәл орындауына тәрбиелеудегі маңызы өте зор.
3. Кескін картамен жасалынатын жұмыстың түрлері.

11 – сыныптың «География.Дүние жүзіне аймақтық шолуында» «Еуропа елдеріне жалпы шолу» тарауын қорытындылағанда мен сыныптың ерекшелігіне қарай кескін картамен жұмысты III – деңгейге бөліп бердім.

Тапсырмаларды деңгейге бөліп бергендегі мақсатым – сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрде әр түрлі жіктерге бөлуді болдырмау;

- бірінші деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерген оқушылар екінші деңгейдің тапсырмаларын;

- екінші деңгейдің тапсырмаларын орындаған оқушылар үшінші деңгейлердің тапсырмаларын орындайды;

Үшінші деңгей шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларды, әрине дарынды да, еңбекқор оқушы орындай алады.

Қандай оқушы болмасын, мысалы өзінің жақсы оқитындығына қарамастан жұмысын «оқушылық», «міндетті», бірінші деңгейдің, ол үшін жеңіл болса да тапсырмаларын орындаудан бастайды.

Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап, әр қайсысы, білім игерудегі өз қабілетіне қарай, өз биігіне жетеді.

Бір деңгейдің тапсырмаларын толық және дұрыс орындап, өткізбегенінше, келесі деңгейге көшпейді. «Міндетті» деңгейді толық меңгергеннен кейін оқушы әрі қарай ілгері ұмтылады, өзіне - өзінің сенімі артады.

Олардың әрқайсысы бірінші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы.

Осылайша, бір деңгейден бір деңгейге,өз білімін біртіндеп толықтыра отырып, өз қабілетін де жетілдіреді. Бұл жағдайда жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының күнделікті мақсатына айналады.

Мысалы, 11 – сыныптағы «Еуропа елдеріне жалпы шолу» тарауын қорытындылау тапсырмаларына тоқталайын:

I – деңгейдің тапсырмалары:

1. Еуропа елдерінің саяси картасын пайдалана отырып, Еуропадағы басқару формасы ірі монархиялық құрылымды елдерді және федерациялық құрылымды елдерді кескін картаға түсіру.

2. Оқулық мәтінімен анықтамалық мәліметтерді пайдалана отырып, Еуропадағы елдерге барлау жасау.
Ірі елдерді дәптерлеріне теріп жазу.

II – деңгейдің тапсырмалары:

1.Оқулық мәтіні мен тақырыптық карталарды пайдалана отырып, «Еуропаның минералды ресурстары» кестесін құрастырыңдар.

Минералды ресурстардың түрлері

Аймақтары

Тас көмір

Қоңыр көмір

Мұнай, мыс, табиғи газ

Темір кені

Түсті металдар

Калий, тас тұзы

Күкірт


2. Оқулық мәтіні негізінде және экономикалық картаның мәліметтерін пайдалана отырып, Еуропадағы ірі өнеркәсіп орталықтарын тауып, кескін картаға дөңгелек диаграмма түрінде көрсету:

а) Лондон, Мидлен, Глазго (Ұлыбритания);

ә) Париж, Лион (Франция);

б) Милан, Турин, Рим (Италия);

в) Франкфурт, Мюнхен, Гамбург, Дортмунд (ГФР);

III – деңгейдің тапсырмалары:

1. Орта және Оңтүстік Еуропаға кіретін бір – бір мемлекетке салыстырмалы сипаттама бер.

Жеке елдерге сипаттама Нидерланд Испания

1. Географиялық орны

2. ЭГЖ-ң ерекшілігі

3. Аумағы және әкімшілік бөлінуі

4. Геосаяси жағдайы

5. Табиғат ресурстары

6. Туристік нысандары

7. Халқы. Халқының құрамы, қоныстануы.Урбандалуы.Еңбек ресурстары.

8. Шаруашылығы

9. Сыртқы экономикалық байланыстары. Қазақстан өзара қарым - қатынасы
Осындай тапсырмаларды беру арқылы сыныптағы бірінші деңгей оқушылары тек атлас, оқулықты пайдаланып, қажетті нысандарды кескін картаға түсіре алады. Бірінші деңгей оқушыларының жіберетін қателері – кескін картамен жұмыстың орындалу талабын ескермейді.

Екінші деңгей оқушыларының тапсырмалары бірінші деңгейдің тапсырмаларына қарағанда күрделірек болады. Сыныптың екінші деңгей оқушылары өткен материалдары кескін картамен жұмыс жасау арқылы өз білімдерін бекітеді.

Сыныптың үшінші деңгей оқушылары кескін картамен жұмыстың барлық ережелерін сақтап, өз бетімен жеңіл карта құрастыра алады. Оқушылар сыныпта меңгерген тақырыбымен шектелмей, қосымша материалдарды пайдалана отырып, жұмыс жасайды.
4. Нәтижесі.

Осы тапсырмаларды тексеріп, қорытындылай келе, мен 11 – сынып оқушыларының осы тарау бойынша даму мониторингісін жасадым.(1 – қосымша).


III. Қорытынды.
Қорыта алғанда өзім жұмыс жасаған жылдары, яғни 4 – жыл ішінде оқушылардың кескін картамен жұмыс жасау деңгейі былай өзгерді (2 – қосымша).

Жұмыс жасаған жылдарым ішіндегі тәжірибемнен байқап, мен мынадай қорытындыға келдім. Оқушылар кескін картамен жұмыс жасау арқылы мынадай нәтижелерге жетеді:

1. Оқушылар өз бетімен кез келген географиялық нысандарды кескін картаға түсіре алады. Кескін карта түсіру арқылы әрбір географиялық нысандардың орналасуын, олардың аттарының дұрыс жазылуын есте сақтап қалады.

2.Географиялық координаталарды табу арқылы математикалық білім мен іскерлікті бекіту.

3. Теориялық білімді практикалық жұмыста бекіту.

4. Оқушылар өз беттерімен қарапайым, күрделі карталарды жасай алады.

5. Оқу процесі жарыс түрінде ұйымдастырылады.
Пайдаланған әдебиеттер :
1. «Методика преподавания географии ». А.В.Даринский М.,1996

2. «География және табиғат » журналы №1, 2004 жыл

3. «Оқытудың педагогикалық жүйесін технологиялық негізде жетілдіру »

Қобдиқова Ж.У. А.,2005 жыл

4. «География және табиғат » журналы №6, 2002 жыл

5. «Химия. Биология. География » журналы №5, 2003 жыл

6. «География мектепте » журналы №2, 2005 жыл

7. «География в школе » журналы №7, 2000 жыл



8. «Молодому учителю » М.,1965
Бұл шығармашылық жұмыста оқушыларға география пәнінде керекті кескін карталармен жұмыс жөнінде, жұмыс ережелері, оны пайдалану, жүргізу және басты ерекшелігі қазіргі заманғы жаңа технология әдістерін пайдалана отырып, деңгейлік тапсырмалар беру арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру, салыстыра оқыту арқылы оқушылар білімін дамытуға баулиды.Сонымен бірге мұғалім 4 жылғы жұмысының мониторингісін көрсеткен.

Баяндама қалалық педагогикалық оқуға ұсынылады.
жүктеу 98,68 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау