Мазмұны ағзаның құрылысы



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет14/21
Дата20.05.2018
өлшемі0,52 Mb.
#15290
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21

55

Мен тамақ жегенде...

Кейбір адамдар дәрумендерді тек жеміс'жидек пен 

көкөністе ғана бар деп ойлайды, бұл дұрыс емес. Шын 

мәнінде дәрумендер көптеген өнімдерде болады. 

Сонымен қатар, құрамында дәрумендердің барлық 

қажетті жиынтығы бар таблеткалар да жасалған.



Мына азық=түліктердің бәрінде де 

дәрумендер бар

жұмыс істеуіне қажет, ол иммунитетті күшейтеді. Бұл дәрумен 

көздің тор қабығының құрамына кіреді, егер ол жетіспесе, 

адамның көзі ымырт мезгілінде  нашар көреді (бұл ауру «ақшам 

соқыр» деп аталады). А дәрумені бауырда, сүт өнімдерінде және 

кейбір көкөністерде, мысалы сәбізде болады.

Сүйектің өсуіне ықпал ететін D дәрумені біздің ағзамызда 

күн сәулесінің әсерімен түзіледі. Бірақ ол жануарлардан алы'

натын өнімдерде де бар – жұмыртқада, қаймақта, сары майда. 

Балалар бұл дәрумен жетіспеген жағдайда мешел деген сүйек 

ауруына шалдығады. Мешел болғанда сүйектер жұмсарып 

кетеді де, қисаяды.




56

Адам

Адамның жүйке 

жүйесі

Басқару орталығы

Адам ағзасының ең басты жүйесі – жүйке. Бұл барлық 

мүшелердің жұмысын үйлестіретін, біздің денемізді 

басқару орталығы. Жүйке жүйесінсіз тыныс алу, 

асқорыту, қозғалу, сыртқы дүниемен қарым;қатынас 

жасау, білім алу және барлық саналы әрекеттерімізді 

орындау мүмкін болмас еді. Жүйке жүйесі жүйке жасу;

шаларынан – нейрондардан тұрады.

Нейрондар

Біздің ағзамызда 100 млрд. астам 



нейрон бар. Жүйке жасушалары 

дененің басқа жасушаларына мүлде 

ұқсамайды. Әрбір нейронның денесінен 

көптеген қысқа, барынша тармақталған 

өсінділер (дендриттер) және бір ұзын 

өсінді – аксон тарайды. Нейронның 

денесі дендриттер арқылы басқа жүйке 

жасушаларынан хабар алады, ал ак'

сон арқылы өзге жасушаларға және 

әртүрлі мүшелерге хабар жібереді. Бұл 

хабарлардың табиғаты – электрлік, 

ал тұтас жүйке жүйесін құрылымы өте 

күрделі электр желісімен салыстыруға 

болады. Бұл желіде қысқа тұйықталуға 

жол бермеу үшін, аксондар миелин 

қабықшасымен қапталған. Қабықша 



глиалдық жасушалардан немесе гли'

ялардан тұрады, бұлардың мембрана'

ларында миелин қабықшасына ақ түс 

беретін көптеген май тәрізді заттар (ли'




57

Басқару орталығы

Адам ағзасындағы ең ұзын әрі жуан жүйке – 

құйымшақ жүйкесі. Ол жұлыннан шығып, аяқтың 

табандарына дейін жетеді. Бұл жүйкенің жуандығы 

2 см жетеді.

Нейрон

пидтер) бар.  Осы жасушалар нейрондарды қоректендіреді әрі 

қорғайды. 

Аксондар мен дендриттердің түйіскен ұштарындағы жүйке 

импульстері берілетін «жалаңаш» тұстары синапс деп атала'

ды. Көптеген жүйке жасушаларының өсінділері көбінесе бірігіп, 

біршама жуан әрі ұзын жүйкелерді құрайды.

Нейрондар сезімтал, қозғалыс және қыстырма деген 

түрлерге бөлінеді. Сезімтал нейрондар арқылы жүйке 

импульсі рецептордан (сезімтал жүйке ұштары) жұлынға не'

месе миға беріледі. Бұл нейрондардың 

денелері түйіндер (ганглийлер) түзеді. 



Қозғалыс нейрондары импульстерді 

жұлыннан немесе мидан мүшелерге 

береді. Қыстырма нейрондар сезімтал 

және қозғалыс нейрондарының өзара 

әрекеттесуін қамтамасыз етеді.

Нейрондардың үлкен түйіндері ми 

мен жұлынды түзеді, бұлар бірлесе келе 

орталық жүйке жүйесін (қысқаша 

ОЖЖ) құрайды. Ми мен жұлынды 

өзге мүшелермен жалғастыратын 

жүйкелер желісі, сондай'ақ ондағы ней'

рон түйіндері (ганглий) шеткері жүйке 

жүйесін құрайды.



 

Аксон

 

Дендрит

Нейронның 

денесі


58

Адам

Ему – туа біткен 

рефлекс

Рефлекс доғасы

Рефлекстер, жұлын

Жүйке жүйесінің бүкіл жұмысы рефлекстерге негізделген. 



Рефлекс – ағзаның кез келген тітіркендіргішке (әсерге) жауап 

реакциясы, ол жүйке жүйесі арқылы орындалып, реттеліп оты'

рады. Рефлексте жүйке импульсі өтуі тиіс жол болады, ол жүйке 

доғасы деп аталады. Жүйке доғасы бірнеше бөліктен тұрады: 

тітіркендіруді қабылдайтын жүйке ұшы 

(рецептор); рецептордан ОЖЖ'ге ха'

бар жүретін жүйкелерден тұратын 

сезімтал жол; осы хабарды қабылдайтын 

жұлындағы немесе мидағы ОЖЖ бөлігі; 

ОЖЖ'дан мүшеге қарай қозғалыс жолы; 

жауап әрекетті жасайтын мүше. 

Рефлекстердің бір бөлігі бізге туғаннан 

берілген, олар туа біткен рефлекс 

деп аталады. Жүректің жұмысын, қан 

қысымын, өңеш пен ішектің қозғалысын, 

сондай'ақ ағзаның көптеген қорғаныс 

реакцияларын реттейді. Мысалы, біз ыстыққа тиер'тиместен 

қолымызды тартып ала қоямыз, көзімізге қоқым түссе жұма 

қаламыз, тамаққа шашалғанда жөтелеміз, жарыққа шыққанда 

қарашығымыз дереу кішірейеді. 

Рецептор

Жұлын

Ми



59

Басқару орталығы

Егер жұлынға зақым келсе, ми мен дене 

мүшелерінің байланысы бұзылады да, соның 

салдарынан дененің қимылын бақылау қабілеті 

жоғалады (адам жартылай немесе толық сал бо'

лып қалады). 



Жұлынның 

құрылысы

Біз өз өмірімізде көптеген жаңа реф'

лекстерге де ие боламыз, олар жүре 

пайда болған рефлекс деп аталады. Мы'

салы, автокөлік жүргізушісі не істейтінін 

ойлап жатпай'ақ, бірқатар механикалық 

қимылдарды жасайды. Тіпті сол 

жүргізуші машинаны өзі жүргізбей, жо'

лаушы ретінде отырған кезде де, жолда 

қауіпті жағдай туа қалса, ойланбастан аяғымен тежегішті басқан 

тәрізді қимыл жасайды.

Рефлекстердің пайда болуында жұлын  зор рөл атқарады. 

Ол кейбір қарапайым қорғаныстың рефлекстік реакцияларын 

өзі, мидың көмегінсіз'ақ жүзеге асыра алады. Сонымен қатар 

ол теріде немесе өзге мүшелерде орналасқан рецепторлардан 

миға жүйке импульстерін өткізеді, сондай'ақ мидан мүшелерге 

қарай жүйке импульстерін өткізеді. Жұлын қалыңдығы шамамен 

1 см ширатпа жіпке ұқсайды. Ол омыртқа өсінділерінен түзілген 

өзекке жасырынған. Жұлын бағанының орталық бөлігінде 

сұр зат – нейрон денелерінің шоғыры болады. Сыртында 

олардың өсінділерінен құралған ақ зат бар. Жұлыннан 31 жұп 

жұлын жүйкелері тарап, барлық ішкі мүшелерге және қаңқа 

бұлшықеттеріне барады.




жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау