ЖОК. 371. 3: 91.
Р.А. Абилдаева, ХҚТУ
КƏСІБИ ІС–ТƏЖІРИБЕ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУДЕГІ
ДАЙЫНДЫҚТЫҢ БІР ФОРМАСЫ
В данной статье рассматриваются роль и организации педагогической практики при
подготовке педагогических кадров.
In this article to rate the role and organization pedagogics practice in the training educational
professional community.
Қазіргі таңда кəсіби іс-тəжірибе мамандарды дайындауда маңызды орын алады. Педагогика
ғылымында кəсіби бағдар беру жолдары, əдістері жан-жақты қарастырылған. Қазіргі мектеп
бағдарламасы мұғалімнен жоғары деңгейдегі педагогикалық шығармашылық еңбекті талап етеді.
Бағдарламадағы материалдар терең ғылыми жəне өте күрделі. Сабақты қажетті əдістерді
пайдаланып оқушыны қызықтыру, өздігінен оқуға талпындыру тек мұғалімнің жұмыс істеу
жолдарымен ғана жүзеге асады.
Кəсіби іс–тəжірибенің негізгі мақсаты – педагогиканың негізгі қызметтерімен танысып,
еңбек қабілетін жоғарғы деңгейде қалыптастыру.
Студент практика барысында бірнеше негізгі қызметтерді үйренеді:
Ойлау қызметі: студенттер жеке жұмыс жоспарының кестесін құрады, білім беру, тəрбиелеу,
дамыту мақсаттарын көздейді, оны жүзеге асыру үшін əдістемелік құралдарды дайындайды,
қажетті оқу материалын, компоненттердің арасындағы өзара байланыстарды ажырату мақсатында
əдістер мен көрнекі құралдарды дайындау, сыныпқа педагогика - психологиялық анализ жасау,
оқушылардың даму деңгейін ұйымдастыру,
Сабақтың типін, құрылымын ажырату, тақырыптық жəне сабақ жоспарын құру, үйірме,
қосымша сабақ, сыныптан тыс жұмыстардың түрлерін ұйымдастыру.
Дамыту қызметі: оқушының білім деңгейінің дамуы мен белсенділігін арттыру, есте сақтау,
тыңдау, оқу материалын түсіну, жаңа бағыттағы мəселелерді шешу.
Ұйымдастыру қызметі: сабақтың жоспарын жүзеге асыру, сабақтың негізгі бөлімі мен
ұйымдастыру кезеңіндегі уақытты үнемді пайдалану, сабақтың əдісі мен оқушылардың
арасындағы байланыс оқушының жұмыс мақсатын түсіндіре білу.
Белсенділік қызметі: оқушылар арасындағы қарым – қатынасты дамыту, мектеп ұжымы ата
– аналармен байланыс жасау, оқушылармен байланыс жасау барысында: қаталдық, дауыс ырғағын
өзгерту, педагогикалық тəсілді пайдалану, оқушылар арасындағы өзара түсінбеушілікті шешу,
ескерту, түсініспеушілікті шешу технологиясын білу.
Тəрбиелеу қызметі: оқушының дүниетанымдық ғылыми көзқарасын қалыптастыру, еңбекке
баулу, эстетикалық, экологиялық, политехникалық білім беру.
Педагогикалық білімді жетілдіру жоғары деңгейде болу үшін міндетті түрде оқушылармен
жұмыс жасау қажет. Оқу процесінде алынған теориялық жəне практикалық білімді кəсіби іс–
тəжірибеде ғана жүзеге асырады. Практикант іс–тəжірибе барысында оқу процесін бақылайды,
талдайды, педагогикалық көзқарас қалыптастырады, қажетті əдістерді, көрнекі – құралдарды
пайдаланады.
Болашақ мамандарды дамытудың тағы бір жолы ғылыми ізденіс жұмыстары. Бұл бағытта
əрбір пəннен оқыту əдістемесі , педагогикалық ғылымдар көмек береді. Кəсіби іс–тəжірибеде
студенттер мектептен қажетті материалдар жинайды, тəжірибе жинап, түрлі əдістерді үйренеді.
Мұғалім оқушыға пəн бойынша терең білім бере білуі қажет, мəселен, география ғылымын
алсақ, ол еліміздің табиғат жағдайлары мен пайдалы қазбаларын оқыта отырып, білімді меңгерту
барысында география ғылымына үлкен үлес қосады. Оқушылардың Отанға, елге деген
сүйіспеншілігін, қазіргі мен болашаққа деген жауапкершілік сезімін дамытып, нығайту ең
маңызды тəрбиелік міндеттер қатарынан саналады.
Тəрбиелік бұл міндеттерді əр сабақ сайын орындап отыру қажет. Елдің болашағын, оның
табиғаты мен жаратылыс байлықтарының бүкіл алуан түрлері мен ұлылығын, бүгінгі экономиканың
алып қуаты мен келешекте шаруашылық пен мəдениетті дамытудағы өлшеусіз мол мүмкіндіктерді
ашып беретін Қазақстанның физикалық жəне экономикалық географиясына жауапты міндет
жүктеледі. Бұған біздің көп ұлтты халыққа деген сүйіспеншілік пен қызмет сезімін, оның
ұлы істерінде
бірге болу, ортақ игілік үшін бұларға белсене қатысуға ұмтылу сезімдеріне тəрбиелеу де енеді.
Патриоттық сезімге тəрбиелеу табиғатқа ұқыпты қарауды дамытумен ажырамастай
байланыстырады. Еліміз ойдағыдай шапшаң өркендеу үшін бəрін де білу керек: əсіресе еліміздің
барлық байлықтарын білу, шаруашылықта пайдаланылған ресурстарды қалпына келтіруді жəне
экономикалық ғылыми негізде шапшаң өркендеуін көздей отырып, адамдардың нені тиімді
пайдалана алатынын жəне қалай пайдалана алатынын білу қажет. Өйткені табиғатта бай жəне
алуан түрлі ресурстар болғанымен, мəселен, қара жəне түсті металл рудалары, көмір, мұнай, тұз
жəне басқалар сияқты сарқылатын жəне қалпына келмейтін ресурстар бар. Егер оларды ұтымды
пайдаланбаса, онда болашақтың шаруашылығына орны толмастай зиян келуі мүмкін. Сондықтан
оларға аса ұқыпты жанашырлықпен, есепті түрде қарауды үйрету керек.
Біздің елімізде ресурстарды қорғау, қалпына келтіріп отыру жəне толықтыру мақсатымен
табиғатты қорғау, жер–суды пайдаланудың негіздері мен жүйесі туралы бірқатар заңдар
қабылданды. Заңдарда ресурстарды тиімді пайдалану ғана емес, сонымен қатар адам игілігі үшін
табиғатты жақсарту шаралары да көзделген. Барлық ұрпақ адамдарының міндеті - табиғатты
сақтап, ақылға қонымды өзгертіп отыруға ұдайы қамқорлық жасау болып табылады. Табиғатты
зерттеп үйрену оған ұқыпты қарау, жақсартуға қамқорлық жасау сезіміне баулуға тиіс.
Осы бағытта жұмыс жасаған əрбір практикант оқушыларды тəрбиелей отырып, өзін болашақ
маман ретінде іс жүзінде тəрбиелейді.
Сондықтан да жақсы маман тəрбиелеу үшін кəсіби іс- тəжірибенің маңызы өте зор.
География ғылымы белгілі бір ғылым саласына, одан əрі мамандық таңдауға ықыласын, ынтасын
дамыту туралы білім береді. Физикалық географияны оқыту процесінде мұғалім тиісті
тақырыптарды қарастырған кезде топографтың, картографтың, геологтың, метеорологтың,
гидрологтың, топырақ зерттеуші мен орманшының, жоспар сызушы – архитектордың, т.б. ғылыми
жəне практикалық қызметін əсерлі суреттеп бере алады. Осы арқылы оқушының жүрегінде
географиямен байланысты мамандық пен кəсіпке деген қызығу ұшқынын тұтатады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР
1. Керімбаева М.С. Мектептегі инновациялық процестер: мəселелері, болашағы, ізденістер.
Алматы. 1995.
2. Нұрақметов Н.Н. Қазақстан мектептерінің дамуындағы жаңа бағыттар. Қазақстан
мектебі – Алматы 1996 – 2, 1996 – 37.
3. География жəне табиғат. Алматы, 2001 ж.
4. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы – Егеменді Қазақстан 1999 , 1 – маусым.
Мақаланы ұсынған пед. ғыл. д-ры, проф. Еркебаева Г.Г.
18.07.2008 ж.