Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ



жүктеу 1,02 Mb.
Pdf просмотр
бет8/33
Дата10.11.2018
өлшемі1,02 Mb.
#18788
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33

29
ажырата  білуге    үйрету;  дамытушылық  –  жаттығу 
жұмыстарын  орындата  отырып,  оқушылардың  білім,  білік 
дағдыларын,  логикалық  ойлау  қабілеттерін  қалыптастыру; 
тәрбиелілік – оқушыларды сауаттылыққа, ізденімпаздыққа, 
өз беттерінше шығармашылықпен жұмысқа тәрбиелеу.
Түрі: шығармашылық ізденіс. Көрнекілігі: интерактивті 
тақта,кесте  сызбалар,  тест  сұрақтары.  Әдіс-тәсілі:  сұрақ-
жауап, деңгейлік тапсырмалар, іздендіру.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру;
ә) Үй тапсырмасын сұрап бағалау.
226-жаттығу.  Сөз  тіркестерін  тауып,  қалай  байланысып 
тұрғанын көрсетіп, байланысу түрлеріне қарай ажыратыңдар. 
Басыңқыдан бағыныңқыға сұрақ қойыңдар.
Жаңа сабақ.
Зымыран сұрақтар:
Сөз  тіркесі  дегеніміз  не?  Тұрақты  тіркес  дегеніміз  не? 
Тұрақты тіркес ғылым тілінде қалай аталады? Күрделі сөз 
дегеніміз не?
Сөз  тіркесі  кем  дегенде  екі  сөзден  құралатын    болса, 
күрделі  сөздер  мен  тұрақты  тіркестер  де  кем    дегенде  екі 
сөзден құралады. Сыртқы  тұлғасы жағынан өте ұқсас.
Күрделі  сөздер  де,  тұрақты  тіркестер  де,  біріншіден, 
орындары тұрақты, екіншіден, бір ғана ұғымды білдіріп, бір 
сөздің    орынына  қолданылады,  сондықтан  бірінен  екінші-
сіне сұрақ қоюға болмайды.
Мысалы: Жер шары, Каспий теңізі, қараторғай, ҚарМУ, 
сөйлеп отыр, қоян жүрек, т.б.
Күрделі  сөздер  мен  тұрақты  тіркестер  сөз  тіркесінің 
құрамына еніп, басыңқы, бағыныңқы сыңары бола алады.
Мысалы:  Қызыл  ала  көйлек  киген  көршінің    қызы  үріп 
ауызға  салғандай екеніне  таңдандым.


30
Күрделі  сөз:  қызыл  ала.  Сөз  тіркесі:  қызыл  ала  көйлек, 
көршінің қызы.
Тұрақты тіркес: үріп ауызға салғандай.
228-жаттығу ауызша орындалады.
5 сөз тіркесі,5 күрделі сөз, 5 тұрақты тіркес.
Топтық  тапсырмалар:
1-топ.
Сөз  тіркестерін,тұрақты  тіркесті,күрделі  сөздерді  мына 
сызбаға орналастыр.
Екі бөлмелі, туған жер, отыз төрт, қой аузынан шөп 
алмас,әдеби кітап, озат оқушы, ертеден қара кешке дейін 
ойнау, торы ала, ауыл жастары, тепсе темір үзетін. 
Күрделі сөз
Сөз тіркесі
Тұрақты тіркес
2-топ.
Көп нүктенің орынына қажетті тіркестерді қойып жаз. 
Оның  мына  сөзі  ...  етті.  Ала  көлеңке  үй  іші  ...  .  Менің 
уақытымның көбі ... оқуға кетті. Шоқан – қазақтың ... .
(төбемнен  жай  түскендей,  әдеби  кітап,  аса  дарынды 
ғалымы, құлаққа ұрған танадай).
3-топ.
Сөз  тіркесін,  күрделі  сөз,  тұрақты  сөз  тіркестерін 
қатыстырып  «Менің  анам»  тақырыбына  шағын  ойтолғау 
жазыңдар.
229-жаттығу. Сөз тіркестерін бір бөлек, тұрақты тіркесті 
бір бөлек, күрделі сөздерді  бір бөлек теріп жазу. Байланысу 
түрлеріне көңіл бөлу.
Тақтамен жұмыс.
Матасу тіркесін жаса. 
Меңгеру тіркесін жаса.
---------------- жемісі 
---------------- шығу


31
--------------- озаты  ---------------- түсті
---------------- малы  ---------------- жазды
--------------- ағасы  ------------- дайындалды
------------ кітабы  --------------- бару
Ауызша тест жұмысы.
1. Қиысу байланысын тап:      3. Қабысуды көрсет:
* Ауылға бару. 
                    * Оңтүстікке қарай.
* Асанның кітабы.                      * Етікші бала.
* Мен сөйлеймін.                      * Болаттың үйі.
2. Меңгеруді тап:                      4. Жанасуды көрсет:
* Мидай дала. 
                    * Рақаттана күлу.
* Қалтасына салды.                     * жастардың жігері.
* Үлкен үй.                                  * мәдени жаңалық.
5. Матасу қатарын көрсет:
* Темір күрек.
* Білімге ұмтылу.
* Жұмыстың пайдасы.
Суретпен жұмыс.
Шағын мәтін жазу.
Сөзжұмбақ шешу: «Синтаксис».
 
 
Байланысу 
тәсілі 
Интонация 
арқылы 
Жалғау 
арқылы 
Шылау              
арқылы 
Орын 
тәртібі 


32
Сабақты пысықтау мақсатында  кесте бойынша жұмыс.
Оқушыларды бағалау.
 
матасу 
қиысу 
жанасу 
Байланысу 
түрлері 
меңгеру 
қабысу 
Бақыт АХАНОВА,
Қарағанды қаласындағы 
№6 орта мектептің 
мұғалімі.
МАТАСУ, МАТАСУДЫң 
БАЙЛАНЫСУ ТӘСІЛДЕРІ
(7-сынып)
Мақсаты:  білімділік  –  сөздердің  байланысу  тәсілдері 
мен  түрлерінен  білімін  жетілдіру,  матасудың  ерекшелігін, 
тәсілдерін ажыратуды үйрену; тәрбиелік – салауатты өмір 


33
сүруге, рухани мәдениеттілікке тәрбиелеу; дамытушылық 
  байланыстырып  сөйлеу,  топтаса  жұмыс,  грамматикалық 
талдау дағдысын, тіл мәдениетін дамытуға жағдай туғызу.
Түрі:  жаңа  білімді  меңгерту.  Әдіс-тәсіл:  түсіндірмелі, 
топтық  оқыту,  интерактивті  оқыту,  жобалау,  мәтін  талдау. 
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, әдебиет.
Сабақ барысы:
I.  Ұйымдастыру.  Жағымды  психологиялық  ахуал 
қалыптастыру және топтық жұмыс мақсатында сыныпты  ән 
жолымен топқа бөліп орналастыру (3 топ құрылады).
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың жаны – терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп (Абай).
(1, 2, 3-жолдарын айтқандар 3 топқа отырады).
II. өтілген материалды пысықтау.
Топтық жұмыс:
1-топ: Сөз тіркесі дегеніміз не?
2-топ: Сөз тіркесінің құрамы неден құрылады?
3-топ: Сөз тіркесінің қандай түрлері бар?
(Топтар  жұмысын  тақтада  қорғап  көрсетеді,  сызбамен, 
мысалдар келтіріп талдайды).
Тақтадағы  бір  шумақ  өлеңнен  сөз  тіркестерін  жасап, 
байланысу тәсілін ажыратады:
Құлақтан кіріп, бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй! (Абай).
III. Жаңа материалмен танысу.


жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау