Мәдениет және өнер институтының директоры



жүктеу 1,09 Mb.
бет1/7
Дата15.05.2018
өлшемі1,09 Mb.
#13952
  1   2   3   4   5   6   7

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

«Бекітемін»

Мәдениет және өнер

институтының директоры

________________ Нагимова М.М.

«_____» _______________ 2010 ж.


Мәдениет және өнер институты

Театрлік – хореографиялық өнер және кітапханатану кафедрасы

050406 – Режиссура

мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын

студенттерге арналған
Актер шеберлігі -2

(пәннің атауы)

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Курс- 2


Семестр- 3, 4

Кредит саны- 6 (4+2)

Дәріс- 15 сағат

Практикалық сабақ (лаб.- сем. және т.б.)- 75 (45 +30) сағат

Оқытушының жетекшілігі мен студенттің өзіндік жұмысы

(ОЖСӨЖ )- 90 (45+45) сағат

СӨЖ- 90 (45+45) сағат

Емтихан – 3,4 семестрде

Барлығы – 270 сағат
Орал 2010 ж.

Пәннің оқу-әдістемелік кешені ҚР БжҒМ-ның 22.06.2006 ж. бекітілген, Типтік оқу бағдарлама ҚР МЖМБС 5.03.001 – 2004 ж., 3.08.288 – 2006 ж.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы міндетті «Жоғары кәсіби білім берудің негізгі тәртібі туралы» білім беру стандартына сәйкес, 050406 «Режиссура» мамандығы бойынша әзірленген, Астана, 2006 ж, негізінде құрастырылған.




Құрастырған: оқытушы Сундеткалиева А.А.
Театрлік – хореографиялық өнер және кітапханатану кафедрасының отырысында қарастырылды.

“______ ” _________________2010 ж. №_____хаттама.


Кафедра меңгерушісі: ___________ өнертану кандидаты Айткалиева А.А

‹қолы› ‹аты-жөні›


Мәдениет және өнер институтының “_____” ____________ 2010 ж. оқу - әдістемелік кеңесінің отырысында қарастырылды. № _____ хаттама
Мәдениет және өнер институттың оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы _______ Утегенов И.У

‹қолы› ‹аты-жөні›



2. КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS).

4 ғимарат, кабинет 208,«Театрлік – хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасында орналасқан.


1.1 Оқытушы (оқытушылар) туралы мәлімет

Оқытушының аты:Сундеткалиева А.А.- оқытушы

Офис:«Театрлік – хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы

Жұмыс мекен-жайы: БҚМУ, Студенческая, 2, №4 ғимараты

Жұмыс телефоны:51-27-39 (106)

Е-mail:

«Актер шеберлігі - 2» пәні туралы мәлімет.

Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.

Бір аптада 3 кредит сағат қарастырылған. Әр кредит сағат 1 байланыс сағаттан (дәріс немесе практика) және 2 сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ),студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.

Кредиттің 1-15 аптаға бөліну кестесі (3 семестр):


Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты 1

( дәріс)

50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.

Байланыс сағаты 2

(практика 1)

50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.

Байланыс сағаты 3

(практика 2)

50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.

Байланыс сағаты 4

(практика 2)

50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.


Кредиттің 1-15 аптаға бөліну кестесі (4 семестр):



Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты 1

( семинар/практ.)

50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.

Байланыс сағаты 2

( семинар/практ.)

50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.

Кредит саны – 6



Өту орны: 4 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша


Курс

Семестр

Кредит саны

Дәрістер

Практикалық

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау

түрі


2

3

4

15

45

45

45

150

Шығармашылық емтихан

2

4

2

-

30

45

45

120

Шығармашылық емтихан


Кіріспе.
«Актер шеберлігі - 2» драма театрының режиссерларын дайындау жүйесінде негізгі пәндердің бірі болып табылады. Режиссердің кәсибилігі қойылымының қызықты көркемдік шешімін жасай алумен ғана шектелмейді, сонымен бірге актерлермен сауатты жұмыс жасай алулары керек. Бұл үшін режиссердің өзі актерлік өнердің негіздерін менгеруі қажет, рольмен жұмыс жасауды өзінен өткізіп көруі керек. Режиссерлер мен актерлерді біріктіріп оқыту тәжірибесі оларды тәрбиелеуді жүзеге асыруға, теория мен тәжірибені, жеке шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға болашақ режиссерлер мен актерлерді кәсіби даярлауға мүмкіндіктер туғызады.

Пәннің мақсаты- студентті актердің шығармашылық лабороториясына енгізу арқылы болашақ өзбетіншілік қызметке дайындау.

Пәннің негізгі міндеті – "Актер шеберлігі" актерлік техника элементтерін меңгеру,"артистің психикалық және физикалық табиғатын кемелдендіріп,дамытуға" бағытталады.

"Актер шеберлігі" курсын өтудің нәтижесінде студенттер келесі білімдер мен машықтарды,дағдыларды игеруі қажет:

- актерлік өнердің негізгі мәселелерін;

- образ жасаудағы актердің күрделі де, көп қырлы жұмыстарының негізгі дағдыларын;

- пьесаның түпкі мақсаты мен өзекті әрекетін түсініп, анықтап, тәжірибе жүзінде жүзеге асыруды;

- роль үстіндегі актердің шығармашылық тұрғыда өзін табуға көмектесуді;

- актерлердің тұтас шығармашылық ансамбль түзуге;

"Актер шеберлігі" тәжірибелік пәндерге жатады. Сабақтары топтық.

Жоғары оқу орындарында актер мен режиссер тәрбиелеу тәсілі К.С.Станиславский жүйесіне негізделеді. Станиславский мектебі актерді кейіпкер жандылыққа тәрбиелейді, ол "адам рухының өмірі" болып табылатын шындықты талап етеді, бұл негізгі шығармашылық заңдылықтарға негізделген.

"Актер шеберлігі" курсы бағдарламасында актер шеберлігін біртіндеп менгерудің барлық кезендері – ішкі техника элементтерінен бастап, актердің көркем образ жасаудағы түрленуіне дейін қамтылған.

Сахнада адамдық қатынастарды, ойларды, сезімдерді, мінездердің сыртқы және ішкі суреттерін әр қырынан, барлық байлығымен көркем беру үшін, студенттер сөзбен қозғалыс өнерін меңгеруі қажет. Бұл мақсаттарға базалық және кәсіби кезендердің пәндері – сахна тілі, сахна қозғалысының негіздері, би, сахналық күрес жеткізеді.

Оқу процессі барысында студенттер игерген барлық кәсіби дағдылар СОӨЖ мен СӨЖ сабақтарында нығая түседі.

Театр өнері барлық уақытта ұжымдық өнер болып келеді, солай болып қала береді. Шығармашылық процесте ұжымдық принциптердің өмір сүруі шығармашылық тәсіл мен көркемдік принциптердің ортақтығына, әлемтанушылық позицияда, принципті және жағымды сын, өзіне деген жоғары талап қоюға баулиды және бұл айналандарға да шығармашылық заңдылық болып табылады.

Пререквизиттер: шығармашылық, актер қабілеті бар, театр өнерінен, жалпы мәдениет саласынан түсінігі бар, драма үйірмелеріне қатысқан, өнер пәнін меңгергенболуы тиіс.

Постреквизиттер: актер шеберлігі заңдылықтарын, терең теориялық және практикалық дағдыны болашақ театр мектебінде, сондай – ақ өнер мекемелерінде қолдану.


жүктеу 1,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау